Қазақ тілінің қысқаша этимологиясы



бет2/11
Дата25.12.2021
өлшемі30,74 Kb.
#128691
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Муминова Жәмила СӨЖ 1 этимология
6Б топ эл конспект
Азын-аулақ. Азын - аулақ қос сөзінің бірінші сыңары аз деген үстеу мағынасындағы сөзге -ын жұрнағы жалгануы арқылы жасалған туынды түбір . -ын ( варианттары : -ін , -ұн

// - үн , -ан // - ән ) казіргі уакытта өнімсіз жұрнақ болғанымен ертедегі түркі тілдерінде көптеген жаңа сөздер жасағаны байқалады . Мысалы , тiлiнде жалын казак ( < жал - ын ) , ұзын ( < ұз - ын ) , шақ ( < шағ - ын ) , сайын ( < сай - ын ) , қырғыз тілінде чакан ( < чақ - ан ) — өз уақытында , кенен ( < кен - ен ) - кең , мол , жакан ( < жапа || ява || жаба - ан ) — жабайы ; ұйғыр тілінде тосун ( < тос - ун ) - асау , үйретілмеген ( ат ) , толун ( < тол - ун ) — толык ( ай ) т . б . Бұл қос сөздің екінші сыңары аулақ тіліміздегі аулақ ( «алыс » ) сөзімен ешбір қатысы жоқ , ол бұ күнде жеке -дара айтылмайтын және мағынасы ұмыт болған сөздердің бiрi. Бiрақ тiл фактілерін салыстыра тексергенде оның аз, азын сөзінің синонимі екені байқалады. Мысалы, аулақ сөзі аглак формасында ( «аз» деген мағынада) алтай тілінде қолданылатын дербес сөз (В. И. Вербицкий. Словарь алтайского и аладагского наречия тюркского языка. Казань, 1884, 3). Қырғыз тіліндегі азын - оолак, азоолак сөздеріндегі оолак - тын да сол алтай тiлiндегi аглак сөзімен төр кіндес екенін Б. О. Орузбаева да (Б. О. Орузбаева. Словообразование в киргизском языке, Фрунзе, 1964, 234-235) көрсетеді. Алтай тіліндегі аглак сөзі көне өзбек тілінде аз аглак түрінде, ал якут тілін де ағыјаx ( азаю, кему, солу), ағыјат (азайт, кеміт), ағыјах (аз, кем) сиякты формаларда (Э. К. Пе карский. Сл. якут. яз. І, 79) қолданылатынын көреміз. Сонда қазақ тіліндегі аулақ, қырғыз тіліндегі оолак, көне өзбек және алтай тілдерін дегі аглак, якут тіліндегі ағыјах — бәрі мағыналас, төркіні бір сөздер деп білеміз. Мұндағы ay ~ оо ~ aғ дыбыстарының алмасуы да (салыстыр : тау - тоо ~ тақ), жұрнақтық морфемалардың -лақ және -јах вариантында айтылуы да заңды құбылыстар. Қазақ тіліндегі аулақ сөзінің омонимі «оңаша» мағынасындағы аулақ - тың төркіні тіптен басқа. Ол монғол тіліндегі оглаг - оңаша жер; алыс, шет, Махмуд Қашғаридің сөздігінде кездесетін ағлақ (оңаша жер) ( Малов. Пам. др. письм.) сөздерімен төркіндес. (Ә. Қайд.)


Алба-жұлба. Үстіне киген киімдері алба - жұлба, бет аузы кір - кір, қабағы іскен (С.Шәріпов) Бұл қос сөздің бірінші сыңары монғол тілінен енген де, екіншісі - сөзді қосарлап айту заңдылығынан жасалған. Бұлайша бір сөзді қайталау арқылы я оның бір буынын кабаттастыру арқылы жасалған қос сөздер барлық түркі тілдерінде қалыптасқан тәсіл. Монғол тілінде улбо деп бұрынғы кездерде әскери киімнің бір түрін атаған. Сыртқы түріне қарағанда ол түрлі түсті жібектен тігілетін, арасына жылқының қылымен аралас мақта салатын, өзі жеп - жеңіл, жылы қамзол сияқты сыртқы киім болған (П. С. Савельев. «Алтан - тобчи» - «Тр . ВОИАО», 1858, ч . 6, 217). Қазіргі монғол тілінде улбо тарихи сөз болып кеткен. Бұл сөзбен түбірлес монғол тілінде олбог - алба (н) сөздері бар, оның біріншісі «ішіне қыл я салам толтырылған төсек, отырғышқа жайылатын жұмсақ төсеніш» деген мағынаны білдірген, екіншісі алба (н) - «әскери қызмет» деген ұғымдағы сөз. Сонымен алба - жұлба сөзі монғол тіліндегі улбо деген сөзден шығып, әуелде жалпы ала - құла, түрлі түсті киімді білдірсе, кейіннен бұл сөз жыртық, құрақ киiм деген ұғымға ие болып кеткен тәрізді. (Н. Қ .)

Ғайып – ерен: ғайып - ерен қырық шілтен. Тіккені саудагердің қосы ма еді? Ғайып - ерен қырық шілтен досы ма еді? Кешегі Төлегенді жамандаған, Көп дұшпан көре алмаған қасы ма еді? (« Қыз жібек»). Долдыққа сыймай Алпамыс Шұбарды басқа шабады, Ғайып - ерен қырық шілтен, Қылышты қолдан қағады (« Алпамыс»). Араб тілінде ғааиф (ғайып)-ұшқан құсқа қарап алдын ала болжайтын әулие, ерен йаран (жаран) сөзінің өзгерген варианты тәрізді. Бұл сөздің (йаран) түбірі парсы тіліндегі йар - дос, жолдас, йари — «көмек, жәрдем» және йаране - достық, жолдастық, достарша» деген мағынадағы сөз болу керек. (І. К.)
Жекпе - жек. Кәрі - жасы елімнің, Әскеріміз Лениннің, Жекпе - жекке жиһанға, Шықсам да қашан жеңілдің! (Қ. Аманжолов). Біздіңше, бұл сөз парсы тіліндегі бір, жеке, жалғыз мағынасында қолданылатын иек сөзімен байланысты болуы керек. Тәжік тілінде якка-жеке, дара, жалғыз, жалғыз ілік. Иек, як сөздері қазақ тілінің фонетикалық заңына сәйкес жек болып қалыптасқан. Жек сөзі қазақ тілінде бұл тұлғада дербес қолданылмай, жеке, жекпе - жек формасында ғана айтылады. Ал жекпе - жек қос сөзі қазақ тіліндегі сөздердiң моделімен жасалған (салыстыр: бірме - бір, қолма – қол, бетпе - бет, жүзбе – жүз). (Ж. Б.)
Сыбай: сыбай - салтаң. Біз жазға қарай бет алған ретте жеңіл, сыбай - салтаң кеткенбіз (М. Әуезов). Ол сыбай - салтаң бос жүрген адамды жек көреді ( Ғ.Сыланов). Қазақстанның солтүстік - батыс аудандарында сыбай сөзі «салт, басы бос деген мағынада қолданылады (Досқараев, Мұсабаев. Қаз . тіл . жерг. ерек. 7). Бұл сөз тіркесіндегі сыбай сөзі кейбір түркі тілдерінде «бойдақ, жалғыз басты» деген мағынаны білдіреді: субай азербайжанша бойдақ. Ал, салтаң сөзі салт сөзініңи анты болуы ықтимал. Сонда «салт, басы бос, бой дақ» мағынасын беретін екі «түркі сөзі плеоназм ретінде қабат қолданылып, қалыптасып кеткенге ұқсайды. ( Ж. Б.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет