Қазақ тілі 1 -сынып



бет8/8
Дата07.05.2017
өлшемі7,28 Mb.
#15806
1   2   3   4   5   6   7   8

1 – тапсырма. Түсініп оқы.

Мен бос уақытта кітап оқимын. Мектептің спорт алаңында футбол ойнаймын. Мен суда жүзуді жақсы көремін. Бірақ біздің мектепте жүзу бассейні жоқ.



2 – тапсырма. Сұхбатты оқы, жолдасыңмен сөйлес.

- Мынау не? - Бұл - бассейн.

- Бассейн қаңдай? - Бассейн үлкен,таза.

- Бассейнде кімдер бар? - Бассейнде балалар жүр.

- Олар не істеп жүр? - Олар жүзіп жүр.


16-сабақ. Спорт зал
Сөздік
Дене шынықтыру сабағы - урок физкультуры

Жаттықтырушы - тренер

Жаттығу - упражнение

Жүгіремін - бегаю



Секіремін – прыгаю.


1 – тапсырма. Мәтінді оқы.

Спорт зал.
Біздің мектепте спорт залы бар. Спорт залы жарық, әдемі, үлкен. Мен дене шынықтыру сабағында жүгіремін, секіремін. Жаттықтырушы жаттығу жасауға үйретеді.

2- тапсырма. Ұқсас сөйлем құрап жаз.
Қызыл доп.

Қызыл доп алдым.



Мен қызыл доп алдым.



17-сабақ. Мәреге жет
Сөздік

мәре – финиш

көк жүзінде – на небе

доға – дуга

жер жүзінде – на земле

болжайды – предпологает


1-тапсырма. Берілген тапсырмаларды орында.



2-тапсырма. Жұмбақты оқы, шеш.

Жұмбақ
Көк жүзінде көп доға,

Жер жүзінде жоқ доға.

Көзбен көріп болжайды,

Қолмен ұстауға болмайды.



3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаз.

...же, ..ріп, ..ке, ..ліппе, ...теш, ..демі.


4-тапсырма. Ойын ойнаңдар.

«Әріптерді білесің бе?»

Тақта екіге бөлінген, қазір екі топқа бөлініп қазақ тіліне тән тоғыз дыбысты тақтаға кезекпе-кезек шығып, жазыңдар. Тез әрі дұрыс жазған топ жеңіске жетеді.



18-сабақ. Сандардың көршілерін ата

Сөздік

көрші – сосед

таң – утро

түтін – дым



самғау – парить
1-тапсырма. Сандардың көршілерін ата, жаз.

2-тапсырма. Жұмбақ өлеңді мәнерлеп оқы, шешуін айт.
Гауһарда бар,

Гүлнәрда жоқ.

Жауһарда бар,

Сәуледе жоқ.


3-тапсырма. Сергітуді жаттап алыңдар.
Аппақ болып таң атып,

Түтін көкке ұшады.

Торғай қағып қанатын,

Самғап биік ұшады.


4-тапсырма. Жұмбақты оқы, шеш, жаз.

Көп басты, бір құйрықты,

Лапылдап аузынан от шықты.

19 –сабақ. Санамақ

Сөздік
Санамақ – считалка

Жасырынбақ – прядки


1-тапсырма. Өлеңді оқып, ойнаңдар.
Жасырынбақ ойнайық,

Бірден бастап санайық.

Бір,

Екі,


Үш,

Төрт,


Бес... – деп,

Санамақты жалғайық.

Көзді ашып, жасырынған баланы

Іздеп, тауып алайық.


2-тапсырма. Өлеңді оқып, дәптерге жаз.
Бас бамағым бауға барды,

Сұқ саусағым суға барды.

Ортан қолым орақ орып,

Аты жоғым ағаш жарды.

Жұмсамапты алақаным

Тек шынашақ балапанын


3-тапсырма. Санамақты жолдасыңа оқы.
Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.


Үш саусағым орамды...

Жүгіртеді қаламды.


Өнерлі екен оң саусақ...

Қала саусақ,жол саусақ..

(М.Әлімбаев)

Пайдаланған әдебиеттер
1. А. Қайырбекова. Оқулық «қазақ тілі» 1 сынып Алматы «Атамұра»2008

2. А. Қайырбекова. Оқулық «қазақ тілі» 1 сынып Алматы «Атамұра»2005

3. «Балдырған» 2009ж. №1

4. «Балдырған» 2010ж. №6



5. «Балдырған» 2012. №3

6. М. Саңсызбайқызы, Г. Көшенқызы «Баланы отбасында санауға үйрету»
Каталог: uploads -> doc -> 0128
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0128 -> Музыка сабағы, 3-сынып ОҚО облысы, Шымкент қаласы, №93 В. Терешкова атындағы жалпы орта мектеп музыка пән мұғалімі Сардарбекова Гулнар дайындаған Оркестр құрамындағы аспаптар
0128 -> Оқулық Т. Артыкова Қазақ тілі 9-сынып Сыныбы: 9«А» Пәні: қазақ тілі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет