Тақырып. Психологияның зерттеу пәні, объектісі мен міндеттері



Дата13.12.2021
өлшемі34 Kb.
#100007
Байланысты:
1768ea44f42e76400d83044a41cddcca5912c02529193
ЖБ 3 сынып БЖБ, ТАПСЫРМА 1 ТАЖ, ТАПСЫРМА 1 ТАЖ, Рентгенологиялық зерттеудің негізгі әдістері, №1 БӨЖ Шадыбек Елжас, 1 Күн Қ тарих 150 сұрақ, 6М050300 каз, 1768ea44f42e76400d83044a41cddcca5912c02529193, test-psihologiya, 3Алгоритм проведения гигиенического душа, 1 тақырып Шадыбек Елжас 115 ом, №2 ПС Шадыбек Елжас, 2 курс мей. аралык бакылау, 2 курс мей. аралык бакылау

Тақырып. Психологияның зерттеу пәні, объектісі мен міндеттері.


мақсаты:

  1. «Психология» ғылымының зерттеу ерекшеліктерімен танысу;

  2. Психологияның басқа ғылымдармен ара қатынасын айқындау;

  3. Психология салаларының атқаратын қызметтік аясын саралау.

Жоспар:

  1. Психологияның зерттеу пәні.

  2. Психолгияның зерттеу объектісі.

  3. Психологияның мақсат-міндеттері.

  4. Психология көп салалы ғылым ретінде.

  5. Психология салаларының тармақтары және олардың міндеттері.

Психологияның зерттеу пәні. Ғылымдар жүйесіндегі психологияның қарастыратын аясы. Ғылымның зерттеу пәні дегеніміз не. “Психология” сөзі нені білдіреді. Психика дегеніміз не. Психикалық құбылыстарға не жатады. Дүниедегі басқа құбылыстардан психикалық құбылыстардың айырмашылығы неде. Психикалық құбылыстар қай жерде зерттеледі және адам өмірінің қай жерлерінде бұл білімдер пайдаланылады.Адамға психика жайлы қандай білімдер белгілі.

Психологияның зерттеу объектісі. Ғылымның зерттеу объектісі дегеніміз не. Психиканың даму тарихы. Алғашқы психикалық көріністер (туа пайда болған). Психиканың филогенездегі және онтогенездегі дамуы. Адам және жануар психикасының ұқсастықтары және айырмашылықтары. Жануарлардың психикалық сипаты.

Психологияның мақсат-міндеттері. Оқу-тәрбие ісіндегі психологияның мақсат-міндеттері. Әлеуметтік ортаға қатысты жеке адамның қасиеттерін, ерекшеліктерін жетілдіру – психологияның басты міндеті. Психология - адамды өз басын меңгеруге, бойындағы қасиеттерін бағалауға және дамытуға баулитын ғылым ретінде.

Психолгия көп салалы ғылым ретінде. Адамның айналысатын іс-әрекеттеріне қатысты туып отыратын психология салалары. Пәннің зерттеу объектісі мен іс-әрекет ерекшелігіне қатысты салалардың құрлымы мен міндеттері. Ғылыми және тұрмыстық психологиялық білімдер. Олардың айрмашылықтары. Ғылыми психологиялық білімдер қайда және қалай пайдаланылады. Психология психика және психикалық құбылыстар жайлы ғылым ретінде. Психология пәні. Психология көп слалалы дамушы ғылым ретінде. Ғылыми және пратикалық психология.

Психология салаларының тармақтары және олардың міндеттері. Еңбек психологиясы, оның қарастыратын аясы, тармақтары. Педагогикалық психология тармақтары, қарастыратын аясы. Медициналық, әскери, спорттық, заң, сауда психологиядарының сипаты, жіктелуі, міндеттері. Ғылыми-шығармашылық, көркем өнер, эстетикалық қабылдау психологияларының ерекшеліктері. Жас ерекшелік, дифференциалды, салыстырмалы, жанұя, әлеуметтік, ұлттық (этно) психологиялардың атқаратын қызметі, тармақтары. Девиантты психология, сексология-сексопатология, арнаулы психология, дәстүрлі емес психология, аномальды психология – психологияның жаңа салалары ретінде. Эксперименталды психология, психологиялық консультация, психологиялық диагностика, пихотехника, психологиядағы математикалық әдістер т.б. – кәсіби психологиялық бағыттар.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

  1. «Психология» ұғымына қатысты туыдайтын ассоциацияларыңызды санамалап жазыңыз.

  2. Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасып, дамуын бейнелейтін ағаш тұрғызыңыз.

Негізгі әдебиеттер: №1-17.



Қосымша әдебиеттер: № 18-40.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет