Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


«Егер біріңе-бірің сенсеңдер, аманатты мойнына алған



Pdf көрінісі
бет35/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

«Егер біріңе-бірің сенсеңдер, аманатты мойнына алған
адам оны орындасын. Сондай-ақ, Раббысынан қорықсын»
, – дейді («Бақара» сүресі, 283-аят).
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
аталмыш аятты түсіндіргенде: 
«Дəулетті адамның
əлдекімдегі берешегін кешіктіруі кесірліктің бір көрінісі. Араларыңнан біріңді əл-ауқаты
жақсы адамнан қарызды қайтаруға жұмсаса, осыны көкейге түйіңдер»
[74]
деген. Мұндағы
дəулетті адам деп берешегін қайтаруға шамасы жеткілікті адам меңзелген. Ақшасы дайын болса
да, қайтаруға қимай жүрген жан кісі ақысын бұзғанын түсінуі қажет. Қарыз келісілген, не
болмаса қарыз беруші талап еткен мерзімде қайтарылуы тиіс. Вексель тəрізді төлем құжаттарын
қанша адам индоссамент арқылы табыстаған болса, солардың ақылары, сондай-ақ чек жəне
төлем карточкалары арқылы есеп айырысу барысында басқа да адамдардың ақылары қарызын
кешіктірген адамға жүктеледі. Борышқор олардың əрқайсымен есеп айырыспаса, Аллаһтың
құзырына батпандай кісі ақысын арқалай кетпек
[75]
.
Нарық заманына тəн қызмет барысында əркім өз еркіндігін пайдалануға құқылы, бірақ
ақшасын банк жүйесі арқылы тек белгілі бір топтың қолында жинауға, қандай да бір сауда
операциясында риба
[76]
 болып табылатын пайыз мөлшерлемесі арқылы табыс табуға Ислам діні


тыйым салғанын естен шығармайық.
Исламдағы жұмысшы ақыларын былайша тұжырымдауға болады:
1. Дініміз еңбекті жоғары бағалаған. Адам баласының табан ақы, маңдай терімен табыс
тапқанын құптаған Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
отын сатып күн көрудің өзі жұртқа қол
жайғаннан əлдеқайда артық екенін айтқан
[77]
.
2. Еңбек саласында əділетсіздікке жол берілмеген. Сондықтан, егіндік жерді жалға
бергенде, өнімнің түсімінен тағы да қосымша үлес қарастыруға тыйым салынған. Өйткені,
қуаңшылық жəне басқа да ауа райының қолайсыздығы салдарынан қырманның аз жиналу
мүмкіндігі ескерілген.
3. Жұмысшының жалақысын уақытылы жəне толық төлеуге үлкен мəн берілген.
«Жұмысшының ақысын маңдай тері құрғамай тұрып беріңдер»
, – деген
[78]
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
мына бір оқиғаны əңгімелейді: «Бір үңгірге кездейсоқ кіріп, қамалып қалған
үш адам жасаған жақсылықтарын айтып, Аллаһқа жалбарынады. Олардың бірі: «Уа, Раббым,
мен үш жұмысшы жалдаған едім. Олардың екеуі еңбекақысын алды, бірақ үшіншісі алашағын
алуға келмеді. Тиесілі қаражатын өзім пайдаланып кетпей, оның есебінен іс жүргізіп, көп мал-
мүлік жинадым. Араға жылдар салып күндердің бір күнінде əлгі қызметшім келіп ақысын
сұрады. «Мен сол уақыт аралығында жиналған байлықты көрсетіп, «мынаның бəрі сенің
жалақыңа келген» дедім. Ол мал-мүлкінің бірін қалдырмай жинап алып кетті. Раббым, егер
мұның бəрін тек сенің разылығың үшін жасаған болсам, бізді құтқара гөр!» – деді. Қалған екі
жігіт те өздерінің сауапты амалдарын тілге тиек еткенде, үңгірдің аузындағы тас жылжып, үшеуі
аман-есен сыртқа шықты»
[79]
.
4. Жұмысшыға шамадан тыс тапсырма бермеу, мүмкіндігінше оған қолғабыс жасау жағы
қарастырылған. Шұғайып (а.с.) пайғамбар Мұса (а.с.) пайғамбарды сегіз жылға жұмысқа
жалдамақ болғанда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   137




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет