Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Астана қаласы Білім беру департаменті



Дата19.02.2017
өлшемі300,31 Kb.
#10612


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Астана қаласы Білім беру департаменті

Гуманитарлық колледж
Пәндік – циклдік комиссия қазақ тілі және қазақ әдебиеті

Сыныптан тыс оқыту.
Курстық жұмыс
Ташимова Д. Ә., «Қазақ тілі мен

әдебиеті» мамандығы

бойынша оқитын 3 курс

студенті

Жетекшісі: қазақ әдебиеті пәнінің

оқытушысы

Нұрғали Ә. Ә.

Астана 2006
Жоспар:
І. Кіріспе 3 – 4 беттер.

Сыныптан тыс оқытудың маңызы мен мақсаты

ІІ. Негізгі бөлім 5 – 25 беттер.


  1. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен оны оқытудың әдіс – тәсілдері.

  2. Сыныптан тыс оқыту – тәрбие жұмысының негізі.

ІІІ. Қорытынды 26 - бет.

Сыныптан тыс оқытудың маңызы.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер. 27 – бет.

Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту.

Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.

Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты – оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.

Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер т.б.



Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын – жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби – шығармашылық үйірмелерінің жас ақын – жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби – шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде.

Әдеби үйірмелердің бір түріне «Кітап достары» немесе «Кітап – білім бұлағы» деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V – VIII сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, «Құрметтейік те көтерейік ананы!» (8- наурыз қарсаңында), «Менің Қазақстаным» (Республика күніне). Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, «Ұқыпты бала», «Кітап жанашыры», «Білгір» (кітап көп оқитын), «Шапшаң» немесе «Алғыр» (кітапты тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т.б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді, дағдыландырады.

Үйірмелердің тағы бір түрі – мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады. Драма үйірмесіне мектеп оқушыоары ішінен өнерге бейімі бар балалар өз еркімен тартылады. Үйірмеде кемінде он бес мүше болады. Оқу жылы басында үйірме жетекшісі мектептің оқу – тәрбие жоспарын негізге ала отырып, жұмыс жоспарын құрады. Үйірменің мақсаты – жекелеген оқушының сан қырлы көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік пен адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді. Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма үйірмесінде практикалық істермен ұласып, көркем білім негізін қалыптастырады. Мектептегі әдебиет үйірмесі - әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы бар талантты жастарды тәрбиелейді. Әдебиет үйірмесі де жыл басынан жоспарланып дайындалады. Әдебиет үйірмесін ұйымдастырғанда ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы мүмкін. Әдебиет пәнімен оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ақын-жазушылардың шығармаларын тереңірек білу мақсатында едәуір жұмыстар атқарып, қазақ әдебиеті тереңдете оқытуға үлес қосады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі тәрбиеге халықтың педагогикаға сүйене отырып мынадай жоспар құруға болады.

Әдебиет үйірмесінің жұмыс жоспары.




р/с

Жүргізілетін жұмыстардың тақырыбы

уақыты

Кім жүргізеді?

1

І тоқсан

Кіріспе

қыркүйек

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі





2

Жұмыс түрлерімен таныстыру

1

Қазақстан Республикасының ақын жазушылары

Қазан


2

Кітаптар көрмесі

1

ІІ тоқсан

Әдебиет пен өнер



Қараша


2

Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер

1

Қазақтың әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салты

Желтоқсан



2

Ұлттық ою-өрнектер

1

ІІІ тоқсан

Қазақтың сөз зергерлері мен шешендері



Қаңтар


2

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңызы

1

Қазақтың хандары мен халық батырлары

Ақпан

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


2

Ұлттық киім үлгілер

1

ІV тоқсан

Ұлттық аспап музыканың түрлері


Наурыз


2

Халық клмпозиторларының ән-күйлері

1

Көркемөнерпаздар өнерінің байқауы

Сәуір


2

Қорытынды

Әдебиет сабақтарында оқушылардың алған білімі мен дағдыларын сыныптан тыс оқумен ұштастыра дамытқан кезде ғана олардың өз бетімен оқу машығы жетіле түспек. Осыдан келіп оқушылардың әдеби білімдерін арттырудың иімді долы - әдебиет сабақтары мен сыныптан тыс оқу сабақтарын байланыстыра білу мәселесі туады.

Бұл көркем шығарманың идеялық – көркемдік құндылығы, көтерген проблемасының тереңдігі; ауқымы, оқушының қабылдаушылық, қызығушылық қабілеті тұрғысынан сарапқа салынған, мақсаты мен бағыт-бағдары айқындалған сыныптан тыс оқу сабақты басқа да жұмыстармен тығыз ұштастыра жүргізуді міндеттейді.

Сыныптан тыс оқу сабақтары бағдарламалық талаптар бойынша жүргізіледі. Оған бағдарламада қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады.

Сыныптан тыс оқуға бөлінген сағат көп емес. Бөлінген уақытты ұтымды пайдалана отырып, оқушылардың әдебиет сабақтарында алған білімдерін сыныптан тыс оқу сабақтарында кеңейту мен тереңдетудің тиімді жолдарын іздестірген жөн.1

Сыныптан тыс оқу сабағы - әдебиет сабағының жалғасы. Ол арқылы мұғалім оқушылардың өздігінен кітап оқуына бағыт береді, оқыған шығармаларды есепке алады, қадағалайды, тексереді, оқушылардың қабілетін арттырады. Сыныптан тыс оқуға арналған сабақтарда оқушылар бірде сабақта аяқталмай қалған көркем шығарманы оқыса, бірде кейбір үстірт түсіндірілегн мәселеге қайта оралып, оны нақтылай, дәлелдей түседі, енді бірде оқушыларды алда болатын әдебиет сабағына дайындайды. Бұған қарап сыныптан тыс оқу сабағын қалыптағы дәстүрлі әдебиет сабағы деуге болмайды. Себебі, сынып сағатына қарағанда, мұнда оқушылардың дербес жұмысына, өзіндік ізденуіне, пікір еркіндігіне мол мүмкіндік беріледі. Сондай – ақ баланы жеке адам ретінде қалыптастыруға қажетті тәрбие жұмыстарын іске асыруда сыныптан тыс оқудың маңызы зор.

Оқу бағдарламасында сыныптан тыс оқылатын әдебиеттер тізімі, әр сыныпқа нақтылы сағаттар саны көрсетілген. Бұған қатып қалған нәрсе деп қарауға болмайды. Мұғалім өз қалауы бойынша ішінара оны өзгертіп, керекті деген шығармаларды өз қалауымен ұсына алады. Кітап тапшылығы, қағаз тапшылығы алға жібермей тұрған бұл заманда бағдарламадағы авторлардың табылуы да қиын болуы мүмкін. Сондықтан оның орнына басқа шығармаларды оқытудың қателігі жоқ. мысалы, 5 – сыныпта Ыбырайдың «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі оқуға, талдауға ұсынылады. Ол әңгімені оқып болған соң, оның «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Талаптың пайдасы», «Әкесі мен баласы» атты әр түрлі тақырыптарда жазылған әңгімелерін сыныптан тыс оқу сабағында талқылауға болады. Сыныптан тыс оқуды жоспарлағанда мына мәселелерді негізге алудың да тиімділігі бар. Мысалы, 5- сыныпта М.


1. Ә. Дайырова, С. Тілешова. Әдістемелік нұсқау. Алматы, 1996. 39 бет.

Әуезовтың «Әжемнің әңгімесін» өткеннен кейін, Ана тақырыбына жазылған Ғ. Мүсіреповтің «Ананың арашасы», «Ананың әңгімесі», «Ер ана» әңгімелерін сыныптан иыс оқуды дұрыс болып келеді.

Бағдарламада «Әжемнің әңгімесінен» кейін Ғ. Мүсіреповтің «Жаңа достары» тұр, онда да Қайраттың анасы сөз болады. Жүйелілік, үндестік, байланыс – сыныптан тыс оқу сабақтарына да басшылыққа алатын маңызды оқу принциптері. Тақырып үндестігі ғана емес, жанрын негізге алуда маңызды. Халық ертегілерінен кейін әдеби ертегілере орын беру, лирикалық шығармалардан кейін оны жалғастырып, басқа тақырыптағы басқа автордың лирикалық шығармаларын оқыту – сыныптан тыс оқу сабақтарын ұйымдастырудың келесі мәселелерінің бірі.

Сыныптан тыс оқу сабақтарын өту әдістемесіне ерекше назар аудару керек. Оны әдебиеттегі сабақтардан мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткізген жөн. Сабақ бойы сұрақ беріп мазалау, талап ету сияқты әдістерден қашқан жөн. Әсіресе, 5 – 8-сыныптарға арналған сабақтан тыс оқу сабақтары қызықты, оқушыларды тартатындай, жалықтырмайтындай болып жоспарлануы керек. Бірізділікпен өтетін сабақтардан оқушылар жалығады, ал оның зияны ұшан-теңіз, себебі ондай сабақтар баланың кітапқа деген қызығушылығын тежейді, жояды. 5 – 8 сыныптардағы сабақтан тыс оқудың ең басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген ынтасы, қызығушылығын арттыру, оқырмандар әзірлеу. Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабақтары, жәрмеңке сабақ, сабақ – викторина, саяхат сабағы, «Бізде ертегі кейіпкерлері қонақта» атты кездесу сабағы немесе «Алақай, Тазша баланың ертегісін тыңдайық!» атты әңгіме сабақтары балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз. Мектепте сыныптан тыс оқу жұмысын мектеп кітапханашысы мен сынып жетекшісі басқарады. Оқушыларға кітапты ұсынбас бұрын әр түрлі дайындық жұмыстары жүргізіледі.



  1. Оқушыны балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты түсініктерін байқайды.

  2. Әрбір оқушы қандай дәрежеде оқи алатынын тексеріп біледі.

  3. Әңгіме, мақала, өлең, ертегі сияқты көркем шығарма жанрларын оқу үстінде оқушыларға әңгіменің я мақаланың ой түйінін, негізгі идеясын анықтай білуге үйретеді. Мектеп кітапханасы оқушыларды керекті шығармалармен қамтамасыз етуге тиіс. Алайда керекті кітаптар мектеп кітапханасында табыла бермейді. Осыны ескеріп, тәжірибені мұғалімдер сыныпта «Кітапхана бұрышын» ұйымдастырады.

Сыныптан тыс кітап оқуды жүргізудің бірнеше әдіс-тәіслдерібар:

  1. Сабақтан тыс уақытта мұғалімнің дауыстап кітап оқуы.

  2. Ұйымдасқан түрде кітап оқу.

  3. Топқа бөлініп кітап оқу.

  4. Өз таңдаулары бойынша кітап оқу.

Оқушыларға ұсынатын шығармаларды алдымен мұғалім өзі оқып, оның мазмұнымен танысып алады. Сыныптан тыс оқу сабақтары бағдарламаның талаптары бойынша жүргізіледі, сонда көрсетілген қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады. Сыныптан тыс оқуға раналған сабақтарда оқушылар, бірде сыныпта аяқталмай қалған көркем шығарманы оқып, бірде кейбір үстірт түсіндірілген мәселеге қайта тоқталып оны нақтылай, дәлелдей түседі.

Сыныптан тыс өз қалауымен оқылған кітаптарды дәптерге тізіп жазып отырған дұрыс, немесе мынадай кесте толтыруға болады.




Та

қы

рыбы



ав

тор


Шығыаманың кейіпкер

лері


Мәселелер

Қысқаша мазмұны

пі

кір


Оқы

ған уақы


тым

Жәмила

Ш. Айтматов

Жәми

ла, Данияр



Соғыс, махаб

бат





Шынайы махаббат айтылады.

22

сәуір

Көркем шығармаларды оқыту ғана емес, әдеби әдістер дәстүр мен жаңашылдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктер, поэтикалық таңдаулар сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Сыныпқа, кітапханада жоғарғы сыныптар үшін «Әлем әдебиетінің асылдары», Адамзаттың Айтматовы», «М. Әуезов әлемді аралап кетті» сияқты кітап көрмелерін жасап қоюға болады. Сондай- ақ осы кітап көрмесінің әр тақырыбына сабақ өткізу, оны баяндама, пікір, аннотация, дәріс оқу әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыру тиімді болып келеді. Мысалы, «Адамзаттың Айтматовы» тақырыбын (бір сабақ емес, бірнеше сабақ болуы мүмкін) конференция, семинар түрінде өткізуге болады.


  1. Айтматов «Адамзаттың Айтматовы» - осы бір атаудың мәні ашылады. Неге қырғыздың Айтматовы адамзаттың Айтматовына айналды?

  2. «Бетпе бет» повесі. Повестің осылай аталу себебі? Көтерілген адамзаттың проблемалар. Жазушы шеберлігі, қол жеткен табысы неде?

  3. Әлемді дүр сілкіндірген «Жәмила». Жәмиланың әлемді таңқалдыру сыры неде?

  4. «Ақ кеме». Жазушы көрегендігі, абыздығы неде? Повесть неге осылай аталған? Қандай әлемдік проблемалар көтерген?

  5. Жазушы шығармаларындағы миф, қиял, фольклор үлгілері, ұлттық бояу.

  6. Жазушы еңбектеріндегі экология, мораль, дін, сенім, гуманизм мәселелері.

  7. «Жан пида» романы. Романның осылай аталу себебі? Қалай ойлайсыңдар, Шыңғыс неге өз заманы, қоғамынан көш ілгері жүреді, көрегендік жасайды? Дала қасқыры. Адам қасқыры. Роман көтерген адамзаттың көкейкесті проблемалар.

  8. Айтматовтың әлемнің адамзат әдебиетіндегі орны.

Шығармаларды еркін танданып, сүйіп оқуға сыныптан тыс оқыту мүмкіндік береді. Сыныптан тыс оқу мектептің оқу-тәрбие жұмысына қосатын үлесі айтарлықтай.

Мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстың көлемді түрі - факультативті сабақтар. Оқытудың бұл формасы оқушылардың факультативтік сабақтар арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі, оқушыларға білім терең беріледі. Сыныптан тыс оқу сияқты факультативтік сабақтарда оқушыларды өз бетімен кітапты пайдалана білуге үйретеді, олардың білімдерін кеңейтіп, әдеби талғамдарын ұшқырлай түседі, тілін байытады. Ең бастысы – кітап оқуға құштарлығын арттырады. Факультатив сабақтары әдебиетке байланысты, жалпы мектеп бағдарламасында қарастырылған мәселелерді қамтуы керек. Осыған орай Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми топтың мүшелері М. Қ. Оразбаев,

М. Ж. Смағұлова халқымыздың салт – дәстүріне жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісіне пайдалану мақсатында қазақ орта мектептерінің V – VI сыныптарына бір сағаттан «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» курсының бағдарламасы жобасын ұсынады.

1. Қазақтың дәстүр - салттары туралы түсінік – 1 сағат.

2. Бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүрлер – 13 сағат.

3. Тұрмыстық салт – дәстүрлер – 20 сағат.

4. Әлеуметтік – мәдени салт – дәстүрлер – 24 сағат.

5. Жаңа заман салт – дәстүрлері – 10 сағат.

6. Қорытынды. Салт-дәстүрлер - халақ тәжірибесі - 2 сағат.1

Барлығы – 70 сағат.

Қорыта айтқанда, факультатив сабақтарының оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамытуда, өзіндік ой дербестігін қалыптастыруда тигізер әсері мол.

Оқушылардың меңгерген білімін шыңдап, оларды тексеру үшін, әдебиеттен ұйымдастырылатын олимпиадалар жетекші роль атқарады. Олимпиадалар – мектеп ішілік, аудандық, облыстық, республикалық түрде өтіледі. Мектеп олимпиадасы 5 – 10 сынып оқушылары аралығында жүргізіледі.

Олимпиаданы өткізу үшін 1 – 2 ай бұрын ұйымдастыру мүшелері құрылады. Олимпиадаға дайындық әдістемелік бірлестікте өтіп, онда олимпиаданы өткізудің жоспары жасалып талқыланады. Республикалық олимпиада екі жылда бір рет наурыз айында өткізіледі. Ал мектеп, аудан, облыста әр жыл сайын өткізіп отыру дәстүрге айналған. Олимпиада ауызша
1. «Қазақстан мұғалімі» журнал. 1990 жыл, қазан.

және жазбаша түрде өтіледі. Олимпиаданы өткізуде оқушылардың пәнге деген қызығуын арттыру, белсенділігін көтеру, ауызша, жазбаша білімін тереңдету мақсаттары көзделеді.

Мектепте оқушылардың алған білімін дамытып, әрі қарай ұштай түсетін сыныптан тыс жұмыстың маңызды түрі – оқушылар конференциясы. Оқушылар конференциясының негізгі мақсаты – көзқарасты кеңейту, көркем талғамды қалыптастыру, оқырман мүдделерін дамыту. Оқушылар конференциясы өз ішінен көптеген түрлерге бөлінеді. Мәселен, нұсқау конференцияы. Мұнда оқушылар оқыған кітаптары туралы қысқаша хабарлама – баяндамалар жасайды. Мұндай конференцияның міндеті – оқушыларды қажетті шығармалармен қызықтыру. Қорытынды конференцияларда оқылған шығармаларды талқылау үшін тоқсанның немесе оқу жылының аяғында өткізіледі. Кейде ол бір жазушының шығармашылығына арналады. Тақырыптық конференцияларда әдетте оқылған кітаптар талқыланады.

Мектепте оқушылар конференциясын жеке сынып болып немесе екі сынып бірігіп өткізуге болады. Екі сыныпты біріктірп өткізу, әсіресе – тақырыптық оқу жұмысын жүргізуге қолайлы. Сынып оқушыларының қабілетіне, белсенділігіне сүйене отырып оқытушы конференциясының тақырыбын белгілеуде сынып оқушыларымен ақылдасады, кеңеседі. Сонымен қатар конференция белгілі бір жазушының көлемді шығармасын талдауға арналады. Конференция алдында повесть не роман оқылады. Оқуға ьеру конференциядан бір, бір жарым ай шамасында бұрын оқылып дайындалады. Оқуға беру жүйесінің жоспары жасалады.



  1. Романды оқып келу.

  2. Кейіпкерлеріне тоқталу.

  3. Жазушы шеберлігі.

  4. Роман жөнінде оқырманның пікірі.

Осындай түрлі шаралар арқылы шығармаларға талдау жүргізіледі. Мысалы, V-VI сыныптарда Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы бойынша оқушылар конференциясын өткізуге болады. Конференция баяндама түрінде де өтуі мүмкін. Баяндама жасайтын оқушылар алдын ала жасалған жоспар бойынша баяндаманы жазбаша түрде дайындайды. Баяндамашылар оқушылардың қоятын сұрақтарына жауап беретіндей болып жан – жақты толық дайындалады. Әдебиет пәнінің мұғалімі оқушылар конференциясын өзі алып, баяндамаларға сөз береді. Талданып отырған шығармаға байланысты оқушылар өздерінің ой – пікірлерін айтып, алған әсерлерін баяндайды. Жоғары сыныптарда конференция диспутқа айналуы мүмкін. Оқушылар сөйлеп болған соң мұғалім қорытынды сөз айтып белсенділік танытқан оқушыларға сыйлық береді.

Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, үлгерімін жақсартатын сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі - әдебиет апталығы. Апталықты өткізудің негізгі мақсаты - әдебиет пәні бойынша оқушылар білімін тереңдете түсу мен тиянақтандыру, оқушылардың өз бетінше ізденуі арқылы оны пайдалану дағдысын қалыптастыру. Әдебиет пәнінен өтілетін апталық аптаның алты күніне жоспарланып құрылады. Көбінесе апталықта жоспарланған істер сыныптан тыс уақыттарда жүргізіледі. Мектептегі сабақ аралық үзіліс кезеңінде қамтылады. Апталық үшін арналған жоспар және жоспардағы атқаратын жұмыстар, оны өткізудің жолдары бір ай бұрын хабарланып, ілініп қойылады. Апталықтар белгілі бір ақын – жазушылардың мерейтойына, мерекеге немесе тағы да басқа көптеген тақырыптарға байланысты өтуі мүмкін. Мысалы, биыл 2006 жыл «Ресейде Абай жылы, Қазақстанда Пушкин жылы» болды. Осыған орай республика бойынша шығарма жазу, немесе мектептерде Абай мен Пушкиннің байланысы жөнінде апталықтар өтті. Ол Ресей мен Қазақстанның достастығын, саяси байланысын, рухани байланысын білдіреді.


Апталық жоспар.

р/с

тақырыптар

Жүргізілетін жұмыстар

күні

өткізушлер

1

Қазақстанда Пушкин жылы.

Баяндама оқу.

Дүйсенбі

Пән мұғалімі

2

Мен өмір сүрген әлемде жүрек бар.

Шығарма жазу

Сейсенбі

Пән мұғалімі

3

Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы.

Абай мен Пушкин өлеңдерін оқу.

Сәрсенбі

Пән мұғалімі

4

«Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді».

Ғылыми жұмыс.

Бейсенбі

Пән мұғалімі

5

Абай мен Пушкин сабақтастығы.

Көрме ұйымдастыру.

Жұма

Пән мұғалімі

6

Әнді сүйсен, менше сүй.

Әдеби кеш. Қорытынды. Оқушыларды мадақтау.

сенбі

Пән мұғалімі

Осы жұмыстар арқылы оқушыларды Абайдың шығармашылығымен толық танысып орыс ақыны Пушкин мен салыстыра біледі. Бір аптаның ішінде оқушылардың білімі тереңдеп, оқуға ден қояды, қызығушылықтары артады. Сондай – ақ, осы жұмыстарды жүргізу мақсатында, үшіншіден, мәдени, әдеби талғамы қалыптасқан оқырмандар тәрбиелеу мақсатында көркем шығармаларды оқып, талдап түсіну жұмыстары жүргізіледі. Көркем әдебиетті насихаттаудың, олардың маңызын жалпы танытуда сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі - әдеби кештер. дұрыс жүргізілген әдеби кештер – тәрбие және білім танымдылығы жолындағы тәрбие ісінің басты түрі. Кешті ұйымдастыру, жүргізу мақсаты әр жақты болады. Мәселен, әдеби оқу, сұрақ пен жауап кештері немесе шығарма қаһармандарымен кездесу, шығарманы талдау, жазушы не ақын шығармасына үңілуі, таныстыру. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мектеп кітапханашысымен бірлесе, оқу жылы бойынша жоспарлап, сол жоспарда әдеби кештер өткізеді.

Сынып ерекшелігіне қарай бір жылда үш кейде төрт рет кеш өткізіледі. Пән мұғалімдері жүргізілетін әдеби кештің мақсатын оқушылар білімін тереңдетіп, көркем әдебиет оқуға құмарлығын арттыруға негіздейді. Болатын әдеби кештің мақсатын оқушылар материалы дайындалғаннан кейін, сол пән бірлестігінің отырысында талқыланып, өту тәртібі белгіленеді. Жоспар жасалғанда, кеште баяндама жасайтын оқушы алдын-ала көрсетіледі. Оған әдебиетке икемді, көркем сөз өнерін сүйетін, құрметтейтін оқушыны белгілейді. Кеш болардан он күндей бұрын іріктеліп, хабарландыру ілінеді. Оған қосымша оқушылар кеште не мәселелер туралы сөйлеу керектігін қысқаша жазылады. Кешті әзірлеу, жүргізуде мынадай жұмыстар орындалады.


  1. Хабарлау. Кешке әзірлік, тиісті материалдар жинау, сұрыптау.

  2. Кешті жабдықтау. Жалдайтын шығарманың бірнеше данасын дайындау, нақыл сөз, дәйек сөз жазу, авторға байланысты оның шығармаларынан көрме, сайыс сұрақтар жасау.

  3. Кешті жүргізу.

А) Кешті ашу. (кіріспе сөз)

Ә) Баяндама тыңдау және сол бойынша талдау, пікір айту.

Б) Әдеби викторина: шағын концерт беру, сол шығармалардан көркем сөз оқу.

Г) Автор шығармашылығы туралы әдебиетші, ғалым, қаламдастарының пікірі. Кешке белсене қатысқан, тұжырымды пікір айтқан, шығарманы жан-жақты түсінген оқушыларға кештің қорытындысы бойынша алғыс, мадақтау, ынталандыру сыйлықтары беріледі.


Тәрбие – отбасынан басталады. Әр ата – ана өз баласын ақылды, білімді, ойлы, рухани жан - -дүниесі бай болып өсуін қалайды. Тәрбиені не арқылы береді? Әрине, кітаптар арқылы баланы тәрбиелейді. Юала кезінен кітап оқыған бала ер жеткенде алысқа барады. Кітап оқу арқылы ой, тіл, дүниетанымы дамиды. Ұлы педагог А. С. Макаенко баланың оқуына отбасындағы басшылықты жоғары бағалап, ата – ана жас күнінен – ақ кітапты сүйе білуіне тәрбиелеуге тиіс дей келе: «Жақсы айтылған ертегі - ол тәрбие берудің алғашқы қадамы және осы жағдай әр отбасында болса екен» - деп, ең алдымен ертегі оқудан бастау керектігін ескертеді.

Оқушылармен сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жүргізіледі. Бұл жұмыс мұғалімнің сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыратын және тереңдете отырып, ең алдымен оқушылардың талаптары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады. Сыныптан тыс оқытудағы жұмыстар оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастырудың формасы ретінде олардың адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі болып саналады. Оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс оқыту ерікті негізде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік ең алдымен сыныптан тыс жұмыс түрлерін еркіг таңдап алуды білдіреді. Оқушылармен мектепте өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарға салтанатты кештер мен мерекелер, тақырыптық кештер, мектепке шақырылған атақты адамдармен әдеби кештер, әдеби диспуттар, байқаулар, конкурстар, олимпиадалар мен жарыстар, демалыс кештері жатады. Сыныптан тыс жұмысты өткізудің формасын таңдағанда, ең әуелі тәрбие жұмысының нақты мақсаттары мен міндеттерін есте ұстаған жөн. Мектептерде сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушы мұғалім ең алдымен сабақтан тыс тәрбие жұмысын жоспарлайды. Мектеп директорымен және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен бірігіп алдағы оқу жылындағы тәрбиенің негізгі міндеттерін анықтайды, оқушылар айналысатын іс-әрекеттердің түрлерін қарастырады және мектеп көлеміндегі негізгі тәрбиелік шараларды белгілейді. Сондықтан да сыныптан тыс жұмыстар мектеп мұғалімдерінен көп ізденісті, білімділікі күтеді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың білімін тереңдете түсуде, тәрбие жұмысында мектептерде ұйымдастырылатын әдебиетке арналған сыныптан тыс жұмыстардың формалары да сан алуан болып келеді. Мысалы, әдебиет апталығы әр түрлі тақырыптарға арналған. Абай мен Пушкин байланысын қарастырғанда екі елдің мәдениетімен, салт-санасымен танысамыз. Абай шығармашылығындағы барлық тәрбиелік байлықты бойымызға сіңіреміз. Екі елдің тарихын байланыстырып, жақсы танып, қазіргі достыққа сүйсініп елбасымыздың әрекетін баалаймыз. Сыныптан тыс оқытудың қай жұмысы болмасын оқушыларға тәрбие берелік үлесі мол.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. Адам болам десеңіз.

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, білімдерін кеңейту.

  2. Дамытушылық. Шығармаларды байланыстыра білуге, өз ойларын толық жеткізуге, қабілеттерін дамыта отырып, дұрыс сөйлеуге дағдыландырып, ойын көркем дамыту.

  3. Тәрбиелік. Алланы сүюге, имандылыққа, адамгершілікке, тазалыққа, шындыққа тәрбиелей отырып рухани байлық қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс,

Пәнаралық байланыс: әдебиет, философия, тарих, психология, этнопедагогика.

Сабақтың әдісі: баяндау, талдау, салыстыру, байланыстыру, сұрақ-жауап, ой қозғау.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру.

ІІ. Жаңа сабақ.

Абай Құнанбаев –


  • сазгер;

  • лирик;

  • ақын;

  • ойшыл;

  • гуманист;

  • діндар;

  • ұстаз;

  • ағартушы;

  • аудармашы;

Өмірі мен шығармашылығына тоқталу.
Ғылым таппай мақтанба.

Ғылым таппай мақтанба.

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз Өсек, өтірік, мақтаншақ

Еріншек бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның білсеңіз

Талап, еңбек, терең ой

Қанағат, рақым ойлап қой.

Бес асыл іс көнсеңіз.
Сұрақ – жауап 1. Өлеңде қандай ойлар бар?

әдісі. 2. «Адам болам десеңіз» - мағынасын аш.

З. Адам болу үшін не қажет?
Салыстыру.

жақсы

Жансат

Талап

Еңбек


Рақым

Қанағат.


өсек

өтірік


мақтаншақ

еріншек


Топқа бөліну, Жақсы, жаман қасиеттерге байланысты, еңбек,

мақал – мәтел жарысы еріншек тақырыбында мақал-мәтелдер айту.

Исламдінімен

байланыс. Алланың өзі де рас, сөзі де рас.


Ислам діні шарттары

Абай негізі.

Иман келтіру

Намаз оқу

Ораза тұту

Зекет беру

Қажыға бару


Жаратушы

Жан иелері

Қоршаған табиғат

Іс-әрекет

Уақыт

Ислам негізіне 1. Имам келтіру – аллаға сену.

түсінік беру. 2. Намаз оқу – бес уақыт құлшылық ету.

3. Ораза тұту – құлшылық, кедей адамның күні бойы

аш жүруін сезіну.


  1. Зекет беру – мүгедек адамдарға көмек.

  2. Қажыға бару - силам дінінің шыққан жері.

Абай негізіне 1. Жаратушы - ала тағаланың жасампаз,

түсінік беру: жаратушылығын тану.

2. Жан иелері - өзін тану.


  1. қоршаған табиғат – бүкіл табиғатты тану.

  2. Іс - әрекет – жасап жатқан іс-әрекеттерін қолдану.

  3. уақытты босқа өткізбеу.

Мұхаммед Мұхаммед Мұстафа Салалаһу һалайһи уәсәләм

Пайғамбар. Араб елі, Мекке қаласында дүниеге келген. Әкесінің

аты Абдуллаһ, оның әкесі Әбділмүттәліп, оның әкесі Һашим, оның әкесі Әбдулманап. Анасының есімі Әлима. Әкесә перзенті туылмай – ақ 30 жас шамасында дүниеден өткен. Ана құрсағында 6 айлық болғанын да «құдайдың досы, соңғы пайғамбарға жүкті болдың. Бұл бала туылғанда есімі Мұхаммед болсын», - деп Әминаға аян береді. Ол дүниеге келгенде дүние нұрға толады. Атасы той жасап атын Мұхаммед деп қояды. Сол кезде адамдар сұрайды неге атын Мұхаммед қойдың деп.

Ата- бабаларымыздың арасында мұндай ат болмаған деп. Мен немеремді аспанда Хау Тағала, жерде халық көп мақтайды деп үміттенемін деп жауап беріпті.

Мұхаммед сөзінің түбірі – мақтау, ризашылық білдіру дегеннен шыққан. Пайғамбарымыздың үш аты бар: Мұхаммед, Ахмет, Шахмұд. Пайғамбар туылған күні мың жыл жжанып тұрған от сөнген.

Абайдың он жетінші қара сөзі

Мұхаммед пайғамбар.

Қайрат, ақыл, жүрек сөз алысады, үшеуі ақыл сұрап ғылымға барады. Ғылым қайратсыз, ақылсыз адам – адам болмайды. Бірақ жүрек оларға билеуші әмірші болса, жарайды деп шешім қабылдайды.

«Адам денесінде бір кесек ет бар, ол былғанса бүкіл дене ластанады, таза болса, бүкіл дене тазарады, ол жүрек»,- деген.

Үйге тапсырма. Абайша қара сөз жазу. Адамгершілік

тақырыбында.

Бағалау.


Қорытынды.

Оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Әдебиет сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан – жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады. Сыныптан тыс оқыту оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстарды әрі дамытып, жалғастыру мақсатын көздейді. Оны жүзеге асыру жолында мұғалім ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде пайдалана білуі қажет. Бұл шаралардың бәрі мұғалімнен көп ізденісті күтеді. Қорыта келгенде, сыныптан тыс оқытуды жүйелі түрде таңдап алғанда, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады.


Пайдаланылған әдебиеттер.



  1. Асқарбаева А. Сыныптан тыс оқу. Алматы, 1992.

  2. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Алматы, 1990.

  3. Дайырова Ә., Тілешова С. Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау. Алматы, 1996.

  4. Жұмажанова Т. Сыныптан тыс оқу барысында тіл дамыту. Алматы, 1992.

  5. Қуанышева Т. Әдебиетке байланысты сыныптан тыс жұмыстар. Алматы, 1974.

  6. Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. Алматы, 1982.

  7. Әдебиет. (оқулы) 5 – 9 сынып.

  8. Әдебиет оқу кітабына қосымша материал. Аллматы, 1997.

Апталық жоспар.




р/с

тақырыптар

Жүргізілетін жұмыстар.

күні

өткізуші.

1

Қазақстанда Пушкин жылы

Баяндама оқу.

Дүйсенбі

Пән мұғалімі

2

Мен өимір сүрген әлемде жүрек бар.

Шығарма жазу.

сейсенбі

Пән мұғалімі

3

Өлеңде әркімнің-ақ бар таласы.

Абай мен Пушкин өлеңдерін оқу.

Сәрсенбі

Пән мұғалімі

4

Ғалымның аты өлсе де, хаты өлмейді.

Көрме ұйымдастыру

Бейсенбі

Пән мұғалімі

5

Абай мен Пушкин сабақтастығы.

Ғылыми жұмыс

жұма

Пән мұғалімі

6

Әнді сүйсең, менше сүй!.

Әдеби кеш

Қорытынды.



Сенбі

Пән мұғалімі.






Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет