Қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуы, бүгінгі кемел шағына жетіп, биіктерге көтерілуіне көптеген тұлғалар тер төгіп еңбек сіңірді



бет1/6
Дата06.02.2023
өлшемі47,94 Kb.
#167563
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-92281
КТ - МРТ направление

КІРІСПЕ
Қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуы, бүгінгі кемел шағына жетіп, биіктерге көтерілуіне көптеген тұлғалар тер төгіп еңбек сіңірді. Олар: Ахмет Байтұсынов, Халел Досмұхамедұлы, Құдайберген Жұбанов, Ісмет Кеңесбаев, Мәулен Балақаев, Кәкен Аханов т.б. Осы тұлғалардың орны айрықша.
Қазақ тіл білімінде фонетика саласын жан-жақты зерттеп, ғылыми жүйеге ендіруде де еңбек сіңірген көптеген ғалымдарды атап өтуге болады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің қалыптасу тарихы сонау түркі тілін зерттеуші ғалымдардың еңбектерінен де байқауға болады. Н.И.Ильминскийдің, П.М.Мелиоранскийдің, В.В.Радловтың А.Н.Самойливичтің еңбектерінде қамтылған. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі жөніндегі орыс ғалымдарының ішіндегі Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизиского наречия» еңбегінде дыбыстар тізімі мен олардың топтастырылуы, үндестік заңына қатысты ережелер мен екпін жөнінде мәселелерін қарастырған қазақ тіліне арналған тұңғыш еңбек болды. Осы еңбектерден соң А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Х.Досмұхамедұлы, Т.Шонанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, А.Ысқақов, І.Кеңесбаев т.б. белсене ат салысты.
1954 жылы белгілі академик Ісмет Кеңесбаев 1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» атты монографияның фонетика саласын жазып шықты. 1962 жылы бұл еңбек толықтырылып, дамытылды. Ж. Аралбаев бұл еңбек жөнінде «Профессор І.Кеңесбаев фонетика жөнінде зерттеулері қазақ лингвистикасына қосылған ірі табыстың бірінен саналады, қазақ фонетикасының дамуының белді бір кезеңі болып саналатыны сөзсіз»,-деген баға берді.
Қазіргі таңда жүйеленген бірізділенген қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің оқытылу мәселелері де, оқытудың әдіс-тәсілдері жөнінде де көптеген әдіскер-ғалымдардың еңбектері бар. Атап айтқанда И. Маманов, Ш. Сарбаев, Н.Оралбаева, Ф.Оразбаева, Ж.Адамбаева, Г. Бектұрова т.б.

Қазіргі әлемде ғаламдандыру үрдісі қоғамға ықпалын тигізе бастаған кезде білім беру жүйесінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалануға басты назар аударылуда.


Кез-келген шет тілін оқытқанда әдіскер-ғалымдар мынадай оқытудың кешенді түрін ұсынады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім. Осы әрекеттерді фонетиканы оқыту барысында қолдану өзінің оң нәтиежелерін көрсетеді.
1. Тыңдалым әрекеті. Оқушының дыбыстарды жеке, бір-бірімен тіркесте, сөз ішінде естіп қабылдау дағдысы қалыптасады.
2. Айтылым әрекеті. Бұл әрекет арқылы оқушы әрбір дыбысты жеке, сөз тіркесінде сөз басында, сөз арасында, сөз аяғында сөйлемде айтуға, дұрыс айтуға, орфоэпиялық нормаларды сақтауға жаттығады.
3. Оқылым әрекеті. Ауызша айтылған дыбыстарды буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде дауыстап немесе ішінен оқу.
4. Жазылым әрекеті. Оқушы орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды дұрыс сақтай отырып, сөздің дұрыс жазылу заңдылықтарын меңгереді.
5. Тілдесім әрекеті. Оқушы орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды дұрыс сақтай отырып, ойын еркін жеткізуге, тілдесуге дағдыланады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет