Қазақ тілі және әлем тілдері институты



Дата08.11.2022
өлшемі20,83 Kb.
#157150
Байланысты:
сөж лексика
399-өзгерген 4сынып ктж



ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ТЕОРИЯСЫ
КАФЕДРАСЫ


СӨЖ №3
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы
Тақырып: Фразеологизмдердің құрылымдық-стильдік сипаты мен шығу арналары.


Орындаған:205 топ студенті Болатова А.Б.
Тексерген: Нуржанова Б. Н.
Алматы-2022 ж.
Жоспар:
1.Академик І.Кеңесбаев және қазақ тілінің фразеологиясы (Еңбек бойынша зерттеу жұмыстарын талдау, саралау. Кластерлік кестеге салыңыз).
2.Фразеологизмдердің түрлері (жасалу жолдарын саралаңыз. Кестеге түсіріңіз).
3.Мақал-мәтелдердің фразеологизмге қатысы (Арақатынасын, ерекшеліктерін мысалдар арқылы салыстыру)



  1. Академик І.Кеңесбаев және қазақ тілінің фразеологиясы

Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. Ісмет Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес. Ісмет Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы: «Сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын лексикология деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын фразеология деп атау әбден орынды», – деп жазады.
Ісмет Кеңесбаев – филология ғылымының докторы (1945), профессор (1945), Қазақстан ҒА-ның академигі (1946), Қазақ КСР-інің еңбек сіңіргенғылыми қайраткері.
Педагогикалық қызметін жүзеге асыру барысында І. Кеңесбаев қазақ тіл білімінің маңызды мәселелерін зерттеумен айналысты. 1944 жылы «Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестер» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, 1945 жылы филология ғылымдарының докторы атағын алады. Аталған «ғылым докторы» дипломының көшірмесі музей қорында сақталған.
Академик Ісмет Кеңесбаевтың жетекшілігімен осыдан отыз жыл бұрын жарық көрген "Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі" түркология саласында кұбылыс болып қабылдданды. Бұл еңбек өз мәнін әлі күнге дейін жоймай қеледі. Оған деген сұраныс та күн сайын арта түсуде. Қазақ халқының рухани мұрасының бастау көзі болып табылатын осынау сездік оқырманымен қайта қауышып отыр.
Фразеологиялық сөздікте тұрақты тіркестердің варианттары мен мағыналас фразеологизмдер арнайы айырым белгімен ерекшеленген. Етістікке бітетін фразеологизм ауызекі тілде, көркем шығармада қалай аталса, өзгеріссіз солай берілген. Етістік тұйық формада емес, көбінесе ашық райда берілген. Мысалы, Жүрегі тас төбесіне шықты, жүрегі (зәресі) ұшты (шошынды), зәресі кетті — қатты үрейлену, шошып кетті, қорықты: Менің жүрегім тас төбеме шықты, қалтырап кеттім. (Б.М.) Оқ жыландай ирелеңдеп, жайдың оғы басталды. Жүрегі ұшып Күнайым, Ердің қасын бас салды. (С.М.) Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен басқа 1988 ж. 2300 фразеологиялық тіркесті қамтитын “Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік”, 2002 ж. “Мағыналас фразеологизмдер сөздігі” жарық көрді. Сөздікте жалпы ұғымның әр түрлі түсініктері нақтыланатын 3 мыңға жуық мысал бар.
2.Фразеологизмдердің түрлері



Фразеологизм түрі

Анықтамасы

Жасалу жолы

1

Фразеологиялық тұтастық

Сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады.

Сөздер тіркесіп келіп, бастапқы мағынасын жоғалтып, мүлде бөлек мағынаны білдіруі.Мысалы, мұрнынан шаншылу- шаршау.

2

Фразеологиялық бірлік

Бұлар орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасалануы, я болмаса тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктер болады.

Сөздер тіркесіп бір мағына береді, алайда қазіргі мағынасы бастапқы мағынадан алыстамаған. Мысалы, ескі жараның ауызын тырнау- өткенді еске алу.

3

Фразеологиялық тізбек

Бұлар еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шығады. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалып, сол тізбек күйінде қолданылады.

Сөздер тіркесіп, тура сол бастапқы мағынасында қолданылады.

3. Мақал-мәтелдердің фразеологизмге қатысы (Виенн диаграммасы)



Фразеологизмдер

Ұқсастықтары

Мақал мәтел

*Құрамында кемінде екі сөз болу керек
*Сөздердің орны ауыстырылмайды
*Тіркес құрамындағы сөздерді басқа сөзбен ауыстыруға келмейді
*Сөздер жеке-жеке мағына бермей тұтас бір мағынаны білдіреді
*Сөйлем құрамында бүтін бір тұлға ретінде жұмсалады

*екеуінің де лексикалық мағыналары бар
*Ойымыз бен сөзіміз айшықты, көркем шығуы үшін қолданылады

*құрылысы жағынан бір,екі,үш бөлімді болып келеді
*Ой неғұрлым айшықты болып келеді
*ақыл-өсиет түрінде келеді




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет