Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет9/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика
Тесты БД для Платонуса
6

«Шаттық шеңбері»

Әдетте сабақтың бастапқы кезеңінде қолданылатын әдістемелік амал. Педагог студенттермен барлығының бір-бірімен еркін қарым-қатынасын қамтамасыз ететін шеңбер құрады. «Қуаныш шеңберінде» тікелей сабақтың тақырыбына байланысты әртүрлі сәлемдесу рәсімдерін қолдануға болады. «Қуаныш шеңберінің» педагогикалық мәні әрбір студенттің әлемге деген ашықтығы мен сенімділігін сезінуімен анықталады. «Өзін-өзі тану» сабақтарының аталмыш компоненті студенттер тобында жағымды ахуал мен шығармашылық ортаны қалыптастыруға, әлеуметтік дағдыларды дамытуға қажет.

7

«Жүректен жүрекке»

Әр студенттің эмоциялы күйін, соның негізінде олардың сабақтың тақырыбын түсінгендіктерінің дәрежесін анықтауға, бір-бірінің әсерімен бөлісіп, тілек білдіруді болжайтын сабақты қорытындылайтын әдістемелік амал.

8



Дәріс-әңгіме



Педагогтың нақты тақырып бойынша берген біршама түсінігінен кейін студенттердің сұрақтар қою арқылы тақырып мазмұнының мәнін ашып, сабаққа белсенді қатыса алатын дәріс берудің жаңашыл түрі болып табылады. Әр студент өз пікірін, өзінің тақырыпқа қатысты қатынасын білдіріп, толғандырған сұрақтарын қоя алады. Педагог студенттердің ойлану қабілеттерін дамытуға ықпал етіп, оларды қарастырылған мәселелер турасында өз пікірін білдіруге ынталандырады.

9

Нақты жағдайларды талдау әдісі

Кейс-әдісінің (ағылшынша «сазе» жағдай) әрқилы атауларының бірі. Күнделікті өмірден, кәсіби тәжірибеден алынған жағдаяттарды талдауға негізделген оқытудың пікірталас түріндегі әдістердің бірінен саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   131




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет