Азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына


Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар



бет2/3
Дата09.05.2023
өлшемі1,05 Mb.
#176293
1   2   3
Байланысты:
Экзамен жауап
7 daris. kurdeli kond rg n bzh
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар:

  1. Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын

  2. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның максатымен бір-бірімен сәйкес болуы қажет.

  3. Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.

  4. Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болсын.

  5. Тәрбиелік шараларды атқаруда колданылатын әдістер бір сарынды емес, әр тарапта және әр жақты болуын ескеру керек.

10. Тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы:
Сыныптағы тәрбие жұмысының жоспарының құрылымы:
1.сынып ұжымдарына мінездеме.
2.тәрбие міндеттері.
3сынып ұжымдарының жұмыс бағыттарын олардың өткізілу мерзімі, көрсетілген жоспар кесте.
4.ата – аналардың жұмыс мазмұны.
5.Оқушылардың жеке жұмыс мазмұны.
Жоспар ол арнайы мұғалім күнделігіне жазылады,яғни ол жәй жоспар емес,нақты оқулық,не болмаса ақпараттарға сүйеніп жазылатын құжат.Ол құжат 1 тоқсанға(семестрге),немесе толық бір оқу жылына жазылады.
11. Сынып сағатын ұйымдастыру жолдары және оған қойылатын талаптар:
І.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптарын таңдау.
Мысалы,мұғалім 5 сынып оқушыларына сынып сағатын өткізуі қажет,бұл жағдайда өткізілетін сынып сағатының тақырыбы 11жастағы 5 сынып оқушыларына сай тақырып болуы керек.
II.. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу. Ол үшін психологиялық тренингтер өткізу.
Әр баланың психикасы әртүрлі,бірі мұғалім сөзін жетік түсінсе,екінші бала мүлде түсінбеуі мүмкін сол үшін әр балаға подход(қазақшасын білмим) жасай отырып,психикасымен жұмыс жасау керек.
ІІІ. Сынып сағаттарының мақсаттары қол жетімді «SMART» (ақылды) болуы шарт
. 12. Сендіру, оның тәрбие процесіндегі рөлі
Сендіру (Иландыру) — бір адамның мағынасыз түрде басқа адамның психологиясы мен қылығын белгілі дәрежеге өзгерту. Сендіру адамда қажетті қасиеттерді дамыту мақсатында, оның санасына, еркіне және сезіміне жан-жақты әсер ету.
Сендіру - 1) адамның өз көзқарасын өзгелерге қабылдатуға бағытталған іс- әрекеті. Сендіру адамның танымдық, сезімдік және ерік қасиеттерінің деңгейіне тікелей тәуелді; 

  • 2) бір нәрсеге сенімділік;

  • 3) Баланың сана, сезім, тәжірибесіне бағытталған тәлімдік әсер әдісі;

  • 4) ақпараттық қабылдаудың белгілі бір кезеңі.

13. Оқушылырды сендірудің формалары мен әдістері






14. Оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары



15. Оқушылар ұжымының өзін-өзі басқару жұмыстары


Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу болып табылады.
Ұйымдастырылатын шаралардың негізгі бағыттары спорт, әлеуметтік жұмыс, мәдени, жауапкершілікті арттыруға, тұтынушылық қатынас жоюға негізделген. Ұйым құрамындағы әрбір оқушы өз бағытының үздігі. Жұмыс жасау барысында біз оқушылардың мүдделерін қорғап, ойларын ескереміз. Мектеп өмірінің қызықты, әрі әсерлі өтуі өзін- өзі басқару ұйымының белсенді жұмыс жасауына тікелей байланыста. 
16. «Болашақ» ерікті оқушылар ұйымының ережесі
Жастардың білім,білік дағдыларын қоғамдық іске бейімдейтін,шығармашылық қабілеттерін дамытатын қоғамдық ұйымдардың бірі-“Болашақ”балалар ерікті ұйымы.Бұл ұйым ережесін Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім академиясының этнопедагогика,тәрбие теориясы мен әдістемесі лабораториясы қызметкерлері даярлаған.
”Болашақ”Ерікті оқушылар ұйымы мектеп оқушыларын жастайынан қоғамдық істерге бейім,өнер мен спортты,білімді,өнегелі,өсиетті,бизнесті сүйетін ,жан-жақты жетілген,іскер азамат тәрбиелеуді көздейтін ерікті ұйым.Бұл ұйымның мүшелері ізгілік,қайырымдылық,шыншылдық,адалдық,әділдік,іскерлік,қажырлық сияқты жоғары адамгершілік қасиеттерді өз бойларына сіңіруге аянбай еңбек етеді. Ұйымның басты міндеті-оқушыларды егеменді Қазақстан мемлекетінің мүддесін қорғай алатын,адал да әділетті,іскер де белсенді қайраткер етіп шығару.Сөйтіп,оқушы жастардың шығармашылық іс-әекеттерін жеке басының қабілеті мен қасиеттерін жетілдіруге саяси көзқарыстарын қалыптастырып,өмірге белсенді түрде араласуға,Отанның қауіпсіздігін қорғай білуге,салауатты өмір сүруге дайын,рухани байлығы молайған азамат даярлау.Ұйым оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін-өзі басқаруға ,жеке тұлға ретінде дамуына ерекше көңіл бөліп,бірнеше бағытта тәрбие жұмысын жүргізеді. Сол мақсатта жергілікті мүмкіндіктерді пайдалана отырып,мектеп мұғалімдері мен ата-аналар қауымының қолдауына сүйеніп,демократиялық негізде белсене қоғамдық істер атқаратын болады.Сөйтіп, бүгінгі оқушы жастардың келешек биснесмендердің,өндіріс басшыларының,халық депутаттарының әскери және сапяси қоғам қайраткерлерінің шығуына мүмкіндік туғызады.
17. Балалар ұжымдарының түрлері
Балалар ұжымы – әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі. Ұжымның мәні.
Әрбір ұжым- топ, бірақ топ ұжым бола алмайды, Ол контактілі және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактілі ұжым- ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі топ — бұл контактілі ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактілі ұжым- бұл студенттер тобы, ал негізгі ұжым- факультет,т.б.
Оқушылар ұжымын қалыптастыру мен нығайтуда аса маңызды мәселелердің бірі — ұжым алдындағы мақсатты- перспективаны таңдау. Оны үшке бөліп қарастыруға болады:
1) Жақын перспектива — бұл күнделікті өмірде пайданылатын жеке адамды әр түрлі іс- әрекетке ынталандыру, қызықтыру.Оған жарыс, саяхат, т.б. жатады.
2) Орта перспектива — бұл перспективаға жыл сайын өткізілетін көрмелерге, сайыстарға қатысу, лагерге бару, т. жатады.
3) Қашық перспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты.Оған келешекте білім алу, мамандық таңдау, т.б. жатады. Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалім оны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білуі, екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық деңгейін есепке ала білуі керек.
А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетеді:
1.Ұжым тәрбиенің мақсаты мен объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды;
2.Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді;
3.Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі;
4.Ұжымның өзін¬-өзі басқару органдары мен органдары – ұйымдастырушылары болады,
Балаларды ұжымда біріктірудің негізгі көзі – ортақ мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс –әрекеттің болуы.
18. Оқушыларды тәрбиелеудегі халықтық тәрбиенің мәні
Халық педагогикасы — халықтың сан ғасырлық рухани байлығы. Ол халықтық тәрбиенің эмпирикалық білім, білігі мен сана-сезімінің жиынтығы. Онда халықтың бала тәрбиесіндегі сан ғасыр бойы жинақталған озық ой-пікірінің, тәлім-тәрбиесінің тұтас көрінісі қорытылып көпшілік қауымға ұсынылған. Дана халқымыз иманды, еңбекқор, білімді ұрпақ өсіру үшін ауыз әдебиетінің алуан түрлі асылдарын жасады, салт-дәстүрін қалыптастырды. Ақыл мен дарыннан туған ауыз әдебиеті мен ұлттық тәжірибелерден қалыптасқан салт-дәстүрлерді халық педагогикасы дейміз. Ұлы Аристотель «тәлімтәрбиенің негізі – халық тәжірибесінде» деп көрсеткен еді. Қай заманда болмасын, ұрпақ тәрбиесі маңызды мәселе. Халық педагогикасың құрымды бөліктеріне қазақтың ұлттық ойындары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауызша есеп, т.б ерте заманнан бастап баланың ой-өрісін, зеректігін дамыту үшін тәрбие құралы ретінде қолданылып келеді. Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлық тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың өзіндік салт- сана мен әдет-ғұрып дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді.  Рухани байлықтың негізі тұлғаның халық педагогикасы туындыларын, халық білімі мен ілімін, салт-дәстүрлерін меңгерту барысында, оның ұлттық реңкін, нақышын сезіну барысында қалыптасады. Нәтижесінде бұның бәрі тұлғаның ұлттық санасының, ұлттық патриоттық, интернационалдық сезімінің дұрыс жетілуіне септігін тигізеді. Халық педагогикасы осы мақсаттарды жүзеге асыруда мынадай міндеттердің шешімін іздестіреді:
•Баланы еңбекке ерте жастан баулу;
•Ақыл-ойын дамыту;
•Танымдық қабілетін жетілдіру;
•Ұлттық санасын, моральдық ерік-жігерін қалыптастыру;
•Денсаулығын сақтауға дағдыландыру;
•Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
•Ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
•Ата-баба дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, әдебиеті мен мәдениетін меңгерту;
•Көркемдік-эстетикалық талғамын дамыту;
•Шыққан тегін, руын, жеті атасын үйрету және т.б 
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Оқушыларды рухани — адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа — адамгершілік — рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата — ана үлгісі», — деп Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз — өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.
19. Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет