Азаматтық қорғаныс туралы



бет13/14
Дата17.04.2017
өлшемі2,33 Mb.
#14034
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

              есептен шығару

 

      1. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын ұйым басшысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді.


      2. Өтініште есепке қою немесе есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны сәйкестендіру негіздері көрсетіледі.
      3. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару туралы хабарлама беріліп, өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қойған, есептен шығарған кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу журналында және қауіпті техникалық құрылғының паспортында тиісті жазба жасалады.

 

      78-бап. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға,


              кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға,
              консервациялауға және жоюға арналған жобалау
              құжаттамасын келісу

 

      1. Екі және одан көп облыстардың шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні, сондай-ақ стратегиялық объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келісіледі.


      Өзге де қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторымен немесе оның орынбасарларымен келісіледі.
      2. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысы жобалау құжаттамасын келісу үшін:
      1) жобалау құжаттамасын келісуге жіберу туралы өтінішті;
      2) жобалау құжаттамасының көшірмесін;
      3) жобалау құжаттамасының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының түпнұсқасын ұсынады.
      3. Жобалау құжаттамасына келісу туралы оң шешім немесе оны келісуден дәлелді бас тарту құжаттар толық көлемде берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өтініш берушіге жіберіледі.
      4. Жобалау құжаттамасына өзгерістер енгізілген кезде қайталама келісуді жүргізу міндетті.

 

      79-бап. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердің және


              өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі
              өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін
              даярлау, қайта даярлау

 

      1. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердің мамандарын, жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлауды, қайта даярлауды қамтамасыз ету қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың басшыларына жүктеледі.


      Қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарға тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлауды, қайта даярлауды қамтамасыз ету осы ұйымдардың басшыларына жүктеледі.
      Даярлау, қайта даярлау оқытуды жүргізу және білімін кейіннен тексеру (емтихандар) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерiн оқыту және білімін тексеру (емтихандар) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығын беретін аттестаты болған кезде қауіпті өндірістік объектінің немесе оқу ұйымының оқу орталығында жүргізіледі.
      3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау құқығына аттестатталған ұйымдар оқытуды жүргізу үшін оқу жоспарын және жұмыскерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына оқыту бағдарламасын әзірлейді, бұларды өздерінің басшысы бекітеді.
      4. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, қауіпті өндірістік объектілерге жұмысқа кіретін, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы техникалық басшылар, мамандар және жұмыскерлер:
      1) қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты лауазымды адамдар, сондай-ақ олардағы жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер – он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, жыл сайын;
      2) техникалық басшылар, мамандар және инженерлік-техникалық жұмыскерлер – қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, үш жылда бір рет даярлауға жатады.
      5. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы техникалық басшылар, мамандар және жұмыскерлер он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытылып, мынадай жағдайларда:
      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілері қолданысқа енгізілген кезде немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейтін Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде;
      2) егер жаңа міндеттер басшыдан немесе маманнан қауіпсіздік бойынша қосымша білімді талап ететін болса, лауазымға тағайындалған кезде немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде;
      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылған кезде;
      4) жаңа жабдықты пайдалануға берген немесе жаңа технологиялық процестерді енгізген кезде;
      5) уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын жеткілікті түрде білмейтінін анықтаған кезде олардың талабы бойынша қайта даярлануға жатады.
      6. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарының, жұмыскерлерiнің білімін тексеруді (емтихандарды) ұйымдастыруды және өткізуді өздерінің басшылары бекітілген графиктерге сәйкес қамтамасыз етеді. Білімі тексерілуге жататын адамдар графикпен танысуға тиіс.
      7. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдаланатын ұйымдардың, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардың, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардың мамандарының, жұмыскерлерінің білімін тексеруді жүргізу үшін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым немесе оқу ұйымы басшысының бұйрығымен (өкімімен) тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары құрылады, оларды қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымның оқу орталығының немесе оқу ұйымының басшысы немесе басшының орынбасары басқарады.
      8. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен үш жылда бір рет емтихан тапсырады.
      Өзге де заңды тұлғалардың басшылары және тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының немесе оның орынбасарының төрағалық етуімен уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің комиссиясына үш жылда бір рет емтихан тапсырады.
      9. Құрамы үш адамнан кем емтихан комиссиясының білімді тексеруіне жол берілмейді.
      10. Емтихан билеттерін және (немесе) тестілеудің электрондық бағдарламаларын оқу ұйымдары әзірлейді және оны өздерінің басшылары бекітеді.
      11. Бiлiмдi тексеру нәтижелерi хаттамалармен ресiмделедi. Бiлiмдi тексеру хаттамалары білімді кезекті тексергенге дейін сақталады.
      12. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қолы қойған уәкілетті орган белгілеген бірыңғай үлгідегі куәлiк беріледi.
      13. Куәлiк онда көрсетiлген мерзiмдер кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында жарамды.
      14. Емтихан тапсырмаған адамдар бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде білімін қайта тексеруден өтеді.
      15. Емтиханды тапсырмаған адамдар жұмысқа жiберiлмейдi.
      16. Мерзiмi өткен куәлiгі бар адамдар жұмысқа жiберiлгеннен кейiн бiр ай iшiнде емтихан тапсыруға тиiс.
      17. Оқытуды ұйымдастыру жөніндегі, оның ішінде емтихан комиссиясы мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдарға, қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдарға, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдарға жүктеледі.

 

      80-бап. Аварияларды жою жоспары



 

      1. Қауіпті өндірістік объектіде аварияларды жою жоспары әзірленеді.


      2. Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару жөніндегі іс-шаралар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшыларының және жұмыскерлерінің іс-қимылы көзделеді.
      3. Аварияларды жою жоспарында:
      1) жедел бөлім;
      2) аварияларды жоюға қатысатын жұмыскерлер арасында міндеттерді бөлу, іс-қимылдардың дәйектілігі;
      3) авария болған жағдайда құлақтандырылатын және оны жоюға қатысатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімі қамтылады.
      4. Аварияларды жою жоспарын ұйым басшысы бекітеді және ол кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және (немесе) құралымдарымен келісіледі.

 

      81-бап. Оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар



 

      1. Қауіпті өндірістік объектіде ұйым басшысы бекіткен жоспар бойынша оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар жүргізіледі.


      Ұйым оқу дабылдарын және аварияларға қарсы жаттығулар өткізу туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жазбаша хабар береді.
      2. Оқу дабылы мен аварияға қарсы жаттығуды ұйым басшысы уәкілетті органның аумақтың бөлімшесінің және кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының өкілдерімен бірлесіп өткізеді.
      3. Оқу дабылының, аварияға қарсы жаттығудың қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйым басшысына жүктеледі.

 

   15-тарау. ҚАУІПТІ ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДЕГІ ОҚЫС ОҚИҒАЛАРДЫ,


АВАРИЯЛАРДЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ

 

      82-бап. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануды жүзеге


              асыратын ұйымның оқыс оқиға, авария кезіндегі
              іс-қимылы

 

      1. Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдалануды жүзеге асыратын ұйым оқыс оқиға кезінде:


      1) қауіпті өндірістік факторлар туындағаны және болған оқыс оқиға туралы жұмыскерлерге, төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға дереу хабар береді;
      2) бір тәулiк iшiнде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне хабар береді;
      3) оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді жүргiзедi;
      4) оқыс оқиғаларды болғызбау жөнiндегiiс-шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      5) болған оқыс оқиғаларды есепке алуды жүргiзедi.
      2. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануды жүзеге асыратын ұйым авария кезінде:
      1) болған авария туралы объектіге қызмет көрсететін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға, ал қауіпті өндірістік факторлар туындаған кезде - төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа және жұмыскерлерге дереу хабар береді;
      2) аварияны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияға өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру үшін қажеттi барлық ақпаратты береді;
      3) комиссия жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн iс-шараларды жүзеге асырады.

 

      83-бап. Аварияларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия



 

      1. Қауіпті өндірістік объектідегі аварияны, авария салдарынан болған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі өкілінің төрағалық етуімен комиссия жүргізеді.


      Қауіпті өндірістік объектідегі бестен көп адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиға болған аварияны тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік комиссия жүргізеді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қауіпті өндірістік объектідегі аварияны тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны өзге де негіздер бойынша да құруға құқылы.
      2. Қауіпті өндірістік объектідегі аварияны және авария салдарынан болған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым басшысы, жергілікті атқарушы органның өкілі және кәсіби авариялық-құтқару қызметінің немесе құралымының өкілі кіреді.

 

      84-бап. Аварияны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның


              құқықтары

 

      1. Аварияны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының аварияны тергеп-тексеруге қатысты мәселелер бойынша сараптама тағайындауға құқығы бар.


      2. Сараптама комиссиясы аварияны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының өкiмiмен тағайындалады. Сараптама қорытындысын талап ететiн мәселелер жазбаша нысанда қойылады. Барлық мүшелер қол қойған сараптама комиссиясының материалдары аварияны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияға комиссия төрағасы белгiлеген мерзiмдерде ұсынылады.
      3. Аварияны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның тергеп-тексеру барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды адамдардан және басқа да адамдардан жазбаша және ауызша түсiнiктемелер алуға құқығы бар.

 

      85-бап. Аварияны тергеп-тексерудің мiндеттерi



 

      Аварияны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия тергеп-тексеру барысында аварияның алдында болған мән-жайларды анықтайды, оның себептерiн, техникалық құрылғыларды пайдалану шарттарының, технологиялық процестердiң бұзылу сипатын, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуын анықтайды, мұндай авариялардың салдарларын жою және оларды болғызбау жөнiндегі iс-шараларды, авариядан келтірілген материалдық нұқсанды айқындайды.

 

      86-бап. Аварияны тергеп-тексеру материалдары



 

      1. Аварияны тергеп-тексеру материалдарына:


      1) аварияны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны тағайындау туралы құқықтық акт;
      2) аварияны тергеп-тексеру актiсi, оған:
      авария орнын қарап тексеру хаттамасы, жоспарлар, схемалар, фотосуреттер;
      авария орнының нобайлары;
      комиссия төрағасының сараптамалар тағайындау туралы өкiмi және аварияны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия шығарған басқа да өкiмдер;
      сараптама комиссиясының авария себептерi туралы қорытындысы, зертханалық және басқа зерттеулердiң, эксперименттердің, талдаулардың нәтижелерi қоса берiледi;
      3) кәсіби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары жұмыскерлерінің, егер олар аварияны жою үшiн шақырылған болса, баянхаттары;
      4) аварияға қатысы бар адамдарға, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдарға сауал қою және түсініктеме алу хаттамалары;
      5) қызмет көрсететiн персоналды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк бойынша оқыту туралы, оның бiлiмiн тексеру жөніндегі, нұсқамадан өтуі туралы анықтамалар;
      6) аварияның мән-жайлары мен себептерiн сипаттайтын басқа да материалдар кіреді.
      2. Аварияны тергеп-тексеру материалдарын ресімдеуге техникалық жәрдемдесу қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымға жүктеледі. Аварияны тергеп-тексеру материалдары аварияны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны тағайындаған органға дереу жiберiледі.

 

      87-бап. Аварияны тергеп-тексеру қорытындылары



 

      1. Аварияны тергеп-тексерудің нәтижелерi бойынша қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым күнтізбелік он күн ішінде бұйрық шығарады.


      Бұйрықта аварияның мән-жайлары мен себептерi туралы комиссияның тұжырымдары жариялануға, оның салдарын жою жөніндегі шаралар, сондай-ақ мұндай авариялардың алдын алу және жұмыскерлерді жауапқа тарту жөнiндегi шаралар белгiленуге тиiс.
      2. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым аварияларды тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша ұсынылған iс-шаралардың орындалу мерзiмдерi туралы жазбаша ақпаратты уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне береді.
      3. Егер авария техникалық құрылғылардың конструкциялық ақауларынан болған болса, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым оны дайындаушыға рекламация, ал уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне оның көшiрмесiн жiбередi.

 

      88-бап. Аварияны тергеп-тексеру бойынша шығыстар



 

      Аварияны тергеп-тексеруге байланысты барлық шығыстарды қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым көтереді.

 

   7-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВ



 

   16-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

      89-бап. Мемлекеттiк резерв жүйесi



 

      Мемлекеттiк резерв жүйесiн уәкiлеттi орган, мемлекеттік резерв саласындағы құрылымдық бөлімше және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары құрады.

 

      90-бап. Мемлекеттiк резервтiң мақсаты



 

      Мемлекеттiк резерв:


      1) жұмылдыру мұқтаждарын қамтамасыз ету;
      2) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау;
      3) нарыққа реттеушiлiк ықпал ету;
      4) босқындарға көмек көрсету;
      5) гуманитарлық көмек көрсету мақсатында құрылады және пайдаланылады.

 

      91-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының


              құқықтық мәртебесi

 

      1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының запастары, олардың сақталу орнына қарамастан, республикалық меншiк болып табылады.


      2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары орналастырылған сақтау пункттеріне және (немесе) объектілеріне шетел қатысатын ұйымдардың құқықтарымен болжамды ауыртпалық түскен жағдайда, материалдық құндылықтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құпиялылық режимі сақтала отырып, басқа сақтау пункттеріне орналастырылады.

 

      92-бап. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды


              қоюға тапсырыстарды орналастыру

 

      1. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды қоюға тапсырыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен өнім берушілер арасында орналастырылады.


      2. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтарды қоюға уәкiлеттi орган тапсырыс берушi болады.
      3. Мемлекеттiк резервке қойылатын материалдық құндылықтар бүкiл сақталу мерзiмiнде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
      4. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы әзірлейді.

 

      93-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын


              орналастыру

 

      1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында және мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiнде сақталады.


      2. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар сақтауға берiлген мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуына жауапты болады.
      3. Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесі, осы құндылықтардың номенклатурасы мен сақтау көлемі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті кезеңге арналған тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жоспарымен айқындалады.
      4. Жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жұмылдыру тапсырыстарына сәйкес қалыптастыруды, орналастыруды, сақтауды, олардың орнын ауыстыруды, уақтылы жаңартылуын, сондай-ақ оларды өткізу кезінде босатуды қамтамасыз етуге міндетті.
      Кейіннен өздерінен жұмылдыру тапсырыстары алынған және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары броньнан шығарылған жағдайда, оларды сақтау мемелекеттік резервтен толық шығарылғанға дейін жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттің резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және олардың қозғалысы туралы есептер береді.
      6. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар өздерінің бейіні өзгерген, қайта ұйымдастырылған, жекешелендірілген не таратылған жағдайларда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган мен тиісті орталық атқарушы органдарды хабардар етеді.

 

   17-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВТІ ПАЙДАЛАНУ



 

      94-бап. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды


              пайдалану негiздерi және шығару тәртiбi

 

      1. Мемлекеттiк резервтi жұмылдыру мұқтаждары үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың тиісті жоспарлары негiзiнде жүзеге асырылады.


      2. Мемлекеттік резервті нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар қолдану үшін пайдалану уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды шығару:
      1) оларды жаңартуға байланысты;
      2) қарызға беру тәртiбiмен;
      3) броньнан шығару тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртiбiмен шығарған кезде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiк беруi міндетті шарт болып табылады.
      6. Егер материалдық құндылықтарды алушының:
      1) бюджет алдында берешегі болған;
      2) өзі бұрын алған мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын қайтармаған;
      3) банкроттық сатысында тұрған жағдайларда, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары қарызға беру тәртiбiмен шығарыла алмайды.
      7. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртiбiмен шығарған кезде уәкiлеттi орган алушымен шарт (келiсiмшарт) жасасады.
      8. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығарған кезде алушы қарызға беру шартының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кепіл салым бағасы жалпы сомасының үш пайызының ақысын төлейді.
      9. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен шығару, оларды төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету, гуманитарлық көмек көрсету, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін шығару жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
      10. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттiк резерв тауарларын сатып алуы уәкiлеттi органда немесе мемлекеттік резерв саласындағы оның құрылымдық бөлімшесінде жүргiзiледi.
      11. Материалдық құндылықтарды броньнан шығару тәртiбiмен шығару – номенклатурасы өзгерген және кәдеге жаратылған (жойылған) жағдайларда кейіннен салынбай, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін - кейіннен салына отырып жүзеге асырылады.
      12. Материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығарған кезде оларды өткізуден алынған қаражат шарт орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бюджет есебіне жатқызылуға жатады.
      13. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шараларды қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету кезiнде пайдаланылған мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.
      Гуманитарлық көмекті жеткізу және оны беру бойынша шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады.

 

      95-бап. Нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшiн мемлекеттiк


Каталог: images -> stories
stories -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
stories -> Исатай Кенжалиев
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
stories -> Емтихан сұРАҚтары
stories -> Бағдарламасы Тақырыбы: «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері»
stories -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
stories -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Ақ Жайықтың Хамзасы
stories -> С. торайғыров атындағы павлодар
stories -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет