«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет2/17
Дата25.10.2023
өлшемі362 Kb.
#188252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
« аза тілі» п нінен (о ыту аза тілінде) то санды жиынты ба

Дағдылар

Ойлау

Сипаттама

Сұрақтар

тобы

дағдылары

түрі




ның деңгейі




Тыңдалым
мен
айтылым

Білу және
түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей
дағдылары

  • тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;

  • детальді ақпаратты анықтайды;

  • мәтіннің құрылымдық ерекшелігін ажыратады;

  • мәтіннің жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойын анықтайды;

  • мәтіннің атауын талқылайды;

  • алғашқы бөлігіне сүйеніп көтерілетін мәселені болжау;

  • тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады;

  • әртүрлі саладағы тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі көтерілген мәселені талдайды.

Ауызша
толық
жауапты
қажет ететін
сұрақтар

Оқылым

Білу және
түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей
дағдылары

  • ауызекі, көркем сөйлеу, ресми стильдердегі мәтіндердің ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы ажыратады;

  • оқылым стратегияларын қолданады;

  • ауызекі, көркем сөйлеу, ресми стильдердегі мәтіндердің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;

  • мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтап, түсіндіреді;

  • ауызекі, көркем сөйлеу, ресми стильдердегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстырады.

Жазбаша
қысқа
жауапты
қажет ететін
сұрақтар

Жазылым

Білу және
түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей
дағдылары


  • жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау, өмірбаян құрастырып жазады;

  • келісу немесе келіспеу сипатындағы эссе жазады;

  • орфографиялық, пунктуациялық, грамматикалық нормаларды сақтайды.

Жазбаша
толық
қажет ететін сұрақтар

және әдеби

тіл нормалары




  1. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет