Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет3/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

Алғысөз 
Бұл есеп Норвегияның Сыртқы істер министрлігінің қолдауы бойынша Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің 
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесімен ынтымақтастығының 
нәтижесі болып табылады және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік оқу орындарындағы 
балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпараттан тұрады. Есеппен 
қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде танысуға болады. 
Зерттеу жүргізу қажеттілігі әлемнің көптеген елдерінде балалар уақытының басым бөлігін мектепте 
өткізетін болғандықтан туындады. Ата-аналар мен балалар мектеп балалардың оқуы мен дамуы-
на қолдау көрсетіп, ықпалын тигізетін қауіпсіз әрі қолайлы орта болады деп күтеді. Өкінішке қарай, 
әлемде көптеген бала мектепте кемсітушілікке, зорлық-зомбылыққа ұшырайды, бұл олардың мектеп-
ке баруына, оқуға деген қабілетіне, академиялық үлгеріміне, сондай-ақ психоәлеуметтік саулығына 
кері әсерін тигізеді. Мектептегі зорлық-зомбылық сондай-ақ балалардың оқуын ерте тастап кетуіне 
ықпал етеді. Соның салдарынан мектепте зорлық-зомбылыққа тап болған балалар өз құқықтарынан, 
оның ішінде білім алу құқығынан да айырылуы мүмкін.
«БҰҰ-ның балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бойынша дүниежүзілік баяндамасына» 
сәйкес, мектептерге жұмысқа мұғалімдерді қабылдау барысында әр елдің үкіметтері Бала құқықтары 
туралы конвенцияны ратификациялаған кезде білім беру мекемелеріндегі зорлық-зомбылықты қоса 
алғанда, балаларды зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғау бойынша міндеттемелерімен 
бірге қабылданатын зорлық-зомбылық пен кемсітушілікті болдырмау, гендерлік теңдік, төзімділік пен 
өзара сыйластық қағидаттары басшылыққа алынуы тиіс. Мұның үстіне барлық балалардың сапалы 
білім алуға қол жетімділігін қамтамасыз ету БҰҰ Мыңжылдық даму мақсаттарының ажыратылмас 
бөлігі болып табылады, оған қол жеткізу үшін мектептер кемсітушілік пен зорлық-зомбылық қаупінен 
тәуелсіз қауіпсіз әрі жайлы ахуалды қамтамасыз етуге тиіс. 
Бұл есеп Қазақстан мектептеріндегі балаларға, оның ішінде балалар арасындағы және мектеп 
қызметкерлері тарапынан жасалатын зорлық-зомбылық сипаты мен деңгейін көрсетететін бастапқы 
мәліметтерді қамтиды. Оқушылар мен мектеп қызметкерлерін қоса алғанда, зерттеуге қатысқан мек-
тептерге толық құпиялылық пен аты-жөндерін көрсетпеу мүмкіндігі берілген. Бұл баға Қазақстандағы 
бүкіл оқу орындардың репрезентативтілігіне баға беруге ұмтылмайды, оның үстіне ол еліміз бой-
ынша мектептердегі балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық деңгейінің болжамды бағасын 
көрсетеді. 
Зерттеу қорытындылары мен одан келіп шығатын ұсынымдар мектептердегі балаларға қатысты 
зорлық-зомбылықты келешекте бағалауға, оның алдын алуға және шара қолдануға арналған ұлттық 
іс-қимыл жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық ретінде қызмет атқара алады. Мүдделі тараптар, 
оның ішінде мемлекеттік органдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар, өзге де азаматтық 
қоғам институттары тартылатын кең ауқымды іс-қимыл шеңбері қолға алынға тиіс екені анық.
Зерттеуге қатысып, бізбен уақытын және тәжірибесін бөліскен балалар мен мектеп қызметкерлеріне
зерттеуді жүргізуге қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
министрлігіне, өңірлерде мәліметтерді жинауға көмектескен «Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы» 
зерттеу компаниясына және зерттеуді жүргізіп, осы есепті дайындаған халықаралық кеңесші доктор 
Робин Н. Хаарға алғысымызды білдіреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет