Қaзaқcтaн pecпублиkacы aуыл шapуaшылығЫ


ТАРАУ.Алма бақтарын отырғызатын орынды таңдау



бет13/20
Дата07.02.2022
өлшемі274,61 Kb.
#86210
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Отчет, Тәліп Ә.
328165, 328165, 328165

ТАРАУ.Алма бақтарын отырғызатын орынды таңдау.


Орын таңдау кезiнде жер бедерiне, климат жағдайларына баға берiледi. Бұл кезде iрi су көздерiнiң, таудың, елдi мекеннiң орналасуы, жолдың, темiр жол стансаларының орналасқан жерлерi, бәрi ескеріледi.
Жер бедерiн бағалау – жемiс өсiмдiктерiнiң өсуi мен өнiмдiлiгiне көп әсерiн тигiзедi. Ол өсiмдiк тiршiлiгiнiң басқа факторларын қайта бөлетiнфактор болып табылады. Мысалы, беткейдiң экспозияциясына байланысты температура көрсеткiштерi, ауа мен топырақтың ылғалдылығы, жарық жағдайы және топырақ құнарлылығы өзгередi. Бақ отырғызу үшiн көбiне
жазық жерлер (су айырығы, тегiстiк) және беткейлер секiлдi элементтерi пайдаланылады.
Су айырығы - сумен жеткiлiктi қамтамасыз етiлген жағдайда бақ үшiн жақсы орын. Су айырығында ауа дренажы жақсы, үсiк қаупi аз. Алайда, ылғал жетiспесе, мұндай орын бақ отырғызуға жарамайды.
Тегiстiк – бақ отырғызу үшiн қолайлы тегiс учаскелер, техника пайдалануға ыңғайлы. Мұнда топырақ факторлары мен ылғалдану жағдайлары бiркелкi. Тегiстiкке суару жүйесiн салып, пайдалану да оңай, су эрозиясы процесстерi де онша емес. Алайда, ауа дренажы нашар, үсiк қаупi көбiрек. Әсiресе, суық ауа жинақталатын, ойпаңдау тұстары - «табақша» өте қауiптi. Бұл көктемде ауаның суытуына, қыста бұтақтардың үсуiне себеп болады.
Беткейлер онша тiк болмаған жағдайда (5-120 ) бақ үшiн қолайлы орын. Ауа дренажы тәуiр, жарық та жақсы түседi. Дегенмен беткейлерде топырақ көбiрек құрғайды. Бұл жерлерде ауа және, топырақ температуралары күрт ауытқиды, топырақ бетi нашар жетiледi және топырақ су эрозиясына көбiрек ұрынады. Жер бедерi тегiс емес учаскелерiнен бақ отырғызу үшiн орын таңдағанда беткейлердiң экспозициясы мен тiктiгi, сондай-ақ сол жердiң теңiз деңгейiнен жалпы биiктiгi ескерiледi. Сонымен бiрге, беткейдiң үстiңгi, ортаңғы және төменгi бөлiктерiнiң табиғи жағдайларының айырмашылығын ескеру керек.
Экспозиция дегенiмiз беткейдiң жарық жаққа бағыты, яғни солтүстiкке, оңтүстiкке, батысқа немесе шығысқа. Оңтүстiк бағыттағы беткейлер (оңтүстiк, оңтүстiк-батыс, оңтүстiк-шығыс) анағұрлым жылырақ және құрғақтау. Мұнда ағаштар вегетациясын ерте бастайды, қысқы және көктемгi температураларының күрт ауытқуынан жемiс-жидек өсiмдiктерi зақымданады. Көктемгi үсiктерден бұтақтардың қыстыгүнгi қурауынан және күннiң күйдiруiнен зардап шегедi. Мұндай беткейлерге қар аз түседi және көп тұрақтамайды.
Солтүстiк және солтүстiк бағыттағы беткейлер - салқындау, топырағы бай, ауа температурасы күрт өзгере қоймайды және ең маңыздысы, қыстыгүнi мұнда қар мол жиналады. Қар жай еридi, ерiген қар суы топырақ пен топырақ астын едәуiр дәрежеде ылғалдайды. Суық қаупi аздау және бұтақтар да қыста күйе қоймайды. Осыдан келiп, солтүстiк беткейлер бақтар және жидектер отырғызуға қолайлы деген қорытынды жасауға болады.
Беткей тiктiгi учаске еңiстiгiнiң көлденең жазықтыққа түскен бұрышының градусымен анықталады. Беткей тiк болған сайын ол құрғақтау, топырағы аздау жетiлген, ауа температурасы күрт өзгеретiн болып келедi, топырақ эрозиясының қаупi күшейе түседi.
Бақ отырғызу үшiн 6-70 шамасындағы беткейлер жақсы. Оңтүстiкте және
оңтүстiк-шығыста анағұрлым тiктеу 30-350 -қа дейiнгi деңгейлерпайдаланылады, мұндай жағдайда 12-150 және одан да астам беткейлерге тiкшелер жасалынады.Беткейлердiң үстiңгi бөлiктерi төменгi бөлiктерiне қарағанда құрғақтау.Үстiңгi бөлiктерiнiң топырағы кедейлеу, қар аздау түседi, бiрақ ауа дренажы тәуiр. Беткейлердiң бұл бөлiгiне қуаңшылыққа төзiмдi, ерте гүлдейтiн жемiс тұқымдарын (өрiк, шие,) отырғызған жақсы.
Жергiлiктi жердiң теңiз деңгейiнен биiктiгiн анықтаудың, бақ отырғызылатын орынға баға беруде маңызы зор. Тауға қарай көтерiлген сайын ауаның орташа жылдық температурасы төмендеу, жауын-шашын көптеу, ауа ылғалдылығы жоғарылау болып келедi. Тауға әрбiр 100 м көтерiлген сайын орташа жылдық температураның 0,50С төмендейтiнi байқалады. Тауда жазда салқындау, қыста жылылау. Теңiз деңгейiнен белгiлi бiр биiктiкте (Iле Алатауында 1200-1600 м, Жоңғар Алатауында тиiсiнше 1100-1400 м) табиғи жағдайлар жемiс-жидек өсiмдiктерiн суармай-ақ тәлiмi жерлерде өсiруге мүмкiндiк бередi.
Климат жағдайларын бағалау. Мұнда басты назар мынандай көрсеткiштерге аударылады: орташа тәулiктiк температура көлемi және олардың ауытқуы, орташа және абсолюттi аз температура, көктемгi суық, жауын-шашын мөлшерi және оларды жыл 12 айға бөлу, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, зиянды желдiң күшi мен бағыты. Сондай-ақ назарға тек ауданның (аймақтың) ғана климат жағдайы емес, сонымен бiрге, бақ отырғызуға бөлiнген учаскенiң микроклиматы да алынады.
Топырақты бағалау – топырақтың құнарлылық дәрежесiн (қарашiрiк құрамын, топырақ құрылымын), отырғызылатын дақылдың тамыры жайылатын қабаттың тереңдiгiне сай келетiн-келмейтiнiн, топырақта зиянды тұздардың бар жоқтығын анықтау үшiн қажет. Жемiс ағаштары топырақ сортаңдығына кiрпияз келедi. Топырақ ертiндiсiндегi 0,4% тұз концентрациясы өсiмдiкке жайсыз тиедi, ал 1,2% болса бақ жойылады. Бақ үшiн ауыр сазды, тасты, құмды және сортаң топырақтар жарамайды. Жемiс өсiмдiктерi қара, қызғылт және сұр топырақтарда сондай-ақ орман топырақтарында жақсы өседi. Тамыр жайылатын қабат жеткiлiктi тереңдiкте: шекiлдеуiктi дақылдар үшiн 2- 2,5 м, сүйектi дақылдар үшiн 1,5-2 м және жидектiлер үшiн 1-1,2 м болуға тиiс. Ол ыза суларымен,тығыз саздармен, ұсақ тасты қабаттарымен т.б. шектелуi мүмкiн.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет