Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы



бет16/196
Дата05.02.2022
өлшемі4,39 Mb.
#19428
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   196
Бағалар нәтижесі:
Барлық бағалар әрбір жұмыс тапсырма нәтижелерінің қорытындысы бойынша жинақталады:
Ағымдағы бақылау - 30 балл (лекция, семинар, СОЖӨЖ (студенттің оқытушының көмегімен игеретін өз бетімен жұмысы) СӨЖ (студенттің өз бетімен игеретін жұмысы) ағымдағы бақылау ) Шектік бақылау - 30 балл (2 шектік бақылау 60 балл) Қорытынды бақылау - 40 балл ( емтихан тестілік түрде ).


Бағалау жүйесінде әріптік таңбаларды қолдану:



Балдар(%)

Бағаның әріптік жүйесі

Балдың
цифырлық
баламасы

Баға

95-100
90-94

А
А-

4.0 3.67

Өте жақсы

85-89
80-84
75-79

В+
в
в-

3.33
3.0
2.67

Жақсы

70-74
65-69
60-64
55-59
50-54

с+
с
с-

2.33
2.0
1.67
1.33
1.0

Қанағаттанарлық

0-49

ғ

0

Қанагаттанарлықсыз

Бағаның емтихандағы балдық жүйесі.



пайызы

Балдар

Баға

90-100%

37-40

5

75-89%

31-36

4

50-74%

20-30

3

0-49%

0-19

2



Әрбір сабақтағы балдық жүйе.



Лекция

0,5

15

Семинар

0,5-1

15

СОЖӨЖ

0,5

30

Барлығы

60



ІІ.Пәннің тақырыптық жоспары.





Тақырыптар



Дәріс

1

Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні



1

2

XX-XXI ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері.

1

3

1917 жылы Ресейдегі қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы



4

4

Қазақстан XX ғ. 20-30 жж. саяси-экономикалық жағдай

4

5

Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында

6

6

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1965ж.ж.)

4

7

КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстан (1985-1991ж.ж)



2

8

XX ғ. соңы мен XXI ғ. басындығы Қазақстан (1995-2000жж.)

4

9

Қазақстанның басқа елдермен саяси және экономикалық байланыстардың дамуы (2001-2010 ж.ж)



4




Барлығы:



30

Лекция сабақтарының жоспарымен мазмұны
Қазақстан қазіргі заман тарихы


Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні


Негізгі ұғымдар: Тарихи сана, далалық ауызша тарих, мәңгүрттік, шежіре, жазбаша деректер.


Мақсаты: Қазақстан қазіргі заман тарихы курсының пәндік мақсты мен міндеттерінің мазмұнын ашу.
Жоспар:
1.Пәнге кіріспе. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан қазіргі заман тарихынның кезеңдері.
2.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.
Мазмұны:
1.Пәнге кіріспе. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан Республикасьшың тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймактарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.
Бағдарламада бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі кезең аралығында еліміз жүріп өткен тарихи кезеңдерге талдау жасалады. Курстың тарих намасына оның ішінде алаш қайраткерлерінің еңбектеріне, Республиканың даму переспективасына байланысты өткізілген әр кездегі пікір-сайыстарға баса көңіл бөлінеді. Дерек көздерін молайту мақсатымен мұрағат, мерзімді баспа сөз беттеріндегі материалдарға, тақырыптық құжаттық жинақтардағы фактілерге көңіл аударылды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығы, жер мәселесінің шиеленісуі, азаматтық қарсы тұру жылдарындағы әртүрлі саяси күштердід ара салмағына талдау жасалады.
2.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Бұл курста сонымен катар бұрынғы оқулықтарда айтылмаған немесе бұрмаланған мәселелерді камтуғада талпыныс жасалды. Атап айтқанда қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы мен қызметі, Қазақстанның біртұтас атырабын қалыптастыру, ҚАССР-нің тұңғыш Конституциясының жасалуы және оның негізгі кағидалары.
Индустриаландыру бағытын қарастырған кезде жетістіктермен қатар жіберген кемшіліктерге де тоқталынады. Атап айтқанда өнеркәсіпті дамытудың шикізаттық бағыты, жұмысшы табының арасындағы казақ өкілдерінің үлес салмағы мен кәсіби деңгейіне жан жақты талдау жасалынды. Курсты оқыту барысында Ұлы Отан соғысы көзіндегі белгісіз фактілермен бұрмалангаи мәселелерге көңіл аударылады.
Неміс-фашист басқыншыларына азат етілген аудандарға Қазақстаннын бергсн көмегі туралыда мәліметтер айтылады. Тағыда ір көңіл аударылған мәселе - Ұлы Отан соғысынан кейінгі саяси қуғын-сүргіннің екінші кезеңнен басталуы және оның кұрбандары. Токырау көзіндегі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығынын жағдайы, артта қалу себептері, Ұлт аралық қатынастағы көленке мәселелер мен онын себептері қарстырылады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасынын құрылуы шет мемлекетіермен дипломатикалық қарым қатынасы, сыртқы эконмикалық саясаты, шаруашылык-әкімшілік реформалардың іске асырылуы мен оның қортындыларына көңіл аударылды.
Егемендік кезеңінде еліміздін саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер туралыда айтылады. Мәселен саяси партиялар мен коғамдық қозғалыстардың өмірге келуі, олардың бағдарламалык принциптері, ұлт аралық татулықты сақтау т.б. мәселелер қамтылады.
Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстан қазіргі заман тарихы курсының пәндік мақсты қандай?
2. Қазақстан қазіргі заман тарихы қандай кезеңдер аралығын қамтиды?
3.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің басқа қандай қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы бар?


Лекция №-2 Қазіргі замандағы Қазақстанның тарихнамасы және деректемелері.


Негізгі ұғымдар: Пролетариат, тап, тарихты идеологияландыру, мифтерге негізделген тарих,тарихи «ақтаңдақ». тарихи ақиқат.


Мақсаты: XX-XXI ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері туралы мәліметтер беру. Кеңестік және шетелдік тарихнаманың (ХХ-ХХІ ғ. басы) қазақ тарихына қатысты «ақтаңдақтарын» ашып көрсету.


Жоспар:
1.Қазақстан тарихы тарихнамасының зерделену проблемалары.( ХХ ғ.)
2.Кеңестік және шетелдік тарихнама (ХХ-ХХІ ғ. басы)
Мазмұны:
1.Кеңестік тарихтың жол-жөнекей жазылуы,коммунизм мен капитализмнің өзара арпалыстары. Тарихты идеологияландыруы. Ұлт проблемаларын ұпай жинауға пайдаланғандығы.Отандық тарих оның ішінде қазақ халқының тарихы саясат құрбандығына шалынуы.Мифтерге негізделген жалған,жалтақ тарихтың ірге тасының қалануы.Отан тарихын саясатқа бейімдеп «өңдеу»,өзгерту тәсілдері.Қазақ сахарысында пролетариат қозғалысының статусын әсірлеу мифі.Ұлттық мүддені пролетариаттық-таптық мүддеге бағындыру, ұлттық өзін-өзі билеу құқын шектеп ұлттық мемлекет құруда пролетариат диктатурасын табындыру.Бір орталық мемлекеттен қуыршақ ұлттық республикаларды өрбітіп жерін,байлығын алып,оны алу үшін жалындыру.
2.Тарихи әдебиеттегі приоритеттің бірі- Қазан төңкерісінің заңдылығы туралы миф. Қазақ кеңестік мемлекеттік статусты әсірелеу мифі туралы академик М.Қ.Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992 жылғы баспадан шыққан еңбегінде кеңестік дәуірдің тарихи ақтаңдақтары туралы ақиқатын ашты. Қазақстан тарихының концепциясы негізгі пайымдары,одақ көлемінде империялық бағытта жазылды. Бүгінде Отан тарихына тағлым ету,оның бетін жайлаған мифтерден асып өту тарихшылар әулетінің қарызы мен парызы.
Қазақстандағы азамат соғысы туралы Покровский С.Н. Разгром интервентов и внутренней контрреволюции в Казахстане (1919-1920 гг.) А-А.,1967 г., П.Елагин А.С. Социалистическое строительство в Казахстане в годы гражданской войны (1918-1920г. А-., 1966г.еңбектері жазылды бұл зерттеулер кеңес үкіметінің ролін дәріптей көрсетті.
Тарихнама мәселесі Отан тарихының өте нәзік жауапты саласы.Отан тарихының сүбелі бөлігі-мәдениет тарихы. Отан тарихы жаңа деректемелік негізде жазылу керек .
М.Қ.Қойгелдиев Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы. А.,1992 жылғы еңбеігінде Мұстафа Шоқайұлының қайраткерлік тұлғасын танытты. К.Н.Нұрпеисов. Становление Советов в Казахстане.А.,1995 жылы баспадан шыққан зерттеуінде қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы туралы тәуелсіз елдің тарихы тұрғысынан қарастырған.Қазақ зиялялары алаш арыстары хақында автор. Алаш һәм алашорда атты табанды зерттеу еңбегін жазып кетті.Т.Омарбековтың . Зобалаң атты Санат, баспасынан А.,1994 жылы жарық көрген еңбегінде кеңес үкіметінің солақай саясатының қазақ халқына тартқызған қасіреті мұрағат деректері негізінде берілген еңбнек.Сүлейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане (причины, характер, движущие силы). А-А., 1977 жылы шыққан еңбекте 1916 жылғы көтерілістің салдарын,тарихи сипатын,көтерілістің қозғаушы күштері туралы және көтерілістің тарихи маңызы туралы жазды.1916 жылғы көтеріліс мәселесі бұған дейін Х.Т.Турсуновтың Восстание 1916 г. в Средней Азии в Казахстане. атты А., І950 жылғы зерттеуінде де қарастырылған болатын.Асылбеков М.Х., Нурмухамедов С.Б., Пан Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане атты А-А., 1976 жылы жарық көрген еңбекте кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы өндірісте жұмыс жасайтын жұмысшы мамандар олардың кәсіби деңгейлерін көтерудегі оқу орындарының ашылуы мен кадр дайындау мәселерін қарастырды. Қазақстандағы индустрализациның бастамасы туралы Г.Ф.Дахшлейгердің Турксиб-первенец социалистической индустриализации атты А-А.,1953 жылы жарық көрген еңбегінде көрініс тапты.
Бекіту сұрақтары:
1. Тарихты идеологияландыруыды қалай түсінесің?
2.Отан тарихын саясатқа бейімдеп «өңдеу»,өзгерту тәсілдері қалай жасалған?
3.Қазақ сахарысында пролетариат қозғалысының статусын әсірлеу мифі туралы академик Манаш Қабашұлының қандай еңбегінде айтылған?
4.Бір орталық мемлекеттен қуыршақ ұлттық республикаларды өрбітіп жерін,байлығын алып,оны алу үшін жалындыру саясаты қалай жүзеге асқан?

Каталог: files -> umo
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   196




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет