Қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызекі тілін дамыту. Сайлаубаева Гүлжан Жеңісқызы



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі0,62 Mb.
#32509
  1   2


Қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызекі тілін дамыту.

Сайлаубаева Гүлжан Жеңісқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Астана қаласы әкімдігінің Энергетика және байланыс колледжі

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, сапалы білім беру – қазіргі кезде мектеп мұғалімдерінің, тіл мамандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Қазақ тілі мұғалімнің негізгі міндеті - оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, тілін дамыту. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушылар қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарына түсініп, оған жауап қайтаруға, үйренген сөздерін бұзбай айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйретіледі.

Қазіргі заман талабына сай білім беру үрдісі білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай отырып, тұлғаны жан-жақты дамытуға, шығармашылықпен айналыстыруға жол ашып отыр. «Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында»:«Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту»-дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді де айқындайды .

Қазақ тілі сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының білімі ғана жетіліп қоймайды, қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады.

«...барлық жаттығулар оқушылардың тілін дамытуға бейімделе жүргізілуі тиіс. Тіл сабағы негізінен оқушыларымызға тілімізді меңгертуді мақсат етіп қойды. Олай болса, оқу мен жазу сабақтарында әдеби тіліміздің нормаларын сақтау дағдысы бірдей дәрежеде берілуі қажет»-деген ұстанымды басшылыққа алсақ, тіл дамыту жұмыстарына бастауыш сыныптың өзінде-ақ аса назар аударылып келді.

Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорда жатады. Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі оқушылардың сөздік қорды, ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. Атақты ғалым С.И.Ожегов ол туралы төмендегіше анықтама береді: «Тіл мәдениетінің жоғары деңгейі- ол тіл арқылы өз ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу».

Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар.

Шығармашылықтың түрі әр алуан, мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау. Озық педагогика: әрбір бала өзінше талантты, әрқайсысы шығармашыл бола алады. Шығармашыл бала өзінің қабілетін, күш-қуатын, бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді.

Тамаша педагог В.Сухомлинский: «Шығармашылық арқылы тұлғаның рухани байлығы қалыптасады, шығармашылық адамды адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтан да мектептің, мұғалімнің, ата-ананың, тәрбиешілердің негізгі мақсаты баланы өмірге, еңбекке шығармашылықпен қарауға үйрету»-деп атап көрсеткен.

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдері мен жазба тілдерін тіл дамыту жұмыстарында бірлікте ала отырып жүргізудің тиімділігі зор. Өйткені оқушы қандай тапсырма түрін орындамасын, ол тіл арқылы, оны қаншалықты меңгергендігі арқылы жүзеге асады.

Оқушы тілін дамыту үшін әр түрлі әдістер жұмыстар өткізу керек. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтінің мазмұның айтқызуда тірек сызбалардың берері көп. Бұл тәсіл жаңа сабақты жылдам түсінуге, есте сақтауға көмектеседі. Тірек сызбьа сұхбат құрғыза отырып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын қалып толтыруға, сөйлем құрастыруға мүмкіндік береді. Тіл дамыту жұмысында сөздікпен қолданудың үлкен мәні бар.Сөздікпен жұмыс істеу балалардың сөздік қорын байытуға негіз болып табылады.Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог арқылы дамыту. Диалог құру үшін белгілі бір тақырыпта оқуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек.Сонда оқушы диалог құрпу кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің граматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады.Бұл оқушының тілін дамытады.

Қазіргі заман талабына сай көп түрлі педтехнологиялар қолданылуда.Атап айтсақ,

 Комуникативтік технологиясы.

 Деңгейлеп оқыту технологиясы.

 Интерактивтік оқыту технологиясы.

 Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.

 Ойындық оқыту технологиясы.

Қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудағы басты мақсатымыз-оқушылардың сөздік қорын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқып,айта білуге,сауатты жазуға,бір-бірімен сөйлесе білуге дағдыландыру,ойын қазақша жеткізе алатындай дәрежеге жеткізу.

Осы мақсаттарымызды коммуникативтік технологиясы қазақ тілін басқа ұлт балаларына үйретудегі ұтымды әдіс деп санауға болады.

ОҚЫТУДА КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ

ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

СӨЙЛЕУ ІСКЕРЛІГІНІҢ КОММУНИКАТИВТІ БАҒЫТТАРЫ

 


СӨЙЛЕСУ
 

 



ДИАЛОГ




МОНОЛОГ
Д И А Л О Г

 

 


СҰХБАТ




СҰРАСТЫРУ




ӘҢГІМЕЛЕСУ(пікір алмасу)


ПІКІРТАЛАС
 

ОҚЫТУДА КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ- тілде қарым-қатынас тудыру арқылы оқыту.

Барлық жылдам оқыту технологияның негізгі тілдік қарым-қатынас тудыру арқылы оқыту болып табылады.Сөйлесу –бұл адамдардың тіл арқылы байланыс жасау процесі. Ақпараттық коммуникативтік біліктілікті қалыптастыруда сөз, сөз тіркесі, сөйлем, бейімделген мәтіннен басқа оқушы мен оқытушы арасында белгілі бір жағдаят немесе тақырыпқа сай іс-әрекеттік білім беру дәрежесіне байланысты болуы керек.Ол үшін көп жұмыс жүргізілу қажет.Тіл үйретуде ең басты міндет-оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.Оқушылар тілдің грамматикасын білу арқылы бір-бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді.Мен өз тәжірибемде оқушыларды ауызекі сөйлеуге үйрету үшін төмендегі әдістерді жүйелі қолдануға тырысамын.

Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.

Педагогика ғылымдарының доктор профессоры Караев оқушылардың  оқу деңгейін 4 түрге бөлген. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибесінде жаңа техноло-гияларды қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:

1) репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты

2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруі-мен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

3) Эвристикалық деңгей оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиет-терді қолдана отырып жауап береді.

4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығарма-шылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашы-лық ізденіс үстіндеөздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушы-ның белсенділігін оятады. 9 сыныпта Бүкіл әлемдік тартылыс тарауын қайталау мақсатында өткізген сабағымның құрылымы ұжым-дық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Тарау бойынша топқа бөліп, әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін.

Өз тәжірибемде белсенді қолданатын технологияларының бірі ол ақпараттық коммуникативтік технологиясы. Ең алдымен бұл технологияның тиімді тұстарын атап өтемін, олар:

 Оқушының жеке пәнге деген жеке қызығушылығын оятады.

 Танымдық қабілетін қалыптастырады.

 Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды.

 Оқушының тілдерін дамытады.

Компьютерді, интерактивтік тақтаны қолданудың психологиялық тұрғыда тиімділігі- олар оқушылардың есте, көру, сөйлеу, түрлі ойындарды ойнау, сурет салуына септігін тигізеді.

Сабақ тартымды болу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің бірі – ойын технологиясы. Сондықтан өз сабақтарымда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әртүрлі ойын элементтерін қолданамын.

Сонымен қатар ауызесі тілді дамытуда қолдануға болатын технологиялардың бірі ол - сын тұрғысынан ойлау стратегиясы. Класстер жасау, Венн диаграммасын салу.

Оқу орыс тілінде жүргілетін мектептерде дыбыс жүйесін терең меңгерту басты мәселе. Қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту кезінде бірінші сыныпта әр сабақта айнаны қолдану жөн. Айна арқылы ауыздың, жақтың ашылғаның, тілдің жылжығанын көрсетуге болады. Бұл құрал артикуляциялық әрекеттерді жиі жасатып тіл сындыруға көмектеседі, дыбыстарды анық, дұрыс айтуға дағдыландырады.

Сабақтың басында сөздікпен жұмыс жүргізгенде жұптық, немесе ұжымдық форманы қолданамын. Сөздікпен жұмыстың оқушының тілін байытуға алатын орны ерекше. Себебі: бұл жұмыс оқушының сөздік қорын ғана молайтып қоймайды, сонымен қатар жадысын дамытады, тиімді жұмыс формаларын, әдістерді қолданса, ойлау қабілетін дамытады.

Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе,жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады ; қазақ тіліне қызығушылық көтеріледі, ауызекі сөйлеу дамиды, коммуникативтік дағдылар қалыптастырылады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Білім туралы ҚР Заңы. 3 бап, 8 бет. Алматы, 2001ж.

2. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде № 8 2008ж.

3. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде № 10 2007ж. 1-128 Алматы.

4. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде № 10 2007 ж. 1-28 Алматы.

5. Молдабеков Қ. Бастауыш сыныпта тіл дамыту. Алматы, Республикалық баспа кабинеті,1993.

6. Мүрсәлиева Ж.Т. «Қазақ тілі сабағында ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту» баяндама.

7.Пассов Е. И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению / Е.И. Пассов. – Москва: “Просвещение”, 1991. – 250б.



 



Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет