Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені



бет144/151
Дата06.02.2022
өлшемі5,72 Mb.
#32261
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   151
Бәдізші – тастан бұйым жасап, өрнек салатын адамдар . Олар көбінесе құлпытас қашап, диірмен жасау, тастан белгі орнату сияқты жұмыстармен айналысқан.
Зергер – алтын, күміс, асыл тастан тұратын әсемдік бұйымдарды жасайтын шебер. М, сақина, жүзік, қапсырма, өңіржиек, тана, сырға, кісе белбеу, күміс пышақ, т.б.
Өрімшібұрын кең тараған, бұл күндері азайып келе жатқан сирек өнердің бірі. Олар көбінесе сиыр терісін илеп, одан көбіне ер тұрман әбзелдерін (қамшы, божы, тұсаман, шыбықты, бишік, шідер, шылбыр, жүген) жасаған. Өрімшілер иленген теріні таспалап тіліп, одан 3-тен бастап 40 таспаға дейін қамшы өрген.
Етікші – қой, ешкі , сиыр терілерін илеп, өндеп, етік, мәсі, кебіс сияқты аяқ киімдер тіккен. Аяқ киімдерді олар әр түрлі әсем жіптермен өрнектеп, яғни көксуырлап тіккен.
Тігінші – халақты ұлттық киім-кешектермен қамтамасыз етіп, киіндіруде тігіншілер атқарған жұмыстары өте зор. Бас киімдер, ішкі-сыртқы киімдер, соның ішінде қымбат тымақ, қаптал шапан, жылы ішік, әсем қамзол, желбіршек көйлек, ең ақыры жейде, ыстандарға дейінгі киімдерді тігіншілер тіккен.
Тоқымашы – кілем, алаша, басқұр, желбеу, таңғыштар тоқу арқылы жасайтын шеберлер. Текемет басу, оған әр түрлі ою салу, кестелеу сияқты қолөнердің түрлері бұрын ел ішінде жақсы дамып, оның шеберлерінің де қатары көп болған.
Ағаш шебері – ел ішінде ең көп дамыған өнер. Өйткені ел-жұрт ағаш бұйымдарын көп тұтынған. Ыдыс аяқ, күбі, бесік, адалбақан, ас, бұым сақтайтын қобди, сандық, абдыра, ең ақыры есік, терезеге дейңн ағаштан жасаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   151




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет