Қазақ тілінің қысқаша этимологиясы



бет10/11
Дата25.12.2021
өлшемі30,74 Kb.
#128691
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Муминова Жәмила СӨЖ 1 этимология
6Б топ эл конспект
Перізат / перизат. Тіл — буынсыз, бой таза гүл, Ақылы артық , ары зор . Ол перизат ойды өзің біл , Не болады болса қор ( Абай ) . Парсы тілінде пäри ( пері ) фея , ауыспалы мағынасы « аскан сұлу әйел » . Халық аузындағы өлеңдерде де ай рықша , өзгеше » деген мағынада айтылады . Бұл - біріккен сөз . Бірінші сыңары — пері , екіншісі зат . Соңғы сөз белгілі мағынасында ( қара : адам зат ) жұмсалып тұр . ( І. К. )

7. Дене мүшелері.

Мойын. Алпамыс берік тұрады, сұңқардай мойын бұрады («Алпамыс »). Бұл сөз түрліше фонетикалық тұлғада (буйин, боюн, муен, мойду) қазіргі түркі тілдерінің көбінде кездеседі. Мойын / бойын сөзі жеке колданылатын бой сөзіне -ын / -ун жұрнағы жалғану арқылы жасалған. Бұл сөз қазірде де түркі тілдерінің көбінде (қазақ тілінде де) бiр нәрсенің биіктігі, адамның тұлғасы, денесі» деген мағынада қолданылады. Ал, -ун / -ын жұрнағын біреулер шағын деген сөздегі -ын қосымшасы сиякты кішірейту жұрнағы десе (Frankle, Word Form, 81) басқалар оны тәуелдік жалғауы деп қарап, ол деген сілтеу есімдігінен шыққан дегенді айтады (Исхаков. Некот . предположения ... , 126). Оғуз тобына жататын (түрік, азербайжан, гагауз). Түркі тілдердегі б дыбысынан басталатын сөздер қазақ тілінде м дыбысымен айтылатыны мәлім ( бен-мен, бұндай ~ мұндай, бең ~ мең , беңіз~маңыз т. Б.). Сол сияқты басқа түркі тілдерiнде бойуні//бойын болса, қазақ тілінде мойын турiнде айтылады. (Н. К.)
Арқа. Ат арқасына ер батса, аяңшыл болады (мақал). Арқамыз тау, алдымыз теңіз, су жағасында біз отырмыз (С.Ерубаев). Түркі - монғол тілдерінде: қырғызша, татарша, хакасша, бурят - монғолша бұл сөз қазақшадағыдай мағынада қолданылады. Көне түркі жазу ескерткіштерінде де осы мағынада (Малов. Пам. Др. письм . , 359); В. В. Радлов - тың сөздігінде ар — қарсы жақ (Радлов. Опыт сл . , I — IV); A. H. Кононов арқа сөзінің түбірі — ар ( монғол тілінде сақталған, мағынасы: «арт жақ, арқа, солтүстік» деп көрсетеді (Кононов. Радосл, туркмен. 88).. Бұл деректерге сүйене отырып, арқа сөзінің алғашқы төркінінің ар- болғанын, -қа етіс тіктер мен үстеулерге қосылып ( Қара: тамға, алқа; салыстыр: тұтқа) жаңа атау жасайтын жұрнақ екенін байқаймыз. Қазақ тіліндегі арт, ары, арғы тәрізді сөздердің де өрбіген алғашқы түбірі ар- . (А. Мах.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет