Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық



бет42/47
Дата22.05.2018
өлшемі9,62 Mb.
#40597
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

Литература:

  1. http://www.dissercat.com/content/didakticheskoe-vzaimodeistvie-uchitelya-i-uchashchikhsya-kak-obekt-professionalnoi-podgotovk#ixzz2MfCv2JNp

  2. Шаталов В.Ф. Учить всех, учить каждого //Профессионально –техническое образование – 1987. - №7. - С. 7-10.

  3. Осипова С.В. Реализация идей педагогики сотрудничества в учебном процессе. Дис. … канд. пед. наук - Алма-Ата, 1992. – 182 с.

  4. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. –Алматы: Fылым, 1997. – 212 с.

  5. Мальковская Т.Н. Учитель-ученик. – М.: Знание, 1977. - 64 с.

Түйіндеме

Жарияланымда келешек маманның дайындығының сұрағы білімнің облысында әрекеттестіктің үдерісіне оқы- қарастырылады. Ынтымақтастықтың үдерісінің кердеңдігі мектептің біртұтас педагогикалық үдерісінде ашылады.



Summary

The publication discusses the training of future specialists in the field of education, to the process of interaction with students. Reveals the importance of cooperation in the whole school the pedagogical process.




БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ПӘНАРАЛЫҚ КІРІКТІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Т.Б.Байназарова,

п.ғ.к., доцент

ҚазМемҚызПУ. Алматы. Қазақстан
Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу іс-әрекеттері әр түрлі, оқушылардың шындық өмір заттары мен құбылыстарын көркемдік әсерлеуге көмектесетін өзіндік арнайы құралдар-тәсілдері бар.

Бейнелеу іс-әрекет түрлерінің (сурет салу, мүсіндеу, дизайн) өзара байланысы оның мазмұнын байытып қана қоймай, оқушылардың әдіс-тәсілдерді өздігімен меңгеруіне де ықпал етеді. Бейнелеу іс-әрекетінің әр түрінен құралған педагогикалық жұмыс жүйесі оқушының көркемдік дамуын қамтамасыз етеді.

Бейнелеу іс-әрекеті түрлерінің кірігуі біздің тарапымыздан көркемдік тәрбиені кешенді жүзеге асыру жолы ретінде, бастауыш сынып оқушыларының мақсатты және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық жағдай ретінде қарастырылады.

Бастауыш мектептің басты міндеттерінің бірі – оқушыларды іс-әрекеттің барлық түрлеріне, әсіресе, бейнелеу іс-әрекетіне негіздей отырып, олардың даму мүмкіндігін көтеру болып табылады. Осы тұрғыда, эстетикалық тәрбие берудің маңызды құрамдас бөлімдері оқушыларды көркемдік шығармашылыққа бейімдейтін бейнелеу өнері пәнінен авторлық бағдарламалар қарастырылды. Авторлық бағдарламалардың көпшілігі бейнелеу өнері пәнінің басқа пәндермен байланысына негізделген, олар оқушылар үшін қызықты ақпаратқа толы, пайдалы дағдылар мен шеберліктерді дамытады[1,119]. Бірқатар еңбектерде бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнерінен білім беруде төмендегі бағыттарды ескеру көзделеді: өнердің жалпы тәсілдері арқылы оқушының жеке тұлғалық, гуманистік және интеллектуалдық қасиеттерін қалыптастыру мен дамыту (В.С.Кузин, Б.М.Неменский, Т.Я.Шпикалова және басқалар); өнердің нақты тәсілдер мен түрлерін пайдалану арқылы жеке тұлғаның жеке қасиеттерін арнайы дамытушы бағыттар (С.А.Золочевский, С.А.Полищук, Ю.А.Полуянов және басқалар). Осы бағыттағы бағдарламаларды оқыту мазмұнын таңдаудағы эстетикалық-тәрбиелілік, эмоциялы-құндылық, мәдениеттану т.б. жетекші принциптері бойынша ажыратуға болады.

Мәселен, В.С.Кузиннің 1-9 сыныптарға арналған жалпы дамытушы бағыттағы «Бейнелеу өнері» бағдарламасы эстетикалық-тәрбиелілік принциптеріне құрылған. Бұл бағдарламаның міндеті – оқушылардың эстетикалық қабылдауын, көркемдік танымын тәрбиелеумен қатар, сурет салудың негізгі дағдыларын меңгерту, шығармашылық қиялдары мен ауқымды ойлауын қалыптастыру [2, 127 б].

Суретші әрі педагог Б.М.Неменский баланың жан-дүниесінде мектеп педагогикасында дүниені танудың бірін-бірі толықтырып, үйлесімді, қатар жүретін рационалды-логикалық және эмоциялық бейнелі формаларына негізделген өнердің эмоциялық-құндылық тәрбиесін жандандыруды ұсынады. «Дүниені тану ғылымдағы эстетикалық элементтер» мектеп циклінің барлық пәндері мен оқушы өмірін жаңа мазмұнмен, адами сезімдермен, адамгершілік қатынастармен байытуды басты мақсат ретінде қояды. Қазіргі заманғы мектептер көркемдік цикл пәндерімен қатар, сыныптан тыс жұмыстарды қоса қамтитын эстетикалық тәрбиенің бірыңғай жүйесі болуы тиіс. «Өнер мен бейнелеу іс-әрекеті бала жаңа аяқ басып отырған қоғамдық қатынастардың ауқымды кеңістігі. Өнердегі көркем образдардың мазмұны материалдық, мәнді, нақты қоғамдық қатынастар. Онда тек суретшінің жеке басының емес, сонымен бірге, оның замандастарының немесе басқа уақыт адамдарының қажеттіліктері, қызығушылықтары, сенімдері мен салттары бейнеленген».

Т.Я.Шпикалова оқушыларда адамгершілік-эстетикалық дүниетанымның қалыптасуы халық өнерін аралас, кешенді үрдіс барысында меңгеру, дидактикалық ойындар, әр түрлі сабақ түрлері (вариациялық, импровизациялы) арқылы жүзеге асырылатындығын айтты [3,157 б.].

Бастауыш сыныпта бір мұғалім математикадан да, сауат ашудан да, дүниетанудан да тағы басқа алғашқы білім беретін пәндердің бәрінен де оқушыларға білімнің негізін қалайды. Педагогикалық тәжірибеде бастауыш мектепте әртүрлі оқу пәндерін бір мұғалімнің оқытуы кіріктірудің тиімділігін арттырады. Бастауыш сыныпта оқу пәндерінің «жақын даму аймағы» ретінде ішкі және пәнаралық байланыстарды пайдалану үшін кәсіби деңгейде түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға тура келеді.

Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде «Бейнелеу өнері» пәні бағдарламаларының мазмұны мен бағыттарының мәні зор. Қазақстан мектептеріндегі бейнелеу өнері пәнінің бағдарламаларына шолу жасау арқылы төмендегідей мәліметтер алдық:

1976 жылғы бағдарламада оқытудың мақсаты мен бағыты анықталып, қысқаша әдістемелік нұсқаулар, бағдар беріліп, онда: «Көркем білім – тәрбие беру, оқушылардың көру, түсіну қабілеттерін қалыптастыру» - делінген. Бағдарламадағы эстетикалық тәрбие беру мәселесі көптеген толықтыруларды қажет етті. 1984 жылы И.Кенбаев, Л.Марченко, Е.Митрофанова т.б. авторлық ұжымындағы жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған бағдарламаның мазмұны мен білім құрылымының жалаңдығы «Бейнелеу өнері» пәнінің мақсат, міндеттерін толық айқындай алмайды. 1987 жылғы осы авторлардың 1-10 сынып оқушыларына арналған «Бейнелеу өнері» бағдарламасында да пәннің мақсат, міндеттері толық айқындалмаған және оқушылардың ойын дамытып, шығармашылыққа қалыптастыру мәселесі тіпті қаралмаған. 1988 жылы 1-4 сыныптардың оқу-бағдарламасында оқушыларды кеңес суретшілері шығармалары негізінде оқыту көзделген. 1994-1996 жылдары орта мектептерде оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге байланысты «Бейнелеу өнері» бойынша жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары жасалды. «Бейнелеу өнері» бағдарламаларында адамгершілікке, эстетикалық тәрбие беруге, әсіресе пәнаралық байланыс мәселелеріне ерекше көңіл бөліне бастады. Пәнаралық байланыс жеке көрсетіліп, әр пән бойынша жіктелген.

Эстетикалық тәрбие жүйесінде «Бейнелеу өнері» мен «Дүниетану» пәндерін кіріктірудің екі мағынасы бар: біріншіден, бастауыш сынып оқушысына қоршаған дүние туралы біртұтас түсінік беру, мұндай жағдайда кіріктіру оқытудың мақсаты ретінде қарастырылады да, кіріктіру оқушыға өзара байланысқан элементтердің біртұтастығы ретінде дүниені тану туралы білім береді. Мәселен, қоршаған табиғат құбылыстары мен көріністерінің бір-біріне тәуелділігі ауа райы, өсімдік және жануарлар дүниесі, табиғат аясында адамның өмір сүруі, өлі табиғат заттары, дүниенің бояулар үйлесімділігі.

Екіншіден, бұл «Бейнелеу өнері» мен «Дүниетану» бойынша пәндік білімдерді бір-біріне жақындастыру үшін ортақ мазмұн мен мақсатты табу. Бұл жерде кіріктіру оқыту құралы ретінде қаралады. Ол баланың білімдарлығын дамытуға, қоршаған орта туралы түсініктерін анықтауға бағытталған. Мәселен, жылдың әр мезгіліне сәйкес табиғаттардағы өзгерістер (күннің суытуы, қардың жаууы, топырақтың тоңазуы, жапырақтардың түсуі және т.б.), өсімдіктер дүниесіндегі (кәрі үйеңкі, жас қайың, шағын емен орманы) өзгерістері зерттеледі, бақыланады, сол арқылы жалпы ұғымдар кіріктіріледі. Осындай міндеттер шешілгенде оқушылар туған жерінің табиғаты жайлы толық білім алып, формалар, құбылыстар, түр-түстердің байлығы, оның алуан түрлілігін көре біледі.

«Бейнелеу өнері» сабағындағы пәнаралық кіріктіру іріленген білім негізінде, яғни сабақты дидактикалық бірліктерді ірілендіру негізінде құру арқылы жүргізіледі. Бұл материалдарды ұсақ бөліктерге бөлмей, тарауға біріктіруге мүмкіндік береді, басқаша айтқанда модельдеуге көмектеседі. Ол бірлесіп іздену барысында баланың жоғарғы танымдылық дәрежесіне көтерілуіне ықпал етеді. Модельдеу әдісі қоршаған шындық объектілері мен құбылыстарды тану процесінде әр түрлі қорытынды сызбаларды, кестелер мен белгілерді, яғни тірек конспектілерін даярлауды қажет етеді. Модельдеу барысында оқушылар оқытылып отырған материалдарды терең де саналы түрде меңгеруге ықпал ететін басты мәселені бөліп алуды үйренеді. Мәселен, бейнелеу өнеріндегі «Кескіндеме», «Графика» тақырыптарын «Түстану» тарауына топтастыра отырып кескіндеме мен графика материалдары негізінде түс танудың қарапайым түсініктерін қалыптастыруға болады. Бұларды оқып үйрену кезінде дүниетану пәніндегі жердің планы, горизонт тұстарын анықтау тақырыптарынан алған біліммен кіріктіріледі. Мұндай жағдайларда оқушы жердің планын кескіндеме бойынша да графика бойынша да бейнелеуге тырысады.

Осы тұста материал мазмұны біртіндеп кеңейеді және байытылады, бірақ әр пәннің негізгі мәселесі басты назарда болады. Мәселен, «Дүниетану» пәнінен «Көктем» тақырыбын өткенде оқушылар бейнелеу өнеріндегі «жарық пен көлеңке», «ең жарық нүкте – блик», «басқа заттан шағылысып түскен жарық – рефлекс», «құлай түскен көлеңке», «заттың өз көлеңкесі» сияқты түсініктер негізінде әр түрлі уақыттағы және әр түрлі ауа-райы жағдайындағы қоршаған дүниені бейнелеу тәсілдерімен таныса отырып, оны бейнелеп сызады.

Бейнелеу іс-әрекеттері түрлерінің өзара байланысы мәселелерін қарастыруымыз да кездейсоқ емес. Тәжірбиені кеңінен сараптау сурет салу, мүсіндеу мен дизайн сабақтарында осы өзара байланыстық есепке алынбай жоспарланатынын, ал сабақ тақырыптары оқушылардың заттар мен құбылыстар туралы бақылаулары, білімдері ескерілетін іс-әрекеттердің басқа да түрлерімен өзара байланыспайтынын көрсетті. Сурет салу, мүсіндеу мен дизайн арасындағы өзара байланыстың жоқтығынан мұғалімдердің әрбір бейнелеу іс-әрекетіне тән бейнелеу тәсілдерін есепке алмай, «Бейнелеу өнері» пәнінің бағдарламалық міндеттерін жеке-жеке шешетіндігі де байқалады.

Өзара байланыс арқылы оқушылар қоршаған орта заттары мен құбылыстарын әр түрлі құралдар, амал-тәсілдер мен материалдарды іздестіру барысында бейнелі түрде суреттеу мүмкіндігіне ие бола отырып, әсерлі бейнелеу тәсілдерін салыстыруды, таңдауды және бағалауды үйренеді. Сөйтіп, балалардың дамуы неғұрлым белсенді жүргізіледі. Мәселен, «Көңілді алаң» тақырыбы бейнелеу іс-әрекеттерінің барлық түрлерін кіріктіру. Бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тәрбие беруде «Бейнелеу өнері» мен «Дүниетану» пәндерінің пәнаралық байланысы негізіндегі кіріктіруге көп көңіл аударылады. Мұнда басты мәселе негізгі білімдерді біріктіру және ешқандай пән өз мағынасын жоғалтпайтындай жоғары нәтижеге жету.



Әдебиет:

  1. «Бейнелеу өнері» (1-4 сыныптар) бағдарламалар. – Алматы. РОНД, 2003. – 20 б.

  2. Кузин В.С. Программы общеобразовательных учреждений. Изобразительное искусство 1-9 классы. М: «Просвещение», 1994, – 174 с.

  3. Шпикалова Т.Я. Изобразительное искусства. Основы народного и декоративно-прикладного искусства М, 1996 г.

Түйіндеме

Мақалада бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде пәнаралық кіріктірудің ерекшеліктері қарастырылады.



Резюме

В статье рассматривается эстетическое воспитание учащихся начальных классов на основе межпредметной интеграции учебных дисциплин «Изобразительного искусства» и «Познание мира».


Дидактикалық бірліктерді ірілендіріп оқытудың психологиялық негіздері

Қ.Ш.Балабекова,

«Қазақ тіл білімі» кафедрасының аға оқытушысы

Оқыту —оқушылардың дамуының негізгі қозғаушы күші және адамның саналы әрекетінің маңызды формасы. Ол— білім беру және тәрбиелеу құралы. Оқыту үрдісінде жеке тұлғаның қалыптасуының маңызды компоненттерінің бірі — ойлау қабілеті қалыптасады. Қабілет, бір жағынан, білім, біліктілік қалыптастыратын оқытудың нәтижесі болса, екінші жағынан ол адамның туа берілетін ерекшелігі болып табылады. Мысалы, кейбір оқушыларда материалды түсіну, оны есінде сақтау, іс жүзінде қолдану қабілеті төмен болуы мүмкін. Ал ол жағдайда не істеуге болады, яғни туа біткен қабілеті төмен деп бөліп тастауға бола ма? «...адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай-ақ оның қандай көзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары, білімі мен іс-тәжірибесі, икем-бейімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет»,-дейді психолог- ғалым Т.Тәжібаев.(60-61,95).Демек, оқушының жан дүниесіне үңіле отырып, олардың оқуға деген ықыласын, қызығушылығын туғызу қажет. Қабілетін дамыту, жетілдіру, тәрбиелеу , әрекет етуге қалыптастыру керек. А.Н.Леонтьев тұлғаның психологиялық үрдістері мен дара ерекшеліктері әрекет кезінде танылатынын айта келіп, тұлға дегеніміз — индивидтің іс-әрекетке араласуынан болатын жаңа өзгерісі,-дейді. (133. 304 Бейс.) 62) Демек, білім, дағды, іскерлік адамның оқу әрекеті арқылы қалыптасады. Яғни оқыту адамның туа біткен мүмкіншілігі мен саналы оқу әрекетінің арасындағы кедергілерді жою құралына айналуы тиіс.Дұрыс ұйымдастырылған оқыту үрдісі олардың ақыл-ойының дамуына толық жағдай жасайтыны белгілі. Өйткені оқытудың бірі бірдей оқушыны дамытпайтыны белгілі. Сондықтан оқушылардың ақыл-ойын дамыту үшін оқыту үрдісі қалай ұйымдастырылуы керек деген мәселе өте күрделі. Ол үшін , ең алдымен, оқыту жүйесі оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрылуы тиіс дейміз. Оқушының дамуындағы жеткіншек кезең (14-18 жас аралығы) балалық пен жеткіншек арасындағы «үшінші әлем». Биологиялық жағынан баланың әбден қалыптасып болатын шағы. И.С.Кон жеткіншек кезеңдегі баланың танымдық қызметі мен зердесін дамытудың екі жағы: сандық және сапалық жағы болатынын атай келе, «сандық жағы баланың дамуының осы сатысындағы, деңгейіндегі өзгерістерден жеткіншектің зерделік тапсырмаларды төменгі сынып оқушысына қарағанда жеңіл, жылдам әрі тиімдірек орындауынан көрінеді. Ал сапалық жағы ойлау процесінің құрылымындағы өзгеріске байланысты: бала үшін қандай тапсырманы шешуден гөрі, оны қалай, қандай жолмен шешемін деген мәселе маңыздырақ» (64,174 Жанат). Өзіндік сананың дамуы — өтпелі кезеңдегі ең негізгі психикалық процесс. Жеткіншек ең әуелі өзін тануға, өзінің ішкі әлеміне үңілуге бейімделеді. Сыртқы дүниенің бәрін өз сезімі арқылы бағалауға тырысады.Жеткіншек кезінде адамның өзіндік дамуы алға шығады, даралық ерекшелігі айқындалады. Психикалық дамуы жағынан жеткіншек күрделі интеллектуалдық әрекеттерді орындауға бейімделеді. «Ол абстрактылы, теориялық, гипотетикалық- дедуктивтік ойлауға бейім келеді. Осы кезде ұсынылатын білім де құрылымы мен мазмұны жағынан күрделеніп келуі абзал. Оған бұрынғыдай дайын ереже, дайын мысалдардан гөрі оқыған білімі негізінде өздігінен шешім жасау, өзіндік даралыққа қол жеткізу түріндегі тапсырмаларды орындау қызықтырақ көрінеді»,-дейді педагогика ғылымдарының докторы Ж.Дәулетбекова (65,118).Жеткіншек жасындағы оқушылардың өнімді ойлауы қалыптаса бастайды. Осыған орай олар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өзінің ішкі мүмкіндігін көрсетуге тырысады. Оқушының осы мүмкіндігін, белсенділігін ары қарай дамыту үшін оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру, яғни өз бетімен ізденіп ғылымның мәнін, мүмкіншілігін білуге тәрбиелеу қажет. Психологтар жеткіншектердің интеллектісінің дамуын байқайды. Интеллектінің дамуы тек қана берілген теориялық ақпаратты игеру емес, инттелектілік инициативаның дамуы екені белгілі. Жоғары сынып оқушыларының жалпылау , абстракциялау, тілдік құбылыстың ерекшеліктерін тану, оны салыстыру, өз ойларын дәлелдеу, оның себептеріне ғылыми талдау жасау, ол құбылысты белгілі бір жүйеге келтіруге мүмкіндіктері болады. Нәтижесінде олардың сыни ойлауы дамиды, ақыл-ой әрекеті белсенді, дербес сипатта болады. Яғни жоғары сынып оқушыларының ақыл-ой әрекетінің дара стилі қалыптасады. Бұндай үрдіс шығармашылық ойлаудың ерекшелігі болып саналады. Жас ерекшелігі жағынан жеткіншектердің ойлауы, түсінігі, қабылдауы т.т. бір деңгейде болмайтыны белгілі. Алайда, оларға қойылатын талап бірдей. Сондықтан оқушылардың бойында интеллектуалдық дамуды, яғни ойлау мәдениетін қабілетіне қарай мүмкіндігінше қалыптастыру ең маңызды мәселе екені даусыз. «Среди факторов, активно влияющих на процесс обучения, ведущая роль принадлежит мышлению школьника, сформированным приемам умстенной деятельности» деп, ойлаудың маңызын ғалымдар да атап көрсетеді. (184,6 тех.)66 ) Ал мұндай мүмкіндік дидактикалық бірліктерді технологиясы арқылы оқытуда мүмкін екендігін П.М. Эрдниев: «Укрупнение дидактических единиц усвоения знаний означает тренировку мышления в опережающем отражении действительности, в самостоятельном и неизбежном извлечении цепи высказывания- следствий их познанного» деп түйіндейді. Демек, оқу үрдісінде оқушыларды ойлай білуге үйрету дегеніміз—олардың табиғи ерекшеліктерін ескеру, оқушының жеке басының дамуының психологиялық негізіне сүйену, пән мазмұнын игертуде ойлаудың әрекеттік, мотивациялық аспектілерін бір уақытта іске асыру. Яғни оқушылардың ойлау қабілетінің жетілуі әрекет, оқу әрекеті, оған оқушыларды қызықтыру, ынталандырумен тікелей байланысты. Материалды жеткізудің инновациялық әдістерін, ұйымдастырудың белсенді формаларын оқыту үрдісіне енгізу арқылы оқушылардың ойлауын дамытуға, білімді өз бетімен алуға талпыну мүмкіндігін жетілдіруге болатыны ұстаздардың тәжірибелерінен байқалып жүр. Әсіресе, оқушыларға өз бетімен орындауға берілетін тапсырмалар оларды ізденуге, игерген білімдерін жаңғыртуға, танымдық белсенділігін туғызатын шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптастыратыны сөзсіз. «Саналы әрекеттің айрықша, маңызды сипаттарының бірі — шығармашылық. Шығармашылықтың дамуында, жеке адамның ерекшеліктері өте маңызды» (Т.Тәж,107)61)61. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы бойынша өз бетімен жұмыс істеуде шығармашылық компонент міндетті түрде болатыны түсінікті. Мысалы, оқушыларға жекелеген сөз беріп, содан сөйлем құрауды, сөйлемнің ішінде матаса байланысқан сөз тіркесінің болуын тапсыру оларға матаса байланыстың не екенін есіне түсіруге, матаса байланыстың тек есімді тіркес болатынын ескеруге, содан кейін сөйлем құрауға тура келеді. Бұндай тапсырманы орындау үшін оқушы ойланады, есте сақтау қабілетін байқайды, игерген білім деңгейін саралайды, яғни өзін-өзі тексереді, бағалайды. Оқушы тарапынан жасалатын өзіндік әрекет: тапсырманы қабылдау, түсінуден бастап, оны дұрыс орындауға дейінгі кезең оқушының танымдық қызығушылығын бекіте түседі, өзінің білім, білігіне деген сенімін арттырады. Ойлаудың ғалымдар бірнеше түрін ұсынады. Атап айтқанда: алгоритмдік, эвристикалық және дискурсивтік.(Совр, мет разв пам.,30).67) Алгоритмдік ойлау қалыпты тапсырманы бірізді орындауда іске асады, эвристикалық ойлау стандартты емес тапсырмаларды орындауда іске асады, Ал дискурсивтік ойлау белгілі бір құбылыстың нәтижесін шығару, өз бетімен тұжырымдар жасауда іске асады.Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуда оқу үрдісінің ішкі және сыртқы бірлігі маңызды рөл атқарады. Айталық, мұғалім сабақта оқытады, ал оқушы оқиды. Бұл дәстүрлі қағида. Ал ең маңызды мәселе мұғалім нені және қалай оқытады болуы тиіс. Алайда, бұл екі әрекет бір-бірімен қабыса бермейді. Оқытудың сыртқы жағы мұғалімге қатысты, ал ішкі жағы оқушының сабақ үлгеріміне қатысты бағаланады.

Бұл ұстанымды іске асырудың мәні: негізгі игертілетін ұғымға әр сабақ сайын үлкен мән беруге, өтілген материалды негізгі ұғым арқылы қайталауға, оны өңдеуге ;оқу материалын: жаттығу, тапсырма, сызба, көрнекілік арқылы бекіте түсуге; оқушыларға шығармашылық әрекет жасауға, ірілендірілген жаттығуларды орындауға мүмкіндік жасайды.



Әдебиеттер

  1. Эрдниев П.М. Укрупнение дидактических единиц как технология обучения. / П.М. Эрдниев. М.: Просвещение, 1992, в 2 ч.; ч.1 -176, ч.2-257.

  2. Педагогика и психология высшей школы. –Ростов-на -Дону: Феникс, 1998. -544

  3. Есенов Қ. Қазақ тілі синтаксисінің даму жүйесінен. Жинақ, Развитие казахского советского языкознания. –Алматы: Наука, 1980.

  4. Психология 2-ші том. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. –Алматы, 2005. -480.

Резюме

Укрупнение дидактических единиц усвоения знаний означает тренировку мышления в опережающем отражении действительности, в самостоятельном и неизбежном извлечении цепи высказывания- следствий их познанного.



СОТРУДНИЧЕСТВО ПЕДАГОГА И СЕМЬИ ПО НРАВСТВЕННОМУ ВОСПИТАНИЮ УЧАЩИХСЯ 1 КЛАССА

Гусева В.В.

Учитель школы-лицея №8 города Алматы

Республика Казахстан
Нравственные качества закладываются с детства в семье, в дошкольных организациях и школе. Особую роль в нравственном воспитании играет начальная школа, так как она служит фундаментом в становлении личности человека. Несомненно, вся система учебно-воспитательного процесса основана на тесной взаимосвязи обучения и воспитания, весь цикл предметов направлен на формирование лучших нравственных качеств ученика.

Нравственному воспитанию подрастающего поколения придавали огромное значение казахские педагоги и просветители прошлого (Ч.Валиханов, Ы.Алтынсарин, Абай Кунанбаев). Так великий казахский мыслитель прошлого Абай Кунанбаев писал: «Дитя человеческое не рождается на свет разумным. Только слушая, созерцая, пробуя все на ощупь и на вкус, оно начинает познавать разницу между хорошим и плохим. Чем больше видит и слышит дитя, тем больше узнает. Многое можно усвоить, внимая словам разумных людей. Недостаточно обладать разумом — только слушая и запоминая наставления знающих, избегая пороков, можно стать полноценным человеком».

Стержнем воспитания, определяющим нравственное развитие, является формирование гуманистических отношений и взаимоотношений детей. Независимо от содержания, методов и форм воспитательной работы и соответствующих конкретных целей перед учителем всегда должна стоять задача организации нравственных отношений детей.

Воспитательный процесс должен обеспечить осознание детьми нравственной стороны поведения и отношений, своих и чужих поступков позволяет формировать нравственную оценку и самооценку.

От класса к классу увеличивается объём знаний, углубляется осознание нравственных понятий и представлений, т.е. в каждом классе дети знакомятся с основными нравственными понятиями.

Ребенок, впервые придя в школу, встречает новый детский коллектив, устанавливает контакты с одноклассниками и учителями, учиться выполнять новые обязанности, требования дисциплины. Не все дети одинаково легко справляются с этим. Некоторым первоклассникам, особенно шестилеткам, трудно дается социальная адаптация, потому что в ребенке не сформировалась еще личность, способная принять строгий школьный режим и школьные обязанности.

В первом классе ребенок вливается в абсолютно новую для него среду, его окружают новые лица. Чтобы облегчить социально-психологическую адаптацию первоклассников, им необходимо помочь познакомиться друг с другом, с учителями, со школой и ее правилами.

Как показывает практика, не все дети легко адаптируются в школьном коллективе, так как большая часть из них не посещала детские дошкольные организации, в связи, с чем не имеет опыта межличностного общения.

Следует отметить и то, что определенная часть детей является единственным ребенком в семье, поэтому им уделяется особое внимание со стороны взрослых.

Эти дети достаточно болезненно реагируют на замечания со стороны учителя, требуют повышенного внимания, испытывают трудности во взаимоотношениях со сверстниками, отсутствует терпимость по отношению к другим детям.

Для начальной школы проблема толерантности актуальна сама по себе.  На этом жизненном этапе начинает складываться взаимодействие между детьми, пришедшими из разных микросоциумов, с разным жизненным опытом и с несформированностью  коммуникативной деятельности.

Повышенный уровень конфликтности в межличностных отношениях детей мешает формированию классного коллектива. Поэтому важнейшей задачей классного руководителя является формирование у детей толерантности в общении и системы нравственных качеств.

Толерантное поведение предполагает:

- сочувствие, уважение, желание прийти на помощь окружающим людям;

- желание и умение приветливо обращаться с окружающими людьми, вежливо ответить на просьбу или предложение, деликатно отклонить нежелательное предложение;

- желание делать приятное для сверстников (коллектива и отдельного сверстника);

- способность прислушиваться к общественному мнению и руководствоваться в своих действиях общественными мотивами, получая при этом личное удовлетворение.

Все это вызывает закономерную необходимость поиска учителем эффективных форм и методов формирования нравственных качеств у первоклассников. При этом следует учитывать возрастные особенности детей и особенности состава детского коллектива.

Следует выделить наиболее эффективные методы организации нравственного воспитания первоклассников:


  1. организация совместных общественноөполезных дел (оформление класса к праздникам, уборка учебного помещения и т.д.);

  2. проведение совместных праздников, эстафет, прогулок, походов;

  3. проведение этических бесед («Мой лучший друг», «Давайте дружить!», «Мы все разные, но мы одна команда» и т.д.);

  4. обсуждение литературных произвекдений, раскрывающие нравственные поступки героев;

  5. обсуждение ситуаций, поиска решения возникших конфликтов.

Необходимо отметить, что невозможно сформировать толерантность у ребёнка, как и любое другое качество, если родители не являются союзниками педагогов в решении этой проблемы.

В освоении опыта толерантного поведения большое значение имеет личный пример родителей, родственников. Прежде всего, атмосфера отношений в семье, стиль общения между её членами влияют на формирование толерантности у ребёнка. Подтверждением этого служит казахская народная пословица: «То, что ребенок видит в юрте, то он будет делать в жизни».

Сотрудничество с семьей – одна из актуальных и сложных проблем в работе школы и каждого педагога.

Сотрудничество педагогов и семьи – это совместное определение целей деятельности, совместное планирование предстоящей работы, совместное распределение сил и средств, предмета деятельности во времени в соответствии с возможностями каждого участника, совместный контроль и оценка результатов работы, а затем прогнозирование новых целей и задач.

При сотрудничестве возможны конфликты, противоречия, но они разрешаются на основе общего стремления к достижению цели, не ущемляют интересов взаимодействующих сторон.

Семья как воспитательный коллектив обладает рядом специфических особенностей. Прежде всего, это – коллектив, объединенный не только общностью цели и деятельностью по ее достижению, но и кровнородственными связами. Родительские чувства, родительская любовь – своеобразный катализатор, ускоряющий развития личности. Это сравнительно стабильный коллектив, где общение происходит постоянно, в самых широких сферах, в разнообразных видах деятельности.

Семьи очень разные, у каждой свои проблемы и трудности, поэтому невозможно дать готовый и единственно правильный ответ на вопрос о том, как взаимодействовать с семьей. Многое зависит от интуиции, мастерства педагога, который должен проанализировать комплекс различных обстоятельств, чтобы принять нужное решение в выборе способов и средств взаимодействия с родителями и ребенком в конкретной ситуации.

Избежать недопонимания, разобщенности в решении проблем в нравственном воспитании детей учителю помогут следующие нравственные нормы:



  1. Создание психологического комфорта для каждого ребенка, пришедшего в первый класс.

  2. Чувство ответственности перед родителями учащихся за обучение и воспитание их детей.

  3. Активный и постоянный поиск педагогических контактов с родителями.

  4. Уважительное отношение к родительским чувствам, недопущение небрежной и необоснованной оценки способностей детей и их поведения.

  5. Повышение авторитета родителей в глазах детей (показ детям наиболее ценных качеств их родителей, учет этих качеств и способностей родителей в педагогической деятельности).

  6. Тактичность и обоснованность при предъявлении необходимых требований к родителям учащихся.

  7. В беседе с родителями, прежде всего, отмечать успехи ребенка, его достижения, отмечая в тактичной форме его недостатки.

  8. Терпение при поступлении критических замечаний родителей в свой адрес, учет их в процессе профессионального саморазвития.

Сотрудничество с родителями по нравственному воспитанию предполагает такие формы работы как:

- встречи со школьным психологом, предусматривающие обсуждение актуальных проблем воспитания и обучения учащихся первого класса;

- родительские собрания;

- тематические консультации;

- день открытых дверей;

- заседания круглых столов;

- тренинги.

Особая роль в формировании нравственных качеств учащихся первого класса принадлежит индивидуальным беседам учителя и родителей. Они позволяют установить непосредственный контакт с каждым членом семьи учащегося, добиться большего взаимопонимания в поиске путей развивающего влияния на личность ребенка.

Все вышеизложенное, позволяет констатировать, что нравственное воспитание является важнейшей задачей школы и семьи. Лишь в тесном сотрудничестве можно достичь определенных результатов в становлении личности младшего школьника.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет