Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



бет4/5
Дата13.08.2017
өлшемі0,67 Mb.
#23648
1   2   3   4   5

Бағалау өлшемдері:

  1. Өсімдіктердің табиғаттағы және ауыл шаруашылығы өндірісіндегі рөлін біледі.

  2. Өсімдіктердің физиологиясын біледі.

Оқыту нәтижесі: 2) Топырақтану негіздері.

Бағалау өлшемдері:

  1. Топырақтың түзілу процесін және топырақтың түзілу факторларын біледі.

  2. Топырақтың морфологиялық белгілері мен құрамын біледі.

  3. Топырақтың қасиеті мен құнарлылығын анықтайды.

  4. Топырақтың құрылымдық талдауын жүргізе алады.

Оқыту нәтижесі: 3) Егіншілік негіздері.

Бағалау өлшемдері:

  1. Егіншілік заңдарын біледі.

  2. Арам шөптерді біледі.

  3. Арам шөптермен күресу шараларын анықтайды.

  4. Егіншілік жүйесін біледі.

  5. Топырақты өңдеу түрлерін біледі.

  6. Топырақты өңдеудің қажетті тәсілін таңдайды.

  7. Жерді дайындайды және топырақ қоспаларын құрайды.

Оқыту нәтижесі: 4) Агрохимия негіздері.

Бағалау өлшемдері:

1. Агрономиялық химия міндеттерін біледі.

2. Минералды тыңайтқыштардың түрлерін және олардың қолданылуын біледі.

3. Органикалық тыңайтқыштардың түрлерін және олардың қолданылуын біледі.

4. Тыңайтқыштарды қолдану жүйесін біледі.

5. Тыңайтқыштарды енгізу және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды әзірлейді.


  1. КҚ 2. Гүл-сәндік дақылдардың биологиялық ерекшеліктері туралы ақпаратты талдау және жүйелендіру, 

  2. өсіру бойынша агротехникалық тәсілдерді орындау: тұқымдық және вегетативтік көбейтуді жүргізу, оларды күту;

АМ 02. Гүлді-сәндік дақылдар өсіру технологиясы

Осы модуль гүлді өсімдіктерді өсіру бойынша агротехникалық іс-шараларды орындау үшін қажетті білім мен дағдыларды сипаттайды.

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде меңгеруі тиіс: гүлді өсімдіктердің құрылысы, көбеюі және өсіру тәсілдері; жылыжайлар мен ішкі көріністерге арналған гүлді өсімдіктер ассортименті, ландшафтілік дизайнға арналған гүлді өсімдіктер ассортименті, раушан және сәндік лиана дақылдарының ерекшеліктері, сәндік-гүлді өсімдіктерді көктету бойынша.

Білім алушылардың төмендегілерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыстарды орындауы маңызды: гүлді өсімдіктердің түрлері мен биологиялық ерекшеліктерін анықтау; гүлді өсімдіктерді көбейту; гүлді өсімдіктер өсіру бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды таңдау; гүлді өсімдіктерді көктетуді орындау; гүлді өсімдіктер өсіру бойынша технологиялық карта құрастыру


Оқыту нәтижесі: 1) Гүлді өсімдіктердің құрылысын анықтау.

Бағалау өлшемдері:

1. Өсімдіктердің вегетативтік органдарының құрылысы мен функцияларын біледі.

2. Өсімдіктің генеративтік органдарына сипаттама береді.

2. Өсімдіктің вегетативтік органдарына сипаттама береді.


Оқыту нәтижесі: 2) Режимдерді басқару.

Бағалау өлшемдері:

1. Топырақтың ауа-газ және су режимдерін анықтайды.

2. Топырақтың қорек режимін анықтайды;

3. Тыңайтқыштарға, микротыңайтқыштарға сипаттама береді.

4. Гүлді өсімдіктерді отырғызуды орындайды және қайта отырғызылған өсімдіктерді күтіп-ұстайды.



Оқыту нәтижесі: 3) Бөлме өсімдіктерін көбейту.

Бағалау өлшемдері:

1. Гүлді өсімдіктерді тұқыммен көбейтеді.

2. Өсімдіктерді табиғи вегетативтік тәсілмен көбейтеді.

3. Өсімдіктерді қол арқылы вегетативтік тәсілмен көбейтеді.


Оқыту нәтижесі: 4) Гүлді-сәндік өсімдіктерді өсіру.

Бағалау өлшемдері:

1. Біржылдық гүлді өсімдіктерді өсіру және көбейту бойынша агротехникалық іс-шараларды орындайды.

2. Екіжылдық өсімдіктерді өсіру және көбейту бойынша агротехникалық іс-шараларды орындайды.

3. Көпжылдық гүлді өсімдіктерді өсіру және көбейту бойынша агротехникалық іс-шараларды орындайды.

4. Жабық топырақтың гүлді өсімдіктерін өсіру және көбейту бойынша агротехникалық іс-шараларды орындайды.

5. Лианаларды өсіру және көбейту бойынша агротехникалық іс-шараларды орындайды.


Оқыту нәтижесі: 5) Гүлді өсімдіктерді көктету.

Бағалау өлшемдері:

1. Раушан, мамыргүл, жапонгүлдерді көктетуді орындайды.

2. Қызғалдақ, сүмбіл, нәркес және лалагүлдерді көктетуді орындайды.



Оқыту нәтижесі: 6) Гүл шаруашылығы.

Бағалау өлшемдері:

1. Гүл шаруашылығы аумағын ұйымдастырады.

2. Гүлді өсімдіктерді өсіру бойынша технологиялық карта құрастырады.



КҚ 3. Ағаштар мен бұталарды отырғызуды орындау, оларды күту

АМ 03. Ағаш-бұта дақылдарын өсіру технологиясы

Модульге қысқаша шолу

Осы модуль жұмыс нәтижелілігін, ағаш өсімдіктерін өсіру бойынша агротехникалық іс-шараларды орындау үшін қажетті білім мен дағдыларды сипаттайды.

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде меңгеруі тиіс: дендрология бойынша негізгі түсініктер мен терминдер; ағаш өсімдіктерінің таксономиялық алуан түрлілігі; ағаш өсімдіктерінің тіршілік нысандары; жалаңаштұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің топтастырылуы; ағаш өсімдіктердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері; Қазақстанның дендрофлорасы.

Білім алушылардың төмендегілерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыстарды орындауы маңызды: ағаш өсімдіктерінің түрлері мен биологиялық ерекшеліктерін анықтау; ағаш өсімдіктерін көбейту; ағаш өсімдіктерді отырғызу бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды таңдау.




Оқыту нәтижесі: 1) Ағаш өсімдіктерінің биологиясы мен экологиясының негіздері.

Бағалау өлшемдері:

1. Ағаш өсімдіктерінің, жартылай ағаш өсімдіктерінің тіршілік нысандарын біледі.

2. Ағаш өсімдіктерінің тіршілік нысандарын анықтай алады.

3. Ағаш өсімдіктерінің ботаникалық және биологиялық ерекшеліктерін біледі.

4. Ағаш өсімдіктерінің таралу аймағы, таралу аймақтарының типтері туралы түсінігі бар.

5. Ағаш өсімдіктерінің дамуына әсер ететін экологиялық факторлардың түрлерін біледі.

6. Ағаш өсімдіктерінің жерсіндіру мен бейімдеуді біледі

7. Өсімдіктердің су режиміне, құрғақшылыққа, жарыққа қатысы бойынша олардың экологиялық топтарын анықтай алады.


Оқыту нәтижесі: 2) Сәндік дендрология негіздері.

Бағалау өлшемдері:

1. Ағаш басының, жапырақтардың, жемістердің, гүлдердің, сабақтың сәндік қасиеттерін біледі.

2. Ағаш өсімдіктері басының пішіндерінің ботаникалық ерекшеліктері бойынша айырып, тани алады.

3. Жапырақтардың пішіндерін ботаникалық ерекшеліктері бойынша айыра алады және тани алады.

4. Гүлдердің пішіндерін ботаникалық ерекшеліктері бойынша, ағаш тұқымдары топтарын гүлдену уақыты мен ұзақтығы бойынша айыра алады және тани алады.

5. Ағаш өсімдіктерін жемістері, сабақ қабығының түсі мен фактурасы бойынша айыра алады және тани алады.

6. Ағаштар мен бұталардың сабақтарын қалыптастыра алады.



Оқыту нәтижесі: 3) Қылқан жапырақты тұқымдарға жататын ағаштар мен бұталар.

Бағалау өлшемдері:

  1. Қарағай тұқымдастарына жататын барлық зерттелетін тұқымдар мен түрлерді, олардың ботаникалық және биологиялық ерекшеліктерін және сәндік қасиеттерін біледі.

  2. Сауырағаш тұқымдастарына жататын барлық зерттелетін тұқымдар мен түрлерді, олардың ботаникалық және биологиялық ерекшеліктерін және сәндік қасиеттерін біледі.

  3. Шілік тұқымдастарына жататын барлық зерттелетін тұқымдар мен түрлерді, олардың ботаникалық және биологиялық ерекшеліктерін және сәндік қасиеттерін біледі.

  4. Қылқан жапырақ тұқымдастарына жататын ағаш өсімдіктерін отырғызудың агротехникалық тәсілдерін біледі.

Оқыту нәтижесі: 4) Жапырақты тұқымдастарға жататын ағаштар мен бұталар.

Бағалау өлшемдері:

1. Сермене, бөріқарақат, шамшат тұқымдастарына жататын барлық зерттелетін тұқымдар мен түрлерді, олардың ботаникалық және биологиялық ерекшеліктерін, сәндік қасиеттерін, таралу аймағын және көгалдандыруда қолданылуын біледі.

2. Өарағаш, тұт ағаштар, бут ағаштары тұқымдастарына жататын барлық зерттелетін тұқымдар мен түрлерді, олардың ботаникалық және биологиялық ерекшеліктерін, сәндік қасиеттерін, таралу аймағын және көгалдандыруда қолданылуын біледі.

3. Қайың, жаңғақ, жыңғыл, тал тұқымдастарына жататын барлық зерттелетін тұқымдар мен түрлерді, олардың ботаникалық және биологиялық ерекшеліктерін, сәндік қасиеттерін, таралу аймағын және көгалдандыруда қолданылуын біледі.

4. Актинидия, аршагүл, жөке, жапонгүл, қарлыған тұқымдастарына жататын барлық зерттелетін тұқымдар мен түрлерді, олардың ботаникалық және биологиялық ерекшеліктерін, сәндік қасиеттерін, таралу аймағын және көгалдандыруда қолданылуын біледі.

5. Раушангүлділер, бұршақ, мирта, рута тұқымдастарына жататын барлық зерттелетін тұқымдар мен түрлерді, олардың ботаникалық және биологиялық ерекшеліктерін, сәндік қасиеттерін, таралу аймағын және көгалдандыруда қолданылуын біледі.

6. Анакардий, үйеңкі, талшын тұқымдастарына жататын барлық зерттелетін тұқымдар мен түрлерді, олардың ботаникалық және биологиялық ерекшеліктерін, сәндік қасиеттерін, таралу аймағын және көгалдандыруда қолданылуын біледі.

7. Қызыл тал, аралий, өгейбұталар, қаражеміс тұқымдастарына жататын барлық зерттелетін тұқымдар мен түрлерді, олардың ботаникалық және биологиялық ерекшеліктерін, сәндік қасиеттерін, таралу аймағын және көгалдандыруда қолданылуын біледі.

8. Жүзім, жидек, зәйтүн, бөріжидек тұқымдастарына жататын барлық зерттелетін тұқымдар мен түрлерді, олардың ботаникалық және биологиялық ерекшеліктерін, сәндік қасиеттерін, таралу аймағын және көгалдандыруда қолданылуын біледі.

9. Қылқан жапырақ тұқымдастарына жататын ағаш өсімдіктерін отырғызудың агротехникалық тәсілдерін біледі.


КҚ 4.

Сәндік-гүлді өсімдіктердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу



АМ 04. Өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау

Осы модульдің мақсаты: экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін ұлғайтуға және қоршаған ортаның ластану қаупінің алдын алуға бағытталған өсімдіктерді қорғау бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру.

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде меңгеруі тиіс: сәндік дақылдардың аурулары мен зиянкестердің және кеңінен қолданылатын пестицидтердің түрлері; зиякестермен және аурулармен күресудің агротехникалық, ұйымдастырушылық-шаруашылық, физикалық-механикалық, биологиялық, химиялық және аралас әдістері; көшетханалар мен жылыжайларда топырақты қалпына келтіру тәсілдері, көшетханаларды, жылыжайларды, қоймаларды, залалсыздандыру, тұқымдарды дезинфекциялау.

Білім алушылардың мыналарға қол жеткізуі маңызды: гүлді өсімдіктердің ауруларының түрлері мен зиянкестерін анықтау; қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып, жабық топырақ өсімдіктерінің зиянкестерімен күресу бойынша профилактикалық және жою іс-шараларын жоспарлау.



Оқыту нәтижесі: 1) Зиянкестер мен аурулар туралы жалпы мәліметтер.

Бағалау өлшемдері:

1. Сәндік өсімдіктердің зиянкестерінің сипаттамасын сыртқы түрі бойынша және құрт-құмырсқалардың даму циклдарын біледі.

2. Сәндік өсімдіктердің ауруларын қоздырғыштардың сипаттамасын біледі .

3. Сәндік өсімдіктердің аурулары мен зиянкестерінің түрлерін анықтайды.


Оқыту нәтижесі: 2) Сәндік өсімдіктерді қорғау құралдары мен әдістері.

Бағалау өлшемдері:

1. Зиянкестермен және аурулармен күресу әдістерін біледі.

2. Негізгі пестицидтерге сипаттама береді.



Оқыту нәтижесі: 3) Көшетханалар мен жылыжайлардағы топырақты қалпына келтіру тәсілдері.

Бағалау өлшемдері:

1. Көшетханалар мен жылыжайлардағы топырақты қалпына келтіру тәсілдерін біледі.

2. Көшетханаларды, қоймаларды залалсыздандыру

3. Жылыжайлардағы, көшетханалардағы топырақты қалпына келтіреді.


Оқыту нәтижесі: 4) Сәндік өсімдіктердің зиянкестері. Күресу шаралары.

Бағалау өлшемдері:

1. Сәндік өсімдіктердің зиянкестерінің түрлерін және олармен күресу тәсілдерін біледі.

2. Сәндік өсімдіктердің зиянкестерінің түрлерін және олармен күресу тәсілдерін анықтайды.

3. Өсімдіктерді зиянкестерден қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

4. Өсімдіктерді зиянкестерге қарсы өңдеуді жүргізеді.



Оқыту нәтижесі: 5) Сәндік өсімдіктердің аурулары. Күресу шаралары.

Бағалау өлшемдері:

1. Сәндік өсімдіктердің зиянкестерінің түрлерін және олармен күресу тәсілдерін біледі.

2. Сәндік өсімдіктердің ауруларының себептері мен қоздырғыштарын және олармен күресу тәсілдерін анықтайды.

3. Өсімдіктерді аурулардан қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

4. Өсімдіктерді аурулардан өңдеуді жүргізеді.



Оқыту нәтижесі: 6) Өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Бағалау өлшемдері:

  1. Сәндік өсімдіктерді зиякестер мен аурулардың жұғуына тексеру және есепке алу әдістемесін біледі.

КҚ 5. Әр түрлі гүлзарлар орналастыру және қалыптастыру.

АМ 05. Жасыл құрылыс негіздері

Осы модульдің мақсаты: білім алушыларға елді мекендерде көгалдандыру объектілерін құрудың экологиялық тәсілін үйрету

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде меңгеруі тиіс: әр түрлі елдердің бау-бақша-саябақ өнері, жасыл екпелер объектілерінің жіктемесі, бау-бақша-саябақ өнерінің стилі, ландшафтілік композиция құралдары, өсімдік материалын таңдаудың жалпы қағидаттары, ағаш және бұта екпелері композициясының ерекшеліктері, гүлмен безендірудің негізгі композициялық элементтері, ішкі көгалдандырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері, өсімдіктерді ішкі көріністе орналастыру, қысқы бақтар жасау, тігінен көгалдандыру, шағын сәулет нысандарын қолдану, ландшафт өнеріндегі жобалау негіздері.

Білім алушылардың мыналарға қол жеткізуі маңызды: гүлзар жобаларын әзірлеу және типтері мен түрлері әр түрлі гүлзарларды орналастыру; ағаш және бұта көшеттерінің композицияларын жасау; әр түрлі аумақтарды көгалдандыру.


Оқыту нәтижесі: 1) Бау-бақша-саябақ өнеріне тарихи шолу.

Бағалау өлшемдері:

1. Шығыс елдерінің ландшафт өнері, Семирамиданың аспалы бау-бақшалары, қытай және жапон бау-бақшалары туралы біледі.

2. Батыс елдерінің ландшафт өнерін, монастырь бау-бақшаларын, ботаникалық бау-бақшаларды, бау-бақша-саябақ өнеріндегі пейзаж бағытын біледі.

3. Ресей мен Қазақстанның Бау-бақша-саябақ өнерін біледі.


Оқыту нәтижесі: 2) Ландшафт өнерінде қолданылатын құралдар мен стильдер.

Бағалау өлшемдері:

1. Гүл үйлесімін біледі.

2. Кеңістік құрылымдарының типтерін, олардың қасиеттерін, жарықтандырылуын біледі.

3. Ландшафт өнерінің стильдерін біледі.

4. Ландшафт өнеріндегі жобалау негіздерін біледі.

5. Ландшафт дизайны объектілерін жобалайды.


Оқыту нәтижесі: 3) Жасыл екпе объектілерін жіктеу, ағаш өсімдіктерін таңдау.

Бағалау өлшемдері:

1. Ортақ, арнайы және шектеулі пайдаланымдағы көшеттердің түрлерін біледі

2. Аумақты көгалдандыру үшін өсімдік материалын таңдау қағидаттарын біледі.

3. Ағаштар мен бұталардың экологиялық сипаттамаларын біледі .

4. Ағаштар мен бұталардың сәндік қасиеттерін біледі.

5. Ағаш және бұта көшеттері композицияларының ерекшеліктерін біледі.

6. Ағаш және бұта көшеттерінің композицияларын құрастырады.



Оқыту нәтижесі: 4) Гүлді өсімдіктерді таңдау қағидаттары.

Бағалау өлшемдері:

1. Гүлді өсімдіктердің сәндік қасиеттерін біледі.

2. Гүлді дизайнның негізгі композициялық элементтерін біледі.

3. Аумақты көгалдандыру тәсілдерін біледі

4. Гүлзарлар жасау және оларды күтіп ұстау тәсілдерін біледі .

5. Әр түрлі гүлзарлар жасайды және оларды күтіп-ұстайды.

6. Көгалдардың мақсаты мен құрамын біледі.

7. Көгал егу нормалары мен мерзімін біледі.

8. Учаскені көгалға дайындайды және кқгал тұқымдарын себеді.

9. Көгалды күтіп-ұстайды, жасартады және жөндейді.


Оқыту нәтижесі: 5) Ландшафт өнерінде шағын сәулет нысандарын қолдану.

Бағалау өлшемдері:

1. Тік көгалдандыру тәсілдерін біледі.

2. Шырмалғыш өсімдіктердің ассортиментін біледі.

3. Шырмалғыш өсімдіктерді отырғызу қағидаларын біледі.

4. Шырмалғыш өсімдіктерді күтіп-ұстау тәсілдерін біледі.

5. Тік көгалдандыру объектілерін жасайды.

6. Тік көгалдандыру өсімдіктерін күтіп-ұстайды.

7. Шағын сәулет нысандарының көгалдандырудағы маңызын және олардың түрлерін біледі.

8. Су айдындарының құрылыс қағидаттарын біледі.



Оқыту нәтижесі: 6) Ландшафт өнерінде шағын сәулет нысандарын қолдану.

Бағалау өлшемдері:

1. Ішкі көгалдандыру үшін өсімдіктер ассортиментін біледі.

2. Өсімдіктерді ішкі көріністе орналастыру қағидатын біледі.

3. Қысқы бақтар жасау негіздерін біледі.

4. Қысқы бақтарды, гүлді өсімдіктердің ішкі көріністе орналасуын жобалайды.



КҚ 6. Тұрғын үйлер мен кеңселерді сәндік өсімдіктермен безендіру.

АМ 06. Фитодизайн негіздері және гүлдерді безендіру

Осы модульдің мақсаты: фитодизайн мен флористика бағыттары мен стильдері туралы теориялық ережелер мен практикалық дағдыларды меңгеру.

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде меңгеруі тиіс: безендіру негіздері, безендіру мақсаты; кесілген гүлдерден жасалған гүлшоқтар мен композияциялар, кесілген гүлдерді сақтау; икебана, бонсай, флористикалық коллаж жасау техникасы; заманауи флористика, гүл этикеті, ішкі көріністі бөлме өсімдіктерінен жасалған композициялармен безендіру; қысқы бақтарда агротехникалық жұмыстарды орындау.



Білім алушылардың мыналарға қол жеткізуі маңызды: флористикалық композицияларды жасау; мерекелер мен салтанатты шараларды безендіру; ішкі көріністерді бөлме өсімдіктерінен жасалған композициялармен безендіру.



Оқыту нәтижесі: 1) Көркемдеу негіздері.

Бағалау өлшемдері:

  1. Көркемдеудің суреттеу құралдарын біледі (түсі, симметрия, ауқымдылық, түстердің кереғарлығы, нюанс)

  2. Көркемдеуде қолданылатын материалдарды, көркемдеу құралдарын, қауіпсіздік техникасын біледі.

  3. Өсімдік материалдарын көркемдеуге дайындай алады.

Оқыту нәтижесі: 2) Көркемдеудің мақсаты.

Бағалау өлшемдері:

  1. Көркемдеу түрлері мен мақсаттарын біледі.

  2. Мерекеге тақырыптық композициялар жасай алады.

Оқыту нәтижесі: 3) Кесілген гүлдерден жасалған гүлшоқтар мен композициялар.

Бағалау өлшемдері:

  1. Гүлшоқтардың стильдері мен пішіндерін, әр түрлі елдердің гүлшоқ түрлерін біледі.

  2. Кесілген гүлдерден гүлшоқтар жасау техникасын біледі.

  3. Үйлену тойларына арналған гүлшоқтарды жасау және үйлену тойларын безендіру техникасын біледі.

  4. Гүл этикетін біледі.

Оқыту нәтижесі: 4) Кесілген гүлдерді сақтау.

Бағалау өлшемдері:

  1. Қыс уақытында гүлдейтін бұтақтарды көктетуді жүргізе алады.

  2. Гүлдерді кесу техникасын, олардың солу және қайта қалпына келтіру себептерін біледі.

  3. Гүлдерді сақтау және тасымалдау қағидаларын біледі.

Оқыту нәтижесі: 5) Икебана, бансай, флористикалық коллаж.

Бағалау өлшемдері:

  1. Икебананың, бонсайдың және флористикалық коллаждың пайда болу тарихын біледі.

  2. Икебана, бонсай және флористикалық коллаж жасау техникасын біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет