Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы: Мейрамкул Тастанқызы Рахымова Тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі және шығармашылығы. «Қамар сұлу»



Дата21.04.2017
өлшемі145,53 Kb.
#14482
Оқу орны: Астана қ. «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы: Мейрамкул Тастанқызы Рахымова

Тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі және шығармашылығы. «Қамар сұлу» романы.

Сабақтың мақсаты:

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдете отырып, ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы тарихи жағдайлардың ақын шығармашылығындағы көрінісі және өзара үндестігін бүгінгі кіріктірілген сабақ арқылы талқылаймыз. Бітімі бөлек, ғибраты құнды шығармасы – «Қамар сұлу» романының желісі бойынша қазақ әйелдерінің теңсіздіктегі, сол дәуірдің қоғамдық шындығын терең әлеуметтік тұрғыда қарастырамыз.



Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Сұлтанмахмұт шығармаларына сараптамалық талдау жасау арқылы әдебиет пен тарихтың өзара үндестігін, ақын шығармаларындағы алаш идеясын таныту. «Қамар сұлу» романында көтерілген әлеуметтік мәселелер арқылы көркем шығарманы саралай білуге үйрету.

Дамытушылық: студенттің шығарманы талдап, кейіпкер іс-әрекетіне баға бере білуіне, ойын жүйелі баяндай білуге дағдыландыру, қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды саралай отырып, өзіндік өмірге деген көзқарасын қалыптасуына әсер ету.

Тәрбиелік: романдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау арқылы әдет-ғұрыптарды сақтауға, достық қасиеттерін бағалай білуге, адамгершілікке, қайырымдылыққа, алдына қойған мақсаты үшін күресе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО жобасының элементтері, Н.Оразақынованың сатылай кешенді талдау әдісінің элементтері, баяндау, әдеби теориялық талдау, сұрақ-жауап, тест тапсырмалары.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақстан тарихы, психология, әдебиет теориясы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, суреттер мен сызбалар, С.Торайғыров шығармалары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Студенттердің назарын сабаққа аудару

Кіріспе сөзі

Қараңғы қазақ көгіне, 


Өрмелеп шығып, күн болам! 
Қараңғылықтың көгіне 
Күн болмағанда, кім болам? – деп жырлаған ақынның шығармашылығын қарастырамыз.

1 кезеңі (туғаннан – 1913 жылғы дейінгі)

І топ Ізденіс жолында (С.Торайғыров өмір жолына қысқаша шолу)

«Жылдар сөйлейді»

1893 жылы 28-қазанда Омбы уезінің Шағрай болысында Қарауыл Шабар ауылында туған.

Білім алған ошақтары:

-әкесінің көмегімен хат таниды;

- ауыл молдасынан сабақ алады;

- 1908 жылы Баянауылдағы Әбдірахман моданың медресесіне түседі, бірақ оны бітіре алмайды;

- 1911 жылы бір қыс бойы жаңаша оқыған Нұрғали деген мұғалімнен сабақ алады, ол оқушыларын пән негіздерімен таныстырып, олардың білімге деген ынтасын ұштайды;

- 1912 жылы Троицк қаласында Ахун Рахманқұли деген татардың медресесіне түседі, мұнда да ұзақ оқи алмайды. Өкпе ауруына шалдығып, медреседе қыс бойы ғана оқиды.



ІІ топ Асқақ арманды ақын (шығармалары жайында) өлеңін жатқа айту

1907 жыл «Секілді өмір қысқа, жарты тұтам»

1909 жыл «Жан қайда әділетті іздейтұғын»

1910 жыл «Байлық», «Кедейлік»

1912 жыл «Оқу», «Оқып жүрген жастарға», «Арманым» , «Оқудағы мақсат не?»

1912 жыл «Анау-мынау» , «Жарлау»



2 кезеңі (1913 –1917 жылғы дейінгі)

І топ Ізденіс жолында (С.Торайғыров өмір жолына қысқаша шолу)

Өмірінің басты белестері:

-1913 жылы Тройцк маңындағы ауылда бала оқытады;

- Бос кезінде өз бетінше кітап оқып, білімін жетілдіреді;

- 1913 жылдың күзінде Тройцкіге келіп, «Айқап» журналының редакциясына қызметке орналасады, екі жақты тартысты, ескілік ру тартысын қоздырушылардың кесірінен редакциядан кетуге мәжбүр болады;

-1914 жылдың жазында Баянауылға барады. Ел жастарын оқуға, мәдениетке бастар «Шоң серіктестігі» деген ұйым құруға талап жасайды, бірақ ойы жүзеге аспайды.

- 1914 жылы тағы да оқу іздеп Семей қаласына барады, орысша оқуға талап жасайды. Бірақ төменгі дәрежелі оқуға түсуге жасы сәйкес келмейді, жоғары дәрежелі мектепке түсуге білімі жетпейді.

- 1914-1916 жылдар аралығында Алтай бойында жалданып бала оқытады;

- 1916-1917 жылдары Томск қаласына барып, оқуға түседі;

- 1917 жылдың наурызында Семейдегі қазақ комитетінде қызмет істеп, «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналына өлеңдері мен мақалаларын бастырады;



ІІ топ Асқақ арманды ақын (шығармалары жайында) өлеңін жатқа айту

1913 жыл «Шығамын тірі болсам, адам болып»

1913 жыл «Қамар сұлу»

1913 жыл «Жазғы қайғы»

1914 жыл «Ендігі беталыс»

1914 жыл «Тұрмысқа», «Бір адамға»

1914 жыл «Жақсылық көрсем – өзімнен», «Тұтқындағы Байтұрсынның «Масасына», «Ләнет бұлты шатырлап»

1914 жыл «Жан қалқам»

1915 жыл «Жүрегім, тулап шабасың»

1915 жыл «Алты аяқ»

1916 жыл «Асыл сөз»

1916 жыл «Кім жазықты?»


3 кезеңі (1917 ж – өмірінің соңғы жылдары)
І топ Ізденіс жолында (С.Торайғыров өмір жолына қысқаша шолу)

- 1917 жылдың қазанында Семейге келген Әлихан Бөкейхановты қарсы алушлар қатарында болып,жастардың атынан шығып, құттықтау сөз сөйлеп, өзінің арнау өлеңін оқиды, Әлиханның Семейге келген сапары туралы мақала жазады, Алаш ісіне араласады;

- 1918 жылы өзінің туған елі – Баянауылға келіп, шығармашылықпен айналысады;

- 1919 жылдың аяғында жаңа өкіметке тілектестік білдіріп, ел ісіне араласып, жаңа өкіметтен әділдікті күтеді;

- Шідерті болысындағы Төңкерісшіл Комитеттің төрағасы болып сайланады.

ІІІ топ Ақынның алаш еркіндігі мен тәуелсіздігі жайлы шығармалары

1917 жыл «Шәкірт ойы»

1917 жыл «Сарыарқаның жаңбыры» өлеңі, «Алаш ұраны» өлеңі, «Әлиханның Семейге келуі» өлеңі, «Таныстыру» көлемді шығармасы

1917 жыл «Ғалиханның Семейге келуі»

1918 жыл «Неге жасаймын»

1918 жыл «Соғыстың кесірі»

1918 жыл «Осы да әділдік пе?»

1918 жыл «Адасқан өмір»

1919 жыл «Өң бе, түс пе?», «Дауылдағы әбігер»

1919 жыл «Ақ сәуле», «Ескі сөз»

«Ақ найман Ойсынбай» «Жалаңаш баба», «Елден»

1919 жыл «Кедей

1919 жыл «Айтыс» («Қала мен дала ақынының айтысқаны») аяқталмаған поэмасы
Әдебиет пен тарихтың өзара үндестігі

Тарих

ХХ ғасырдың басында Алаш қозғалысының өріс алуы

А.Т.:1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі.

Студент: «Алашорда» атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы

Алаш партиясының жетекшілері Ә. Бөкейханов екенін мәлімдейді.

Бейне жазба көрсету.

1 студент.

Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893-1920 ) көрнекті қазақ ақыны және ойшылы.

«Дүиедегі қызықтың бәрі де адам мен үшін, дауасы жоқ бұзықпын, талпынбаймын ем үшін; тосқаным-қабір құшағы, қашан ол келіп құшады, ойланып һәм шарланбай, құтылған жоқ менен ой, ешбіреуін малданбай, сенді қатты тұла бой; болсам деген үміттің бәрінен бездім, ұмыттым» дегенде бұл ләззат, бақыт атаулыдан баз кешкен диуаналық емес, көптің бабы табылар ортақ бақыттың сырын таппай тұрып, өзінің ғана бабы табылар оңаша бақытты қызықтауды арсыздық көріп, ақиқат іздеп шарқ ұорған нағыз оқымысты, ғұлама философ екенінің дәлелі.

Философиялық көзқарасының бастауы- құдай, табиғат және адам арақатынастары туралы мәселе. Осы өзекті үш жақты мәселеге жауап іздеу барысында оның бүтіндей дүниетанымы, философиялық көзқарасы қалыптасты. Торайғыровтың философиялық көзқарасының мәні дүние мен адам арақатынасының өмірдегі гормониясын іздеу болып табылады.

Оның философиясы-адамның өзін-өзі билеуі, өз еркін өзі бағындыруы, «Еркіме жүрер менің қай дүние, көнбесе өз еркіме өзім денем» деп, Ұлы философ Сократтың «Адам баласы дүние танып білу үшін, алдымен өзін-өзі танып білуі керек» деген ойымен сабақтасады.



Әдебиет

С. Торайғыровтың «Сарыарқаның жаңбыры» өлеңін жатқа оқу.

2 студент

«Алашорда» мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды. Дегенмен де РКФСР-дің ұлт істері жөніндегі комиссариатының құрамында қазақ бөлімі құрылады. «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде жазғандай тіл саясатын көтерген ХХ ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Алаштың арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынов «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді,» - десе, Күнбатыс Алашордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады - деген пікірді айтқан.

С. Торайғыровтың «Таныстыру» өлеңі

Тарих

Алаш партиясының, Алашорда үкіметінің құрылуы

«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов.

1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде

- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;

- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;

- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;

- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;

- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;

- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;

- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.

- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген

Әдебиет

С. Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңін жатқа оқу

Тарих

Алаш үкіметінің орталығы Семей қаласына көшірілуі Әлихан Бөкейхановтың Семей қаласына келуі

Алаш үкіметінің орталығы Семей қаласына көшірілуі

Торайғыров Сұлтанмахмұт - «Алаш» партиясының Семей облыстық комитетінің мүшесі.
А.Т.: Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті.
Жалпы жастар атынан С. М. Торайғыров келуін былайша құттықтады:

«Көш бастаған еріміз!

Қуанышта еліңіз.

Төбеміз көкке жеткендей,

Көкіректен бүгін кеткендей,

Сізді көріп шеріміз.

Еліңіздің бұл шағын,

Алаш туын һәм бағын,

Көзбен көріп төленді, 1917. Сұлтанмахмұт Торайғыров

Көптен бергі теріңіз,

Алаш туын қолға алған

Қараңғыда жол салған

Арыстаным, келіңіз!»
Әдебиет

«Ғалиханның Семейге келуі» мақаласы, «Әлиханның Семейге келуі» өлеңі

С. Торайғыровтың «Айтыс» («Қала мен дала ақынының айтысқаны») аяқталмаған поэмасы

- Ауруы асқынып, төсек тартып жатып қалады да, 1920 жылы 21 мамыр күні қайтыс болады.


ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалімнің сөзі:

Бітімі бөлек, ғибраты құнды шығармасы – «Қамар сұлу» романының желісі бойынша қазақ әйелдерінің теңсіздіктегі, сол дәуірдің қоғамдық шындығын терең әлеументтік тұрғыда қарастырамыз.


«Қамар сұлу» романының әр бөліміне сипаттама беру: 1-бөлім. «Жігітті ел мақтаған қыз жақтаған...» 2-бөлім. Сүйіспеншілік сезімнің қарлығаштары. 3-бөлім. Күндестік оты жанғанда. 4-бөлім. Жорға Нұрым. Омбы асқан Ахмет. 5-бөлім. Қырын келген құдалық. 6-бөлім. От ортасында ойрандалған Омар. 7-бөлім.Қайғыдан қан жұтқан Қамар. 8-бөлім. Зұлымдық- надандығтың басты белгісі. 9-бөлім. Құрбандыққа шалынған жастар.

Дәптерге жаздыру

Электронды оқулықтан жаздыру

Үнтаспадан «Қамар сұлу» романының басталуы тыңдату.

Сатылай кешенді талдау әдісімен романға композициялық талдау жүргіз


Басталуы

Қамарды суреттеуі, Қамар мен Ахметтің кездесуі.



Дамуы

Ғашықтық сезім, хаттар. Нұрымның әйелі қайтыс болуы



Шиеленісуі

Омбы асқан Ахмет. Құдалық. Қамардың ұзатылуы



Шарықтау шегі

«Ал енді, көріп тұрсың, халім мынау». Қамарды зорлықпен алып кетуі.Науқастануы



Шешімі

Ахметтің кек қайтаруы. Өлім құшқан қос ғашық. Жастардың ажалы


«Қамар сұлу» романын 6 бағытта қарастырамыз.


тақырыбы бейнелі сөз (эпитет)


«Қамар сұлу» романы

идеясы


шығарма құрылысы монолог мақал-мәтел, басқа

тілден енген сөздер салт-дәстүр


І топ

1.Қамар сұлу романының тақырыбы мен идеялық мазмұны (Романда кездесетін қарама-қайшылықтар осы өмірде кездесе ме?

Романдағы әйел дәрменсіздігі, құқықсыздығы сендерді қандай ойға жетеледі?)

Шығарманың тақырыбы: Әлеуметтік теңсіздік, әйел теңсіздігі

Шығарма идеясы: Қазақ жастарының бас бостандығы, қыздарды қалың малға сатуды әшкерелеу
ІІ топ

1. Шығарма құрылысы

2. Портрет (кейіпкерлерге мінездеме)
«Қамар сұлу» романының тілі ерекшелігін сипаттау:

Прозамен жазылған сөздері өлең ұйқасы сияқты.

Проза мен поэзияны аралас қолданған.

Қамар (Сұлу, сыпайы, биязы, ақ көңіл, сөзге шешен.(Қамар)

Ахмет (Сөзге шешен, ақын, көрікті.(Ахмет)

Жорға Нұрым (Қатыгез, қатал, зұлым, біреуге жақсылық істемеген, өз қамын ойлайтын, бай тұқымынан шыққан адам)
Монолог ( Қамар мен Ахметтің монологы) бейне жазба көрсету
Бейнелі сөздерді (эпитет) табу.

Эпитет: алмас қылыш, нұрлы жүз, толған ай, қалам қас, мамық тамақ, мөлдіркөз, алма мойын, ашық жол, асулы қол.

Бейнелі сөздерді (эпитет) табу



Еріткен іші-баурыңды көзі қандай, 
Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай. 
Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп, 
Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай! 
Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі, 
Қайнамас оны көріп кімнің іші? 
Алмас қылыш жүзіндей аударылған, 
Сүйгізіп көлеңкесін әрбір ісі. 
Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып, 
Бойының мінсіздігі оның асып. 
Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді, 
Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып.
«Қамар сұлу» романындағы салт-дәстүрлер

Шығармадағы суреттелетін салт-дәстүр: Атастыру, қызды қалың малға сату, жар-жар, үшкіру, кәде беру
Мақал-мәтелдер

«Соқыр тауыққа бәрі бидай», «Таң атпайын десе де, күн қоймайды», «Кәріліктің алды жігіттіктің соңы», «арсызға алты күн мейрам», «Суға кеткен тал қармайды», «Теңі келсе, тегін бер», «Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді», «Бір тойған – шала байдық», «Жалғыз қаздың үні шықпас, жалғыздың шаңы шықпас», «Соқырдың қолына, саңыраудың жолына түспе», «Жақсыдан жаман туса, емі болмас, жаманнан жақсы туса, теңі болмас», «Ит үрді, керуен көшті», «Бастан құлақ садақа».


Басқа тілден енген сөздер
Басқа тілден енген сөздер: Указаной молда, школа, август, доктор, чаходка (орыс), Хашарат, күпу, сүре, Ясин (араб)
Шаһыбыз (парсы)

Қамар сұлу романы сіздерге ұнады ма? Романды оқу барысында қандай сезімдер пайда болды.

«Қамар сұлу» романындағы психологиялық сезімдер



Психологиялық сезім




сүйсіну

аяушылық



өкініш

Сабақты қорытындылау

Бағалау тестпен жұмыс

Студенттерді бағалау

Бағалау қағазы

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Қараңғы қазақ көгіне күн болам деп ұмтылған,

Қараңғылықтың өтінен жарып шыққан бұлтынан.

Жіптей қысқа ғұмырда елім деп өткен еңіреп,

Жүрегінде ұрпақтың сақталады нұр тұлғаң.

Қазақ поэзиясының аққан жұлдызы С.Торайғыровтың жарқын бейнесі, оның нұр тұлғасы жадымызда мәңгі сақталары сөзсіз.



Үйге тапсырма:

Дихан Әбілевтің «Сұлтанмахмұт» трилогиясы



С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармаларын қарастыру.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің тарихы»

  2. Д.Әбілев «Ақын арманы» 1,2,3 том

  3. Б.Кенжебаев «ХХ ғасыр басындағы әдебиет»

  4. Түрлі баспасөздер, ғаламтор ақпараттары

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет