Қазақ тілі Пәнінің оқу-әдістемелік кешені барлық мамандықтарға: kYa 1104 қазақ тілі


Тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер



бет6/8
Дата11.01.2017
өлшемі1,33 Mb.
#7090
1   2   3   4   5   6   7   8

Тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Отырарды неге көне, тарихи қала дейді? 2. Отырардың орнында қай ғасырдан тіршілік басталған, халық мекен еткен? 3. Отырар өз тарихында сұрапыл соғыстарды неше рет өткерді? 4. Отырардың қақпалары не үшін керек болған? 5. Отырардың тарихы қалай аяқталып отырған? 6. Тарихи қалалар – Сайрам, Йасы, Тараз, Отырар қашан жаулап алынып, құлатылды? 7. «Отырардың алтын ғасыры» деп аталатын кезең қай уақытқа келеді? 8. Қай жойқын соғыстан кейін Отырар бір ғасырға дейін түзеле алмады? 9. «Қамыс қаланы» қалай түсіндіресіздер? 10. Неге байланысты халық Отырарды біржола тастап кетеді? 11. XV ғасырдың басында қалада қандай жағдайлар болды? 12. Арыстанбабқа байланысты не білесіздер?
Тапсырма. Тарихи тұлғалардың шыққан жерінен мәлімет алыңыздар.



Жент қаласында

1.



Отырар қаласында




2.



Түркістан қаласында

3. 3.





Баласағұн қаласында


4.


Тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Отырар және Ұлы Жібек жолы. Отырар қаласын Ұлы Жібек жолынсыз елестету, зерттеу, әңгімелеу мүмкін емес. Осыдан мың жыл бұрын Ұлы Жібек жолының бір тармағы – көне Византия елінен шығып, Европа жерін аралап, Киев Русін басып өтіп, қазақ жеріне жеткен. Осы қазақтың қиырсыз кең сахарасын басып өтіп, Қаратау мен Алатауды жағалап, Балқаш көлін айналып, Қытай еліне асып жөнеліп жататын.

Ұлы Жібек жолының келесі бір тармағын – таяу Шығыста жатқан араб елдерін түгел аралап, Мысыр асып, Бағдат басып, көне Ауған жерімен жылжып отырып, Қытайға баратын.

Мың жылдан бері ел мен елдің арасында жойылмай келе жатқан дәстүрлер осы жол арқылы байланысқан.
Қ ы з ы л о р д а қ а л а с ы

Қызылорда қаласының бұрынғы аты – Ақмешіт. Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі ірі қала. 1926-1929 жылдар аралығында Қазақстанның астанасы болды. Бұл қаланы таңдаудың себебі – Ақмешіт қазақ даласының ортасында орналасқан, екіншіден, Ташкент темір жолы Ақмешітті елдің барлық өлкелерімен байланыстырады. Оның үстіне қала Сырдарияның жағасында тұр.

Бұрынғы Ақмешіт кейіннен Қызылорда болып өзгертілген. Оны осылай өзгертуге ұйытқы болған және оған күш салған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов болды. Ол сонымен қатар «киргиз» деген атаудың «қазақ» болып, елдің Қазақстан деп аталуына да зор ықпал етті.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары Қызылорда облысында шаруашылықтың барлық салалары жандана бастады. Қаратаудағы қорғасын мен мырыштың бай қоры негізінде Шалқия кеніші жұмыс істей бастады. 1992 жылдан бері Құмкөл кен орнынан сапасы жоғары мұнай өндіріледі. Уран кенінің (Қарамұрын) өндірістік қуаты жылына 700 тоннаға жеткізілді. Емдік қасиеті бар балшық, шипалы минерал судың көздері пайдаланылады. «Жаңа қорған» курорты жұмыс істейді.

Республикадағы бірегей целлюлоза қағаз комбинаты, күріш машиналарын шығаратын «Қызылорда күрішмаш» АҚ, Құрылыс материалдары комбинаты, басқа да зауыттар мен фабрикалар, Аралтұз комбинаты облыс экономикасын дамытуда елеулі орын алады. Қызылорданың өзінде де астық, ет, сүт өнімдері комбинаттары бар.

Астана болған кезде Қызылорда көркейіп, құлпыра түсті. Кітапханалар мен мектептер ашылды. 1920-1929 жылдарда Қазақ драма театры құрылды. «Еңбекші қазақ», «Алаш», «Жас Алаш» газеттері басылып тұрды. Бірақ Орталықтың республикаға саяси қысымы күшейді. Жаппай қуғын-сүргін басталды. Алашорда азаматтарын қызметтерінен қуып, жер аударып, абақтыға қамап, ату жазасына бұйырып жатты. Халықты естен кетпес трагедия, сұмдық террор мен аштықтың азабы күтіп тұрған еді. Тарихтың қазақ мемлекеттігінің алғашқы дәуірінен жазыла бастаған Қызылорданың астаналық тарихы осылай аяқтады. Араға көп жыл салып, бұл қала мемлекеттік жалауды қайта желбіретті.


Тапсырма. Сөйлемдерге сұрақтар қойыңыз.

-

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары Қызылорда облысында шаруашылықтың барлық салалары жандана бастады.



-

Қаратаудағы қорғасын мен мырыштың бай қоры негізінде Шалқия кеніші жұмыс істей бастады.

-

1992 жылдан бері Құмкөл кен орнынан сапасы жоғары мұнай өндіріледі. Уран кенінің (Қарамұрын) өндірістік қуаты жылына 700 тоннаға жеткізілді.



-

Емдік қасиеті бар балшық, шипалы минерал судың көздері пайдаланылады. «Жаңа қорған» курорты жұмыс істейді.


Тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Астана болған кезде Қызылорда көркейіп, құлпыра түсті. Кітапханалар мен мектептер ашылды. 1920-1929 жылдарда Қазақ драма театры құрылды. «Еңбекші қазақ», «Алаш», «Жас Алаш» газеттері басылып тұрды. Бірақ Орталықтың республикаға саяси қысымы күшейді. Жаппай қуғын-сүргін басталды. Алашорда азаматтарын қызметтерінен қуып, жер аударып, абақтыға қамап, ату жазасына бұйырып жатты. Халықты естен кетпес трагедия, сұмдық террор мен аштықтың азабы күтіп тұрған еді. Тарихтың қазақ мемлекеттігінің алғашқы дәуірінен жазыла бастаған Қызылорданың астаналық тарихы осылай аяқтады. Араға көп жыл салып, бұл қала мемлекеттік жалауды қайта желбіретті.



8-9 тақырып. Менің мамандығым Университет – білім ордасы. Мен таңдаған мамандық.

Оқылым.

Берілген мәтінді әңгімелеуге дағдыланыңыз.

Мамандық
Өмірде мамандық түрлері өте көп. Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетіміз барлық салада жан-жақты өсу үстінде, соған орай, жаңа маман иелері пайда болуда. Мысалы, мұғалім, экономист, есепші, заңгер, инженер, агроном, қаржыгер, дәрігер тағы басқа... Соңғы жылдары экономика саласында: менеджер, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, кеденші; ауыл шаруашылық саласында: кәсіпкер, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші, биотехнолог; сонымен қатар іс жүргізуші, саудагер, бағдарламашы, аудармашы, бизнесмен тағы басқа...

Әр маман өзінің білімін іс-тәжірибеде көрсетеді. Жан-жақты, білікті, тәжірибелі маман болу – ол көп жылдар еңбек өтілімінің жемісі.

Жақсы, білікті маман дегеніміз – білімді, білімділік жағынан жан-жақты қаруланған, өз ісін жақсы білетін және әрқашан ізденетін, жаңашыл, сонымен қатар мемлекеттік тілді жетік білетін адам болуы тиіс. әрине, осы аталған қасиеттермен бірге әр маманның, (студенттің) бойында инабаттылық, сыпайылық, мәдениеттілік, тыңғылықтылық, тиянақтылық, жауаптылық, зиялылық болуы тиіс.

Қазіргі кезде қандай да бір мамандық иесі болу үшін, алдымен жоғары оқу орнына түсу керек. Мысалы, мұғалім, болу үшін, пединститутта оқу керек, дәрігер болу үшін, мединститутта оқу керек, ал, заңгер, инженер, биолог, қаржыгер, агроном болу үшін университетте оқу керек. Сатушы, бақташы, сауыншы, үй жинаушы, еден жуушы, аула сыпырушы, күтуші сияқты мамандық иелеріне оқудың қажеті жоқ. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді және шет тілді жақсы білетін сәулетші, экономист, кеденші, ұщқыш, мұнайшы, бағдарламашы мамандықтары жоғары сатылы және оларға сұраныс көп. Жақсы меңгеріп, тәжірибе жинақтау керек.


Тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

Өмірде қандай мамандық түрлері бар? Соңғы жылдары қандай мамандық түрлері пайда болды? Қазіргі кезде қандай да бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Қандай мамандық иелері оқуды қажет етпейді? Қазіргі кезде қандай мамандық иелері жоғары сатылы және қандай мамандыққа сұраныс көп? Жақсы маман болу үшін, не істеу керек?


Жазылым.

Тапсырма. Көп нүктенің орнына жіктік жалғау жалғап , сөздерге көңіл бөліңіз.

Мен саясаткер... . Мен бағдарламашы... . Сіз дипломат... . Сіз бастык..... . Сіздер тыңдаушылар.... . Олар - хатшылар... . Ол - әкім... . Сендер қызметкерлер.... . Біз инженерлер..... . Сендер есепшілер.... .


Сіз мамандық атауын білесіз бе?
Хатшы - секретарь

Багдарламашы - программист

Есепші - бухгалтер

Аудармашы - переводчик

Сәулетші - архитектор

Тілші - корреспондент

Ұшкыш - летчик

Тергеуші - следователь

Әртіс - артист

Кәсіпкер - предприниматель
Тапсырма Мамандық атауларын қолданып, Сіз кімсіз? сұрағына жауап беріңіз.

Үлгіі: Сіз кімсіз? Мен заңгермін.

Үлгі Сіз заңгерсіз бе? -Жоқ, мен заңгер емеспін, мен эконмиспін.
Тапсырма. Берілген сұхбатты толықтыра отырып, сұхбаттан монолог құрастырыңыз.

Менің болашақ мамандығым

-Қазіргі кезде қандай мамандықтарға сұраныс көп?

-...................................................................................................................................

-Сіздің болашақ мамандығыңыз кім?

-....................................................................................................................................

-Сіздің мамандығыңыз қай салаға жатады?

-...................................................................................................................................

-Сіз осы мамандықты неге таңдадыңыз?

-....................................................................................................................................

-Сіздің мамандығыңыздың қандай ерекшелігі бар?

-....................................................................................................................................

-Сіз осы мамандықта неше жыл оқисыз?

-...................................................................................................................................

-Сіздің мамандығыңызды жақсы меңгеру үшін, қай пәнді жақсы білу керек?

-..................................................................................................................................

-Сіздің мамандығыңызбен мемелекеттік мекемеде және тағы қайда жұмыс істеуге болады?

-...................................................................................................................................

-Сіздің мамандығыңызға қандай тілдерді жетік білу керек?

-....................................................................................................................................

-Білікті, білімді маман болу үшін не істеу керек?

-....................................................................................................................................

-Сізге өз мамандығыңыз ұнай ма?, неге?

-.............................................................................................................................


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет