Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі


– ші дәріс. Педагогикалық дау- дамайлар



бет7/16
Дата25.12.2016
өлшемі2,92 Mb.
#4841
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

15 – ші дәріс. Педагогикалық дау- дамайлар.

  1. Дау –дамайлар туралы түсінік.

  2. Дау–дамайлардың туу себептері, түрлері.

3.Педагогтар мен балалар арасындағы дау–дамайлардың шешілу жолдары.

4. Дау –дамайлардың алдын алу жолдары.

Әдебиеттер:

1.Андриади И.П.Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений.- М.: Издательский центр «Академия»,1999.-160с.

2.Зязюн И.А. Основы педагогического мастерства. Учебное пособие для спец. высших учебных заведений. М.:Просвещение,1989.-205с.

3.Основы педагогического мастерства. Упражнения. Тесты. Советы начина- ющему педагогу. Учебно-методическое пособие /Сост.Т.П.Смолькина. - Кара- ганда, 2002.-88 стр.

4.Д.Карнеги. Как вырабатывать уверенность в себе и влиять на людей, выступая публично.- Минск., 1990.-350с.

5. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орныдарына арналған оқулық. Екінш., толықт., түзет. және қайта өңд. бас./ Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова. – М.: Логос; Алматы: TST-company6 2005. – 438 б.

6.Андреев В.И. Конфликтология: искусство спора, ведения переговоров и разрешения конфликтов.-Казаннь,1992.

7. Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология: Учебник для вузов. – М.:ЮНИТИ, 1999.

8. Дмитриев А., Кудрявцев В., Кудрявцев С. Введение в общую теорию конфликтов. – М.: 1993.

Педагогикалық дау-дамайлар әкімшілік - мұғалімдер, мұғалімдер мен мұғалімдер, ата-ана мен балалар, балалар мен мұғалімдер, балалар мен балалар арасында болып тұрады. Дау-дамайлар жақсы педагогикалық ұжымда да кездеседі. Сондықтан оның дұрыс шешу жолдарын білу қажет.



Дау-дамайлар адамдардың көзқарастарының, қызығушылықтарының, қажетіліктерінің қарама-қайшы келу барысында туындайтын келіс- пеушіліктер.

Дау-дамайлар дауласу, жанжалдасудан басталып, дау-дамайлық жағдаятқа ауысады. Егерде осы кезде алдын алу, үдеттпей тоқтату жолдары қарасты-рылмаса, онда дау-дамайға ауысып қыза түседі. Ең қызған кезі инцидент деп аталады. Дау-дамайлар ашық және жабық түрде өтеді. Ғалымдар дау-дамай-ларды төрт түрге: тұлғаның өзімен өзі, тұлғааралық, тұлға мен топ арасындағы, топтар арасындағыға бөледі.Тұлғааралық факторларға байланысты дау–дамайларға эгоизм, эгоцентризм, жалқаулық, өзін жоғары бағалау т.б. жайт-тарды жатқызуға болады.

Дау-дамайлардың жалпы мәселелерін зерттеген В.Шуман, балалардың жастарына байланысты кризистерді И.Кон, тұлға және қарым-қатынас арасындағы түрлерін А.А.Бодалев, Добрович А.Н., тұлғаның қатынасы арқылы туындайтын дау–дамайларды, олардың бала тәрбиесіне ықпалын А. Ушатиков, А. Спиваковская т.б. зерттеген.

Негізгі себептерге төмендегілерді жатқызуға болады:

- құқық, бедел, қызығушылық объектілеріне байланысты;

-қажеттіліктердің орындалмауы, «МЕН» деген позицияның, сезімнің құрметтелмеуі;

- басқа адамды бағалаұға байланысты төмен, не жоғары бағалау;

-көреалмаушылық;



- қызықты істің, алдағы перспективаның болмауы;

-жағымды эмоциялардың аз болуы, өзінің эмоциясын меңгере алмауы;

-басқаны өзіне бағындыруға тырысу, түсінушіліктің, қамқорлықтың жоқтығы;

-мәселе бойынша бір іске қатысты түсінбеушілік;

- белгілі тәртіп, қатынас нормаларына байланысты;

-бала тәрбиесіндегі келіспеушілік;



-психологиялық түсінушіліктің, үйлесімдіктің болмауы;

-құндылықтарға қатысты түсінбеушілік; т.б.

Н.В. Самоукина педагогикалық шиеленістерді үш үлкен топқа бөлген:


  1. Мотивационды шиеленістер – оқушылар оқу іс -әрекетіне деген

қызығушылықтарының төмендігінен пайда болады.

  1. Мектептегі оқыту үрдісін ұйымдастырудағы кемшіліктермен

байланысты шиеленістер.

  1. Оқушылардың арасындағы, мұғалім мен оқушылардың, мұғалімдер

мен әкімшіліктің арасындағы шиеленістер.

В.И Журавлев шиеленістің түрлерін оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты бөлген:

1.Бастауыш сыныпта мұғалімнің педагогикалық әдебіне байланысты туындайтын этикалық шиеленістер: дұрыс бағаламау, мұғалімнің қызметін дегі қателіктер, дөрекілік т.б.

2.Жеткіншектермен жұмыс істеуде мұғалімнің жіберген әдістемелік қателіктеріне байланысты пайда болатын дидактикалық шиеленістер, жеткіншектердің тәртіп бұзуына әкелетін шиеленістер.



  1. Жоғары сыныптардағы шиеленістер, мұғалімнің шиеленістік мінез-

құлқына және сабақтағы тәртіптің дұрыс сақталмауымен байланысты болып келетін тұрлері жатады.

М.М.Рыбакова шиеленістерді әр түрлі педагогикалық жағдайлармен байланыстырады:

-іс - әрекеттегі шиеленістер;

-мінез - құлықтағы шиеленістер;

-қарым- қатынастағы шиеленістер.

Оқушылар мен мұғалім арасындағы, әсіресе мұғалім мен жеткіншектер арасындағы қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар мәселесі мынадай себептерге байланысты болып келеді :

1.Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді, олардың өміріндегі өтпелі кезең , жоғарғы талаптар, сана-сезімімен ақыл-ойының өсуі, мұғалімнен жасөспірімдерге жаңа қырынан қарауға мәжбүр етеді.

2.Өтпелі кезең жасындағы балаларда теріс қылықтарын көрсетуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін және тәлім-тәрбие жұмысында соған сай әдіс− амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген қиындықтарды кездестіреді.

Мұғалім осындай тартысқа душар болған оқушының жан дүниесіне үңіліп қарамайды. «Болса да мұғалім мені жек көреді» деген ой, оқушының санасына ұялайды. Оның оқуға деген ықыласының сөзсіз төмендейтінін, мектепте, тіптен қай жерде жүрсе де жаңағы ой соңынан қалмай, оны бәрін керісінше жасауға жетелейді. Бұл оның мұғалім әділетсіздігіне өзінше қарсылық білдіру шарасы.

Мұғалім мен оқушы арасындағы тартысты туғызатын себептерге оқушылар тобы, олардың жас және өзіндік ерекшеліктері, мұғалім мен оның оқушылар ұжымына басшылық ету стилі де әсер етуі жатады. Мұғалім мен оқушылар арасындағы шиеленістердің туындап, олардың кең етек алуының бірнеше түрлері бар. Олар:

1.Оқу ісін жүзеге асырып, оны бірізділікпен жүргізуде кедергі болатын жағдайлар мұғалімнің білім деңгейі мен оны оқушыларға тиімді әдіс- тәсілдермен жеткізе алмауы, тәжірибесінің аздығын көрсетуі. Сондай-ақ, мұғалім оқушыларға қоятын талабын үнемі өзгертіп, қалыпты жағдайдан жиі ауытқып отырады, соның салдарынан оқушылардың тәртібі де нашарлайды.

2. Ересек адамдармен салыстырғанда мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас едәуір күрделі. Өйткені мұндағы бірінші жақ, мұғалім−толық қалыптасқан, мораль, этикалық жағынан жетілген, мінез-құлқы орныққан адам, екінші жақ , даму, жетілу кезіндегі оқушылар. Мұғалім кей бір жағдайда оқушыларға сене бермейді. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынаста мұғалімнің әдістемелік жағынан қате жіберіп жаңылысуы, не оқу материалын тиянақты түсіндіре алмауы да шиеленістің себебі болады.

3. Оқушылардың жас ерекшеліктерін елемей, олардың құрдастарымен қарым-қатынастарының қыры мен сыртына мән беріп, оларды жете бағаламау салдарынан болатын шиеленістер.Оқушылар тобы тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар олардың рухани тілектерін қанағаттандырмауға байланысты болып келеді. Оқушылар ұжымының сан алуан жұмыстарына, ұжымдық пікірлерге жете мән бермейді. Мұндай жағдайда оқушылар тарапынан ұстазға деген наразылық, қанағаттанбау сезіміне орай шиеленістің туындауына себеп болады.

4. Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне тән жағымсыз қасиеттері мен мінез-құлқына орай туатын шиеленістер. Оқушылар арасында ұшқалақ мінезді, қызу қанды, айтқанынан қайтпайтын өжет, жан дүниесінің шеңбері тар, өзін құрбыларынан жоғары санайтын балалар да бар. Ондай балалармен қарым-қатынас жасау мұғалімдерге де, оңай тие қоймайды. Негізгі мақсат, мінезі ерекше оқушылармен қалыпты қатынас орнатудың тиімді әдісін іздеп табу. Яғни, оларды ұжымдық өмірдің ыңғайына қарай бейімдетіп, басқа оқушылардың іс-әрекеттерімен үйлестіру арқылы, шыдамдылық, тапқырлық көрсетіп, оқушыларымен тиімді қарым-қатынас орнатудың әдіс-тәсілдерін іздестіру.

Мұғалім мен оқушылар арасындағы кездесіп отыратын наразылық пен дау-дамайдың туындау себептерін психологилық тұрғыдан ашып көрсету маңызды. Мысалы, кейбір пән мұғалімдері өз сабақтарын қызықты етіп ұйымдастырып өткізді, ал кейбір мұғалімнің сабақтарында оқушылардың бірсыпырасы енжарлықпен қатысып, кейбір реттерде оғаш қылық көрсетеді. Әдетте, мұндай сабақтарда мұғалім мен оқушылар арасында наразылық тууына себеп болады. Сонан келіп мұғалім мен оқушылар арасында дау- дамай туындайды. Өйткені, мұғалімнің сабақтағы білім дәрежесінің төмендігі мен әдісінің шалалығы оқушылардың мұқтаж-тілектерін қанағаттандыра алмайды.

Ал оқыту процесі барысында жиі кездесетін шиеленіс бұл – оқушылардың арасындағы шиеленіс.

Жиі оқушы өзін лидермін деп санап, бірақ эмоционалды әсер алмайды, сондықтан мұғалімнің ескертулерін қабылдамай, өзінің тәуелсіздігін ұстанады. Көбінесе оқушылар арасындағы шиеленістер, сыныптағы екі- үш лидердің арасында, топта бірінші болуға күресте туындайды. Орта сыныптарда ер балалар мен қыз балалар арасындағы шиеленістер жиі туындап тұрады. Шиеленіс екі-үш баланың сыныбына қарсы тұруынан туындауы да мүмкін, немесе бір баланың, түгел сыныбына қарсы тұруынан туындайды.

Лидер– топ үшін, өзі үшін мәнді жағдаяттарда топ мүшелерінің мінез-құлықтарына әсер ететін адам. Жауапты шешімді қабылдау құқығы топ мүшесі таныған, яғни, топтағы бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда орталық рөл атқаратын беделді тұлғаның үлесіне тиеді.

Ғалым психологтар О.Ситковская мен О.Михайловалардың психологиялық бақылауларынша, жеткіншектік шақтағы оқушылардың лидерлікке ұмтылуы, өзін-өзі көрсетудегі артықшылық, қатыгездік және аяусыздық қасиеттер тән келетіні анықталған. Әлемдік педагогикалық зерттеудің қорытындысында балалар өздерімен жастыларды құртуда, ересектерге қарағанда, әлде қайда қатал болатыны анықталған.

Жеткіншектердің бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуде мұғалімдердің жіберген қателіктерінен де дау–дамайлар туындайды келесі жағдайларда:

-мұғалімнің оқушылардың мінез-құлқын болжай білмеуінен;

-болжай білмеушілік жиі жоспарланған сабақтың бұзылуына әкеледі; -болған жағдайды дұрыс шешу үшін ақпараттың аз болуы;

-шиеленістік жағдайда басқа оқушылар куәгер болады, сондықтан мұғалім

өзінің әлеуметтік беделін сақтап қалу үшін шиеленістік жағдайды күрделендіре түседі;

-мұғалімдер оқушының қылығын емес, оның жеке тұлғасын бағалайды, ал

бұл жиі мұғалімдердің және құрдастарының оқушыға деген қатынасын нашарлатады;

-оқушының бағасы жиі оның біліміне емес,теріс қылығына байланысты

қойылады;

-жеткіншектердің жеке сапалық қасиеттері және сәйкессіз мінез-құлықтары жиі шиеленістің туындауына себеп болады;

-шиеленістің туындау себебіне мұғалімнің жеке тұлғалық сапасы да әсер

етеді (қозғыштық, дөрекілік, кекшілдік, өзімшілдік, көмексіздік және т.б);

-мұғалімнің оқушымен қатынасындағы көңіл күйін, педагогикалық

қабілеттерінің төмендігін, педагогикалық жұмысқа қызығушылығының аздығын, мұғалімнің өзінің жеке өмірінің нашарлығын және педагогикалық ұжымдағы ахуалдың жоқтығын жатқызуға болады.

Дау-дамайлардың шешілуі екі жолмен өтеді: констуктивті және диструктивті. Констуктивті шешілуі арқылы адамдар қателіктерін түсініп, дұрыс шешімге келеді. Диструктивті шешілген жағдайда адамдар бір біріне өшігіп, кек сақтап қалады да келесі бір жанжалдасқанда бәрін еске түсіреді, бұл шешілу жолы денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Дау-дамайларды шешуде қолданылатын әдістер: әзіл, комплимент айту, жылы сөз, назарларын екеуіне де маңызды мәселеге көңіл аударуға тырысу т. б.

Дау–дамайлардың шешілуінің төмендегідей жолдары кездеседі: еріксіз көндіру – зорлап өзінің шешімін мойындату, екінші вариант- конфронтация – қарсыласқан адамдар бір бірінің позициясын ескермейді, қабылдамайды, ызалану арта түседі. Үшінші : дау–дамайды шешуден бас тарту, бұл дау–дамай барысында туындаған қарама-қайшылықты шешуден қашу. Бұл әрекеттің жақсы жағы араға уақыт салу, ойлануға мүмкіндіктің пайда болуы. Тағы бір вариант:дау–дамайды жұмсарту- бұл әдіс дау–дамайды өршітпей, бәсеңдетеді. Кейбір жағдайда ұжымды қатыстыру, не үшінші адамның араласуы да мүмкін. Дау-дамайлардың шешілуінің дұрыс жолы – компромисс, екі жаққа да тиімді жолы.

Констуктивті шешілу жолы - адамдар қателіктерін түсініп, қателіктерін кешіріп, дұрыс шешімге келумен аяқталады. Дау-дамайлар оқушы мен мұғалім - дер арасында жағымсыз эмоциялар тудырып, балалар үшін психотравмалық жағдай тудырады. Үлкен дау-дамайлар мұғалімдер мен балалар арасында туын - дап үлкен үрей, кінә, қорқыныш, ыза тудырып денсаулықтарына үлкен зиян тигізеді.

Дау-дамайлардың алдын алу жолдарына байланысты ғалымдар төмендегі - дей жолдарын белгілеген :

- басқа адамды өзіңдей сыйлай білу;

- дау-дамайлардың шығу себебін, мақсатын анықтау;

– кек сақтамауға тырысу, жағымсыз эмоцияларды жинамау;

- дау-дамайға түскен адамдардың нені қажетсінетінін білу;

- бөтен адамның көзінше ескерту жасамау;

- өзіңнің жақсы қасиеттерін үлкейтіп, пікірің әр уақыта дұрыс деп санамау;

- басқа адамға құрметпен қарап сөйлей де, оны тыңдай да білу;

- өзінің жақсы жағынан көрсетуге ұмтылып, кемшілітерді жойюға тырысу;

- жолдасыңның қызығушылықтарымен санасу;

- кейбір жағдайларда шындықты білгеннен білмеген дұрыс; т.б.

Дау-дамайлардың туындауы адамның жеке қасиеттеріне байланысты болып келеді. Дау-дамайларды шешуде тура және жанама түрде шешетін әдістер қолданылады. Тура шешу әдістеріне жекелей әңгімелесу, ұжымдық талқылау жатады. Қарсыласқан адамға баға беруден бастарту керек, фактілер келтіру арқылы көз жеткізуге тырысу. Жанама түрде шешу әдістеріне: қарсыласына жағымсыз эмоцияларын сыртқа шығаруға мүмкіндік беру, тыңдай білу, кейбір жағдайда оларды жеке тыңдау, бірінің айтқанын қайталап айтуларын өтіну, немесе магнитофонға жазып алып оларға тыңдату т.б.



Дау –дамайлардың алдын алу жолдары:

1. Педагогикалық мәдениетті жетілдіру.

2. Балалар өмірін ынтымақтастық негізде ұйымдастыру.

3.Талап қойюды іс- әрекет арқылы бекіту.

4.Балалардың қызығушылықтарын ескеру.

Балаларды түсіне білу туралы пікір айтқандар: Д.Лешли, А. Рояк, Т. Юферова, С.Якобсон.

Мұғалімдердің балалармен конструктивті әрекет жасауына төмендегідей жағдайлар ықпал жасайды:

- әр жағдайда балалардың ерекшеліктерін ескеру;

- жаңа жағдайда жаңа шешім қабылдау;

- баланың талабын түсінуге тырысу;

- жағдайды өзгерту үшін араға уақыт салудың қажеттілігі;

- қарама-қайшылықтарды баланың дамуына ықпал жасайтын фактор деп түсіну;

-балаға деген қатынастың тұрақты болуы;

- бірнеше альтернативадан баланың өзі таңдауына мүмкіндік тудыру;

-балаға белгілі жағдайлардың негативті аяқталуын түсіндіру;

-үлкендердің, басқалардың үлгі-өнегесі.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Дау –дамайлар, дауласу, жанжалдасу деген не?

2. Дау–дамайлардың қандай түрлерін білесіз?

3. Дау–дамайлардың туу себептері туралы не білесіз?

4. Дау–дамайлардың шешілу жолдары қандай?

5. Дау –дамайлардың алдын алу жолдары туралы не білесіз?


16-шы дәріс Педагогикалық шығармашылық–оқушылардың дербестігін дамыту негізі.

1. Педагогикалық шығармашылық туралы түсінік, зерттеген ғалымдар.

2.Креативтіліктің жеке тұлғаның шығармашылық жетістіктерімен байланысы.

3. Педагогтың шығармашылық әрекеттеріне қойылатын талаптар.

4. Педагогикалық шығармашылық компоненттері.

Әдебиеттер:

1.Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орныдарына арналған оқулық. Екінш., толықт., түзет. және қайта өңд. бас./ Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова. – М.: Логос; Алматы: TST-company6 2005. – 438 б.

2.Андриади И.П.Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений.- М.: Издательский центр «Академия»,1999.-160с.

3.Вигман С.Л. Педагогика в вопросах и ответах. Учебное пособие-М.: Проспект, 2005.стр.55-57.

4.Оразбекова Ұ.Қ. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары,- Шоқан тағлымы-13,2том 256-259б.

5.Абдуллина Г., Бураханова А. Креативтілікті зерттеудің психологиялық мәселелері. //Қазақстан мектебі, №4,2007, 67-68 бет.

6.Нағымжанова Қ., Нұрғазиева Н. Шығармашылық әлеуетті ынталандыру және қалыптастыру. //Қазақстан мектебі, №4,2007, 69-72 бет.

7.Смаилова З.Тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту. //Қазақстан мектебі,№4, 2007, 27-30 бет.

8. Основы педагогического мастерства. Упражнения. Тесты. Советы начинающему педагогу. Учебно-методическое пособие/ Сост. Т.П. Смолькина. - Караганда, 2002.-88 стр.

Ғылымда шығармашылық туралы ұғым ХІХ-ХХ ғасырларда пайда болып, зерттеліне бастады. «Шығармашылық – тура мағынасында жаңалық ашу дегенді білдіреді». Ал С.Ожеговтың сөздігінде «Шығармашылық – материалдық және мәдени құндылықтар жасау» делінген. Шығармашылық тұлғаның жеке ерекшелігі, табиғи дарындылығы мен даналығының көрінісі, шығармашылық қабілеттердің деңгейлері. Ғылыми тұрғыда қарастырып зерттегендер: А.Брушлинский, А.Матюшкин, Я.Пономарев, С.Рубинштейн, Л.Выготский, Д.Богоявленская, Ю.Гильбух, М.Махмутов, т.б. Қазақстанда : М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Т.Тәжібаев, Т.Сабыровтың психологиялық еңбектерінде адамның жеке басының дамуы мен шығармашылығының әр түрлі аспектілері қарастырылады.

Шығармашылық қабілет әрбір адамда болады. Ол әсіресе балалық шақта, оның ойнауға, қиялдауға, бір нәрсені елестетуге тырысуы арқылы айқын көрінеді.



Шығармашылық- қоғамның түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын адамның түрлі сапалы материалдық, рухани құндылықтарын жасайтын әрекет жасау түрі. Ойлаудың жоғары түрі , бұрын белгілі болмаған тәсілдер арқылы шешілуі. «Шығармашылық» сөзінің этимологиясы «ойдан шығару», «ойланып табу» деген мағынаны білдіреді. Шығармашылық деген адамның белсенділігі мен дербестігінің және қиял-ойын іске асырудың жоғары формасы дегенді ұғындырады. Мұғалімнің өмірінде каздесетін түрлі жағдайлардың дұрыс шешімін табудың дайын рецепті жоқ.

Отандық белгілі психолог Қ.Жарықбаев шығармашыл тұлға туралы былай дейді: «Басқалардан көмек күтпей, мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам – шығармашыл ойдың иесі».

Б.Тұрғынбаева өзінің монографиялық еңбегінде «Шығармашылық – мәселелік сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті дейді.

Д.Богоявленская, А.Брушлинский, Я.Пономарев, Н.Кузьмина, А.Матюшкин, Ю.Калюткин, Г.Сухобская, т.б. ғалымдардың еңбектерін талдай отырып, шығармашылық әлеуетке төмендегідей анықтама берілген: «Бұл тұлғаның жаңа жағдайға сәйкес әрекет тәсілін өзгерте алуға негіз болатын білім, білік, дағдылары; әрекеттің нәтижесін айқындайтын жаңалық, қайталанбастық; тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға әкелетін өнертапқыштық, елес, сыни ойлау, жаңалыққа деген ашықтық сияқты жеке қасиеттерінің жүйесі».

В.Давыдовтың «тұлға – белгілі бір педагогикалық шығармашылық әлеуетке ие адам» деген пікірі маңызды. Осы пікір Ю. Калюткиннің зерттеулерінде де көрініс тапқан. Ол оны шығармашылықты нәтижеге жету үрдісі ретінде қарастырады, яғни тұлға өзінің әлеуметтік күштері мен қабілеттерін нығайтып жүзеге асыра алуы дейді.

Т.Браже және басқа да зерттеушілердің ойынша, мұғалімнің шығармашылық әлеуеті педагогикалық әрекетін реттеп құрылатын білім, білік жүйесіне негізделеді деген. Сонымен қатар жаңа сезімдердің дамуы жаңалықтарға жақын тұрып жоғары деңгейде ойлаудан құрылады.

Бірқатар ғалымдар тұлғаның шығармашылық әлеуеті адамның шығармашылық өзін-өзі дамуына қажеттілікті қамтамасыз ететін тұлғаның табиғи және әлеуметтік күштің біріктірілген біртұтастылығы деген.

Тек шығармашылық қабілетке ие болғанда ғана ондай шешім қабылдауға мүмкіндік болады. «Шығармашылық», « қабілет» деген түсінік пен тығыз байланысты.

Т.Тәжібаев «қабілет- іс -әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті»-деп түсінік береді. А.Я.Понамарев « даму» деген ұғым мен байланысын көрсетеді. Оған биологиялық, әлеуметтік, бала белсендігі деген факторлар әсерін тигізеді деп көрсеткен. Шығармашылық қабілет индивидтің ойлау қабілетінен, олардың еңбек әрекетінен, өнер туындыларынан және материалдық жан дүние әрекетінен көрінеді.

ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап ағылшын-американдық психологияда креативтілікті зерттеу кеңінен қолданыла бастады. Креативтіліктің анықталуына дәстүрлі интеллект тестері мен мәселелік жағдайларды шешу арасындағы хабарлардың жеткіліксіз болуы себеп болды. Креативтілікті тұлғаның шығармашылық жетістіктерімен байланыстырады. Креативтілік қазіргі кезде көптеген психологтардың кең түрде зерттеп жатқан мәселелерінің бірі. Креативтілік шығармашылық жетістіктермен байланысты, бірақ, ол әлі де толық дәлелденбеген.



Креативтілік сөзі – латынша жасау, адамның шығармашылық дарын деңгейі, шығармашылық қабілеті дегенді білдіреді.

Философиялық сөздікте «креативтілік» - «ойлап табу, жасап шығару» делінген. Ойлап табу қабілеттілігі – мәселе мен жағдайды жаңа өзгеше көзқараспен қарайтын шығармашылық қабілет.

Креативтілікті зерттеу екі бағытта жүреді. Бірінші бағыт – креативтілік интеллектпен байланысты ма және танымдық үрдістермен алмастырыла ма деген сұрақа жауап іздесе, екінші бағыт – жеке тұлға пссихологиялық ерекшеліктерімен қоса креативтілік аспектісі бола ма және жекелік, мотивациялық белгілерімен беріледі ме деген сұрақтармен айналысады.

Дж. Гилфорд және оның қызметтестері 1954 жылдан бастап креативтілікті білдіретін 16 түрлі интеллект қабілеттерді анықтаған. Оларға ойлаудың жылдамдығы, бейімделгіштігі, нақтылығы, сезімталдығы, қиялшылдығы кіреді. Гилфорд бұлардың барлығын «дивергентті ойлау» деп атады. Олар мәселе анықталған кезде ғана пайда болады.



Конвергентті ойлау адамға көптеген міндеттерді шешуде бір ғана дұрыс шешімін табуда қажет болады. Дегенмен, нақты шешімі бір ғана емес, бірнеше болуы да мүмкін, бірақ шешім көптігі шектеулі болады. Дж. Гилфорд конвер- гентті ойлауға қабілетті интеллектімен, яғни, жоғары өлшемді тестермен (IQ) өлшеу мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.

Интеллектіні зерттеушілер шығармашылық қабілеттер мен интеллектінің байланысын зерттеп, дәлелдеуге тырысқан.

Шығармашылық қабілеттер мен интеллектінің айырмашылығын байқаған Л. Терстоун болды. Шығармашылық шешім мәселені шешу үстінде емес, дәл назар аударғаннан кейін пайда болады деген.

Дж. Гилфорд креативтіліктің төрт маңызды көрсеткішін берді:

- төтенділік – алыс ассоциацияларды қамтамасыз ету қабілеттілігі, ерекше бөлек жауап қайтару;

- семантикалық қабілеттілік – объективті қызметін айқындап, жаңа қолда- ныс ұсыну;

- бейнелі бейімделу қолайлығы – форманы қолдануға қажетті жаңа белгілерін байқау үшін стимул өзгерту;

- семантикалық спонтанды қолайлылық - әр түрлі жағдайда түрлі идея-ларды ойлап табу.

Жалпы интеллект креативтілік құрамына енбейді. Кейінірек Дж. Гилфорд креативтіліктің алты параметрін көрсеткен:


  • мәселені қою және байқау қабілеттілігі;

  • көп идеялар табу қабілеттілігі;

  • бейімділік қабілеттілік - әр түрлі идеяларды іске асыру;

  • төтендік қабілеттілік – дәстүрден тыс жауап беру;

  • нысанды бөлшектер қосып жетілдіру;

  • мәселені шеше білу қабілеттілігі, яғни талдау мен жинақтау

қабілеттілігі.

Осы теоретикалық талдау негізінде Дж. Гилфордтың қабілеттерді тестілеуде жасаған бағдарламасы (ARP) өнімді дивергенттіктің ерекшелігін көрсетеді.

Креативтілік сипаттамасы белгілі бір өнімді немесе кәсіби іс-әрекет пайда болатын психологиялық белгілер кешенінен тұрады. Дж. Гилфорд әр түрлі қабілеттерді креативтіліктің элементтері ретінде қарайды. Әсіресе, білім бері жүйесінде тек нәтиже алу ғана емес, оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі шығармашылықты басқару мен ұйымдастыру барысында тұлғаның шығар-машылық әлеуеті және тұтас креативтілік дамуы керек екенін көрсетті.

Г.Глотова, А.Лук қабілеттің алты типін көрсетеді:

-мәселенің шешімін табудағы қырағылық, сөйлеу жылдамдығы, идеяны оңай іске асыру, икемділік, ассоциацияның ерекшелігі;

-шетелдік және отандық кейбір зерттеушілер «креативтілік» пен «шығармашылық әлеует» ұғымын тұлғаның мінезі мен ерекше қасиеттері тұрғысынан бірдей мағынанада қолданады дегендер: М.Бернштейн, Е.Евладов, Я,Пономорев, К.Роджерс, Р.Тафель, Е.Торренс және т.б.

-шығармашылық әрекетке деген ойлаудың белгілі бір деңгейі деп есептегендер: Д.Богоявленская, А.Брушлинский, О.Тихомиров.

Г.Глотова мен Л.Симсонның пікірінше, талдау жасалынған ұғымдарды бірдей деп есептеуге болмайды. «Шығармашылық әлеует» ұғымын Г.Глотова әлі анықталмаған және көкейкесті бола қоймаған әлуетті креативтілік ретінде анықтайды.

Интеллектуалды белсенділіктің жоғары деңгеі – креативтілік, яғни, нақты жағдаяттың аясынан шыға білу қабілеттілігі. Қандай да бір заңдылықты тапқан соң осы жетістікпен тоқталып қана қоймай, «Бұның артында не тұр?» деп қазбалап, анықтауға тырысады.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет