«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет7/17
Дата25.10.2023
өлшемі362 Kb.
#188252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
« аза тілі» п нінен (о ыту аза тілінде) то санды жиынты ба

Балл қою кестесі


Тыңдалым және айтылым

Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзыреттілік

5

Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты. Талқылау кезінде жоғары ойлау деңгейін көрсететін ашық сұрақтар қояды.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады.

4

Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық сұрақтар қояды.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады.

3

Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық, жабық сұрақтар қояды.

Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады.

2

Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері сирек, көбіне жалпылыққа ұрынады. Талқылау кезінде қойған сұрақтары жабық сұрақтар шеңберінде болып келеді.

Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі.

1

Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде. Себебін түсіндіруі аз. Жабық сұрақтармен шектеледі.

Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым.

Оқылым
1-2-тапсырмалардың жалпы балл қою кестесі



Балл

Мәтінді талдау

Пікір білдіру

5

Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды.

Көтерілген мәселе төңірегінде мәтіннен қажетті ақпаратты ала отырып, өз пікірін дәлелді жеткізеді. Мәтіндерде көтерілген мәселеге қатысты өзінің позициясын білдіруде материалдарды шеберлікпен өңдей алады.

4

Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды.

Көтерілген мәселе төңірегінде мәтіннен қажетті ақпаратты ала отырып, өз пікірін білдіреді. Мәтіндерде көтерілген мәселеге қатысты өзінің позициясын білдіруде материалдарды жақсы өңдеп, қолданады.

3

Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.

Көтерілген мәселе төңірегінде мәтіннен кейбір ақпаратты ала отырып, өз пікірін білдіреді, себебін дәлелдеуі жеткіліксіз. Мәтіндерде көтерілген мәселеге қатысты өзінің позициясын сипаттама түрінде білдіреді, сәйкесінше материалдарды өңдеуі қанағаттанарлық.

2

Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.

Көтерілген мәселе төңірегінде өз пікірін білдіреді, дәледері жоқ. Мәтіндерде көтерілген мәселеге қатысты өзінің позициясын сипаттама түрінде білдіреді, сәйкесінше материалдарды өңдеусіз қолданады.

1

Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді.

Мәтіндерде көтерілген мәселеге қатысты қандай да бір көзқарас пен позициясының жоқтығы байқалады. Көбінесе мәтін ақпаратын қайталаумен шектеледі.

0

Мәтіннің жалпы мазмұнын, көтерілген мәселені, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін түсінбейді.

Көтерілген мәселені назардан тыс қалдырады.

Жазылым


Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды стильге (ауызекі, көркем сөйлеу) сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды. Жанрға сай ресімдейді.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Тақырыптың мазмұнын ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды стильге (ауызекі, көркем сөйлеу) сәйкес қолданады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті сақтайды. Жанрға сай ресімдейді.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.

5-6

Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды стильге (ауызекі, көркем сөйлеу) сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділіктен ауытқу бар.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

3-4

Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Қолданған тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдары стиль (ауызекі, көркем сөйлеу) талаптарына сәйкес келе бермейді. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділік жоқ.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

1-2

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Стильге (ауызекі, көркем сөйлеу) сәйкес тілдік құралдарды қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін сақтамайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет