Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет2/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf
Resume
© ред. Нагиев И.Б., 2016
2


Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы
 Б.Жұмалиев атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні 
мұғалімі Құрашова Набат
Сабақтыңтың тақырыбы: Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау.
Сабақтың мақсаты:білімділік–зат есімнің түрленуі туралы түсіндіру, оқушылардың ой-өрісін
кеңейту, зат есім тақырыбынан алған білімдерін еске түсіру, есім тақырыбы бойынша білімін
жетілдіру;
Дамытушылық–жеке тұлғаның ой-қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың өздігінен жұмысқа
баулу, сөйлеу шеберліктерін,тіл байлықтарын дамыту; тәрбиелік–оқушыны білімділікке,
ойлылыққа жетектеу, пәнге қызығушылығын арттыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, топтастыру, талдау, сұрақ-жауап , СКТ.
Сабақтың көрнекілігі :интербелсенді тақта, бейнеролик
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: 
Қызығушылықты ояту. 
Топқа бөлу: -лар, -лер; - дар, - дер; - тар, - тер жалғауларын оқушыларға тарату арқылы топқа бөлу.
Дұрыс, ендеше, бүгінгі тақырып «Зат есімнің түрленуі.Көптік жалғау»
«Мағынаны тану» кезеңі.
Жаңа сабақ. Жаксы оқушылар, бүгінгі жаңа сабағымызды Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әрбір адам өмір бойы білім алуды
жеке кредосына айналдыру керек. Мәңгілік ел болу жолындағы ұлы істеріміз, жаңа дәуірлерге жол ашсын» деген дәйексөзі
арқылы бастайық.
Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады. Жалғаулар өздері жалғанған сөзге белгілі бір
мағына үстейді, екіншіден, бір сөз бен екінші бір сөзді байланыстырады. Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар: көптік
жалғау, септік жалғау, тәуелдік жалғау, жіктік жалғау.
Оқушыларға көптік жалғауын керек етпей , өздері көптік мағынада қолданылатын сөздер туралы айтып, бұл атауларды
интербелсенді тақтадан көрсету.
1.Жекелеп атауға келмейтін атаулар: су, сүт, тұз, ұн, құм.
2.Ру,халық, ел аттары : найман, қазақ, қырғыз, керей...
3.Әрқилы жанды жәндік, аң, хайуан аттары: көбелек, құрт, қой, түлкі... 
4.Өсімдік аттары: шөп, арпа, бидай, жусан, тары...
5.Адамның ішкі сезімі, жай-күйі атаулары: алданыш, ермек,ақыл, достық, түс, білгірлік.
Сөздердің көптік мағынада жұмсалуының үш түрлі тәсілі бар, ол – морфологиялық, лексикалық және синтаксистік
тәсілдер.
1.Тиісті қосымшалар арқылы сөздерге көптік ұғымның берілуі морфологиялық тәсіл деп аталады.
2.Көптік ұғымды ешқандай қосымшаларсыз өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады.
3.Көптік ұғымды сөз тіркестері арқылы білдіру синтаксистік тәсіл деп аталады.
Көптік жалғауы бірыңғай мүшелердің бәріне емес, ең соңғысына жалғанады. Мысалы: Ол кітап, дәптер, қаламдарын алып
мектепке кетті.
Дәлелдеме ретінде сурет ұсыну.
Оқушы== оқушылар
Үй === үйлер
Гүл ==== гүлдер
Ескерту:мұнай,газ деген сөздерге 
көптік жалғауы жалғанбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   361




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет