Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет148/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022
Ты адвокат, ҚҚЗТ сессия жауаптары 2, Мукатова Светлана Жумабековна, Желтоқсан ызғары, -1026910756 (1), 2 5332466815861787269
ой-
толғаныс
– бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, 
басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта 
алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау 
мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер 
жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты 
құрылымға жетелейді. 
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, 
“Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. 


193 
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге 
қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске 
асыруына жол көрсетеді. 
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” 
бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. 
Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. 
Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже 
шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. 
RWCT
бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. 
Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын 
тұрғысынан ойлауды дамыту. 
Сабақтың мақсаты:
а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою; 
ә) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу; 
б) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, 
оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру. 
Қазақ тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып тұлға 
қалыптастыру тәжербиесін сабақтарда қолданудамын.Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз 
ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды,, сын көзбен қарайды,пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ 
пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды 
дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты артырады, кез – келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі 
тәрбиелейді. 
Мен өз сабақтарымда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім. Сабақта 
қолданып жүрген әдістерім мынадай: 
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру). 
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең. 
ІІІ-ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның 
бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз. 
СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім: 
1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет