Қазақ поэзиясының тұлпары (ақын М. Мақатаевқа 85 жыл толуына байланысты библиографиялық шолу)



бет2/2
Дата24.11.2016
өлшемі443,6 Kb.
#2488
1   2
.

Әдеби орта, баспасөзде қызмет атқарған тұстағы әдеби өмір, алпысыншы жылдардағы жеке басқа табынуды әшкерлеуден туындаған кеңестік дәуір әдебиетіндегі жаңғыру, бүгінде «жылмық жылдар» деген атпен белгілі жаңа серпіліс Мұқағалидің да дүниетанымының қалыптасуына, қаламгерлік қолтаңбасын айқындап, даралай түсуіне ықпал етті, негіз болды. Жас ақын талантын алғаш рет елуінші жылдардың соңына таман Әбділда Тәжібаевтің аңғарып,сәтті сапар тілеп,бір топ өлеңдерін «Қазақ әдебиеті» газетінде жариялатуы-оның ақындық жолын біржолата айқындап берді, әдеби өмірге еркін араласа түсуіне жол ашты. Ақынның алғашқы жырлары 1948 жылдарда Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінің беттерінде жарияланады. 1954 жылы «Әдебиет және искусство» «Жұлдыз» журналында бір топ өлеңдері жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» газетінде өлеңдер топтамасы (Ә.Тәжібаевтің қоштасуымен) оқырманға жол тартты. Арада он жыл салып, 1964 жылы тұңғыш кітабы «Ильич» атты поэмалар жинағы жарыққа шықты. 1966 жылы «Армысыңдар, достарым!» атты өлеңдер мен поэмалар кітабы, 1967 жылы «Қарлығашым, келдің бе?» атты жыр жинағы оқырман қолына тиіп, қаламгерлік бетті айқындаған, өзіндік қолтаңбасы бар ақынның тұлғасын танытты.

Жазушылық жолы осылайша сәтті басталған жас ақынның бұдан былайғы барлық саналы өмірі поэзия тынысымен тығыз байланыста өтті. Өмірінің екінші жартысында бірінғай еркін әдеби шығармашылық іске шығып алды. «Поэзия! Менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім?», - деп тебіренетін Мұқағали бүкіл ғұмырын, жан дүниесін қалтықсыз өлең жолына арнады.

М.Мақатаев асқар тау мен дархан даланың жаны-жарқын асыл адамдары мен таңғажайып табиғатының асқақ жыршысы болды. Бұл егіз тақырып ақын шығармашылығында ажырамастан біте қайнасып, кереметтей сіңісіп кеткен.



Таулар менің таусылмайтын бақытым,

Ал, ырысым – ұлан ғайыр кең далам, — деп жырлайды. Ақын суреттеуінде дала дидары әр қырынан жақсы жадырап ашылады.

Боз далам, күрең далам, жасыл далам.

Кісі емес саған келіп бас ұрмаған.

Құныға құрышым бір қанбай қойды-ау,

Қалай ғана құшармын ғашық далам? – деп сыр төгеді.

Мұқағали нені жырласа да поэзиясында өзіндік үні естіліп, өзіндік қолтаңбасы көрініп тұрады. Ақынның туған жері, ауылы, оның адамдары, өз өмірі – поэзиясы. Ол әр уақытта өз халқымен бірге қуанып, халқымен бірге күйініп отырады. Сондықтан ақын жасаған әр образ – сол бір кезең тарихының, өмірінің шынайы бейнесі. Қырық бес жыл ғана өмір сүрген ақынның тірі кезінде шығармалары өз дәрежесінде кітап болып жарық көре алмады. Шағын-шағын екі-үш кітапшасы ғана басылды. 1976 жылы қайтыс болғаннан бері ақынның мол мұрасы жеке том болып та, екі томдық, төрт томдық болып та жинағы шықты.

Тірісінде өз бағасын ала алмаған, алайда шығармалары арқылы халқының ең сүйікті ақынының біріне айналған М.Мақатаевқа 2000 жылы Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді. Алматыдағы бір мектеп, бір көше ақын есімімен аталады. Туған ауылы Қарасазда ақын мұражайы бар.



Аз ғұмыр ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Нұрғиса Тілендиев ән шығарған.

Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, ар да ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.

Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді. 

М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

Ақын қай тақырыпты жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: «мен  жырламаймын, сырласамын. Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, келмейді жыр жасағым» немесе «тіпті де мен еместі «Мен» дегенім... өзгенің  жан-сырын ұғу үшін, өзімді зерттегенді жөн көремін» дейді. Мұқағали шығармашылығының негізі  «өзін-өзі» зерттеуден тұрады. «Өмірдастан» атты топтамалы талғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі  мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар намыс, рух пен нәпсі арасындағы толласыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген.

Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды (Тауда өстім, Тау бір аңыз т.б.). Мысалы «Өлмесін деп  берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған».

Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. «Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген»  дейді ақын. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағали поэзиясы ұлттық характерімен, мінезімен ерекшеленеді, мұны айқындайтын мынандай өлең жолдары бар: «Су сұрасам, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем».  Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған: «О, Муза, маған алыс сөреңді бер, Ғайыптан кел де, мені демеп жібер».

Ол нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін «адам жанының инженері болып  қалу» дегенді ұстанды. Мұқағалидың адамзат ғұмыры мен әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қолмақты мұра боп енді.



Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің «Қош, махаббат» жинағына (1988) әр жылдары жазылған  «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже», әңгімелері, «Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестері мен  «Қош, махаббат» пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. «Рух және сезім», «Сезім найзағайы», «1969 жылғы қазақ поэзиясы» атты әдеби сын еңбектерінде О. Сүлейменов, М. Әлімбаев, Қ. Мырзағалиев, Ж. Нәжімеденов, С. Мәуленов, т.б. шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия, туралы ой толғайды. Ақынның көз тірісінде 3 аударма кітабы (У. Уитмен, «Шөп жапырақтары» (1969); У. Шекспир, «Сонеттер» (1970); Д. Алегьери, «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» бөлімі (1971), 8 жыр жинағы («Ильич» (1964), «Армысыңдар, достар» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Мавр» (1970), «Дариға-жүрек» (1972), «Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975), «Өмірдастан» (1976) жарық көрді. У. Уитмен, У. Шекспир, Н. Тихонов, Р. Бернс, Ф. Ансари, А. Акопян, А. Исаакян, Е. Евтушенко, Ф. Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды.

Ақын өз шығармашылығында әр-түрлі тақырыптарда жаза білген.

Махаббат туралы: «Махаббатым өзімде», «Махаббат диалогы», «Ғашықпын», «Махаббат» және т.б. Бұл шығармалардың ішінен маған ұнаған «Махаббат» өлеңін сіздерге оқып бергім келеді.

Құмартасың жете алмай,

Қайғырасың сағынып.

Қыл көпірден өте алмай

Қиыласың табынып.

Жүрегіңді бос етіп,

Жүдеп жүріп сүйерсің.

Өзіңе өзің қас етіп,

Өз отыңа күйерсің.

Өзіңе бал,басқаға у,

Сезімдіге ең қымбат:

Қайғы, сүю, құмарту-

Ең бірінші махаббат.

Менің ойымша бұл өлең жолдары алғашқы махаббатқа арналған және бұл махаббаттың сәтсіздікке ұшырағандығын көрсетеді.



Табиғат туралы: «Қыстың күні», «Көктем», «Күзгі таң», «Түнгі табиғат» және т.б.

Достық туралы: «Достарға», «Менің бір досым», «Досым менің», «Досыма хат» және т.б.

Ана туралы: «Анама», «Анашым», «Сәби ана», «Жас ана» және т.б.

Отан туралы: «Сүйемін, өскен Отаным», «Отаным», «Туған жерім» және т.б. Бұл тақырыптағы өлеңдердің ішінен мені тамсандырған «Отан туралы» өлеңі:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.



Сонымен қатар өздеріңіз білесіздер Мұқағали өлендеріне ән жазылып, оны көптеген әншілер орындауда. Мысалы: «Мұзарт» тобы «Көзің сенің», «Бала ғашық»,  «Нұрмұқасан» тобы  «Бақытыңды жырлайды»  деген өлеңдерді орындайды.

М.Мақатаев туралы көптеген ақындар, зиялы адамдар өз пікірлерімен бөліскен. Бексұлтан Нұржекеұлы ақын туралы былай деп жазады: «Ойын сиқырлы сөзбен айта білу, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу – Мұқағали өлеңдерінің негізгі құдіреті. Оның талай өлең жолы қанатты сөз боп халық аузында жүр. Мақалға, мәтелге, үлгілі сөзге сұранып тұрған талайының әлі тәлейі алда. Мұқағали-өлең түрін түрлендіруге де көп көңіл бөлген ақын. Ол көне шығыс үлгілерін де, әр сөзі ой шегелеген өзіндік тәжірибелерін де қазақ өлеңінің қанына сіңіріп кетіпті. «Алатау, ассалаумағалейкум!» деген өлеңінде :

- Шаруа-ата секілденіп, өміріңді сарып қып,

Үлкен үйдің ошағындай дүниені қарық қып,

Аман – есен жатырмысың, айналайын жарықтық! -  дейтін жан тебіренісі бар. Осындағы  «жарықтық» сөзін кезінде жаман пиғыл көргендер де болған. Алайда тауды кәриядай әулиеге айналдырып тұрған да сол сөз ғой.»



Қорыта келе айтарымыз. «Ғасыр ақыңы» атанған Мұқағалидың  барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің рухани дүниесін, тұрмыс-күйін, арман-мүддесін, тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті.  «Жүрегінің түбіне кір жасырмай» айтып кетті, армансыз ақтарылып кетті.

Мұқағали Мақатаев - қазақтың қарапайым тілінің нәрі мен мәнін Абай, Қасымдардан кейін түсініп жазып, түсіндіріп өткен ақын. «Сөз өнерін дертпен тең» көрген парасатты қаламгер. Ақынның әр өлеңінде, әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті. Мұқағали шығармашылығын әлі де терең зерттеу қажет деп ойлаймыз.
Әдебиеттер тізімі:


  • Мақатаев М. Аманат : Жыр жинағы / М. Мақатаев ; құраст. А. Алтай. - Алматы : Атамұра, 2002. - 304 б.

  • Мақатаев М. Жылап қайттым өмірдің базарынан : Жыр кітабы / М. Мақатаев ; құраст. Л. Әзімжанова. - Алматы : Жалын, 1994. - 256 б.

  • Мақатаев М. Махаббат сазы : Өлеңдер жинағы / М. Мақатаев. - Алматы : Олжас кітапханасы, 2011. - 168 б.

  • Мақатаев М. Өмiр-өзен : Өлеңдер мен дастандар / М. Мақатаев. - Алматы : Раритет, 2005. - 288 б. - (Жыр жауһары)

  • Мақатаев М. Шығармаларының толық жинағы : көп томдық / М. Мақатаев. - Алматы : Жалын.- 2009.- Т.4: Аудармалар, шығармалар/Құраст. Л. Әзімжанқызы.- 320 б.

  • Мақатаев М .Шығармаларының толық жинағы : көп томдық / М. Мақатаев. - Алматы : Жалын. – 2007.-Т.2. - 384 б.




  • Аблина К. Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі / Аблина К. // Білімді ел. - 2016. - 9 ақпан.

  • Адыбай Қ. Ақиық ақын - Мұқағали / Адыбай Қ. // Мектептегі мерекелер : тәрбие жұмыстарының сценарийлері. - 2014. - №4(70).-б.21-22.

  • Ауқашова Г. Соғыстың соңғы көктемі : М.Мақатаев өлеңдері бойынша / Ауқашова Г. // Тәрбие құралы. - 2014. - №2.-б.28-30.

  • Алысқа көзін салған асқар ақын; Ұсынылатын библиографиялық көрсеткіш ақын М. Мақатаев-80жыл : Поэт небесных гор; Рекомендательный указатель лит. к 80-летию со дня рожд. каз. поэта М. Макатаева. - Петропавл : М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2011. - 28 б.

  • Әбдіқадырова Ә. М.Мақатаев-қара өлеңнің хантәңірі : сабақ / Әбдіқадырова Ә. // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2015. - №8.-б.64-68.

  • Біржан Н. Ақын жырларындағы фразеологизм : Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан ақын / Біржан Н. // Мұқағали . - 2014. - №1-2.-б.43-53.

  • Досжан Д. Мұқағали мінезі / Досжан Д. // Мұқағали . - 2014. - №1-2(84).-б.9 -16.

  • Дәуренбекова Л. Уолт Уитмен және Мұқағали Мақатаев / Дәуренбекова Л. // Әлем әдебиеті. - 2013. - №4.-б.209-212.

  • Жанұзақ Т. Мұқағалидың тіл өрнектері / Жанұзақ Т. // Мұқағали. - 2014. - №7.-б.12-21.

  • Мамыров Н. Тұлға десе тұлға еді / Мамыров Н. // Егемен Қазақстан. - 2014. - 30 қаңтар .

  • Мәмет С. Мұқағали музыкасының мәйегі / Мәмет С. // Егемен Қазақстан. - 2016. - 9 ақпан.

  • Нүсіп А. Дүниенің қабағындағы "Дариға-жүрік" : ақын Мақатаев М. / Нүсіп А. // Қазақ әдебиеті. - 2016. - 5-11 ақпан.

  • Нұрғожа Ж. Бір жұтым күн / Нұрғожа Ж. // Ана тілі. - 2016. - 11-17 ақпан.

  • Смғұлова Ж. Мұқағали Мақатаев лирикасы / Смғұлова Ж. // Мұқағали. - 2014. - №9.- б.40-82.

  • Тұмабаев М. Мақатаев шығармаларындағы көркемдегіш құралдар / Тұмабаев М. // Мұқағали. - 2013. - №11-12.-б.96-105.

  • Үсенқұлова Қ. Мұқағалидің мұңы көп еді / Үсенқұлова Қ. // Түркістан. - 2016. - 11 ақпан.















Құрастырушы: Қазиқанова А.Қ.

Ақпараттық-библиографиялық бөлім
Каталог: files -> user
user -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
user -> Әлия-саптан ұмтылып, Жүгіріп шықты аптығып, Құшақтап алған мылтығын, Кіршігін қақпай қалт тұрып. Сағи Жиенбаев
user -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
user -> Пайдаланған әдебиеттер
user -> Ақын, жазушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына библиографиялық шолу
user -> Қазақстан тарихы
user -> Дулат Қожахметов Жырдың жез қанатты ақынын еске алуға арналды Облыс орталыгында Кэкімбек
user -> Ақиқаттың адамы /Бердібек Соқпақбаевтың 90-жылдығына библиографиялық шолу
user -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
user -> Қазақстан тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет