Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет144/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022
Ты адвокат, ҚҚЗТ сессия жауаптары 2, Мукатова Светлана Жумабековна, Желтоқсан ызғары, -1026910756 (1), 2 5332466815861787269
 
 
 
 
 
 


189 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ 
 
Айтакова Анар Бекболатовна 
Астана қаласы
Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназия 
қазақ тілі мен әдебиеті
 
Қазақ тілі қоғамдағы орны мен әлеуметтік қызметіне қатысты салауатты талаптар тіл білімі мен оқыту әдістемесінің 
алдына жаңа міндеттер қойып отырғаны көпшілік қауымға аян. Қазіргі жаңа кезең-жаңа белесте тіл адамдар арасындағы 
пікір алмасу құралы ретінде ғана емес, бүгінгі күн қажеттігін, қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынас құралы болумен 
қатар, ХХІ ғасырда өмір сүріп, Қазақстан Республикасының әлемдегі орнын айқындауға қатысатын, тіліміз бен 
ділімізді, дініміз бен рухымызды сақтауға ат салысатын жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге әсер ететін басты құрал 
есебінде де қызмет ететіндігі естен шықпауға тиіс. 
Жаңа буынды тәрбиелеу мен оқыту мектеп табалдырығынан басталады. Қазақ тілі пәнін оқытудың басты мақсаты- 
коммуникативтік, тілдік, мәденитанымдық біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызады.Осы мақсатты 
алдыға қоя отырып, қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана 
білу-оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.Қоғам талабына сай жеке тұлға қалыптастыруды дамыту мен оған жан-
жақты терең білім беру мақсатында тиімді педагогикалық технологиялар ұсынылуда. 
Педагогикалық технологиялардың басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін 
қалыптастыру,өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.Қазіргі таңда өзім сабақ өткізу бағытында қазақ тілі пәнін 
оқытуды басшылыққа ала отырып, сабақтың сапасын, мазмұнын, әдістерін бүгінгі күн талабына сәйкес көтеруге 
тырысып, білім сапасына ерекше көңіл бөлемін.Өз тәжірибеме сүйене отырып, тіл ұстарту жұмыстарының кейбір 
жолдарын қарастырып өтейін. 
1. Әңгімені оқыта отырып, оқушы дәптеріне қысқаша оның тақырыбы,сюжеті,идеясы,мазмұнын жаздыру.Сонда 
оқушы не туралы,қандай бағытта сөйлеу керектігін түсініп отырады. 
2. Табиғат көріністерін, әр түрлі өмір құбылыстарын, адамдардың бейнесін, іс-әрекеттерін баяндауда көркемдеу
бейнелеу құралдарын пайдаланып, сөйлей, жаза білуге дағдыланады. 
3. Белгілі бір шығармаға дейін өзіндік пікірін немесе көзқарасын білдіру үшін мұғалім өзін оқушымен тең дәрежеде 
ұстай отырып: «менің ойым мынандай, ал сен не айта аласың?» т.б. сұрақтар арқылы жетелеп отыру. 
4. Жүйелі қарапайым түрден біртіндеп күрделендіре іске асыру. Қарапайым сөйлем құратудан бастап, шағын 
шығармаға дейін жаздыру. 
5. Сынып ерекшелігіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру. 
6. Оқушылардан кез келген мәтінді немесе шығарманы көзбен алу емес, түсініп оқуын үнемі қадағалап отыру. 
Тіл ұстарту сабағы - әр оқушының өзіндік пікір білдіру деңгейін, шығармашылық қабілетін ұштайтын сабақ. 
Сынақ сабақтары арқылы да оқушының ауызша және жазбаша сауаттылықтарын тексеруге болады. Бақылау 
жұмыстары,шығарма, мазмұндаманы да уақытында алып, оқушының жазбаша сауаттылығын, ойын жеткізе алуын, 
тақырыпты аша алуын байқауға болады. 
Жазба жұмыстары да оқушы білімінің сапасын көрсетеді.Жазу жұмыстарының бірі- мазмұндама. Мазмұндама 
жаздыру арқылы оқушылардың жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, тілдік материалды орынды қолдана білуге, ауызша 
сөйлеуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді.Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда 
мазмұндаманың мынадай түрлерін жүргізуге болады: 
1.Дайын мәтін бойынша мазмұндама 
1) Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау; 
2) Мәтіннің мазмұнын сақтай отырып, бірақ баяндау формасы (Іжақ,ІІІжақ) өзгертіп айту. 
2. Сурет бойынша мазмұндау 
1) Белгілі бір оқиғаға арналған бір сурет бойынша мазмұндама; 
2) Сюжетті суреттер арқылы жазған мазмұндама. 
Қорытып айтқанда, оқушы білімін жүйеге келтіруде оқушының 
1) сезімін, түйсігін, 
2) қабылдауын, ынтасын; 
3) зейінін, есте ұстауын 
4) ойлау, қиялдауларын өз бетінше ізденісін дамыта білу керек.Бұл әдіс-тәсілдерді қолдануда оқушының ауызша, 
жазбаша тілдерін дамытуда, білім деңгейлерін нақты жүйелей алуға көмегін тигізеді. 
Тіл мәдениетіне баулу-бүгінгі күннің басты талабы.Оқушылардың сөздік қорларын дамыта отырып, мәдени 
сөйлеуге үйретуді қолға алған жөн.Әдеби тіл нормасына сай дұрыс, көркем, әсерлі баяндай білу қабілеттерін дамыту 
үшін көркем әдебиеттерді көп оқу, ана тіліміздің алтын қорлары мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, қанатты сөздер, 
шешендік сөздердің маңызы зор. Оқушы әдеби тілде мәдениетті сөйлеу, қазақ сөзінің құдіретін, ана тілінің сырын 
сезінгенде, тілі жақсы дамыған, ойын жазбаша, ауызша да сауатты, әдеби тіл нормасына сай жеткізе алатын, қоғам 
өміріндегі тіл қызметін өрістете алатын мәдениетті азамат қалыптасады. 
Өз тәжірибемде оқушылардың сөйлеу мәдениетін, шешендік дағдысын қалыптастыруда «Пікір- сайыс» 
бағдарламасы бойынша сабақ түрлерін жүргізіп, тиімді жақтары бар екендігіне көз жеткіздім.Бұл сабақтар белгілі бір 


190 
тақырыпқа сын көзбен қарауға үйретеді, сын айта білуге, қарсыластарының ойын, ашық пікірін сыйлай отырып 
сөйлеуге, қоғам талабына сай терең пайымдауға талпынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет