«Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тірек сызбаларды қолданудың тиімділігі» Баяндама



бет1/2
Дата23.03.2018
өлшемі415,89 Kb.
#39563
  1   2
«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ТІРЕК СЫЗБАЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»

Баяндама

Бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту- баршамыздың басты парызымыз. Осындай күрделі міндетті ойдағыдай орындау үшін мұғалімге бұрынғыдан да зор талаптар қойылады.

Уақыт талабы оқытушы сабақты қызықты, тартымды өткізе білуді көп шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлықты қажет етеді. Білім алушылардың белсенділігін, жеке дара жұмыстануын ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді.Сондықтан ортақ іс-ірекетті ұйымдастыруда негізгі мақсат әрбір жеке оқушының дамуына, таным ерекшілігі мен іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуына үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек.

Оқу орыс тілінде жүретін колледждерде қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты-қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын дәрежеге жеткізу. Сондықтан қазақ тілі сабағында оқытушыдан қалайда оқушыны сөйлетуге, сөйлеу тілін дамытуға жағдай туғызу керек.

Тіл үйрену, тіл ұстарту адамның ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдістерінің бірі жаттығу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Жаттығулар екі топқа бөлінеді:


Сөйлеу жаттығуларына сөйлем және сөз тіркестерін құрастыру, мәтіннің мазмұнын айту, сұхбат құрастыру жатады.

Тірек сызбалар оқушылардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында пайдаланатын тәсілдің бірі. Сонымен қатар тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі. Негізінде орташа оқитын білім алушыларға өте қолайлы деп есептеймін: себебі олар тірек сызбалар арқылы сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып жеткізуге үйренеді, сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады.

«Қазақ тілі сабақтарында тірек-сызбаларды тиімді қолдану» тақырыбы бойынша бір жыл жұмыстанып келемін. Оның бір ерекшелігі әр сабақта лексикалық немесе грамматикалық тақырыптар бойынша тірек-сызбаларын құрастырып, сол бойынша сабақ өткізу өте тиімді. Олар схема, кесте, формула, диаграмма түрінде де қолдана береді.

Грамматиканың ірі-ірі тақырыптарына шартты белгілердің көмегімен тақырып материалдарын бір беттен іздеп табуға болатындай етіп, «жеңілден – ауырға, белгіліден - белгісізге» дейтін дидактикалық принцип басшылыққа алынып, блоктап оқытуға ыңғайластырыла кесте-сызбалар қолданылады.

Қазіргі таңда тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру мен бағалауға үлкен көмек көрсетеді.оқушыларға сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшаларды, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі мен сөйлемдердің жасалу жолдарын меңгеру негізгі мақсаттың бірі болып табылады. Өйткені сөйлемсіз ойды жеткізу мүмкін емес. Сөйлемнің бәрі сөзден құралады. Бұл мақсатқа жету үшін, оқушыға грамматикадан теориялық мәлімет беру жеткіліксіз. Грамматикадан алған мәліметті оқушыға сөз бен сөзді байланыстыруда, сөйлем құрауда қолдануға қажет. Сол арқылы тілдің грамматикалық құрылысы бойынша сөйлеу – жазу дағдысын берік қалыптастыру негізі болып саналады. Сонда ғана оқушы өз ойын қазақша дұрыс жеткізумен бірге, басқаның да айтқанын түсіне алады. Мысалы Әдебиет пәнін алсақ, білім алушылар осындай алгоритм бойынша жұмыс жасаса, олар тез ұғып, тапсырмаларды дұрыс орындауына тырысады.

Сабақта осы тірек-сызбалар арқылы білім алушыларға нені білуге, нені үйренуге тиісті екені нақты да қысқа ережелермен беріледі. Кесте – білім алушылар оқулығына көмекші құрал әрі оқытушының көрнекілігінің рөлі атқарады.

Кесте – сызбалардан білім алушыларға әуелі шартты белгілерін таныстырамын. Мысалы: 9 сөз табы (ЗЕ, СЕ, САЕ, ЕТ, ЕС, Ү, Ш, Е, О)

Тірек – сызбалар бойынша: өтілгелі отырған тақырыптың ережесі, тұлғалық ерекшелігі, мағыналық түрлері, түрленуі, емлесі, сөйлемдегі қызметі, өзіндік ерекшелігі түсіндіріледі.

Тірек – сызбаларының енді бір тиімділігі, оларды тек қазақ тілі сабағында ғана емес, сонымен қатар әдебиет сабақтарында да қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ақын-жазушылардың қоғамдық жұмыстары, істеген елеулі істері мен еңбектері туралы толық мағлұмат алып шығады. Ақын-жазушылардың еңбектерімен таныса отырып, шығарманың идеясын, мазмұнын, тәрбиелік мақсатын талдаймыз. Келесі сабақтарда әр ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын білу бағытында мынандай тірек-сызбаларды қолданамын.

Тірек сызба конспектілеріне қарап, білім алушылар жаттаған ережелерді естеріне түсіріп, мысал келтіре алады. Осы тірек белгілерді басқа грамматикалық тақырыптарды өткенде де пайдалануға болады.

Білім алушыларға көрнекті құралсыз тек ауызша айтылған анықтаманы түсінбейді, түсінбеген нәрсесін тыңдамайды, содан барып сабаққа деген зейін жоғалады. Сондықтан да тірек сызбаларды сабақта қолданудың маңызы зор.

Колледждерде де грамматикалық тақырып пен лексикалық тақырып қатар өтіледі. Білім алушының сөздік қорын, сөйлеу дағдысын, тілін дамытуда лексикалық тақырыптардың рөлі ерекше. 1-2 курстарда осындай тақырыптардың мазмұны былай болып келеді: «Отан»,«Қазақстан», «Қазақтың салт - дәстүрлері»,«Менің мамандығым»,«Іс қағаздар»,т.б.



Аталған тақырыптардың төңірегінде әңгімелей білу үшін, сұхбат құрастыру үшін сызбалардың көмегін пайдалану оқытушыға да, білім алушыға да тиімді. Білім алушыға тілді меңгерудің оңтайлы жолы – сабақта лексикалық сызбаларды пайдалану. Ол білім алушыны сөйлеуге жетелейді. Сызбадағы тірек сөздердің көмегімен оқушы бір тақырып төңірегінде он-он бес сөйлем құрастырып, әңгімелеп айтуға жаттығады. Білім алушылар өзара сұхбат құрастыра алады. Оқытушы білім алушының сұраққа толық жауап беруін, сөздерге жалғауларды дұрыс жалғап айта білуін қадағалап отыруы керек. Тақырыпты сызба бойынша оқып, үйрене отырып шығарманы да жақсы жазуға дағдыланады.

Полотно 44
Полотно 55
1-2 курстарда қазақ әдебиеті сабақтарында келесі тірек схеманың үлгілерін ұсынамын.

Тірек сызбалардың түрлері


Полотно 22

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет