Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


«Мүминдердің сені қолдағандарынан көмегіңді аяма»



Pdf көрінісі
бет81/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

«Мүминдердің сені қолдағандарынан көмегіңді аяма»
(«Шуара» сүресі, 215-аят).
«Уа, иман еткендер! Сендерден кімде-кім дінінен шығатын болса, біліп қойсын, Аллаһ
тағала күндердің күнінде Өзі жақсы көретін, олар да Оны жақсы көретін бір қауымды
əкеледі. Олар мүміндерге өте кішіпейіл, кəпірлерден күшті де, үстем болады...»
(«Мəида»
сүресі, 54-аят).
«Уа, адамдар, шүбəсіз сендерді бір еркек пен əйелден жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді
тану үшін сендерді ұлттарға, руларға бөлдік. Шынында Аллаһтың қасында ең
ардақтыларың – тақуаларың. Шəксіз Аллаһ бəрін толық білуші, əр нəрседен хабар алушы
(«Хужурат» сүресі, 13-аят).
«...Сондықтан, өздеріңді өздерің ақтамаңдар. Ол кімнің тақуа екенін жақсы біледі
(«Нəжм» сүресі, 32-аят).
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
Аллаһ үшін кішіпейіл болғанның абыройы үстем
болатынын айтып, өзі де осыған үлгі болған. Əнестің (р.а.) айтуынша, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
алəйһи уə сəллəм) 
балаларға да ерекше көңіл бөлетін, ойнап жүрген қарадомалақтардың қасынан өтіп
бара жатып оларға сəлем беруді ұмытпайтын
[171]
. Тіпті, ол Мəдиналық біреудің малайы
қолынан ұстап бірталай жерге апарғанда да қарсылық білдірместен кішіпейілдікпен жетектеген
жағына барған екен
[172]
.
Кішіпейіл болудың бір белгісі – көпшіліктен бөлінбеу, өзіңді жұрттан артық санамау. Айша
анамыз (р.а.) «Пайғамбарымыз үйде не істеуші еді?» – деп сұрағандарға: «Отбасының шаруасын
қамдайтын. Намаз уақыты болғанда, намазға тұратын», – деп жауап қатқан
[173]
.


Əбу Рифаға (р.а.) былай деген: «Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
құтпа айтып жатқанда
қасына барып: «Уа, Аллаһтың елшісі, дінін білмейтін бір ғаріп дінін үйренуге келді», – дедім.
Ол
маған бұрылып қарады, сосын ісін доғарып қасыма келді. Оған дереу төсеніш əкелінді.
Жайғасып отырды да, Аллаһ тағала білдірген нəрселерді маған баяндады. Маған айтатындарын
айтқан соң, қайтадан құтпасын жалғастырып, сөзін аяқтады»
[174]
.
Тарихтан пайғамбар атаулының бəрі азын-аулақ қой баққанын оқып, білеміз.
Пайғамбарымыздың өзі де Қарарит деген жерде меккеліктердің қойын баққанын айтқан
[175]
.
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
бірде: «Қойдың сирағын, не жауырынын жеуге шақырсаңдар,
дереу барамын. Қойдың сирағын не жауырынын сый-сыбаға ретінде тартсаңдар, аламын», –
деген екен
[176]
.
Жасандылыққа бой алдыру кісіні жақсылыққа апармайтын жағымсыз əрекеттердің
бастауы. Амал-ғибадатын басқаларға көз қылып істеген адам сырттай тəп-тəуір көрінгенімен,
ішкі дүниесі əлем-жəлем болып рия деген кеселге оңбай ұрынады. Жасандылық пен жұрт
алдында жақсы көрінуге ғана ұмтылу, Аллаһ үшін жасалар ғибадаттың дұрыс орындалуына
кесiрін тигiзедi. Ақырында Аллаһ ақысын аяқасты етуге дейін алып келеді.
Құран кəрім де жасандылықтың екіжүзді мұнафықтарға тəн белгі екенін айтқан:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   137




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет