Қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуы, бүгінгі кемел шағына жетіп, биіктерге көтерілуіне көптеген тұлғалар тер төгіп еңбек сіңірді


Саналылық принципін жүзеге асыру жолдары



бет4/6
Дата06.02.2023
өлшемі47,94 Kb.
#167563
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-92281
КТ - МРТ направление
2.3 Саналылық принципін жүзеге асыру жолдары
Саналылық пен белсендiлiк принципiн жүзеге асыру үшiн мұғалiм оқыту процесiнде төмендегi оқыту ережелерiн басшылыққа алады.
- Оқушы алдында тұрған мақсат пен мiндеттердi анық түсiнуi саналы оқытудың шарты боларын назарға алу.
- Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мəн-мағынасын терең түсiнуiн қамтамасыз ету.
- Əр бiр сөздiң, сөйлемнiң, ұғымның мəнiн түсiндiру үшiн оқушылардың бiлiмi мен тəжiрибесiн негiзге алу.
- Оқушылардың бiлiм алуға деген ынтасын, белсендiлiгiн арттыратындай тиiмдi əдiстердi үнемi қолдану, бүгiнгi белсендi шəкiрт ертеңгi белсендi қоғам мүшесi екенiн ұмытпау.
- Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшiн əлi бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан белгiлi ақпаратпен ұштастыра бiлу.
- өз бетiмен оқуды үйрету, таным əрекетiнiң тиiмдi əдiстерiмен таныстыру.
- Бас жəне қосалқы оқу материалын ажыратуды үйрету, назарларына негiзгi ойларды алу.
- Оқушыларды ойлауға үйретiп, ''неге'' сұрағын жиi қоюға дағдыландыру.
- Əрбiр оқушы тұлғасына қамқорлық жасау, оны оқу пəнiн игеретiн субъект ретiнде қалыптастыру.
- Оқушы бiлiмдерiн тəжiрибеде қолдануына көмектесу.
Саналық пен белсенділік принципі. Саналық пен белсенділік дегеніміз білімді саналықпен белсене қабылдап, оның өмір және практикамен байланысы мен тереңдету, оқылатын фактілер мен құбылыстардың мәніне түсіну болады.
Сабақ үстінде берілген тапсырмаларды оқушылардың саналылықпен орындауы, олардың белсендлігін арттырады. Әрбір іс - әрекетін орындауда оқушылар оның теориялық және практикалық мәніне терең түсіну қажет. Мысалы: а) тіл сабақтарында граматикалық ережелерді теория – тұрғасынан терең ұғыну қажет болса, ал сөйлемдерді сөз таптарына, сөйлем мүшелеріне ажырата білу оқушылардың іскерлік пен дағдыны саналықпен көрсетеді. ә) Ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің теориясын жете түсінумен бірге. Оларды қалай өсірудің практикалық тәсілдерін шәкірттер жақсы білуі қажет.
Оқушылар материалды саналы түсінулері үшін, мұғалім сабағында қандай мақсат көздейтіндігімен алдын ала таныстырып отыруы керек. Бұл – оқушылар зейінін көзделген мақсатқа аударылып, материалды дұрыс қабылдауға , байқағыштық қабілетін арттыруда, сабақтың тиімді өтуінде өте маңызды әсер етеді.
Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытура аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.
Шарттары:
• жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу;
• түсінікті етіп оқыту;
• танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану;
• талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану;
• аналогияны жиі қолдану;
• бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау;
оқушыларға әр сөздің, сөйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру;
• оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену;
• оқушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі бала өз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын оқушыларға сабақ бергізу;
• белгілі мәліметтерді белгісіздерімен байланыстыру;
• ең бастысы, сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын жұмыстар;
• оқушы факті мен білім арасындағы айырмашылықты көретіндей етіп оқыту;
әрбір ережеге мысал келтіру;
• негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап алу;
• тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз;
• сезімге, ақылға әсер ететін дәлелдермен оқыту;
• оқушыға оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету;
• әрбір ережеге мысал келтіру;
• негізгіні түсіндіруге назар аудару;
• оқушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу;
• "Неге?" деген сұрақты көп өойып, оқушыны дамыту;
• дәйекті дәлелдермен оқыту;
• дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану;
• оқушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту;
• білім-сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту;
• баланы өз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге үйрету;
• түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық тапсырмаларды жиі беру;
• оқушыларға сұрақ қойып, жауаптарын мұқият тыңдау;
• зат құбылыстарды, оқушыларға бақылатып, оларды өз бетмен меңгерулеріне жағдай жасау;
• дидактикалық ойын, пікір талас, ұжымдық шығармашылық істі қолдану.
Саналылық принципі тіл сабақтарында жүзеге асырылатын жетекші дидактикалық принциптер қатарына жатады. Бұл принципті қолдану білім алушылардың тіл мазмұнын түсіну, тілідк бірліктерді, оларды қолдану тәсілдерін ұғынуды болжайды. Белгілі әдіскер Б.В. Беляев ептілік пен дағды білім беру процесінде тілді түсініп меңгерген жағдайда ғана тез қалыптасады деп көрсеткен. Өйткені, тілді меңгеру, айтылған сөздің мазмұнына сәйкес өз бетімен форманы таңдау қабілеттілігін білдіреді, ал бұл үйреніп жатқан тілдің құралдарымен айтатын сөзін ресімдеу тәсілдері туралы білімі бар екенін көрсетеді. Мұндай білімдер білім берушілерге ережелер, нұсқаулықтар, лексика-грамматикалық бірліктердің мағынасын түсіндіретін түсініктемелер беру нәтижесінде жинақталады. Тіл сабақтарындағы саналылық принципін іске асыруда, алдымен тілдік бірліктердің ерекшеліктері мен оларды ресімдеу ережелері ұғынылады, содан соң жаттығу нәтижесінде оларды сөйлеуде қолдану автоматизмі қалыптасады. Дегенмен, тіл жүйесін меңгеру үшін қажетті ережелер мен нұсқаулықтардың болғаны маңызды, өйткені тіл тәжірибесі сабақтарындағы саналылық тіл теориясын, теорияның өзі үшін оқытуды білдірмейді. Бұл принциптің оқытудағы жүзеге асуы білім алушының оқыту процесіне деген саналы қарым-қатынасын білдіреді, бұл өздік жұмысының тәсілдерін игеруді болжайды, тіл үйрету сабақтарында саналылық принципін іске асырудың кейбір ережелерін келтіріп көрейік.
1. Берілетін материал және онымен қандай әрекет жасалуын (ережелер, нұсқаулықтар, түсіндіру) түсінуге көмектесетін түрлі тәсілдерді қолданыңыз.
2. Тілмен өздік жұмыс жасауды үйрету, өйткені жұмыстағы ең бастысы – оқуға үйрену.
3. Білім алушылардың тілді үйренудегі ілгері жылжуын көрсету, ол оқытудың мотивациялануын жоғарылатады.
4. Білім алушыларға, мүмкіндігінше, сөйлеудегі тілдік бірліктерді қолдану және қалыптастыру тәсілдері туралы өз бетінше пайымдауға келуіне көмектесіңіз. Ол үшін индукцияны қолданыңыз (білім алушыларды тіл фактілерін бақылаудан қорытынды, жалпылауға жетелеу).

Сабақ жоспар


Күні: 24.02.2016 жыл
Сыныбы: 5 «Б»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы.
Мақсаты:
Білімділік: жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру мен оқуда негізгі идеяны жадына сақтауына бағыт беру.
Дамытушылық: өз бетінше ізденуге, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу.
Тәрбиелік: оқушыларды алдына мақсат қоя білуге, елін, жерін сүюге, оны құрметтеуге тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет