«Қазақ тілі мен әдебиетінен» эсселер жинағы


Әлемдік жаһандану мен «Рухани жаңғыру» идеясындағы өзара үйлесімділік



Pdf көрінісі
бет5/31
Дата01.02.2023
өлшемі336,49 Kb.
#167033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
ЭССЕЛЕР ЖИНАҒЫ жмб 2021 ж

5. Әлемдік жаһандану мен «Рухани жаңғыру» идеясындағы өзара үйлесімділік
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Өткенімізді зерделеп, жан-жағымызға байыппен қарап, қоғамдық сананы жаңғыртудың
кезі енді келді. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Мен 2012
жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап
латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін мәлімдедім», - деп, бодандықтың белгісіндей
болған кириллицадан құтылудың жалғыз жолы – латын әліпбиіне көшу екенін шегелеп берді.
Осы беталыспен, осы өзгеріспен халқымыздың тарих сахнасында азат ұрпақтың буыны
қалыптасады, өркениет өріне қадам басады десем, артық айтқандық болмас.
«Қазақтар өз тілдерін әлі үйреніп болған жоқ. Латын әліпбиіне көшсе, тілдерін өшіреді»,
- деген пікірлер ел арасында қылаң беріп қалып жүргені жасырын емес. Бұдан қорқудың еш
негізі жоқ, жаңа әліпбиге көшуден ұтпасақ, ұтылмайтынымыз анық. Біз «әрі тарт та бері тарт»
болып үркіп жүргенімізде, түркі тілдес мемлекеттердің көпшілігі әлдеқашан-ақ латын жазуына
көшіп кеткені белгілі.
Ең бастысы, «Түркі тілдес түгел бол!» деп ұран тастаған қазақтың қыран ұлы Тұрар
Рысқұловтың асыл арманы орындалар уақыт жақын қалған сияқты. Белгілі саясаттанушы Айдос
Сарым: «... жалпы түркі халықтарымен бірге болудың бір үлкен жолы – ортақ әліпбиде жүру», -
деген сөзі менің пікіріме жан бере түседі.
Екіншіден, латын әліпбиін үйрену үшін бәріміз бір мезетте партаға отырып, бәріміз қайта
жаза бастаймыз, сол арқылы төл тілін білмейтін қандастарымызды да қатарға тарта аламыз.
Үшіншіден, латын жазуы – ғаламтор мен ақпарат кеңістігінің тілі, сонымен қатар тіл
тазалығы тұрғысынан лингвистикалық мәселелерді шешудің бірден-бір жолы. Белгілі лингвист-
ғалым Шерубай Құрманбайұлы: «Ең алдымен, отарсыздану бағытын дұрыс жүргізу үшін бұл
жазу ауыстырудың маңызы өте зор... Бұл, әсіресе, тілдегі басы артық дыбыстардың, сөздердің
дұрыс жазылуын, қазақша дыбысталуын қамтамасыз ету үшін, тілдің өз табиғаты үшін керек», -
деген сөзі тайталаса талас тудырып жүрген талайлардың аузына қақпақ болары анық.
Тізе берсек, дәлелдеріміз көп-ақ. Қорыта айтқанда, Елбасымыздың қазақ жазуын латын
әліпбиіне көшіру саясаты – әлемдік жаһандану жолындағы батыл әрі байыпты шешім, оңтайлы
да оң қадам деп білемін. Ендігі міндет – бізден бұрын латын әліпбиіне ауысқан көрші елдердің
қателіктерінен сабақ ала отырып, асығыс та қауырт шешімдерден аулақ болсақ болғаны. Осы
ретте, қоғамдағы өзгерістер бұқара халықтың арасында түрлі пікірлер туғызуы заңды құбылыс
екенін айта кетпеске болмас, бірақ «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, латын әліпбиінің
әлемде кең таралған жазу екенін, Қазақ елінің болашағы тек осы жазуда екенін кириллицамен
хат таныған аға буын өкілдеріне түсіндіріп айту біз сияқты жастардың тікелей міндетіне
айналуы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет