Қaзaқcтaн pecпублиkacы aуыл шapуaшылығЫ


ТАРАУ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайы



бет17/20
Дата07.02.2022
өлшемі274,61 Kb.
#86210
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Отчет, Тәліп Ә.
328165, 328165, 328165

ТАРАУ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайы


  1. Еңбек қорғау

Ауыл шаруашылығындағы еңбек қорғау жүйесі, әлеуметтік- экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік- профилактикалық, реабилитациялық және басқа да шаралар негізінде жүзеге асырылатын және өндіріс орындарында травматизм мен кенеттік жағдайлардың алдын алатын, қызметкерлердің қызмет ету барысындағы олардың денсаулық пен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларға бағытталған. (ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V).
Қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқығы – Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқығының құрамдас бөлігі. Бидай себу барысында механизатордың денсаулығына шу, вибрация, температураның толқымалы параметрлері, шаң-тозаң және трактор газдары сияқты теріс факторлар әсер етеді. Соның салдарынан, жұмыс күнінің аяқталуына таман оның есту қабілеті нашарлайтыны анық, ал бұл қызметті 10 жылдан бері иеленіп келе жатқан қызметкерлердің есту қабілеттеріне тіпті үлкен қауіп төнетіні сөзсіз. Механизатордың жұмысы жоғары дәрежелі зейінділікті талап етеді. Айналадағы шаң-тозаңды үнемі жұту салдарынан ағзадағы тозаң бронхиттерінің дамуына қолайлы жағдай туады. Жарақат жағынан қауіпті фактор болып, агрегаттың бүкіл қозғалмалы бөлшектері немесе агрегаттың өзі бола алады.
Содан кейін, тәлім алушылар 2-14 ауысым уақыты барысында (жұмыс бабы мен қызметкердің мамандануына байланысты) басшылар бекіткен арнайы тұлғалардың қадағалауымен, жұмыс өтілінен өтулері тиіс. Қызметкерлер тек жұмыс өтілін өткеннен, теориялық білімдері мен еңбек
қауіпсіздігін толық меңгергеннен кейін ғана толық өзіндік жұмысқа жіберулеріне рұқсат беріледі.Қайталамалы инструктажды бүкіл қызметкерлерге арнап, жарты жылда бір рет ұйымдастырады. Жоспардан тыс инструкажды келесі жағдайлар туғанда ғана іске асырады:

    • Жаңа және қайта қаралған стандарттар, ережелер мен қоршаған ортаны қорғау әдістемелері қабылданғанда, сондай-ақ оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенде;

    • Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін технологиялық үрдістің немесе шикізат, құралдар және басқа да факторлардың шамадан тыс ауытқулары пайда болғанда;

    • Кейін аварияға, өртке немесе атқылауға әкелетін, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігінің талаптарын бұзғанда;

    • Сыртқы бақылау органдарының талаптарына бойынша;

    • Еңбек үрдісіндегі үзіліс мерзімі 60 тәуліктен, ал еңбек қауіпсіздігін жоғары дәрежеде болуын қажет ететін еңбек үрдісіндегі үзіліс мерзімі 30 тәуліктен асып кеткен жағдайда.

Пестицидтердің жұмыс ерітінділерін даярлау алаңдары міндетті түрде арнайы жабдықталған болуы тиіс. Ол алаңдардың көлемі жұмыс ерітінділерінің қалдықтарын жою мен зарарсыздандыру жұмыстарын қарастыратындай дәрежеде болуы шарт. Транспортты, ыдыстарды және өзіндік қорғану құралдарын өңдеу алаңдары бүкіл санитарлық нормаларға сәйкес келуі керек және оларды электр жүйелерінің астына орналастыруға қатаң тыйым салынады.
Еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігіне жүргізілген талдауларға сүйене отырып, келесі қорытындыны шығаруға болады:

    • Шаруашылық азаматты жұмысқа немесе кәсіби-іс тәжірибеге қабылдаған кезде, инструктаждың барлық түрлерімен таныстыру жұмыстарын жүргізеді.

    • Шаруашылықта ЖШС-ның меншігіндегі асхана бар, бұл әлеуметтік- экономикалық шаралардың сақталуын қамтамасыз етеді.

    • Гигиеналық шаралардың сақталуын қамтамасыз ететін жуғыш және зарарсыздандырғыш құралдар мен өзіндік қорғану құралдары бөлінеді.

    • Шаруашылықтың барлық бөлімдері өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталған.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет