Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Жұмыс беруші мен жұмысшы, бастық пен бағыныштылардың ақысы



Pdf көрінісі
бет33/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

4. Жұмыс беруші мен жұмысшы, бастық пен бағыныштылардың ақысы
жайында
Дінімізде жұмыс беруші мен жұмысшы қатынастары мəмілеге келу, өзара жəрдемдесу,
құқық жəне əділдік негіздеріне құрылған. Жұмыс беруші, жұмысшы, қызметкер, бастық деп,
қолындағы билігіне қатысты бөлінбей əркім алдындағы асыл адалынан жеу үшін бір-бірінің
ақысына абай болғаны абзал.
Жалданған жұмысшыға төленетін жалақы оның еңбегіне лайық болғаны жөн. Ал жалақы
табушы да өзіне төленген тиын-тебенді адал алуға тырысып, қызметтік міндеттерін не болмаса
тапсырылған істі барынша тиянақты орындауға тырысса нұр үстіне нұр болары хақ.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Аллаһ ісіне мығым əрі жауапты қараған құлын жақсы
көреді»
, – деген. Еңбек шарты мен еңбек тəртібіне сай жұмыс уақытына, қалыпты еңбек
жағдайларына сəйкес іс атқару жұмысшының міндеті. Себепсіз жұмыстан қалған, өзінің
маңдайалды борышына атүсті қараған жалақы алушы жұмыс берушінің құқығын мансұқ еткені.
Өзіне тапсырылған іс пен қызметтік тапсырманы жұмысшының басқаға жасатуға құқығы
жоқ. Алатын жалақысы оның еңбегінің ақшаға шаққандағы құны болып есептелетіндіктен,
нəпақасының адалдан болғанын қалайтын жұмысшы мұндай өрескел қимылға бармайды.
Жасалған мəміленің талаптарын сақтау турасында Құран кəрім де: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   137




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет