Қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуы, бүгінгі кемел шағына жетіп, биіктерге көтерілуіне көптеген тұлғалар тер төгіп еңбек сіңірді



бет5/6
Дата06.02.2023
өлшемі47,94 Kb.
#167563
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-92281
КТ - МРТ направление
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, суретпен жұмыс, семантикалық карта, Венн диаграммасы, ортадағы қаламсап, БҮҮ стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба
Пәнаралақ байланыс: әдебиет
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, зейінің сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасың сұрау.
299, 300 жаттығу.
ІІІ Жаңа сабақ.
Сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.
Үндестік заңының екі түрі бар: а) буын үндестігі; ә) дыбыс үндестігі. Біз бүгінгі сабақта буын үндестігіне тоқталатын боламыз.
Құмыра, бауырсақ (бірыңғай жуан)
Жүгері, еңбекші (бірыңғай жіңішке)
Құмыра — лар, бауырсақ — ты
Жүгері — нің, еңбекші – ге
Оқушыларға мысалдарды оқытып, дауысты дыбыстар буын құрай алатын болғандықтан, сөздегі дауыстылар не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болатынын ұғындырамын. Мысалдар арқылы буын үндестігінің ережесін өздеріне шығартамын.
Буын үндестігі дегеніміз — сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып үндесуі.
Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөздерде араласып келеді:
1) басқа тілден енген сөздерде: кітап, кино, математика, қазір;
2) біріккен сөздерде: шекара, баспасөз;
3) қос сөздерде: аман-есен, асығыс-үсігіс, асты-үсті.
ІІІ кезең. Ой-толғаныс.
Оқушылар, елімізге бір емес жеті алтын әкелген толағайларымыз туралы сіздер жақсы білесіздер. Осы суреттердің астында бүгінгі сабағымызға байланысты бірнеше тапсырмалар бар. Мына толағайдардай болғымыз келсек, әуелі сол тапсырмаларды орындайық.

Сингармонизм – гректің Sun «бірге» hanmoni «байланысу,


үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болады. Мысалы, ата, ана, бақыт, кереге, кілем, өріс.
Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөздерге араласып келеді:
1. Басқа тілден енген сөздерде:
Мысалы: кино, математика, кітап
2. Біріккен сөздер мен қос сөздерде:
Мысалы: Екібастұз, асығыс-үсігіс
/Мұндай сөздер аралас сөздер деп аталады./

ІІІ. «Күміс қақпа» бекеті


314 – жаттығу «Артық білім кітапта»
І топ Жуан сөздерді теріп жаз
ІІ топ Жіңішке сөздерді теріп жаз
ІІІ топ Аралас сөздерді теріп жаз
ІV топ Тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз
316 – жаттығу
І топ
Күндіз көрінетін жұлдыз қалай аталады? Бұл – аспан... ғы ең жарық жұлдыз, жарықты.... сондай, азанда – барлық жұлдыз өшкен кез.... таң шапағы.... бірге жарқырап тұрады. Ал ақшам.... көк жүзінде бар жұлдыз.... озып, тең алдымен көріне.... Бірақ бұл жұлдыз емес.
ІІ топ
Бұл – Шолпан (Ғылым тілінде Венера деп аталады), біз.... күн жүйесіндегі екінші планета. Басқа планеталар сияқты, Шолпан да өздігі.... жарық шығармай...., тек күн жарығ.... шағылдырады. Сондықтан да ол күміс.... жарқыраған шам сияқты бол.... көрінеді.
ІІІ топ
Ақ сәулелі әсемдігі... орай Шолпан... таң жұлдызы деп те атай... Шолпан мен біздің Жер... ұқсас сипаттар... көп. екеуі де көрік...: бірі – көгілжім, екіншісі – ақ күміс.
ІV топ
Көлемдер.... де шамалас, екеу.... де ауа желектері.... оранған. Бірақ жермен салыстырғанда қозғалыс.... баяу әрі оралымсыз. Жер өз осінен 118 рет айнал... ды, Шолпан бір - ақ рет айналып үлгере... екен
Қорытындылау.
1-топқа:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет