«Қазақ тілі» пәнінің студенттерге арналған бағдарламасы 2014 жылғы №2 басылым Барлық мамандықтарға арналған



Дата13.08.2017
өлшемі352,75 Kb.
#23599

УМКД 042-18-15.1.10/02-2014



______ 2014 жылғы

№2 басылым



беттің беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

УМКД


УМКД 042-18-15.1.10/02-2014




УМКД

«Қазақ тілі»

пәнінің студенттерге арналған бағдарламасы



______ 2014 жылғы

№ 2 басылым




Барлық мамандықтарға арналған

«Қазақ тілі»

ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ


2014

Кіріспе
1 ҚҰРАСТЫРҒАН

«Журналистика және практикалық қазақ тілі» кафедрасының доцент м.а. Кенесбаева Ш.С.


2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №___ «___» ___________20__ ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ Жұмағұлова Ә.М.

2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________2014 жыл.
Төраға_________________Тойкин С.Х.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді.

Хаттама №___ «___» ___________2014 жыл.


ОӘК төрайымы _________________ Искакова Г.К.


4  2014 ж. «____» __________ шыққан ПОӘК-нің

ЕКІНШІ БАСЫЛЫМЫ



Мазмұны

1 Жалпы ережелер

2 Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу

3 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары

4 Курс форматы

5 Курс саясаты

6 Бағалау саясаты

7 Әдебиеттер



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы туралы жалпы мәлімет:

Кеңесбаева Шынар Сакеновна, доцент м.а., ф.ғ.к.

Кафедра: Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасы

Кафедраның мекен-жайы: Глинки, 20; 913 дәрісхана

Ақпараттық қатынас: телефон: 36-02-25 (1)

Сабақ өтетін орын: 801 аудитория

Кредит саны: 3
1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:

Қазақ тілі пәні ресми тілді топтарға мектептен алған білімдерін жетілдіру үшін арналған. Курс барысында студент болашақ мамандығына байланысты мәтіндерді еркін аударып, еркін сөйлеу үшін жағдай жасалады.


1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:

Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілінің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру. Қазақ тілін оқытудың қарастырылып отырған деңгейлеріне сәйкес лингводидактикалық үлгі негізінде, бірыңғай әдістемені жүйелі жетілдіру. ЖОО-да қазақ тілін қарым-қатынас құралы деңгейіне айналдыру дағдыларын қалыптастыру. ЖОО түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, тілдік біліктілігі жоғары маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау. Пән бойынша ілім игеріп қана қоймай, өмірлік проблемаларды шешуге қажетті білік-дағдыларды меңгеруге бағыттау. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, кеңселік қатынас құралы ретінде ғана біліп қоймай, халықпен қарым-қатынас жасау барысында ұтқыр ойды шешен тілмен жеткізе білуге, жергілікті халықтың ұлттық мәдениетін тануға, ұлттық таным ерекшеліктерін ажыратуға дағдыландыру.

Мемлекеттік тілді ынталы студеттер үшін «қазақ тілінің түрлі стильдегі әлеуметтік-мәдени болмыстағы аясын» «тілдік тұнық орта» қалыптастыру арқылы ұйымдастыру».

Мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік азаматының ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫН қалыптасыру.



1.4 Пәнді оқыту міндеттері:

Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, қазақ тілінде айтылған ой-пікірді түсініп, дұрыс жауап бере алу; қазақ тілінің грамматика жүйесін еркін біліп, қазақ еліне қатысты тарихи мәдени материалдарды өз бетімен игере алу; өз мамандығына сәйкес терминдер жүйесін пайдалана отырып мемлекеттік тілде жатық сөйлеу дағдысын қалыптастыру керек.

Қамтылған тілдік деңгейлер аясында қатысымдақ (коммуникативтік) және танымдық (когнитивтік) міндеттердің орындалуы барысында жүзеге асырылады. Атап айтқанда:


  • орта көлемді және көлемді мәтіндерді жатық әрі шапшаң түсініп оқу;

  • тұрақты сөз тіркестері, кәсіби сөз мағыналары мен салалық терминдер ұғымын түсініп қолдану;

  • монолог, диалог, полилог түрінде (хабарлама, таныстырылым (презентация), баяндама, дискуссия және т.б.) әңгімелесу, сұхбат жүргізу;

  • жазба жұмыстарын (эссе, аннотация, түйіндеме, жоспар, тезис, мәлімдеме, пресс-релиз, хат, аударма, реферат, мақала және т.б.) орындау;

  • қазақ тілінің функционалдық грамматикасы аясында тілдік дағдыларды шыңдай отырып, тілдік тұлғаның қазақ тілінде жүйелі талдау жасауға, өз ойын еркін жеткізуге және ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытынды жасай білу сияқты т.б. тілдік біліктіліктерін жетілдіре дамыту;

  • әлеуметтік және кәсіби маңызды ақпаратты жеткізу, болашақ қызметінде қазақ тілінде деректерді қолдану дағдысын қалыптастыру.

Пәннің әдіс-тәсілдері: «Қазақ тілі» пәнін жүргізу барысында тіл үйренудің әлемдік деңгейде танылған замануи үлгілері, отандық және шетелдік ғалымдардың авторлық озық әдіс-тәсілдері басшылыққа алынды. Жұмыс барысында уақыт көлемі, тақырып ерекшелігі, тіл үйренушінің қабілет-қарымы, оқытушылық шеберлігі сияқты т.б. маңызды факторлар есепке алынып, соған сәйкес ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, практикалық әдіс, кейс әдісі, ізденіс әдісі, ойын әдісі, жобалау әдісі сияқты т.б. әдіс түрлері мақсат-міндетке сәйкес қолданылады.
1.5 Оқыту нәтижелері

Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:

- Грамматиканың өзекті мәселелерін білуі керек;

- Алған білімдерін практикада қолдана білу;

- Орфографиялық нормаларды меңгеру керек;

- Теориялық талдау жасай алу;

- Өзіндік пікір айта алу;

- Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.

- Берілген кестеге сәйкес тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу;

- Тілдік талдаудың негізгі әдістерін меңгеру керек;

- Берілген өздік жұмыстарын уақытында өткізу;

- Оқытушының және басқа да студенттердің пікірімен санасып, оларға құрметпен қарау.



1.6 Курстың пререквизиттері

А1, А2-негізгі деңгейлері


1.7 Курстың постреквизиті:

Қазақ тілі




2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ

1 семестр

Кесте 2


р/с


Тақырып атауы

Сағат саны

Әдебиеттер

ДС

СМ

ЛБ

ОЖСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

1-тақырып.

Жай сөйлем. Жай сөйлемдегі сөздердің (сөйлем мүшелерінің) орын тәртібі, оның қалыпты, ауыспалы, тұрақты, жылжымалы типтері. Интонация және оның хабарлау, сұрау, бұйыру, түсіндіру, шақыру, қуану, ренжу, таңырқау түрлері. .

Мәтін: Мемлекет, әлеуметтік – географиялық орны, ерекшелігі.






3




1,5

4,5

1, 3-10 б.

2, 5-9 б.

3, 4-12 б.

4, 3-15 б.

5, 6-17 б.

6, 5-11 б.



2

2-тақырып.

Сұрау мәнді сөйлем. Сұрау мәнді сөйлемнің сұраулы шылау, сұрау есімдігі, ше шылауы, көмекші етістіктердің (болар, шығар, қайтеді), оқшау сөздер (ә, сірә), сұрау интонациясы арқылы жасалу ерекшелігі. Сұрақтардың ашық сұрақ, жабық сұрақ, альтернативті сұрақ, күмәнді сұрақ сияқты мағыналық түрлерінің жасалу жолдары.

Мәтін: Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот.






3




1,5

4,5

1, 10-21 б.

2, 10-17 б.

3, 13-22 б.

4, 16-23 б.

5, 18-22 б.

6, 11-20 б.



3

3-тақырып.

Бөгде сөз. Бөгде сөздің түрлері. Төл сөз. Төл сөздің қолданылу жолдары. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру амалдары. Деу көмекші етістігінің қызметі. Төлеу сөздің етістік + ғандығын (-гендігін, -қандығын, -кендігін, -атындығын, -етіндігін, -йтындығын, -йтіндігін) тіркесі арқылы жасалуы.

Мәтін: Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары.






3




1,5

4,5

1, 21-45 б.

2, 10-26 б.

3, 13-20 б.

4, 15-19 б.

5, 18-23 б.

6, 11-17 б.



4

4-тақырып

Болымсыздық категориясы. Болымсыздық мәннің арнайы қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) және емес, жоқ сөздері арқылы жасалу ерекшеліктері. Болымсыздық есімдіктерінің (ешкім, ешнәрсе, ешбір және т.б.) болымсыздық мәнді айқындауы.

Мәтін: Экономика. Ішкі және сыртқы сауда.






3




1,5

4,5

1, 45-55 б.

2, 27-35 б.

3, 20-25 б.

4, 20-25 б.

5, 24-39 б.

6, 12-20 б.



5

5-тақырып

Сан-мөлшер категориясы. Көптік жалғауларының қолданылу ерекшеліктері. Көптік мағына білдіретін барлық, барша, күллі, бірнеше, біраз, көп, көптеген, талай т.б. сөздер қолданысы. Көптік ұғымның сан есімдер арқылы берілуі.

Мәтін: Ақша – кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта.






3




1,5

4,5

1, 55-65 б.

2, 36-45 б.

3, 25-33 б.

4, 26-35 б.

5, 40-49 б.

6, 21-32 б.



6

6-тақырып.

Анықтауыштық қатынас. Сапалы анықтауыштың сын, есімдік, есімше, зат есім және т.б. арқылы жасалуы. Меншіктік анықтауыштың жасалуындағы ілік септігінің рөлі.

Мәтін: Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар.






3




1,5

4,5

1, 66-75 б.

2, 46-58 б.

3, 34-56 б.

4, 36-48 б.

5, 50-61 б.

6, 62-73 б.






Аралық бақылау жұмысы



















7

7-тақырып

Көмекші есімдер қызметі. Көмекші сөздердің изафеттік байланыста қолданылуы. Көмекші есімдердің мезгілдік, мекендік, және т.б. мәнде жасалуы.

Мәтін: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтары.






3




1,5

4,5

1, 80-96 б.

2, 67-70 б.

3, 74-81 б.

4, 61-64 б.

5, 68-76 б.

6, 75-85 б.



8

8-тақырып

Меншік мәнді сөйлем. Изафеттік тіркес және -нікі, -дікі, -тікі қосымшалары арқылы меншік мәнді сөйлемнің жасалуы.

Мәтін: Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі.






3




1,5

4,5

1, 85-102 б.

2, 72-85 б.

3, 83-96 б.

4, 65-90 б.

5, 74-88 б.

6, 91-105 б.



9

9-тақырып

Қимыл есімдерінің қызметі. Қимыл есімдерінің жасалуы. Септелуі. Тәуелденуі. Придикаттық мәнде қолданылуы. -уға (-уге) батпау, -уға (уге) тырысу, -уға (уге) кірісу сияқты және т.б. тіркестер қолданысы.

Мәтін: Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық.






3




1,5

4,5

1, 105-128 б.

2, 82-99 б.

3, 95-98 б.

4, 91-106 б.

5, 85-96 б.

6, 98-109 б.



10

10-тақырып

Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем. Маған ... етістік+у керек (қажет), Менің ... етістік+у+ТЖ керек (қажет), Мен ... етістік+БС+тиісті+ЖЖ тіркестерінің 3 жақта түрленіп қолданылуы.

Мәтін: Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы.






3




1,5

4,5

1, 108-135 б.

2, 103-110 б.

3, 99-118 б.

4, 91-106 б.

5, 97-106б.

6, 110-129 б.



11

11-тақырып

Тыйым мәнді сөйлем. –(у)ға (-(у)ге, -қа, -ке) болады (болмайды) лексика-грамматикалық тіркесінің түрленуі.

Мәтін: Денсаулық. Медициналық қызмет. Халық медицинасы.






3




1,5

4.5

1, 3-10 б.

2, 5-9 б.

3, 4-12 б.

4, 3-15 б.

5, 6-17 б.

6, 5-11 б.



12

12-тақырып

Етістік жіктелуі. Етістіктің түбір тұлғасы. Етістіктің шақ категориясы. Шақ жұрнақтарына жіктік жалғауларының қысқа және толық түрде жалғану ерекшеліктері. Түбір етістік+ШЖ+ЖЖ моделі. Субъектілі-предикаттық қатынас. Қалып етістіктерінің функционалдық ерекшеліктері.

Мәтін: Салауатты өмір салты. Спорт кешендері. Ұлттық спорт. Атақты спортшылар.






3




1,5

4,5

1, 10-21 б.

2, 10-17 б.

3, 13-22 б.

4, 16-23 б.

5, 18-22 б.

6, 11-20 б.



13

13-тақырып

Есімше категориясы. Есімше категориясының функционалдық қызметі. Есімшенің тәуелденуі. Есімшенің оңаша түрде тәуелденуі. Есімшенің ортақ түрде тәуелденуі. Орыс тіліндегі күрделі сөйлемдердің қазақ тіліне есімше тұлғасы арқылы жай сөйлем түрінде аударылуы.

Мәтін: Тағамтану. Ұлттық тағам. Мейрамхана бизнесі.






3




1,5

4,5

3, 15-24 б.

4, 18-24 б.

5, 19-23 б.

6, 12-21 б.



14

14-тақырып

Етіс категориясы. Етістің түрлері. Етістің жұрнақтары және олардың функционалдық қызметі.

Мәтін: Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар.






3




1,5

4,5

3, 16-25 б.

4, 19-26 б.

5, 20-24 б.

6, 13-22 б.



15

15-тақырып

Көмекші етістіктер. Көмекші етістіктердің түрі. Көмекші етістіктердің негізгі етістіктермен тіркесіп қимыл фазаларын (кезеңдерін) немесе өту сипатын білдіруі. Түбір етістік + а (-е, -й) бастау, түбір етістік + а (-е, -й) бару, тібір етістік + ып (-іп, -п) қою, түбір етістік + ып (-іп, -п) алу, түбір етістік + ып (-іп, -п) шығу, түбір етістік + ып (-іп, -п) болужәне т.б. тіркестер арқылы жасалуы.

Мәтін: Ғылым және инновациялық технология. Танымал ғалымдар.






3




1,5

4,5

3, 20-27 б.

4, 20-27 б.

5, 22-26 б.

6, 14-23 б






Аралық бақылау жұмысы




























45




22,5

67,5






2 семестр

Кесте 2


р/с


Тақырып атауы

Сағат саны

Әдебиеттер

ДС

СМ

ЛБ

ОЖСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

1-тақырып.

Көсемше категориясы. Көсемшенің жұрнақтары. Қызметі. Түрі. Кейіпті көсемшенің немқұрайлық, созылыңқылық, кенеттік және т.б. мәнде қолданылуы. Түбір етістік + а (-е, -й) салу, түбір етістік + ып (-іп,-п) тұру, түбір етістік + ып (-іп, -п) қалу, және т.б. тәсілдер арқылы шақ, жақ бойынша түрленіп жасалуы.

Мәтін: Тіл. Мәдениет. Өнер. Өнер шеберлері.






3




1,5

4,5

1, Б. 3-25

2, Б. 5-17

3, Б. 286-320

6, Б. 30-57



2

2-тақырып.

Бұйрық мәнді сөйлем. Етістіктің бұйрық райының жекеше, көпше, сыпайы, қалыпты түрдегі тұлғалары арқылы жасалуы. –шы (-ші) жұрнақтары және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Мәтін: Өнегелі ғұмыр: тарихи тұлғалар.






3




1,5

4,5

1, Б. 3-25

2, Б. 5-17

3, Б. 286-320

6, Б. 30-57



3

3-тақырып.

Өтініш, тілек мәнді сөйлем. Етістік+уыңызды (-уіңізді) өтінемін лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленуі. Етістік + айын (-ейін, -йын, -йін, -айық, -ейік, -йық, -йік) тіркесі және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Мәтін: Табиғи ресурстар. Су ресурстары. Қазба байлық ресурстары.






3




1,5

4,5

1, Б. 3-25

2, Б. 5-17

3, Б. 286-320

6, Б. 30-57



4

4-тақырып

Шарт мәнді сөйлем. Егер ... етістік+ -са (-се)+ЖЖ, онда ... лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленіп қолданылу ерекшелігі. Етістік+ған (-ген, -қан, -кен) +ЖС, етістік+атын (-етін, -йтын, -йтін) еді+ЖЖ тіркесі және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Мәтін: Жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қызыл кітап.






3




1,5

4,5

1, Б. 25-36

2, Б. 72-117



5

5-тақырып

Білік, дағды мәнді сөйлем. Етістік + а (-е,-й) алу лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленіп қолданылу ерекшелігі.

Мәтін: Қорықтар мен ұлттық парктер.






3




1,5

4,5

1, Б. 37-52

2, Б. 98-117

6, Б. 58-95


6

6-тақырып

Қалау мәнді сөйлем. Жасалу жолы. Етістік+ -ғы (-гі,-қы,-кі) +ТЖ келу, етістік+ған (-ген,-қан,-кен)+ТЖ+ТС қалау тіркестері және т.б. тәсілдер арқылы шақ, жақ бойынша түрленіп, болымсыз, сұраулы түрлерінің жасалуы.

Мәтін: Экологиялық мәдениет. Ұлттық экомәдениет.





3




1,5

4,5

1, Б. 53-56

2, Б. 273-287




7

7-тақырып

Мезгіл мәнді сөйлем. Мезгіл үстеулері, септік шылаулары, (-ғанда, -генде, -қанда, -кенде) және т.б. грамматикалық тіркестер арқылы жасалуы.

Мәтін: Сән әлемі. Дизайн.Ұлттық киім. Ұлттық ою-өрнек.






3




1,5

4,5

1, Б. 57-58

2, Б. 273-287







Аралық бақылау жұмысы



















8

8-тақырып

Ниет мәнді сөйлем. -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек қосымшаларының қызметі. ... -айын, (-ейін, айық, ейік) деп ..., ... -айын, (-ейін, айық, ейік) деп еді тіркесінің 3 жақта түрленіп қолдануы және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Мәтін: Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер..






3




1,5

4,5

1, Б. 56-61

2, Б. 88-120



9

Болжау мәнді сөйлем. -ар, -ер, -р қосымшаларының қызметі. Шамамен сөзінің қолданысы. Сан есімдер мен жуық, шамалы, шақты сөздерінің тіркесі. Етістік + ған (-ген, қан, -кен, атын, -етін, -йтын, -йтін) шыған + ЖЖ, етістік + ған (-ген, қан, -кен, атын, -етін, -йтын, -йтін) сияқты + ЖЖ, тіркестері және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Мәтін: Мәтін: Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкерлер.






3




1,5

4,5

1, Б. 62-71

2, Б. 98-117

4, Б. 30-82


10

Мақсат мәнді сөйлем. ... –у үшін тіркесі және қимыл етістігінің барыс септігінде қолданылуы және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Мәтін: Көлік тасымалы логистика. Байланыс.





3




1,5

4,5

1, Б. 71-75

2, Б. 142-153

5, Б. 141-172


11

Бұйрық мәнді сөйлем. Етістіктің бұйрық райының жекеше, көпше, сыпайы, қалыпты түрдегі тұлғалары арқылы, -шы (-ші)жұрнақтары және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Мәтін: Туризм индустриясы. Қонақ үй бизнесі.






3




1,5

4,5

1, Б. 75-79

2, Б. 44-71



12

Қарсы мәнді сөйлем. Қарсылықты жалғаулықтар (бірақ, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да) және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Мәтін: Халықаралық, мемлекеттік атаулы күн, мерекелер. Ұлттық мейрамдар.






3




1,5

4,5

1, Б. 80-82

2, Б. 208-215



13

Себеп-салдар мәнді сөйлем. Себеп-салдар жалғаулықтар (себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті) және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Мәтін: Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар.






3




1,5

4,5

1, Б. 82-84

2, Б. 70-88




14

Мәтін: Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар.




3




1,5

4,5

1, 123-127

6, 6-30


15

Мәтін: Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі.




3




1,5

4,5

1, Б. 85-93

2, Б. 227-233






Аралық бақылау жұмысы




























45




22,5

67,5






3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Студент «Қазақ тілі» пәнінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген тілді талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет. Курста тілдің коммуникативтік қызметіне айрықша көңіл бөлінеді және курстың әлеуметтік-мәдени біліктілігі мен міндеттерінің қажетті шеңберіндегі айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын тереңірек жетілдіріп дамыту көзделеді. Бұл курстағы оқытудың басты мақсаты – үйренушінің қарым-қатынас тілін жетілдіріп, толық меңгерту.
4 КУРС ФОРМАТЫ

Аудиториялық уақытқа семинар сабақтары, оқытылған материалды талқылау және әртүрлі тапсырмаларды орындау кіреді. Әрбір сабаққа студент әдебиеттің негізгі және қосымша қайнар көздерінің тізіміне сәйкес дайындалуы керек (негізгі бөлімдер мен бөлімшелер әрбір сабақта нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер автоматты түрде 0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді.

Негізгі ұғымдар тәжірибелік сабақтарда ұсынылады және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді және мәліметтерді жазып алу студенттің міндеті болып табылады. Егер студент қандай да бір жағдайлармен сабаққа қатыспаған жағдайда, өтілген материалды топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бірде-бір студентке сабақтың бірде-бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды.

СӨЖ мақсаты – орфографиялық және пунктуациялық нормалар ерекшеліктерін меңгерту.

СӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады:


  • болашақ мамндарды сауатты жаза білуге, мәдениетті сөйлей білуге дағдыландыру

  • Студенттердің өздік жұмысы – бұл тұлғаның жеке танымды қызметі, ол өзіне тек қана алған білімін бекітіп қоймауы, сонымен қатар жеке шығармашылық ойлау процесі болып табылады. Өзіндік жағынан ол келешек маманның шығармашылығы үшін жаңа білімінің ашылуына, қалыптасуына жағдай жасайды.

Өздік жұмыс сонымен қатар студенттің максималды белсенділігін қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы ғылыми зерттеу, қоғамдық және өндірістік қызметтерде көрінеді.

5 КУРС САЯСАТЫ

Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған ақтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма мен аралық және қорытнды бақылаудан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа ұпай есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемі ұлғайтылады. Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз, орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.); Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет.



6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
«Қазақ тілі» пәні бойынша ұпайларды бөлу

(1 семестр)

2 Кесте


Апта

Бақылау түрі

Барлық ұпай

Ескерту

1

2

3

4




1-аптадан 7-апта аралығында дәріске қатысу

30




1

Семинар

0




2

Семинар

18




3

Семинар

18




4

Семинар

СӨЖ


18

30





5

Семинар

СӨЖ


18

30





6

Семинар

СӨЖ


18

40





7

Семинар

Межелік бақылау



0

80





1-7 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай

300







8-15 апта аралығында дәріске қатысу

30




8

Семинар

0




9

Семинар

15




10

Семинар

СӨЖ


15

30





11

Семинар

15




12

Семинар

СӨЖ


15

30





13

Семинар

15




14

Семинар

СӨЖ


15

40





15

Семинар

Межелік бақылау



0

80





8-15 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай

300




Емтихан бойынша қорытынды ұпай

400




Академиялық кезең бойынша қорытынды ұпай

1000





(2 семестр)

2 Кесте


Апта

Бақылау түрі

Барлық ұпай

Ескерту

1

2

3

4




1-аптадан 7-апта аралығында дәріске қатысу

30




1

Семинар

0




2

Семинар

18




3

Семинар

18




4

Семинар

СӨЖ


18

30





5

Семинар

СӨЖ


18

30





6

Семинар

СӨЖ


18

40





7

Семинар

Межелік бақылау



0

80





1-7 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай

300







8-15 апта аралығында дәріске қатысу

30




8

Семинар

0




9

Семинар

15




10

Семинар

СӨЖ


15

30





11

Семинар

15




12

Семинар

СӨЖ


15

30





13

Семинар

15




14

Семинар

СӨЖ


15

40





15

Семинар

Межелік бақылау



0

80





8-15 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша қорытынды ұпай

300




Емтихан бойынша қорытынды ұпай

400




Академиялық кезең бойынша қорытынды ұпай

1000






7 ӘДЕБИЕТТЕР

7.1 Негізгі әдебиеттер

7.1.1. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазахский язық для всех. – Алматы, 2004.

7.1.2. Ерназарова З.Ш. және т.б. Қазақ тілі. Елтану. – Алматы, 2005.

7.1.3. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы, 2009.

7.1.4. Күзекова З. Аяпова Т.Т., Оразбаева Ф.Ш. Мамаева М.Қ. Қазақ тілін орта деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы - Астана, 2011.

7.1.5. Күзекова З. Аяпова Т.Т., Оразбаева Ф.Ш. Мамаева М.Қ. Қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы – Астана, 2011.

7.1.6. Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтар (бес деңгей бойынша) – Астана, 2012.

7.1.7. Ә. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. Жалпы ред. басқ. Әлкебаева Д.А. – Алматы, 2013.

7.1.8. Қарабаева Қ. Қазақ тілі (ЖОО студенттері үшін тіл ұстартуға арналған оқу құралы). – Алматы, 2004.

7.1.9. Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі. – Семей, 2013. – 158 б.

7.1.10. Қуантаева М.Е., Саутова Т.А. Қазақ тілін жеделдете оқыту. Бастауыш деңгей. – Алматы, 2014. – 148 б.

7.1.11. Тұрсынова Г.Т. Қашықтықтан білім беру институтының сырттай оқитын студенттері үшін. ЖОО-ына арналған.

7.1.12. Р. Сыздық Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана, Елорда 2000.

7.2 Қосымша әдебиеттер

7.2.1. Жас толқын электронды оқулығы

7.2.2. Руханият электронды оқулығы

7.2.3. Зерде электронды оқулығы

7.2.4. Елтаным электронды оқулығы

7.2.5. Мәнерлеп оқу электронды оқулығы



7.2.6. Ахмет Байтұрсынов электронды оқулығы




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет