Қазақ психологы С. М. Жақыповтың (1940-2014) мұрасын тарихи-психологиялық зерттеу



бет3/3
Дата18.11.2022
өлшемі34,93 Kb.
#158796
1   2   3
Байланысты:
thesis134512
Жүсіп Баласағұни, Әдебиеттер, Дәрістер жиынтығы химфак, №4 лекция
«Жалпы психология негіздері» оқулығы бүгінгі таңда студенттерді оқытуда кеңінен қолданылады [92]. 202 беттен тұратын бұл оқулықта жалпы психология курсының оқу бағдарламасына сәйкес психикалық құбылыстар, оның ішінде психикалық процестер, қасиеттер, күйлер және тұлға, іс-әрекет мәселелеріне жан-жақты, кешенді түрде психологиялық талдау берілген. Оқулық мазмұны жалпы психологияға кіріспе пәнінің оқу жоспарына толық сәйкес жазылған. Оқулық жоғары оқу орнында оқитын психология мамандығының студенттеріне, магистранттарға, докторанттар мен оқушыларға арналған. Сондай- ақ С.М.Жақыповтың редакторлығымен жазылған  «Жалпы психологияға кіріспе» оқу құралы [93], бірлескен авторлықта жазылған «Психологияны оқыту әдістемесі» [94], «Психодиагностика» [95], жоғарыда аталып өткен «Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық тесттер: оқу-әдістемелік құрал» (2006) және ғалымның іргелі зерттеулері көрініс тапқан «Танымдық іс- әрекет психологиясы» (1992), «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» (2004) атты еңбектері жоғары оқу орнындағы оқыту үрдісінде бүгінгі таңда кеңінен қолданылуда.
Психология ғылымының докторы, профессор С.М. Жақыповтың Қазақстандағы этнопсихология саласына да айтарлықтай үлес қосты. Бұл салада аса мәнді бірнеше зерттеулер жүргізілді. Әсіресе, этнопсихология ғылымы проблемаларын ғылыми тұрғыда зерттеу тәуелсіздігін жаңадан алған мемлекеттер үшін өте өзекті әрі маңызды тақырып еді. Өйткені, отарлауға ұшыраған халықтарға тән ортақ тағдырды қазақтар да басынан кешірді. Кеңес империясы құрамында жетпіс жылдан астам өмір сүруге мәжбүр болған Қазақстандағы автохтон халық – қазақтардың этностенуінің күллі элементтері деформацияға ұшыраған еді. Мәселен, республикада ана тілі мен төл мәдениетін білмейтін қазақтар тобы пайда болды. Лингвистикалық сәйкестіліктің болмауы тұлғадағы мәдени-психологиялық айырмашылыққа әкелетіні байқалды («маргинал тұлға» мәселелері туындады). Тәуелсіздік алған соң ғана қазақтардың реэтностену процесі жүре бастады. Мұның өзі этнопсихологиялық зерттеулерге қатысты үлкен қоғамдық сұраныс тудырды.
2002 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де этнопсихология және педагогикалық психология кафедрасының күшімен алғаш рет Қазақстан тарихында Д14А 02.32 психология бойынша докторлық диссертация қорғауға мамандандырылған диссертациялық кеңес құрылады. Бұл докторлық кеңестің бірінші төрағасы профессор С.М. Жақыпов болды. Республикадағы психология бойынша жалғыз докторлық кеңес төрағасының ұсынысы бойынша психологиялық ғылымдар тізбесіне ғылым тарихында тұңғыш рет 19.00.01 шифры берілетін жаңа мамандық – этнопсихология енгізілді. Бұл жайт тіпті эксперименттік психологияның негізін қалаған В. Вундтың өзі күмәнмен қараған эксперименттік этнопсихологияның Қазақстан территориясында туындауына игі әсер еткен маңызды факторлардың бірі болып табылады. Аталмыш диссертациялық кеңесте 19.00.01 – жалпы психология, жеке адам психологиясы, психология тарихы және этнопсихология, 19.00.07 – педагогикалық психология мамандығы бойынша 3 докторлық диссертация: (ҚазҰУ оқытушылары А.М. Ким, Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Бердібаева) және 40-қа жуық еліміздің әр түпкір-түпкірінен келген ізденушілердің кандидаттық диссертациялары қорғалды.
Психология ғылымының докторы, профессор С.М. Жақыпов басқарған кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары мынадай болды:
1. Этностық жансақ нанымды, таптаурындарды (стереотиптер) жалпыпсихологиялық және кросс-мәдени талдау және олардың методологиялық негіздері (Жақыпов С.М., Аймағанбетова О.Х., Бердібаева С.Қ., Сатыбалдина Н.К., Камзанова А.Т., Әділбекова А.Ж., Баймолдина Л.О., Жолдасова М.К.);
2. Психология мен этнопсихология тарихы (Жарықбаев Қ.Б., Түркпен-ұлы Ж.Т., Сейітнұр Ж.С, Құнанбаева М.Н., Қабылғазы Ж.);
3. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекетті этнопсихологиялық және психологиялық-педагогикалық зерттеу ( Жақыпов С.М., Агеев В.В., Ахтаева Н.С., Абишева Ж.А., Қалымбетова Э.К., Көмекбаева Л.К., Жұбаназарова Н.С.);
4. Тұлға аралық қатынастар мен отбасылық тәрбиенің, творчестволық этнопсихологиялық проблемалары (Жақыпов С.М.,Тоқсанбаева Н.К., Садықова Н.М., Лиясова А.А.).
5. Интеллекттік іс-әрекеттің психофизиологиялық мәселелері (Жақыпов С.М., Құстубаева А.М., Төлегенова А.А., Қамзанова А.Т.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет