Қазақстан ислам мәдениеті мұсылмандары мен білімін діни басқармасы қолдау қоры тәлімгер тағылымы



бет7/14
Дата23.01.2020
өлшемі395,81 Kb.
#56379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
ТӘЛІМГЕР ТАҒЫЛЫМЫ

Тәуекел туралы бөлім


Шәкірт білім жолында тәуекелге бел бууы қажет. Ризық мәселесі оның уайымы болмауы тиіс. Ондай нәрсе ойын мазаламағаны жөн.

Әбу Жағфар риуаят етеді: Әбу Ханифа (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.) сахабасы Абдулла ибн Хасан әзЗубайдиден (р.а.) риуаят етеді: «Кімде-кім Алла дінінде білім үйренсе (фиқһ үйренсе), Алла тағала уайымын сейілтіп, ойламаған жерден ризығын береді». Өйткені кімнің ойын ішіп-жейтін тамағы мен киетін киім-кешегі мазалайтын болса, көркем мінез бен биік мақсаттарды бағындыруға уақыты қалмайды. Сондай көркем мінездерді аңсама, Сапар шекпе, жата бергін үйіңде.

Өйткені сен мұқтажсың ғой қаншама,

Ішер тамақ, және киер киімге, – делінеді бір өлеңде.

(Бұл өлеңде ақын тілдесіп тұрған адамын мазақ етіп, мұқатып, «сенің көркем мінез бен жақсы қасиет иеленуге шамаң жетпейді. Өйткені ойың тамақ табу мен киім-кешек қамымен шектелген» деп тұр. Кітап авторы осы өлең жолдарын келтіре отырып, кімнің ойын ішіп-жейтін тамағы мен киетін киім-кешегі мазалайтын болса, көркем мінез бен биік мақсаттарды бағындыруға уақыты қалмайды, деген ойын жеткізуде).

Бір кісі Мансур әл-Халлажға: «Маған насихат айтыңызшы?», – дейді. Ол: «Нәпсіңмен айналыс. Егер нәпсіңді шаруа басты етпесең, ол сені шаруа басты етеді», – деп жауап берген екен.

Әрбір адам нәпсінің айдауында жүрмеуі үшін нәпсісін жақсы істермен айналысуға итермелеуі қажет. Ақылды адам дүние ісіне қатысты мазасыздана бермеуі тиіс. Өйткені уайым мен қайғы келген қиыншылықты қайтармайды және пайда да бермейді. Керісінше жүрек, ақыл және денсаулыққа зияны бар және ізгі амалдарға кедергісі тиеді. Кісі ақырет ісі жайлы ойланғаны жөн, бұл пайдалы.

Ал, Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Расында күнәлардың ішінде тек бала-шағаны асырау қамы (уайымы) ғана өтеу болатын күнә бар», – деген сөзіне келсек, ондағы мақсат уайымның мөлшері ізгі амалдарға кедергі болмайтындай және ойды мазалап намазда жан тыныштығын бұзбайтындай шама. Осынша мөлшерде уайымдау ақырет амалына жатады. Шәкірт дүниелік қарым-қатынасты шама-шарқынша азайтқаны дұрыс. Сондықтан бұрынғы ғалымдар оқшаулануды таңдаған. Сондай-ақ, тәлім алу жолында қиындық пен ауыртпалыққа төзе білуі тиіс. Мұса (ғ.с.) білім жолында: لَقَدْ لَقِينَا مِنْ سَفَرِنَا هَذَا نَصَبًا

«...Әрине, осы сапарымызда шаршадық...» («Каһф» сүресі, 62-аят), – деп білім сапары қиындықсыз болмайтындығын білдірген. Ол басқа сапарларында бұлай деп айтпаған. Өйткені білім алу – үлкен шаруа. Білім көпшілік ғалымдар көзқарасында жиһадтан да абзал. Ал, сауабы қиыншылық пен ауыртпалық шамасынша. Кімде-кім осыған сабыр етсе, басқа дүниелік ләззаттардан да артық рақатты сезінеді. Сондықтан да Мұхаммед ибн Хасан түндерді ұйқысыз өткізіп, білімдегі түйінді мәселелер шешілгенде: «Бұл ләззаттан патша балалары қайда қалды?» – деуші еді.

Шәкірт білімнен басқа шаруамен айналыспауы керек. Және фиқһтан теріс айналмауы қажет. Мұхаммед ибн Хасан (р.а.): Кімде-кім біздің ілімді бір кезде тәрк етпек ойы болса, сол сәттен тәрк етсін, «Біздің бұл өнеріміз (іліміміз) тал бесіктен жер бесікке дейін», – деген екен. Мұның мағынасы: фиқһ үйреніп жүрген шәкірт бір кезде бұл ісімді доғарамын деген ойда болса, білім алудағы жігері әлсіз, ойы тұрақсыз болғандықтан, сол сәттен білімді тоқтатқаны жөн. Өйткені мұндай адамнан пайда жоқ және уақытын зая жібереді.

Ол (Мұхаммед ибн Хасан және Ибраһим ибн Жаррах) Әбу Юсуфке (р.а.) өлім төсегінде жаны қиналып жатқанда жағдайын сұрап келеді. Сонда Әбу Юсуф (р.а.) одан: «(Қажылықта) шайтанға тас атуды көлік үстінде жасаған абзал ма, жаяу тұрып па?», – деп сауал қояды. Келген фақиһ жауап бере алмайды. Сонда ғұлама өзі жауап берген екен.

Фақиһ адам осылайша үнемі шариғатпен шұғылданып жүруі қажет. Сол кезде білімнің үлкен ләззатын сезінеді. Имам Мұхаммед жайлы ел арасында мынадай бір әңгіме бар. Қайтыс болғаннан кейін имамды бір кісі түсінде көреді. Әлгі адам имамнан: «Жан тәсілім етер шақта қандай күйде болдыңыз?» – деп сұрайды. Сонда имам: «Мукатаб4 мәселесіне қатысты бір сауал төңірегінде ойланып жатқанмын. Содан жанымның шыққанын сезбей қалдым», – депті. Жаңағы түс көрген адам Мұхаммед ибн Хасанның (р.а.) өмірінің соңғы күндері «мукатиб мәселесі маған бұл күнге дайындалуға мұрша бермеді» дегенін айтады. Бұл сөзді ғұлама кішіпейілдік танытып айтқан.


Білім алу


Адам баласы тал бесіктен жер бесікке дейін білім алуы керек. Хасан ибн Зияд (р.а.) сексен жасында фиқһ ілімін үйренуге кіріскен екен. Білім алуға ең абзал уақыт жастық шақ, сәресі уақыты және ақшам мен құптан арасы.

Білім іздеуші өзінің барлық уақытын ілім жолына жұмсауы қажет. Егер бір пәннен шаршаса, басқасына қарағаны жөн. Ибн Аббас (р.а.) Кәлам ілімінен шаршағанда «ақындардың диуанын (жинағын) алып беріңдер» деуші еді.

Мұхаммед ибн Хасан түн баласы шұқшиып әлденелерді оқып отыратын. Егер бір пәннен шаршаса екіншісіне қарайтын. Жанына ыдыспен су қоятын. Ұйқысын сумен ашып отырып, «негізінен ұйқы ыстықтан келеді» деуші еді.

жанашырлық пен насихат


Білімді адам жанашыр, насихатшыл болуы керек. Іштарлық ғалым адамға мүлде жат қасиет. Көре алмаушылық ешкімге пайда берген емес. Ұстазымыз Шейх Ислам Бурһанаддин (р.а.): «Негізінен мұғалімнің баласы ғалым болады. Өйткені мұғалім өз шәкірттерінің Құран ғалымы болуын қалайды. Міне, бұл мұғалімнің сенімі мен жанашырлығының берекесі», – дейтін еді. Садрул-Ажал Бурһан өзінің екі ұлы Садру Шаһид Хусамаддин мен Садру Саъид Насыраддиннің (р.а.) сабақ уақытын барлық дәрістерден кейінгі үлкен сәскеге белгілейді екен. «Бұл уақытта шаршап зауқымыз қашып кетеді» деген балаларына: «Маған ғаріптер мен сыйлы кісілердің балалары жердің түкпір-түкпірінен келеді. Сондықтан олардың дәрісін бірінші кезекте беруім керек», – дейтін көрінеді. Ғалымның жанашырлық берекесімен ол кісінің екі ұлы сол ғасырдағы көптеген фақиһтардан биік болған деседі.

Білім адамы ешкіммен таласпауы керек және жауласпағаны жөн. Бұл оның уақытын зая етеді. «Жақсылық жасаушы жақсылығының қарымын көреді. Ал жаман адамға өзінің жаман істері жетеді» дейді. Шейх имам тақуа Рукнул Ислам Мұхаммед ибн Әбу Бәкір имам Хауаһир зада атымен танымал мүфти (р.а.) былай дейді: «Шариғат пен тариқат сұлтаны Юсуф әлҺамаданидың (р.а.):

Адам егер жасаса жаман істер,

Жазалама сол үшін, қара да тұр,

Өзінің-ақ мінезі, әрекеті

Дұшпан болып өзіне бара жатыр, – дегені бар еді».

Кімде-кім дұшпанын тізе бүктіргісі келсе, мына өлең жолдарын қайталасын:

Қалап тұрсаң жеңуді дұшпаныңды,

Уайым-қайғы арқылы өртеп оны,

Көрсет оған біліммен ұшқаныңды, Білім өссе, қайғысы өсер оның.

Сен дұшпаныңмен алыспа,өз нәпсіңді тәрбиелеумен айналыс. Өз нәпсіңнің тәрбиесімен шұғылдануың дұшпаныңмен күрес ретінде жеткілікті. Жаға жыртысудан сақ бол. Бұл сені масқара етеді. Және уақытыңды зая кетіреді. Төзімді бол. Әсіресе ақымақтарға сабырлық таныт. Иса ибн Мәриям (ғ.с.): «Он бәледен құтылу үшін ақымақтың бір жамандығына сабыр етіңдер», – деген екен.

Әр заманда сынадым адамдарды, Алдаушы мен ұсқынсыз тұрған бәрі. Пәлекеттің ауыры, ең жаманы, Адамдардың өзара дұшпандығы.

Талай рет татсам да ащы дәмді,

Сауалдан да ащысы болмаған-ды, – деген сөз бар.

Мұсылмандар жайлы жаман ойдан сақтан. Өйткені мұндай ой дұшпандықтың бастауы. Бұл пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «мұсылмандар жайлы жақсылық ойлаңдар» деген хадисіне қайшы келеді. Жаман ой пасық ниеттен және ішкі жан-дүниенің ластығынан туады. Әбу Тайб:

Ісі жаман адамның ойы жаман.

Не келсе ойға, істейді соны надан. Сөздерімен досына жаулық етіп, Бір түнекке айналар соңыра адам. Жиіркенішті істен жырақ бол, артық етпе Жақсылықты жасасаң, оны еселе.

Дұшпаныңның айласы тек өзіне,

Айла етсе ол, жасайсың сен несіне?! – деген еді.

Шейх Ъамид Әбу Фатх әл-Бусти (р.а.): Ақыл иесі наданның құтылмайды лаңынан, Зұлымдығы, зияны ілеседі соңынан.

Қастасқанша онымен, ымыраны таңдағын,

Айқай салса ол егер, жөн ғой тыныш тұрғаның, – дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет