«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



бет1/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы
бронхтық демікпе, Жас-балалардың-жақ-бет-хирургиясының-ерекшеліктері, Пульмо тесты 1 тема 4 ОМ рус, АПТ аппеляция 435, Тесты функциональной диагностики, ҚАЛА МЕН АУЫЛ БІЛІМ САПАСЫ

«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары



  1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын жазыңыз

Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесінде өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды көрсеткіш. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын, зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі.


Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын тұжырымдық және практикалық зерттеуде пәнаралық ұстанымдар қолданылады. Тарих ғылымының тұжырымдарын саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, сияқты өзге қоғамдық ғылымдардың методологиялық негіздерімен ұштастырудың маңызы айқындалған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті.



  1. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын Ұлы Дала тарихымен сабақтастығын айтып беріңіз

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Ұлы Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет