Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет6/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

«11 мамыр күні №46 мектептің стадионында 
мектептер арасында төбелес болды. Сабақтан 
кейін футбол ойнауға келіскен жоғары сынып 
оқушыларының арасында төбелес басталды. 
№65 мектептің қырық оқушысы №46 мектептің 
он оқушысымен айқасқа түскен. № 46 мектеп 
оқушылары өздерімен кірпіш, тас, бөтелке секілді 
қаруларын ала келген. Төбелеске қатысушылардың 
айтуынша, төбелестің себебі №46 мектептің 
тоғыз оқушысы №65 мектептің оқушыларына 
«салық» төлеуден бас тартқан. №46 мектептің 
оқушысы басынан жарақат алып, комаға түскен». 
(14 мамыр 2012, http://internets.kz/)


15
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
1.1-шеңбер. Мектептегі зорлық-зомбылық түрлері 
Психологиялық зорлық-зомбылық
– балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау және/не 
оқшаулауға, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге, оның өзін-
өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы 
өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік 
қимылдар схемасын қамтиды. Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз, 
кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау, 
балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-
ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық 
залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды. 
Физикалық зорлық-зомбылық 
– балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық 
зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуы-
на, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын 
әрекеттер. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, 
ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл 
жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінісе балаға залал не жарақат әкеледі, тіпті баланың 
мүгедек болуына не қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін. 
Жыныстық сипаттағы сөздерді айту не қысым көрсету 
– қандай да бір баланың не ересектің 
балаға қатысты жыныстық алдап-арбауы, нәпсіқұмарлық сипатта ауызша не физикалық қысым 
көрсетуі, жыныстық құмарлықты ояту үшін балаға қатыгездікпен қарау. Басқа баланың жыныстық 
мүшелеріне қол тигізу/ұстау, баланы жыныстық белсенділікке қатысуға шақыру (нәтижесіне 
қарамай), жыныстық мүшелерді жалаңаштап көрсету, балаға порнография көрсету және бала-
мен жыныстық қатынасқа түсуді қамтиды. 
Бопсалау
– балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу 
арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс. 
Кибербуллинг
– баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында Интернетті не басқа техно-
логияларды пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні 
он-лайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орнала-
стыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-
парақшаны не он-лайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды. 
Құрбылар тарапынан қорқытып-үркіту
– нақты не болжамды күштер теңсіздігін білдіретін мек-
теп жасындағы балалар арасындағы агрессивті әрекеттер. Мінез-құлықтың мұндай моделі 
қайталанып отырады немесе белгілі бір кезең сайын қайталануы ықтимал. Баланы кемсіту 
қорқыту, өсек тарату, балаға физикалық не сөзбен тиісу не әдейілеп топтан шығарып тастауды 
қамтиды. 
Кемсітушілік
– баланың жынысына, ұлтына, ұлыстық мәртебесіне, әлеуметтік-экономикалық 
жағдайына, дініне не мүгедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы. 
Тән жазасы
– физикалық күш қолданылатын, балаға қандай да бір жеңіл ауырту сезімін не 
қолайсыздықты сездіруге бағытталған кез келген жазаны білдіреді. Көбінесе, бұл соғып жіберу, 
шапалақпен тартып қалу, баланы қолмен не затпен ұруды білдіреді. Сондай-ақ тебу, сілкілеу, 
баланы итеру, тырнау, шымшу, шашынан тарту не құлағынан жұлқылау, балаларды қолайсыз 
позада ұстау, күйдіру, буға шалдыру, мәжбүрлеп жұтқызу (мысалы, баланың аузын сабынмен 
жуу не ащы дәмдеуіштерді жұтуға мәжбүрлеу) де қамтылады. 


16
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мұндай жаңалықтар оқырман назарын ауда-
ру үшін мектептегі зорлық-зомбылықтың ең 
шиеленіскен және төтенше түрлеріне баса мән 
береді, бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі. 
Мұндай жаңалықтар мектептегі зорлық-
зомбылық мәселесін тым әсірелеп көрсетіп, 
қоғамның мектептегі зорлық-зомбылық сипаты 
мен дәрежесін қате түсінуіне әкеледі. 
Мектептегі зорлық-зомбылықты нақтырақ 
түсіну үшін мектептегі зорлық-зомбылық ту-
ралы халықаралық әдебиетке үңілу қажет. Бұл 
әдебиетте «зорлық-зомбылықтың ең көп таралған 
түрлері – ешкімге айтылмайтын, сол себепті үнемі 
жасала беретін, қоғам мен ресми саясат және заң 
тарапынан ұмытылып, зерттеу, пікірталас пен дау-
дамай жүргізуге лайықты деп қарастырылмайтын 
зорлықтар» деп көрсетеді (26). Көптеген елдер-
де зорлық-зомбылық түрлеріне психологиялық 
жәбірлеулер, болмашы физикалық жәбірлеулер, 
құрбылар тарапынан қорқыту, жыныстық сөздер, 
жыныстық ерекшелігіне қарай жәбір көру, мектеп 
қызметкерлерінің «тілазар балаларды» тәртіпке 
шақырып, жазалау үшін тән жазасын қолдануы 
кіреді. Физикалық зорлық-зомбылықты 
қамтымайтын, мектеп қызметкерлері қолданатын 
қатыгез және кемсіту арқылы жазалау түрлері 
зерттеле қоймаған, сондықтан көбінесе елеусіз 
қалдырылады (27).
1970 жылдардан бастап мектептегі зорлық-
зомбылық бойынша зерттеулер көлемі 
өнеркәсіптік дамыған елдерде, атап айтқанда, 
Құрама Штаттарда, Канада мен Батыс Еуропа 
елдерінде біршама өсті. Ауыспалы және дамушы 
экономикасы бар елдерде мектептердегі зорлық-
зомбылық бойынша зерттеулер біршама шек-
телген; бірақ экономикасы ауыспалы елдерде 
мектептердегі балалар арасындағы және мектеп 
қызметкерлері тарапынан жасалатын зорлық-
зомбылықты құжатқа түсіру жөнінде біршама 
жұмыстар қолға алынып жатыр (28, 29, 30, 31, 
32, 33, 34). 
Мектептерде қолданылып жүрген зорлық-
зомбылықты салыстырмалы және 
мәдениетаралық зерттеулер мектептерде 
зорлық-зомбылыққа және мазаққа ұшырайтын 
балалардың үлесі елдер бойынша әр түрлі екенін 
көрсетті. Мәселен, 2001/02 жж. Орталық және 
Шығыс Еуропаның дамушы және өтпелі экономи-
касы бар елдерде жүргізілген мектеп жасындағы 
балалар арасындағы салауатты мінез-құлық ту-
ралы сауалнама (HBSC), орташа алғанда мектеп 
оқушыларының 35%-ы соңғы екі айда жәбірлеуге 
ұшырағанын айтқан, ал бұл үлес Швецияда 15%, 
ал Литвада 64%-ға дейін ауысып тұрған (35). 
ЮНИСЕФ Косовода жүргізген зерттеуде серб-
тер мекен еткен аудандарда балалардың 18%-
ы және албандар мекен еткен аудандардағы 
балалардың 33%-ы мектепте зорлық-зомбылық 
жасалатынын хабарлағанын анықтаған (36). Екі 
зерттеу де – HBSC және Косоводағы ЮНИСЕФ 
– зорлық-зомбылық пен жәбірлеу көбінесе ау-
ызша формада болғанын, бірақ тексерілмеген 
жағдайда әлдеқайда экстремалды физикалық 
жәбірлеуге апаруы мүмкін екенін анықтаған. 
2001/02 жж. HBSC зерттеуі сондай-ақ соңғы жыл 
ішінде төбелестерге атысқан мектеп жасындағы 
балалардың үлесі Финляндияда 25%, ал Литвада 
49%-ға дейін құрағанын анықтады (37). 
HBSC зерттеулері сонымен бірге басқа да 
маңызды жаңалықтарды көрсетті. Оның 
қорытындылары бойынша, жәбірлеу оқиғалары 
балалардың өсу деңгейіне қарай азая 
беретіндігін, ұлдар мен қыздар жәбірленуге 
бірдей ұшыраса да, ұлдар арасында зорлық-
зомбылық қыздармен салыстырғанда көбірек 
орын алатындығын да байқауға болады. Ұлдар 
арасында төбелеске қатысу ықтималдылығы 
да қыздармен салыстырғанда жиірек кездесті. 
Зерттеу анықтағандай, көп жағдайда жәбірлеу 
бір жыныстағы топ ішінде орын алады (ұл – ұл, 
қыз – қыз), бірақ жәбірлеу әр түрлі жыныстағы 
топтар арасында кездессе, онда көбінесе 
ұлдар қыздарды жәбірлейді. Бір қызығы, HBSC 
зерттеуі сондай-ақ жәбірлеудің қандай да бір 
түріне қатысы бар балалар әрі жәбірленуші, әрі 
жәбірлеуші болғанын көрсетті. Бұл көбінесе, 
төбелес барысында кінәлі кім, құрбандық кім 
екенін ажырата алмаумен байланысты (38).
Мектептегі зорлық-зомбылықты зерттеудің 
басым бөлігі зорлық-зомбылықтың бір не-
месе бірнеше түрінің, көбінесе физикалық 
зорлық-зомбылықтың, жәбірлеудің және мек-
теп мұғалімдерінің балалар арасындағы тәртіпті 
реттеу мақсатында тән жазасын қолдану сипаты 
мен дәрежесін түсінуге шоғырланды (39, 40). 
Бұл зерттеу сонымен бірге мектептегі зорлық-
зомбылық себептері мен оның құрбан балаларға 
және кінәлілерге әсерін де қарастырды (41). 
Кейбір елдерде, сондай-ақ мектептердегі 
жыныстық не гендерлік зорлық-зомбылыққа және 
оның қыздардың мектепте оқуына кері әсеріне 
баса назар аударылды (42, 43). Бұл зерттеулер 


17
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
қорытындылары бойынша, жыныстық сипаттағы 
жәбірлеулер, оның ішінде оқушылардың және ер 
мұғалімдердің қыздарға қатысты жыныстық қысым 
көрсетуі әлемдегі барлық елдерде орын алаты-
нын, тек дәрежесі жағынан әр түрлі болатындығы 
анықталды. Әдетте, жыныстық сипаттағы сөздер 
не қысым көрсету «қыздарды олардың жынысы не 
сексуалдылығы үшін кемсіту, жазалау тілегінен не 
жыныстық қызығушылық немесе мақтану үшін жа-
салады» (44). Көп жағдайда жыныстық сипаттағы 
сөздер не қысым көрсету, қол жүгірту қыздарды 
қорқытып, кемсітеді, олардың өзіне деген сенімі 
мен құрметін жояды, олардың мектепті ерте тастап 
кетуіне әкеледі (45, 46). 
Құрама Штаттар секілді өнеркәсіптік дамыған ел-
дерде тереңдете жүргізілген зерттеулер мектеп 
атмосферасы мен мектептегі зорлық-зомбылық 
арасындағы байланысты қарастырады (47, 
48). Бұдан бөлек, жәбірлеу мен виктимизация 
тәжірибесіндегі гендер рөлін тереңірек түсіну үшін 
зерттеу жүргізіледі; ұлдар мен қыздардың мек-
тепте физикалық және оған байланысты басқа 
да агрессияға ұшырау жиілігі әр түрлі болады, 
гендер мен виктимизацияның өзара байланы-
сы ұлдар мен қыздардың әлеуметтік дамуы мен 
психикалық денсаулығына әр түрлі әсер етуі мүмкін 
(49). Мектептегі зорлық-зомбылықты қазіргі за-
манда зерттеу балаларды мектептегі зорлық-
зомбылықтың құрбаны не оны жасаушылар болу 
тәуекеліне әкелетін факторларды, оның ішінде 
отбасылық орта (отбасында зорлық-зомбылыққа 
ұшырау не ата-анасына бауыр басу), балалардың 
ашу-ызасы мен агрессия үрдістерін, мектепке 
тым бауыр басуы секілді факторларды анықтауға 
шоғырланған. Зерттеулердің кейбірі мектепте 
зорлық-зомбылық жасалуының тәуекел фактора-
лына отбасылық мәселелерді, ата-анасына деген 
бауыр басудың жоқтығын, ашу-ыза мен физикалық 
агрессияға жақындық, зорлық-зомбылыққа жақын 
қатынастар, тәуекелді мінез-құлық, антисоциал-
ды құрбыларымен байланысты не құқықбұзушы 
құрбыларымен байланысты, төмен академиялық 
үлгерімді, сабақтан қалу дейгейінің жоғарылығын 
және мектептен ерте кетіп қалуды қамтитынын 
көрсетті (50, 51, 52, 53, 54).
Халықаралық зерттеулер сондай-ақ біраз 
балалардың көбінесе зорлық-зомбылықтың 
бірнеше түріне ұшырайтынын да көрсетті – 
оларды «көп реттік құрбандар» деуге бола-
ды. Көп реттік құрбандар отбасындағы нашар 
және жаны ашымас қарым-қатынас, құрбылар 
тарапынан зорлық-зомбылық пен кемсіту, мек-
теп қызметкерлері тарапынан тән жазасына 
ұшырау құрбандары болуы мүмкін. Зерттеулер 
көрсеткендей, көп реткі құрбандар болып табыла-
тын балалар ашу-ыза мен агрессия межелігі бой-
ынша жоғары балл алуы, отбасылық мәселелері 
көп болуы, жақында өмірінде бақытсыздыққа 
душар болуы (мәселен, отбасы мүшесінің қайтыс 
болуы не ата-анасының бірінен айырылуы) 
мүмкін (55). 
Соңғы жылдары, кибербуллинг деп аталатын 
жәбірлеудің жаңа түріне назар аударатын зерт-
теулер де жүргізіле бастады. Кибербуллинг 
электронды пошта арқылы, онлайн-чаттар-
да, жеке парақшаларда, мәтіндік хабарлама-
ларда жәбірлеу үшін ұялы телефондар мен 
Интернетті пайдалануды, бейнелер мен фото-
ларды жіберуді білдіреді. Кибербуллинг бойын-
ша мәдениетаралық зерттеулер кибербуллингтің 
айтылатын жиілігі өзгеріп тұрады. Мысалы, Жаңа 
Зеландиядағы орта мектеп оқушылары ара-
сында өткізілген зерттеу ұлдардың 8%-ы және 
қыздардың 14%-ы мектепте келеңсіз мәтіндік 
хабарламалар алғанын, ұлдар мен қыздардың 
7%-ы өзгелерге келеңсіз мәтіндік хабарлама-
лар жібергенін көрсетті. Салыстыру үшін, Құрама 
Штаттардағы орта мектеп оқушылары арасында 
(6-8-сыныптар) балалардың ең кемінде 22%-ы 
басқа біреуге қатысты кибербуллингпен екі не 
одан да көп рет айналысқан, ал 29%-ы кибербул-
лингке екі не одан да көп рет ұшыраған. Көбінесе 
кибербуллингтен жәбір көргендер бұл іспен ай-
налысушы адамдардың кім екенін білмейді; бірақ 
кибербуллинг арқылы өздерін кімнің кемсітуге 
тырысқанын білген адамдардың 58%-ы өздерін 
жәбірлегендердің бір мектепте оқитындар екенін 
хабарлаған (56, 57, 58). 
Кейбір елдер сондай-ақ балалардың мек-
тепке қару алып келу мәселесінің өсіп келе 
жатқанына алаңдайды. Соңғы онжылдықта мек-
тепте қару алып жүру мәселесі әсіресе Құрама 
Штаттарда белең алғаны байқалды, онда мектеп 
аумағында бірнеше рет жаппай оқ ату оқиғасы 
тіркелген. Расында да, жалпы ұлттық зерттеудің 
анықтауынша, Құрама Штаттарда оқушылардың 
кем дегенде 3% – 10%-ы мектеп аумағына қару 
алып келген, ал 12% – 25% мектеп аумағынан тыс 
жерде қару алып жүрген (59). Канадада өткізілген 
зерттеу болжамынша, бұл елде де мектепте қару 
алып жүру деңгейі Құрама Штаттардағы сияқты 
кең таралған (60).


18
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
және физикалық ишаралар жасайды. Ұлдар та-
рапынан мұндай сексуалды агрессия жыныстық 
белгіге қарай зорлық-зомбылықты қабылдауға 
ықпал етеді, себебі бұл көп ретте ересектердің 
назарынан тыс қалады, «ұлдардың бәрі осын-
дай» деп, ал қыздарды «өздері соны қалап 
тұрған» деп кінәлайды (64). Мектептегі зорлық-
зомбылықтың қай түрі болмасын мектепті ұлдар 
үшін де, қыздар үшін де қауіпті әрі қолайсыз 
орынға айналдырады, әсіресе кейбір елдер-
де бұл қыздар үшін қауіпті жер болып шығады, 
сондықтан ол жақта көбінесе қыздар, ұлдармен 
салыстырғанда, жасөспірім кезде мектепті тастап 
кетеді (65).
Балалар арасындағы суицид
Суицид – балаларға қатысты барынша 
алаңдаушылық туғызатын мәселенің бірі және 
адамдардың түсінігі үшін мінез-құлықтың өте 
күрделі моделі. Балалардың көпшілігі өзіне 
зақым келтіруге бағытталған түрлі мінез-құлық 
модельдеріне еріксіз тартылады, олар өз денесіне 
қасақана зақым салады (мысалы, әдейілеп терісін 
кеседі, денесін көгертеді, тырнайды, күйдіреді, 
терісін сыпырады не шаштарын жұлады, улы зат-
тарды жұтады, сүйектерін сындырады) немесе 
суицид жасамақ болады/жасайды. Халықаралық 
зерттеулердің көрсетуінше, балалар өзіне-өзі 
зақым келтіру кезінде суицид жасайын деп ойла-
мауы да мүмкін; сонда да болса, екі арадағы бай-
ланыс айқын, себебі өзіне-өзі зақым келтіргені 
туралы хабарлаған адам бұдан кейін суицид жа-
сауы мүмкін екенін немесе жасамақ болғаны ту-
ралы да хабарлауы мүмкін (66).
Балалар/жастар әдетте өзіне-өзі зақым келтіру 
және суицидалды әрекеттері жайында ашыла 
айта қоймайды; сонда да болса, халықаралық 
зерттеулер барысында өзіне-өзі зақым келтіргенін 
мойындаған балалар/жастар мұны мұңаю, ма-
засыздану не эмоционалдық бұзылыстардың 
әсерін басу үшін істейтінін жиі айтқан. Олар су-
ицид жасауға тырыспауы да мүмкін, тек төзімі 
жетпейтін сезімдерін басқаруға не жаңа бір 
сезімдерді сезініп көруге тырысуы мүмкін (67).
Өзіне-өзі зақым келтіруге бағытталатын мінез-
құлық модельдері өмірдің ерте кезеңінде баста-
луы мүмкін. Халықаралық зерттеулер барысында 
өзіне-өзі зақым келтіруге бағытталған мінез-
құлықтың ерте кезеңі көбінесе 7 жасқа келеді 
екен; алайда мұндай мінез-құлық модельдерінің 
Мектептердегі зорлық-зомбылықтың белгілері 
мектеп атмосферасы мен мектептегі ортаға ғана 
кері әсерін тигізіп қоймай, зорлық-зомбылыққа 
ұшыраған балаларға да, куәгерлерге де, 
зорлық-зомбылық жасаушы балаларға да кері 
әсерін тигізеді. Мектепте зорлық-зомбылыққа 
ұшыраған балалар физикалық симптомдардан 
(мысалы, басы, іші, арқасы ауыру, басы айна-
лу), психологиялық бұзылыстардан (мысалы, 
көңіл-күйі болмау, сіркесі су көтермеу, мазасыз-
дану, күйзеліске түсу, қимыл-қозғалысы сылбыр 
тарту, елегізу, елеңдеу) білім алу нәтижелері 
төмендеуінен (мысалы, сабақтан алған бағалары 
төмендеу, сабаққа қатыспау, құрбыларымен, 
мұғалімдерімен қарым-қатынастың болмауы) 
жапа шегуі мүмкін. Мектептегі зорлық-зомбылық 
сипатының қатыгездігі байқалса, қайталанса, 
құрбандарда тиісті қолдау мен қорғау болма-
са, мұндай зорлық-зомбылықтың әсері де тым 
салмақты болмақ. Мысалы, Құрама Штаттардағы, 
Канададағы, Батыс Еуропа елдеріндегі 
зерттеулердің болжамынша, мектептегі зорлық-
зомбылыққа қатысу, мейлі құрбан, мейлі жаса-
ушы ретінде де, болашақтағы антиәлеуметтік, 
қылмыстық мінез-құлықтың, сондай-ақ өзін-өзі 
зақымдау, суицидалды мінез-құлықтың бастапқы 
белгілеріне айналуы мүмкін (61).
«Балаларға қатысты зорлық-зомбылық 
мәселелері бойынша БҰҰ дүниежүзілік есебіне» 
сәйкес, мектептегі зорлық-зомбылық сипаты 
мен дәрежесі әдетте елдегі, қоғамдастықтағы 
зорлық-зомбылық сипаты мен дәрежесін 
шағылыстырып көрсететін жайт болып табы-
лады, ал бұл, өз кезегінде, басым саяси және 
әлеуметтік-экономикалық жағдайларды, 
әлеуметтік бекітілімдерді, мәдени салт-дәстүр 
мен құндылықтарды, сондай-ақ заңдар мен 
олардың орындалу деңгейін айқындап көрсетеді 
(62). Ол ол ма, бұл есепте мектептегі зорлық-
зомбылықтың «жасырын оқу бағдарламасын» 
көрсетеді деп айтылған, бұл бағдарлама 
бойынша балалар «зорлық-зомбылықтың 
күштілер мен агрессивті адамдардың өздерімен 
салыстырғанда біршама әлсіз әрі ынжықтау 
адамдардан қалағанын алу үшін ең қолайлы 
әдіс» деп үйренеді (63). Мектептердегі зорлық-
зомбылық сонымен бірге гендерлік теңсіздік пен 
стереотиптердің таралуына ықпал етеді, себебі 
мұғалімдер көбінесе тән жазасын қыздарға 
қарағанда ұлдарға жиі қолданады, ұлдар 
бір-бірін қорқақсың деп мазақтайды, ұлдар 
қыздарға жыныстық мағынасы бар вербалды 


19
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
басым бөлігі 12 мен 15 жас аралығындағы орта 
жасөспірімдік кезеңде басталады және бұл апта, 
ай, тіпті бірнеше жыл да созыла береді екен (68).
Қазақстанда балалар арасындағы суицид 
мәселесіне назар аударылады, себебі 5 пен 14 
жас аралығындағы балалар және 15 пен 24 
жас аралығындағы жастар арасындағы суицид 
деңгейі Еуропа мен ТМД-ның көптеген елдерімен 
салыстырғанда біршама жоғары. Қазақстан 
үкіметі бұл мәселенің бар екенін мойындап, оны 
шешу үшін біраз қадамдар жасап жатыр; сонда 
да болса, балалар арасындағы суицид туралы 
түсінік біршама шектеулі. Қазіргі уақытта балалар 
арасындағы суицид және Қазақстандағы өзіне-
өзі қол жұмсау түсініктеріне біраз жан-жақты 
талдау жүргізілуде. Бірақ 2010 жылы жүргізілген 
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік 
интернат мекемелеріндегі балаларға қатысты 
зорлық-зомбылық» және 2011 жылы жүргізілген 
«Қазақстандағы қауіпті мінез-құлық, жыныстық 
қанаушылық пен адамдарды сатуға қатысты 
балалардың осалдығын бағалау» зерттеулері 
анықтағандай, балалардың суицидалды мінез-
құлқының себептері әр түрлі болуы мүмкін, 
көбінесе олар балалардың өміріндегі зорлық-
зомбылықтың түрлі нысандарына, қатыгездік 
немесе жаны ашымастық қарым-қатынасқа, 
қанаушылыққа, олармен қатар жүретін ба-
сып-жаншу, стигматизация және кемсітушілікке 
байланысты болады (69, 70). Бұл кезеңде 
балалардың суицидалды мінез-құлық түсінігі 
мектептегі зорлық-зомбылық контексінде өте 
маңызды мәселе болып табылады (71).
Мектептердегі балаларға қатысты 
зорлық-зомбылықты не үшін 
зерттеу қажет?
Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігі Адам 
құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа Қазақстан 
мектептеріндегі зорлық-зомбылыққа бағалау 
жүргізуде қолдау көрсетті. Ел мектептеріндегі 
балаларға қатысты зорлық-зомбылықты 
жүйелі түрде бағалау бұрын жүргізілмеген, ал 
мектептердегі зорлық-зомбылық оқиғалары ту-
ралы ресми деректерге қол жеткізу мүмкін емес, 
себебі мұндай оқиғалар көбінесе ашылмаған 
күйінде қалады немесе олар туралы ешкім хабар-
ламайды. Бүгінгі таңда мектептердегі балаларға 
қатысты зорлық-зомбылық туралы нақты бір 
мәлімет жоқ. Сондықтан белгілі бір шешім 
қабылдау үшін мектептердегі зорлық-зомбылық 
туралы деректерді жинау қажеттілігі туындап 
отыр. 
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың 
Қазақстандағы бала құқығы және балаларға 
қатысты зорлық-зомбылықтың мониторингін 
өткізу саласындағы әлеуетін кеңейтуге күш 
жұмсауына байланысты бұл зерттеудің міндеттері 
мыналарды қамтыды:
• Мектептердегі балаларға қатысты зорлық-
зомбылық, оның ішінде балалар арасындағы 
және мектеп қызметкерлері тарапынан жа-
салатын зорлық-зомбылық туралы нақты 
деректерді жинау.
• Мектептердегі зорлық-зомбылықты анықтау 
және шара қолдану оқиғаларын құжатқа түсіру 
және баланы қорғауды қамтамасыз ету.
• Мектеп жасындағы балалардың өзін-өзі 
зақымдау мен суицидалды мінез-құлқының 
жиілігі туралы деректерді жинау, өзін-өзі 
зақымдау мен суицидалды мінез-құлық пен 
мектептегі зорлық-зомбылық арасындағы 
байланысты зерттеу.
• Деректерді талдап, Қазақстан мектептеріндегі 
зорлық-зомбылық сипаты мен таралуы, 
сондай-ақ өзін-өзі зақымдау және суицидалды 
мінез-құлық пен мектептегі зорлық-зомбылық 
арасындағы байланыс туралы толық мәліметті 
көрсететін қорытындылар жасау. 
• Мектептегі зорлық-зомбылық оқиғалары ту
-
ралы есепке алу, жазба түсіру және хабарлау, 
сондай-ақ мектептегі зорлық-зомбылыққа 
шара қолдану, үйлестіру тетіктерінің 
тәжірибесін зерттеу. 
• Мектептегі зорлық-зомбылық оқиғаларын 
анықтау және шара қолдану бойын-
ша ұсыныстар әзірлеу үшін деректер мен 
қорытындыларды пайдалану. 
Бұл бағалау елдегі бүкіл мектептегі жағдайды 
ашып көрсетеді деп айта алмаймыз, себебі бұл 
бағалау тек төрт ауданда/өңірде және 4 мектепте 
жүргізілді. Сонда да болса, алынған мәліметтер 
Қазақстан мектептеріндегі зорлық-зомбылық си-
паты мен дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. 
Тағы бір маңызды жайт, бұл бағалау Қазақстан 
мектептеріндегі балаларға қатысты зорлық-
зомбылық жөніндегі шектеулі әдебиеттер мен 
мәліметтердің орнын толтыруға көмектесе алады.


20
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
27. Пинейро, 2006, стр. 117.
28. Пинейро, 2006.
29. Джимерсон, С.Р. және басқалар (2012). 
Мектептегі зорлық-зомбылық және мектептегі 
қауіпсіздік анықтамалығы: Халықаралық 
зерттеулер мен тәжірибе. Раутледж: Нью 
Йорк, Нью Йорк.
30. Джимерсон, С.Р. және басқалар (2010). 
Мектептегі жәбірлеушілік анықтамалығы: 
Халықаралық көзқарас. Раутледж: Нью Йорк, 
Нью Йорк.
31. Петкова, E. (2005). Косово мектептеріндегі 
балаларға қатысты зорлық-зомбылық бой-
ынша зерттеу. ЮНИСЕФ: Косово.
32. Чен, Дж.. және Р.А. Астор (2010). Тайвань 
мектептеріндегі зорлық-зомбылық: 
Батыстан келген тәуекел факторлары 
азиялық мәдениетте мектептердегі зорлық-
зомбылықты қалай болжайтынын зерттеу. 
Тұлғааралық зорлық-зомбылық журналы, 
25(8), 1388-1410 бб.
33. Антонович, Л. (2010). Көбінесе әдейі жа-
сырады. : Батыс және Орталық Африка 
мектептеріндегі зорлық-зомбылық бойын-
ша есеп. ЮНИСЕФ, Батыс Африка, Save the 
Children, Швеция, West Africa and Action Aid.
34. Бала құқығы жөніндегі Manara желісі (2011). 
Мектептердегі балаларға қатысты зорлық-
зомбылық: Ливан, Морокко және Йемендегі 
өңірлік талдау. Save the Children, Швеция.
35. Пинейро, 2006,122-126-бет.
36. Петкова, 2005, 46-бет.
37. Пинейро, 2006, 123-бет.
38. Пинейро, 2006, 122-126-бет.
39. Пинейро, 2006, 116-бет.
40. Human Rights Watch (2008). Білім берудегі 
зорлық-зомбылық: АҚШ-тың орта мектеп-
терде балаларды ұрып-соғу. НЙ, НЙ.
41. Локвуд, Д. (1997). Орта және жоғары мек-
теп оқушыларының арасындағы зорлық-
зомбылық: алдын алу үшін талдау мен 
қорытындылар. АҚШ Әділет департаменті, 
Вашингтон, ОК. 
42. Антонович, Л., 2010.
43. Пинейро, 2006, 118-119 бет.
44. Пинейро, 2006, 118- бет.
Пайдаланылған дереккөздер тізімі 
1. 
Пинейро, Паоло Серхио (2006). 
Мектептердегі және білім беру 
мекемелеріндегі балаларға қатысты 
зорлық-зомбылық (111 бет). Мектептердегі 
балаларға қатысты зорлық-зомбылық ту-
ралы дүниежүзілік есеп. ЮНИСЕФ: Женева, 
Швейцария. 
2. Пинейро, 2006, 111 бет.
3. Пинейро, 2006, 112 бет.
4. Хаарр, Робин. (2011). Қазақстанда тұратын, 
мемлекеттік мекемелердегі балаларға 
қатысты зорлық-зомбылық: Бағалау. БҰҰ 
Балалар қоры (ЮНИСЕФ): Астана, Қазақстан.
5. Хаарр, Робин. (2012). Қазақстандағы қауіпті 
мінез-құлық, жыныстық қанаушылық пен 
адамдарды сатуға қатысты балалардың 
осалдығын жылдам бағалау. БҰҰ Балалар 
қоры (ЮНИСЕФ): Астана, Қазақстан.
6. Хаарр, 2011.
7. Хаарр, 2012.
8. Урумова И. (2012). Балаларға қатысты 
зорлық-зомбылық бойынша Қазақстан 
Республикасындағы заңнамаларға шолу. БҰҰ 
Балалар қоры (ЮНИСЕФ): Астана, Қазақстан.
9. Урумова, 2012.
10. Урумова, 2012.
11. Урумова, 2012.
12. Урумова, 2012.
13. Урумова, 2012.
14. Пинейро, 2006.
15. Хаарр, 2011.
16. Урумова, 2012.
17. Урумова, 2012.
18. Хаарр, 2011.
19. Хаарр, 2011.
20. Пинейро, 2006.
21. Хаарр, 2011.
22. Урумова, 2012.
23. Урумова, 2012.
24. Хаарр, 2011.
25. Пинейро, 2006, 111-бет.
26. Пинейро, 2006, 116-бет.


21
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
45. Пинейро, 2006, 118-119 бет.
46. Антонович, Л., 2010.
47. Уэлш, В.Н. (2000). Мектеп атмосферасының 
мектептегі тәртіпсіздіктерге әсері. 
Америкалық саясаттану және әлеуметтану 
хроникалары, 567(1), 88-107-бет.
48. Уилсон, Д. (2009). Мектеп атмосферасы мен 
мектепке байланыстылықтың, агрессиялық 
қарым-қатынас және виктимизациямен 
ықпалдастығы, 74(7), 293-299-бет.
49. Феликс, Э.Д. және Дж.Г. Грин (2010). Танымал 
қыздар мен мықты ұлдар: Жәбірлеушілік 
пен виктимизациядағы гендердің рөлі. 
Джимерсон, С.Р. және басқалар, Мектептегі 
жәбірлеушілік анықтамалығы: Халықаралық 
көзқарас. Раутледж: Нью Йорк, Нью Йорк 
(173-185-беттер).
50. Пинейро, 2006.
51. Камодека, М. және Ф.А. Гуссенс (2005). 
Жәбірлеушілер мен құрбандардың агрес-
сиясы, әлеуметтік танымы, ашу-ызасы мен 
мұңаюы. Балалар психологиясы мен психиа-
трия журналы, 46(2), 186-197 бб.
52. Бус, Е.С. және басқалар (2012). Виктимизация 
және қатарға қоспау: Құрбылардың 
қабылдамауы, сабаққа қатысу және 
үлгеріммен байланысы. Джимерсон, С.Р. 
және басқалар. (2012). Мектептегі зорлық-
зомбылық және мектептегі қауіпсіздік 
анықтамалығы: Халықаралық зерттеулер мен 
тәжірибе. Раутледж: НЙ, НЙ. (163-171 бб)
53. 
Джимерсон, С.Р. (2012). Мінез-
құлықтың антиәлеуметтік және агрессивті 
модельдеріне тартылған жастарды түсінудің 
тұжырымдамалық негіздері. Джимерсон, С.Р. 
және басқалар, Мектептегі зорлық-зомбылық 
және мектептегі қауіпсіздік анықтамалығы: 
Халықаралық зерттеулер мен тәжірибе. 
Раутледж: НЙ, НЙ. (3-14 бб)
54. Чет және Астор, 2010.
55. Пинейро, 2006, 131-бет.
56. Пинейро, 2006, 123-бет.
57. 
Смит, П.K. және Р. Слонже (2010). 
Кибербуллинг: мектепте және одан тыс 
жердегі жәбірлеудің жаңа түрінің сипа-
ты мен дәрежесі. Джимерсон, С.Р. және 
басқалар, Мектептегі зорлық-зомбылық 
және мектептегі қауіпсіздік анықтамалығы: 
Халықаралық зерттеулер мен тәжірибе. 
Раутледж: Нью Йорк, Нью Йорк (249-262 
бб).
58. Смит, П.K. (2012). Кибербуллинг және 
киберагрессия. Джимерсон, С.Р. және 
басқалар., Мектептегі зорлық-зомбылық 
және мектептегі қауіпсіздік анықтамалығы: 
Халықаралық зерттеулер мен тәжірибе. 
Раутледж: Нью Йорк, Нью Йорк (93-101 бб).
59. Пинейро, 2006, 126-бет.
60. Пинейро, 2006, 128-бет.
61. Пинейро, 2006, 128-131 бб.
62. Пинейро, 2006, 111-бет.
63. Пинейро, 2006, 112-бет.
64. Пинейро, 2006, 112-бет.
65. Пинейро, 2006, 112-бет.
66. 
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы 
өзін-өзі зақымдауға бағытталған мінез-
құлық модельдері бойынша Cornell зерт-
теу бағдарламасы. http://www.crpsib.com/
whatissi.asp
67. 
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы 
өзін-өзі зақымдауға бағытталған мінез-
құлық модельдері бойынша Cornell зерт-
теу бағдарламасы. http://www.crpsib.com/
whatissi.asp
68. 
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы 
өзін-өзі зақымдауға бағытталған мінез-
құлық модельдері бойынша Cornell зерт-
теу бағдарламасы. http://www.crpsib.com/
whatissi.asp
69. Хаарр, 2011. 
70. Хаарр, 2012. 
71. Миллер, Д.Н. (2012). Мектептегі зорлық-
зомбылық контексіндегі жастардың суици-
далды мінез-құлқы . Джимерсон, С.Р. және 
басқалар., Мектептегі зорлық-зомбылық 
және мектептегі қауіпсіздік анықтамалығы: 
Халықаралық зерттеулер мен тәжірибе. 
Раутледж: НЙ, НЙ. (203-214 бб).


22
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет