Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Сөйлемде айтылуға тиісті тұрлаулы не тұрлаусыз мүшелердің бірі



Pdf көрінісі
бет347/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

Сөйлемде айтылуға тиісті тұрлаулы не тұрлаусыз мүшелердің бірі 
айтылмаған сөйлемді т о л ы м с ы з с ө й л е м дейді. 
Сөйлемнің бір мүшесінің айтылмауынан сөйлемнің жалпы мағынасына 
кемшілік келмейді. Айтылмаған мүшенің кай сөз және қандай түлғалы сөз 
екендігі бұдан бұрынғы айтылған сөйлемдерден не осы сөйлемдегі өзге 
сөздердің морфологиялық тұлғасынан сезіліп түрады. 
Толымсыз сөйлемдер негізінде ауызекі сөйлеу тілге және екі адамның 
сөйлескен түрінде келетін диалогты сөйлемдерге тән болады. Мысалы: 

Олар жолдаманы қайдан алған?

Кәсіподақ комитетінен.

Қалай ол?

Жолдама беру кәсіподақ комитетіне тапсырылған ғой. 
Бұл 
сөйлемдердің біріншісі мен төртіншісі — толымды сөйлемдер. Өйткені 
айтылуға тиісті мүшелер түгел айтылып түр. Екінші, үшінші сөйлемдер — 
толымсыз сөйлемдер. Өйткені екінші сөйлемде 
алған 
деген етістік баяндауыш 
айтылмаған да, үшінші сөйлемде 
болғаны 
деген баяндауыш айтылмаған. 
183 -жаттығу.
 
Мәтінді оқып шығып, толымды және толымсыз сөйлем-дерді атап 
көрсетіңдер де, толымсыз сөйлемде қай мүшенің жетпей тұрғанын және оның қандай сөз 
екендігін айтып беріндер. 
Асқар кішірек келген қара көзін газеттің жалпақ бетіне жүгіртіп отыр еді, бір 
кезде жүгірген көз бір жерге барып қадала қалды. 
— Е, ие бар екен? — деді Асқардың жүгірген көзін қуып отырған Кенжетай. 
— Той болатын бопты. 
— Не той? 
— Романовтарға 300 жыл толыпты. 
— Оларың кім? 
— Осы күнгі Ресейдің патшасы. 
— Несіне 300 жыл болыпты дедің? 
— Бүдан 300 жыл бұрын, осы күнгі патшаның атасы Михаил Федорович
16 жасында таққа отырған. 
— Біздің Итбай да 16 жасында болыс болды деп еді, о да жасында патша 
болған екен. Ал енді оның несін тойлайды? 
Қазаншының еркі бар, қайдан қүлақ шығарса . 
— Біз де тойлаймыз ба? 
— Тойлайсың — деді Асқар кекете күліп. 
— Нақ біздің ауыл тойлай қоймас. 


313 
— Неге? 
— Несіне тойлаймыз, патша сауырымыздан тісін бір алған емес.
(С. М.) 
184-жаттығу
.
Мәтіннен

әуелі толымды сөйлемді, соңынан толымсыз сөйлемдерді теріп 
жазындар да, бастауыштың астын бір, баяндауыштың 
астын екі сызыңдар. 
Ақылдасып істерміз. 
(С. М.) 
2) Абай мұны місе қылған жоқ. 3) Дауыл күшті 
жуан теректі де козғалтады. 
(Ғ. М.) 
4) Мұны да жаңа білді. 
(М. Ә.) 
5) 
Кенжетайдың аулы Бурабайдан отыз шакырым жерде еді. 
(С. М.) 
6) Мектепке 
де , бізге де пайда. 
(Ғ. М.) 
7) Әліпті таяқ деп білмеген кісі. 
(С. М.) 
8) Саясыз 
жайлаудың жан-жануарлары көлге тығылып қана сая табады. 
(Ғ. Мүсір.) 
9) 
Торжан жиналысқа кірген жок. 
(Т. Әл.) 
10) Ұйықтап жатқанда да қолыңды 
шекеңе қойып ұйықтаймысың? 
(Ә. Ә.) 
11) Бекбол әлі де аспанға көз жіберіп 
тұр екен. 
(М. Ә.) 
12) Тез бітіруге Сәтжанның өзі де соншалық асық. 
(С. Бег.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   406




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет