«Қазақ тілі» пәні бойынша «Жаңа сөз ойла»



бет3/5
Дата04.11.2022
өлшемі27,83 Kb.
#156520
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
дидактикалык ойын
Есж дискретка
«Зообаққа орналастыр»
Мақсаты: заттың көлеміне қарап, салыстырып, талдау жасауға үйрету. Жабайы аңдар мен жануарлары, құстардың дене бітіміне қарап зообаққа орналастырып, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу. Сөздік қорын молайту, ауыз екі сөйлеуін жетілдіру. Көрнекіліктер: зообақ торлары, әр түрлі жануарлар, аңдар, құстар.
Ойын шарты: Зообаққа әкелінген аңдар мен құстар, үй жануарларын торларға орналастыру қажет. Балалар пілді, түйені үлкен торға, қоян, тиін, т.б. кіші торға орналастыруы керек. Бала неліктен олай орналастырғанын, яғни піл үлкен, қоян кіші, сондықтан үлкен торға пілді, қоянды кіші торға орналастырғанын айтады. Оқу және тіл дамыту.


«Сөзге сөз қос»
Мақсаты: басталған сөзге сөз қосып, сөйлем құрастырып айта білуге шапшандыққа, зейінділікке баулу. Балалардың шығармашылық тілдік қызметін дамыту.
Көрнекілік: шар, алма, ойыншықтар.
Ойын шарты: Балалармен жеке немесе екі топқа бөлініп өткізуге болады. Мұғалім сөзді айтады, балалар сөйлемді тез аяқтайды. Мысалы: Алма . Сәуле . Шар . Ойын соңында жеңімпаз бала немесе жеңімпаз топ анықталып аяқталады.


«Сұрақ – жауап» ойыны
Ойынның мақсаты: сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың суретті жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар: 1. Сөмкеде не жатыр?
2. Біраптаданешекүн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
5. Бір қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Мектеп неше қабатты?
8. Күзде не сарғаяды?
Керекті суреттер: қалам, жеті, аспаз, екі, бес, ыстық, үш, жапырақ.


«Математика» пәні бойынша
«Үй құрастырайық»
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет