Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет17/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика
Тесты БД для Платонуса
«Миға шабуыл» процесі. Биік нәтижеге жетудің кілті мен алтын ережесі қатысушылардың белсенділігінен туындайтын достық қатынастың қалыптасуы.
«Миға шабуыл» әдісінің кезеңдері:

  • мақсатты анықтау (сізді не қызықтырады:көпшілік алдындағы сөздің идеялары ма, әлде белгілі бір мәселені шешу қамтыла ма, әлде тақырып па?...);

  • қатысушыларды өз идеяларын айтуға үндеу (көпшілікпен жұмыс жағдайында әр қатысушы кезекпен бір идеядан ұсынуы керек, ал топтық жұмыста әр топтан бірнеше идея қатар ұсынылады);

  • әрбір идеяны тақтаға жазып отыру;

  • басқалардың идеяларын жетілдіру мақсатында қолдану;

  • идеялардың бірін-бірі қайталамайтындай анық әрі дұрыс құрастырылуын, қайталанбауын қадағалау;

  • идеяларды жіктеп, жинақтап топтастыру.

«Миға шабуыл» соңында жеке адам немесе топтар айтылған ойлардан жалпы қорытынды жасау үшін процестің нәтижесін қарастырады.
Синектика – қатысушылардың интуитивтік-бейнелі, метафоралық ойлау қабілетіне сүйене отырып жүргізілетін оқу –ізденістік және ұжымдық –шығармашылық тұрғыда әрекет ету әдісі, ұқсас ойлардағы әр қилы элементтерді біріктіру әдісі. Оның ерекшелігі студенттердің өзара өте тығыз байланыс жасауы нәтижесінде ізденіс жұмыстарын бірлесіп жүргізіуінен, эмоциялық-бейнелі, метафоралық ұқсастықтарды бірге талқылап іріктеуінен көрінеді. Тікелей аналогиялар қолданылады, атап айтқанда: бір тектес, ұқсас тапсырмаларды шешудегі жеке және эмпатиялық ұқсастықтар (өзін таныстыру қажет болғанда тапсырма нысанының көзқарасы тұрғысынан талдау жасау, мысалы, ластанған ортадағы өсімдік болып сөйлеу); (тапсырманың мәнін символдар, формулалар, суреттер түрінде бейнелі айшықтау); фантастикалық ұқсастықтар (ұсынылған тапсырманы ертегінің не фантастикалық шығарма кейіпкерлерін қатыстыра отырып шешу) ұсынылады.
Эвристикалық сұрақтар әдісі проблемалық жағдаяттар кезінде қосымша ақпарат алу үшін немесе шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында алынған білімді реттеу үшін қолданылады. Бұл әдіс көне Римдегі шешендік өнер теориясының негізін қалаушылардың бірі Квинтилианнан басталады. Ол өз шәкірттерінің алдына жеті сұрақты қоюды ұсынған болатын: кім? (субъект), не? (объект), не үшін? (мақсат), қайда? (орын), немен? (құралы), қалай? (әдіс), қашан? (уақыты). Егер осы сұрақтарды өз ішінде ретімен біріктіретін болсақ (1-2, 1-3, және т.б. 1-7; 2-1, 2-2 ... 2-7- ге дейін деп жалғаса береді), онда күтпеген тосын да жаңа сұрақтарға тап боламыз.
Белсенді оқыту технологиясының жоғарыда айтылған әдістерінің өзіндік артықшылықтары бар: оларды дұрыс әрі мақсатты түрде қолдану арқылы оқытудың дамытушылық қызметін бірашама арттыруға болады, студенттердің ізденуіне мол мүмкіндік береді, студент пен оқытушыны жағымды эмоциялық күйге бөлейді.
Дегенмен бұл әдістердің кемшіліктері де жоқ емес: олар көп дайындықты қажет етеді (әсіресе, іскерлік ойындар, миға шабуыл әдісі), оқу процесін ұйымдастырудың дәріс-семинар жүйесіне енгізуге сәйкес келе бермейді; темпераменті баяу студенттер жұмыстың қарқынды ырғағына әрдайым ілесе алмай қалады, меланхоликтер де қысымы көп түсетін шапшаң жұмыстардан тез шаршайды. Сол себепті де белсенді оқыту технологияларын қолдану оқытушының шеберлігіне де жоғары талаптар қояды.
Әлеуметтік-психологиялық оқытуда оқу моделі ретінде мұндай жағдайда ғылыми редакцияланған баяндама қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   131




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет