«Қазақ тілі мен әдебиетінен» эсселер жинағы


«Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж» тұжырымына



Pdf көрінісі
бет3/31
Дата01.02.2023
өлшемі336,49 Kb.
#167033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
ЭССЕЛЕР ЖИНАҒЫ жмб 2021 ж

3. «Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж» тұжырымына
қатысты көзқарасың қандай?
Арсыз адам — бәрiнiң бағасын бiлсе де, 
нағыз құндылық туралы түсiнiгi болмайтын адам.
(Оскар Уайльд)
Құндылық дегенімізді адам бойындағы жағымды қасиеттер мен адамның көпшілік
ортада, қоғамда құрметті, сыйлы болуы деп түсінемін. Мынау аумалы-төкпелі алмағайып
заманда адамзат баласының бойында құндылықтар сақталып қалды ма? Қазіргі қарақан басын
күйттеген кезеңде адамдарға құндылықтар керек пе?
Бүкіл әлемде "Адамзат баласының бойында құндылықтар жоғалып бара жатыр, олар
құндылықтарға мұқтаж" деген дабыл қағылуда. Мен бұл пікірмен келісемін. 
Ең бірінші керек құндылық – бір-бірімізге деген қамқор болу, жақсылық жасау.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық -
халқымыздың ең ізгі құндылықтарының бірі. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей кемтар,
жетім, балалардың жанашыры болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол
іске ат салысу - әрбір адамның азаматтық парызы. 
Екінші мұқтаж құндылық - жас ұрпақтың бойындағы ұлттық тұрпаты мен елдік
сипатының бұзылуы. Иә, бүгінгі күні бұл кесапаттың етек алғаны соншалық – туған ата-
анасынан безіп, қарттар үйіне табыстап жатқан жастарды көргенде түңіліп кетесіз. Елімізде егде
жастағы 7 мыңнан астам адам қарттар үйінде өмір сүруде, ал олардың көбінің дені сау, табысты
балалары бар. Қартайған ата-анасын тастап кету деген біздің дәстүрімізде жоқ, ата салтымызда
болмаған. «Бір аяғы төрде, бір аяғы көрде» тұрған қарттардың бала-шағасы жоқ емес. Тек «Он
бала бір әкеге жүк болмай, бір әке он балаға жүк болғанның» кері.
Келесі бір мұқтаждық – отбасылық жауапкершілік. Үлкеннің айтқанын тыңдамайтын,
ата-енеге қарсы шығып, отбасы шырқының бұзылуына себеп болып жүрген шайпау келіндер
көбейіп барады. Ажырасу деген мүлдем болмаған қазақ отбасыларына батыстанудың әсері де
желдей есіп тұр. 2014 жылы елімізде ажырасушылар саны 2%-ға көбейген. Яғни, 83,7 мың
отбасы некелесуге өтініш білдірсе, ажырасушы отбасы саны 30,3 мыңға жетті. Батысқа
еліктеудің салдары неге алып кеп соқты? Соңында зардабын бейкүнә сәбилер мен баласына үміт
артқан ата-ана тартып жатыр.
Татулық, достық кемшін түсіп жатыр. Бүгінгі күннің жігіттері айдың күннің аманында
қырық пышақ болып қырылып, бірін-бірі мерт қылуда. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек,
елімізде соңғы бір айдың ішінде кішігірім өзара жанжалдардан 37 ер-азамат көз жұмған, ауыр
жарақат алып, зардабын тартқандар қаншама?.. Бейбіт күннің шырқын бұзып, соншама
отбасына қасірет әкелетіндей не жетпей жүр жігіттерімізге деп қапаланасың осындайда.
«Біріңді, қазақ, бірің дос» көрмесе, мына алмағайып заманда қазағымның жігіттері жар
астындағы жауға таланбасына кім кепіл?!
Қазақ халқы «жақсылардың кеудесі алтын сандық», «білімді туған жақсылар аз да болса,
көппен тең», «жақсыменен өткізген бір күнім, мың күніме татиды» деп жырлайды. Кейінгі
жастар құндылықтарды бойына сіңіріп өссін десек, елге үлгі-өнеге болған адамдармен кездесу
жасап, игі істерге жұмылдырып отыру қажет. Мектеп табалдырығынан халықтық тәрбиенің
қайнар бұлағынан сусындап өскен балада қажетті құндылықтардың барлығы табылады деп
есептеймін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет