Қазақ тілі. ӨЗдік жұмыстарға арналған мәтіндер



бет13/15
Дата08.01.2017
өлшемі2,85 Mb.
#6465
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Тапсырмалар
1. Берілген тірек сөздердің көмегімен мәтіннің қысқаша мазмұнын қалпына келтіріңіздер: дүниеге келді, бітірді, жетілдіру курсында, көркемдік жетекшісі, Қазақстан Мәдениет министрлігі, Қазақ академиялық опера және балет театры, ректор, министр, шығармашылық жұмыс, қаһармандық-патриоттық тақырып, мұра, өрісін кеңейтіп, жанрлық салалары, автор, марапатталған.

2. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

3. Мәтіннен мекенжайды, толықтауышты білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.

4. Мәтіннен Сіздер үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

5. Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.

6. Сөйлемдегі етістіктердің түрлерін белгілеңіздер: негізгі- туынды, негізгі- көмекші, сабақты- салт, болымды -болымсыз, дара -күрделі.

7. Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.
9.10 Роза Рымбаева

Қазақстан Республикасының ардақты әншілерінің бірі – Роза Рымбаева. Роза Қуанышқызы Рымбаева 28 қазан 1957 жылы Семей, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Жаңғызтөбе станциясында дүниеге келді.

Ол эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты. 1976 жылдан бері гастрольдік сапармен Болгарияда, Венгрияда, Германияда, Польшада, Чехославакияда, Америкада, Францияда, Түркияда, Ауғанстанда т.б. елдерде болды.

Рымбаеваның репертуарында шетел халықтарының (болгар, венгр, чех, испан, неміс, т.б.) әндері бар. 1977 жылы Болгарияда өткен эстрада әртистерінің дәстүрлі халықаралық конкурсында бас бәйге – «Алтын Орфей» жүлдесін жеңіп алды.

1979 жылы Роза Рымбаеваға жас та болса «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» деген атақ берілді. Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетін 1984 жылы бітірді.

Сексенінші жылдары ол кино көкжиегінде бақ сынады. Тоқсаныншы жылдар – ол үшін толысу мен кемелдену кезеңі болды. Розаның репертуарында ән саны бүгінде 300-ге жуықтайды.

Ән – халық қазынасы, ал Роза Рымбаева – қазақ эстрадасының жарық жұлдызы.
Сөздік
ардақты – уважаемый

сапар – зд: поездка

дәстүрлітрадиционный

жас та болса – несмотря на молодость

еңбек сіңірген әртіс – заслуженный артист

атақ берілді – присвоено звание

көркемдік – художественный

бітіру – заканчивать

көкжиегінде – на горизонте

бақ сынау – испытать счастье

толысу – становление

кемелдену – процветание

кезең – период, этап, время

жуықтау – приблизиться

қазына – богатство

жарық жұлдызы – яркая звезда
Тапсырмалар
1. Мәтін бойынша диаграмманы толықтырыңыздар:
Роза Рымбаева

Ол кім?





Қашан және қайда дүниеге келген?






Гастрольдік сапары қай жылдан басталды?






Қай жылы және қайда «Алтын Орфей» жүлдесін жеңіп алды?






1979 жылы қандай атақ берілді?






Репертуарында ән саны бүгінде қаншаға жуықтайды?






2. Мәтіннен толықтауышты және субъектіні білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.

3. Мәтіннен келесі үлгімен жасалған сөздерді теріп жазыңыздар: а) түбір, тәуелдік жалғау, септік жалғау;

б) түбір (сан есім), реттік сан есімнің жұрнағы.

4.Сөйлемдегі етістіктердің түрлерін белгілеңіздер: негізгі- туынды, негізгі- көмекші, сабақты- салт, болымды -болымсыз, дара -күрделі.

5. Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.

6. Мәтіннен алынған келесі сөздердің синонимдерін келтіріңіздер: ардақты, дүниеге келу,ел, конкурс, қала, бітіру, жеңіп алу.

7. Мәтіннен сан есімдерді теріп алып, мағынасын анықтаңыздар.


9.11 Құрманғазы Сағырбайұлы (1818 – 1889 жж.)

Құрманғазы Сағырбайұлы XVIII ғасырдың басында, Батыс Қазақстан өңірінде, Орал облысы, Жанғали ауданының Жиделі елді мекенінде, кедей шаруа отбасында дүниеге келді.

Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті. Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер – халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы.

Өз туындыларында XIX ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі «Кішкентай» күйін арнаған. Одан кейінгі «Ақбай», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Адай» күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты білдіреді.

Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді. Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген.

1880 жылы Астрахань түбіндегі Сақма елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Д. Нұрпейісова, Е. Есжанов, М. Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менетай, Сүгірәлі, Торғанбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері Құрманғазыны ұстаз тұтқан.

Құрманғазының күйлері қазақ халқы шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады. Ол өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес қосты. Құрманғазы күйлері Қазақстан сазгерлерінің шығармашылығынан кең орын алды. Республика сазгерлері күйшінің күйлерін, үлкенді-кішілі шығармаларында пайдаланды. Би де қойылды, спектакльдер де, кинофильмдер де, хор музыкасы болып та пайдаланды. Көптеген оқу орындарының, музыкалық ұжымдардың, аудандардың, көшелердің аттары Құрманғазы есімімен аталады.
Сөздік
өңір – местность, район

кедей шаруа отбасында – в семье бедного крестьянина

азаткерлік – освободительный

рух – дух

ұраншы – глашатай

іспетті – подобный

әуен – мелодия, напев

өзекті – основной

мәселе – проблема

жеке тұлға – отдельная личность

бостандық – свобода

туынды – произведение

ұлт- азаттық – национально-освободительный

көтеріліс – восстание

назар аудару – уделять внимание

арнау – посвятить

көксе – сильно желанная

әділетсіздік – несправедливость

қарсылықты – против

арақатынасысоотношение

айрықша – особенный

жағдай – обстоятельства

мәрте – неоднократно

түрмеге қамау – заключить в тюрьму

алайда – однако, тем не менее

күрескер – борец

қоныс аудару – переезжать

қауым арасында – в обществе

сынды – такие как

мирасқор – преемник, последователь

домбыра тарту – играть на домбре

шебер – мастер

ұстаз тұтқан – считали учителем

маңызды – важный, значительный

қомақты – объем, величина

үлес қосу – внести вклад

ұжым – коллектив
Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, «шын» немесе «жалған» екенін анықтаңыздар (дұрыс сөйлем- бұрыс сөйлем).

Құрманғазы Сағырбайұлы XVII ғасырдың басында кедей шаруа отбасында дүниеге келді.

Құрманғазының күйлері қазақ халқы шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады.

Өз туындыларында XIX ғасырдың 30- жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліске ерекше назар аударған.

Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді.

Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған.

Құрманғазының туған жері Шығыс Қазақстан облысы.

2. Сөйлесім. Тақырып бойынша сұхбаттасыңыздар.

3. Мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.

4. Мәтіннен мекенжайды, мезгілді, бағытты, толықтауышты бірлескен іс- әрекетті білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.

5. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

6. Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.

7. Сөздерді оқып, олардың қай сөздерден жасалатынын көрсетіңіздер: азаткерлік, шығармашылық, сазгерлер, үлкенді-кішілі, әлеуметтік-психологиялық, ешқашан, мирасқор, пайдалану.

8. Мәтін бойынша кез келген сөздерді (сөйлемдерді) қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау.

9. Мәтіндегі бірыңғай сөйлем мүшелері кездесетін сөйлемдерді жазып алып, сол сөйлемдердің синтаксистік талдауын орындаңыздар.
9.12 Бибігүл Төлегенова

Төлегенова Бибігүл Ахметқызы 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Қазақ әншісі, ҚАЗ КСР-інің және КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері.

Ән айтуды көркемөнерпаздар үйірмесі... бастады. Б. Төлегенованың әншілік таланты... танып, оның өнер жол...на түсуіне бағыт сілтеген әрі алғаш дәріс берген кеңес жазушысы Г.И. Серебрякова (сол кезде Семейде тұрған) болды.

1954 жылы Б. Төлегенова Қазақ консерваториясы... бітірді. 1965-1971 жылдары қазақ филармониясы... әнші-солисі болды. 1971 жылдан Қазақтың мемлекеттік опера және балет театры... еңбек етеді; 1979 жылдан Алматы мемлекеттік консерватория...нда педагогикалық қызметпен (профессор) шұғылданды.

Б. Төлегенованың қайталанбас орындаушылық өнер...нің қайнар бұлағы ең алдымен қазақтың халық әндері... саяды. Төлегенова өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәреже... жеткізді. Әншінің алуан тақырыпты репертуары... қазақтың халық әндері («Гауһар тас», «Жиырма бес»), Қазақстан композитор...ының шығармалары (Хамидидің «Бұлбұлы», Брусиловскийдің «Қос қарлығашы», Төлебаевтың «Еске алуы», Рахмадиевтің «Тарантелласы», Мұхамеджановтың «Көктем вальсі», Тілендиевтің «Кел, еркем, Алатауыма»), сондай-ақ П.П. Чайковский мен С.В. Рахманиновтың романстары, Н.А. Римский-Корсаковтың опералары... ариялар және Батыс Еуропа сазгерлерінің (Доницетти, Григ, Шуберт) шығарма...ы да бар. Бұл тұрғыда ол «қазақ бұлбұлы» атанған К. Бәйсейітованың орындаушылық шеберлігін жалғастыруда.

Төлегенова опера өнері... де елеулі үлес қосып, Жібек (Брусиловскийдің «Қыз Жібегінде»), Гүлбаршын (Рахмадиевтің «Алпамысында»), Еңлік (Жұбановтың «Еңлік-Кебегінде») т.б. партияларды орындады. Б. Төлегенова өнері республика, одақ көлемі... ғана емес, бүкіл дүние жүз...не танылды.

КСРО Мемлекеттік сыйлығы... және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреат.... 1957, 1958 жылдары Мәскеу... өткен әншілер байқауының лауреаты. Ленин ордені және Еңбек Қызыл Ту ордені..., медальдар... марапатталған.
Сөздік
Социалистік Еңбек Ері – Герой Социалистического труда

көркемөнерпаз үйірме – кружок художественной самодеятельности

тану – познать

жол түсу – продолжать

бағыт сілтеу – указать направление

дәріс беру – вести занятия

кеңес жазушысы – советская писательница

қайталанбас – неповторимый

орындаушылық өнер – исполнительское искусство

қайнар бұлағы – подземный источник

саяу – поддерживать, покровительствовать

шеберлікмастерство

саты – ступень

көтеру – поднять

дәреже – степень, уровень

алуан – различный

«қазақ бұлбұлы» – «казахский соловей»

жалғастыру – продолжать

елеулі – существенный

үлес – вклад

одақ көлемінде – зд: на уровне союза

танылу – стать известным
Тапсырмалар
1. Мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.

2. Мәтін бойынша тест құрастырыңыздар.

3. Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.

4. Мәтіннен мекенжайды, анықтағышты білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.

5. Берілген сөз тіркестерін сәйкестендіріңіздер.

өнер жолына түсуіне _____________шұғылданды

опера өнеріне ____________________саяды

орындаушылық шеберлігін ___________бастады

Семей қаласында ___________________танылды

халық әндерін ____________________үйірмеден бастады

бүкіл дүние жүзіне_______________дүниеге келген

көркемөнерпаздар үйірмесінен _________жалғастыруда

ән айтуды ____________________елеулі үлес қосты

педагогикалық қызметпен ________________бағыт сілтеген

6. Мәтін бойынша кез келген сөздерді (сөйлемдерді) қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау.
9.13 Майра Шамсутдинова (1896-1929 жж.)

Майра Уәлиқызы Шамсутдинова 1896 жылы қазіргі Павлодар қаласында туды. Ол – халық әншісі, композитор.

Әншілік өнерге 13 жасынын бастап ден қойған. Қазан төңкерісінен кейін Майра шығармашылығының дамуына кең жол ашылды. Баянауыл, Кереку, Семей, Коянды жәрмеңкелерінде ән салған; әнші ақын Иса Байзаковпен бірге ән шырқап, өз өнерін шыңдай түсті.

1926 жылы белгілі музыка этнографы, фольклоршы А.В. Затаевичпен жолығып, ән жаздырады. Ол «Майра» («Үбайра», «Райра», «Хара-раку-райра» деп те айтылады), «Ертіс», «Қызыл гүл» т.б. халық арасына кең тараған әндердің авторы. Оның орындаушылық және композиторлық шығармалары Арқаның әншілік дәстүрлерін ілгері дамытты.

Майра ескілік әдет-ғұрыптан кол үзіп, өз өнерін кәсіби дәрежеде меңгерген қазақ әйелдерінің бірі. Ол әнді сырнаймен айтқан. Көптеген қазақтың халық әндеріне интонациялық, ритмикалық, динамикалық өзгерістер енгізген. Әнші қазақ әндерімен қатар татар, орыс әндерін де нақышына келтіре орындаған.

Майраның әндерін композиторлар Е.Г. Брусиловский «Қыз Жібекте», А.А. Зильбер «Қайта туған Қазақстан» симфониясында, Б. Байқадамов «Майра» хор капелласында пайдаланды. Ә.Тәжібаев «Майра» атты пьеса, поэма жазды. Бүгінде оның 20-ға тарта әні белгілі.

Майра Уәлиқызы атындағы әншілер байқауы өткізіліп тұрады. Майра 1929 жылы қайтыс болды.
Сөздік
қазан төңкерісінен кейін – после октябрькой революции

даму – развитие

кең жол ашылды – открылась широкая дорога

жәрмеңке – ярмарка

ән шырқау – исполнять песни

шыңдай түсу – закалять

жолығу – встретиться

кең – широко

тарау – распространиться

орындаушылық – исполнительское

ілгері дымыту – развивать вперед

әдет- ғұрып – традиции и обычаи

қол үзу – потерять связь

кәсіби дәреже – профессиональный уровень

меңгеру – усвоить

сырнай – дудка

өзгеріс – изменение

енгізу – вводить

нақыш – ритм

келтіру – приводить

пайдалану – использовать

тарта – около

байқау – конкурс

өткізу – проводить
Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, «шын» немесе «жалған» екенін анықтаңыздар (дұрыс сөйлем- бұрыс сөйлем).

Майра Шамсутдинова 1896 жылы қазіргі Павлодар қаласында туды.

Бүгінде оның 10-ға тарта әні белгілі.

1925 ж. фольклоршы А.В. Затаевичпен жолығып, ән жаздырады.

Ол «Майра», «Ертіс», «Қызыл гүл» т.б. халық арасына кең тараған әндердің авторы.

Әншілік өнерге 15 жасынан бастап ден қойған.

Әнші ақын Иса Байзаковпен бірге ән шырқады.

Майра Шамсутдинова әнді сырнаймен айтқан.

Майра Уәлиқызы атындағы әншілер байқауы өткізіліп тұрады.

2. Мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.

3. Алдыңғы мәтінмен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыздар.

4. Мәтіннен бірлескен іс- әрекетті және құралды білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.

5. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

6. Мәтіннен берілген келесі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар: әншілік, ашылу, өзгеріс, өткізу, кең, енгізу, пайдалану, кәсіби.


10 Спортшылар
10.1 Бақтияр Артаев

Бақтияр Артаев (1983 жыл, 14-наурыз, Жамбыл облысы) – қазақ боксшысы. 2004 жылғы Олимпиада чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл, қараша, Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы. Бақтияр Артаев Грекияда өткен 28-ші Олимпияда Ойындардың Баркер кубогі иегері атанды.


Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, мәліметпен толықтырыңыздар.

2. Сөздік құрыңыздар.


10.2 Вал Баркер кубогі

Вал Баркер кубогі (Val Barker Trophy) 1936 жыл... бері әр Олимпиадалық Ойындардың ең мықты әрі әдемi стильді боксшы...на берілетін сенім марапаты. Марапат 1920 жылғы АИБАның алғашқы Сыйлы Хатшысы болған Вал Баркер естелігі... арналып құрылған.

1936 жылдан бастап Вал Баркер кубогі он жеті рет берілді. Атақты кубок иегері біз... қазақстандық спортшылары да атанды. Оның іші...: 1996 жылы Атланта Олимпиада...нда – Василий Жиров, 2004 жылы Афина... – Бақтияр Артаев.
Сөздік
ең мықты – самый сильный

Сыйлы Хатшысы – Почетный секретарь

естелік – память

құрылу – зд. утверждать, ввести

кубок иегері – обладатель кубка

атану – зд. быть названым, стать

оның ішінде – среди них
Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, мәліметпен толықтырыңыздар.

2. Сөздік құрыңыздар.

3. Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіздер.

4. Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.


10.3 Александр Винокуров

Александр Николаевич Винокуров (1973 қыркүйектің 16 Бескөл, Солтүстік Қазақстан облысы) – Қазақстанның атақты велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы.

2003 жылы отандасы әрі досы Кивилев қайтыс болғаннан кейін Винокуров Париж-Ницца жарысында алғашқы орын алады, бұл жарысын ол марқұм досына арнайды.

Александр 2006 жылғы атақты испандық Вуэлта жарысында бірінші орын алған. Бүгінгі күні Әлемдегі ең мықты клуб «Астананың» негізін қалаушы. 2007 жылы Астана клубының капитаны Александрды велоспорт әлемінде Тур де Франс жарысынын жеңуге ең ықтимал фаворит ретінде есептейді. Бірақ Винокуров ол жарыста қатты жарақат алады, дегенмен оған қарамастан аяқ қолын дәкемен орап алып қанын сорғалатқан Александр келесі бір кезеңде алғашқы орынды жеңіп, әлемді таң тамашаға бөлейді. Алайда сөйтіп ықтимал жеңімпаздар қатарына қайта енген Виноны француздар допиң тексерушілері қан ауыстырды деп айыптап, команданы түгелдей жарыстан қуып, Виноны екі жылға жарыстардан аластайды. Бірақ еш жасымайтын Александр 2009 жылы үлкен спортқа қайта оралып қыркүйек айында Астана құрамына қайта енеді.

2010 жылы Александр Винокуров «Джиро де Трентино» (сәуірдің 20-23-і) веложарысының алғашқы кезеңін жеңіп алып, екінші кезеңінде 2- болып келіп, ақыры жалпы есепте де бірінші болып жеңіске жетеді.

Сөздік
велошабандозы – велогонщик

біріншілік – первенство

көпкүндік – многодневка

отандас соотечественник

қайтыс болғаннан кейін – после смерти

марқұм досы – покойный друг

арнау – посвятить

негізін қалаушы – основатель

ең ықтимал – зд: самый основной претендент

есептелу – считаться

жарақат алу – получить рану

дегенмен оған қарамастан – несмотря на это

дәкемен орап алу – перевязать бинтом

қан сорғалату – истекать кровью

таң тамашаға бөлеу – удивить

алайда сөйтіп – тем не менее

қайта ену – вновь войти

қан ауыстыру – зд: переливание крови

айыптау – обвинить

түгелдей жарыстан қуу – удалить со всех соревнований

жарыстардан аластау – зд: дисквалифицировать

қайта оралу – вернуться вновь

кезең – этап

ақыры жалпы есепте – зд. по общей классификации
Тапсырмалар
1. Мәтін бойынша диаграмманы толықтырыңыздар:
Александр Винокуров

Ол кім?





Қашан және қайда туған?






Қандай жетістіктері бар?






2003 жылы Париж-Ницца жарысында алғашқы орын алып, бұл жарысын ол кімге арнайды?






Тағы қандай спорт жетістіктері бар?






2. Сөйлесім. Тақырып бойынша сұхбаттасыңыздар.

3. Мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.

4. Мәтіннен мекенжайды, мезгілді, бағытты, анықтағышты, толықтауышты, субъектіні, шығу мекенін, бірлескен іс- әрекетті білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.

5. Мәтіннен берілген келесі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар: есептелу, қайта ену, жеңімпаз, ықтиамл, кезең, алғашқы, жеңіс, тексеруші.

6. Мәтіннен ауыспалы осы шақтағы етістіктіктерді теріп жазыңыздар, жағын және жекеше немесе көпше түрін көрсетіңіздер.

7. Мүмкін сөйлемдерде зат есімдерді есімдіктермен ауыстырыңыздар. Есімдіктердің түрлерін анықтаңыздар.
10.4 Галиб Жафаров

Галиб Жафаров (09 мамыр, 1978 жыл, Ақтөбе облысының Қандыағаш ауданы) – қазақ әуесқой боксшысы. Галиб... әкесі – әзірбайжан ұлтынан, шешесі – қазақ... қызы. Өзі 1978 жылы Ақтөбе облысының Қандыағаш ауданында туып-өсті. Оны бокс... үйреткен де, қазір баптап жүрген де Әлімбек Балмағамбетов.

Жафаровтың жарқ етіп көрінген тұсы 2001 жыл болды. Белфаста өткен әлем чемпионатында ақтөбелік өрен ақтық сын... алқынбай жетті. Шешуші тұста танымал түрік боксшысы Рамази Палианиден ұтылып, ел... күміс медальмен оралды.

2002 жылы Астана... өткен Әлем кубогы жол...ндағы бәсекеде барлық қарсыласын басым түсті. Тіптен кубалық боксшының өзін сабап тастады. Алайда жарыс командалық болғандықтан, Жафаровтың кеуде...нде күміс медаль жарқырады.

2005 және 2007 жылғы Әлем чемпионаттары... Жафаров барған жоқ. Бапкерлер... таңдау... басқа боксшыларға түсті. 2006 жылғы Азия ойындар...нда Галиб жартылай финал... моңғолдан ұтылып, үшінші орында қалып қойды.

Астана рингі... жерлесіміз өз мүмкіндігін қалт жібермей, алтыннан алқа тағынды.

Жетістік...і:

2001 жылы - әлем чемпионат...нда күміс медаль (Белфаст);

2002 жылы - Азия ойындары... күміс медаль (Пусан, Корея);

2003 жылы - әлем чемпионы (Бангкок, Тайланд).


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет