Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет7/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

2-ТАРАУ
ЗЕРТТЕУ 
ӘДІСНАМАСЫ


23
М
ектептердегі балаларға қатысты зорлық-зомбылық 
туралы зерттеу жүргізу өте күрделі болып табылады, 
себебі мектептегі зорлық-зомбылық құрбаны болған 
балалар, әдетте өздерін жәбірлеген балалардың кек алуынан 
немесе мектеп мұғалімдері мен директорының жағымсыз 
реакциясынан қорыққанынан, мұндай оқиғалар туралы 
айтқысы келмейді не айтудан жасқанады. Сондай-ақ, құрбан 
балалар мен оларға жәбір көрсетуші балалар бір-бірінен 
көбінесе күші және жас ерекшелігі арқылы ерекшеленеді
бұл баланың мектепте өзіне көрсетілген зорлық-зомбылықты 
айтуға деген қорқынышын одан әрі ұлғайта түседі. Мектеп 
мұғалімдері мен директорлары да мектептегі зорлық-
зомбылық және мектептердегі ұрып-соғу мәселелерінің 
жабық қалуында маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Мектептердегі балаларға қатысты зорлық-зомбылық 
бойынша зерттеу жүргізудің қиындықтарына қарамастан, 
Қазақстанның төрт өңіріндегі мектептердегі, оның ішінде ауыл 
мектептеріндегі балаларға қатысты зорлық-зомбылық сипаты 
мен оның таралуына бағалау жүргізуге мүмкіндік берген көп 
әдісті жоспар әзірленді.
Зерттеу мақсаты
Бұл бағалаудың негізгі мақсаты Адам құқықтары жөніндегі ұлттық 
орталықтың Қазақстандағы бала құқығы және оларға қатысты 
зорлық-зомбылыққа мониторинг жүргізу саласында әлеуетін 
кеңейту болып табылды. Осылайша, бұл бағалау, Қазақстандағы 
мемлекеттік мектептердегі балаларға қатысты зорлық-зомбылық 
сипаты мен оның таралуын бағалауға жұмылдырылды, сондай-
ақ оқушылар арасындағы өзін-өзі зақымдау мен суицидалды 
мінез-құлық деңгейін бағалауға әрекет жасады. Түпкі мақсат – 
бағалау қорытындыларын ЮНИСЕФ-тің де, ҚР Білім және ғылым 
министрлігінің (БжҒМ) де мектеп қауіпсіздігі, зорлық-зомбылық 
профилактикасы мен деңгейін төмендететін, жергілікті контекске 
және Қазақстанның білім беру мекемелеріне бейімделуі мүмкін 
бастамалар мен бағдарламалар әзірлеуде пайдалана алуы.


24
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   117




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет