Биыл ауа-райы ылғалды болып тұр. Соның салдарынан өзеннің су деңгейі түсе қойған жоқ



Pdf көрінісі
бет1/22
Дата12.09.2022
өлшемі6,99 Mb.
#149218
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
2c4bf94106f2d0d84a7a9ffb94f828a2
3 сынып КТЖ, 0186-16, рахат Нұртілеу Ақпараттық қауіпсіздік, !0;KABK@ 0;K 07, Силлабус Азаматтық құқық негіздері 22-23, 1. Екі таңбалы сандарды нөмірлеу, 1РискиСеминар 3


– Биыл ауа-райы ылғалды болып тұр. Соның 
салдарынан өзеннің су деңгейі түсе қойған жоқ. 
Қайта соңғы екі аптада су көтерілді. Мәселен, 
10 маусымға дейін дариядан секундына 800 
текше метр су өтсе, қазір 1000 текше метр су 
келуде. Яғни, Сырдария өзеніне Шардара су 
қоймасынан 450, Көксарайдан 500 және Арыс 
пен Бөген өзенінен 50 текше метр су секунды-
на құйылуда. Осы судан аудан диқандары се-
кундына 40,8 текше метр суды егістікке алуда, 
– деді «Жаңақорған сушар» өндірістік учаскесі 
басшысы Абдімажит Ахметов.
Ауданның бас су мұрабының сөзіне сен-
сек, қазіргі таңда Сумағар магистралды каналы 
арқылы секундына 1,3 текше метр, Келінтөбе 
каналына – 34,0 текше метр су келуде. 
Сондай-ақ, Сунақата каналына – 3,5 тек-
ше метр,Тайпақкөлге – 1,5 текше метр және 
Күркіреуікке 0,5 текше метр су егістікке және 
жайлымдық жерлерге жіберілуде.
Қыста қырда қарғын су молды, жазда 
сырдың суы кемелінде ағуда. Яғни, жыл ырыс-
ты, құтты болып тұр. Себебі, қазақ «Су – өмір 
нәрі», «Сулы жер – нулы жер», – деп суды ерек-
ше қадір тұтып, судың маңайына шаңырағын 
тігіп, өмір кешті. Тіптен, «суға түкірме», деп 
дәріптеп, ұрпағына тәлім берді. Осындай 
аманатқа адал қарайтын бүгінгілер мол суды 
қалай пайдаланып жатыр?
Табиғи ресурстар және табиғат пайда-
лануды реттеу басқармасының Жаңақорған 
аудандағы балықтар мен көлдерді қорғау 
жөніндегі маманы Қуаныш Абылқасымов: «Осы-
дан 7-8 жыл бұрын ауданда 22 көл болатын. 
Сырдарияның өз арнасынан ауытқуына және 
«Шардара», «Көксарайдан» судың жыл сайын 
аз түсуіне байланысты соңғы жылдары біраз 
көлдер кеуіп қалды. Ал, ХХ ғасырдың 70 жылда-
ры ауданда 40 астам көл болды. Ол кезде жыл 
сайын көктемде дария суы тасып көлдердің 
бәрі табиғи түрде толып жататын. Қазір оның 
көбі жоқ. Қазір бар болғаны 18 көл ғана қалды. 
Оның 12-не ғана дариядан су түседі. Онда да 
дариядағы су деңгейі 850-900 текше метрден 
асқанда ғана. Қалған алты көл күріштіктен 
түсетін қашыртқы суы және Сумағар каналы 
арқылы сақталып тұр. Мұндай табиғи тепе-
теңдіктің бұзылуынан экологиялық жағдай на-
шарлай түсетіні қақ. Айта кетейін, көлді тендер-
мен алушылар оның балығын аулағаны болма-
са, оны сумен толтыруды ойластыра бермейді, 
– деп мәселенің мән-жайын айтты. 
Маманнан 12 көлге су алынып, тол-
ғандарының алдын бекіту шаралары жүргізіліп 
жатқанын білдік. Сонымен қатар, «Баспақкөл», 
«Қойлақы ата», «Имаш» және «Өзгент» көліне 
бір саласы Сырдария өзенінен, екінші жағы ар-
насы «Сумағар» және «Келінтөбе» каналы 
арқылы су түсетінін айтты.
«Баспақкөлге» тек «Сумағар» каналы 
арқылы ғана су келеді. Алайда, күріштікке 
мол су қажеттілігіне байланысты көлге су 
жіберілмеуде. Мұны Қаратөбе ауылдық округі 
әкімдігінің бас маманы З.Парманқұлов айтты.
Айта кететіні, «Жиделі» және «Бесарық» су 
қоймасында 8 млн. және 7 млн. текше метр су 
болса, Қыраштағы тоғанда 1,2 млн. текше метр 
су бар. Ал, «Шұқыройда» 19 млн, «Көлтоғанда» 
2 млн. су жиналыпты.
Қыраш тоғанынан 50 гектар үйіргелік жер 
учаскелері суарылуда. Бірліктіктер 102 гек-
тар жерге көкөніс, бақша және жеміс егіп, со-
дан ризығын ажыратпақ. Сондай-ақ, үш шаруа 
қожалығы 98 гектар жерін тоған суымен суару-
да екен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет