Қазақ тілінің қысқаша этимологиясы


Алжапқыш. Алжапқышын байлаған бетіне де ақ марлы сауыншылар жауыпты (Ғ. Мұстафин) . Бұл сөз ал



бет7/11
Дата25.12.2021
өлшемі30,74 Kb.
#128691
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Муминова Жәмила СӨЖ 1 этимология
6Б топ эл конспект
Алжапқыш. Алжапқышын байлаған бетіне де ақ марлы сауыншылар жауыпты (Ғ. Мұстафин) . Бұл сөз ал және жапқыш сөздерінің бірігуінен жасалған сөз. Алғашқы ал компоненті ал ( -ды ) , ал ( -дында ) дегендегі ал - мен түбірлес. Алды, алдында сөздерінің түбірі ал екендігі Ф. Г. Исхаковтың еңбегінде сөз етіледі (Ф. Г. Ис хаков. Некоторые предположения о происхождении конечных « т » и « д » в словах аст, уст, алд, арт и т. п.— « Акад. В. А. Гордлевскому к его 75 летию» , 1953, 131). Кейбір түркі тілдерінде ал тіліміздегі алды ( бір нәрсенің алды) сөзінің мағынасында қолданылады. В. Радловта: ал — алдынғы бөлік ( Радлов. Опыт сл., I — IV). Ескі түркі жазуларында al - бір нәрсенің алды. ( Малов. Пам. др. - тюрк. письм., 356 ). Қазақ тілінде ал түбірі ( есім ретінде) ке - дара - кейбір түркі тілдеріндегідей же қолданылмайды, тек бірен-саран біріккен сөздердің құрамында сақталған (Ш. С.)
Көкпар. Көкпарда аттан жығылған , жарылып басы , кол сынған ( Ж. Молдағалиев ) . Қазақ тіліндегі көкпар сөзі екі сөзден құралған : көк + бөрі . Бөрі сөзі көпшілік түркі тілдерінде « қасқыр » деген ұғымда  жұмсалады . Бұл сөз алтай тілінде бӧру ; тува тілінде бөру ; ноғай , татар , башқұрт , ұйғыр тілдерінде бьори , бүре , бөрө болып айтылады . Бурят - монғол тілінде буруу деп бұзауды және әр түрлі тағы аңның ( аю , барс т . б . ) , малдың ( бұғының ) жылға толмаған төлін айтады . Көк сөзi басқа түркі тілдеріндегідей қазақ тілінде де « заттың түсі , аспан , жас балауса шөп , жаңа шыққан жеміс - желең , өрімдей жас » деген мағыналар да қолданылады . Бөрі сөзіне қосылып көк сөзі "мықты,азулы, нағыз көк жал қаскыр" деген ұғымды білдіреді . Тува тілінде көк жал қасқырды көк бөрү дейді . Қазақ тілінде бөрі сөзін қасқыр сөзі азды - көпті әдеби тілден ығыстырғанға ұқсайды . Бірақ , бөрі сөзі тілімізден , қолданылудан шықпаған , жалпыға бірдей түсінікті . Сөйтіп , көкпар сөзі көк және бөрі деген екі сөзден құралған . Бастапқы б дыбысының қатаңдап п - ға айналуына бірінші сөздегі қатаң к дыбысы әсер еткен . Екпін алдыңғы дауыстыға түсуімен байланысты і дыбысы түсіп қалған . Алғашқыда қасқыр соғумен байланысты шыққан көкпар сөзі кейін келе ұлт ойынының бір түріне айналып , қасқыр ( бөрі ) емес , көкпарға тартатын лақ , ешкі , қозы сияқты асыранды малдардың төлі болған . ( Б. С. )




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет