Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы теректі аудандық білім беру бөлімі


VI. ОҚУ - ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ САПАСЫ



бет2/12
Дата14.11.2019
өлшемі2,27 Mb.
#51780
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
НОВЫЙ ОТЖ 2019-2020

VI. ОҚУ - ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ САПАСЫ


Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінің 2018-2019 оқу жылына арналған оқу жоспары ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызындағы №1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі және орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары («Біз мектепке барамыз», 2010ж) мен ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары, «2018-2019 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты негізінде жасалды.

Мектепте білім беруді ұйымдастыру Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының 2018 жылғы 7 тамыздағы №696, Теректі аудандық білім беру бөлімінің 2018 жылғы 10 тамыздағы №512 «Ауданның жалпы білім беретін оқу орындарында 2018-2019 оқу жылының басталуы туралы», Ақсуат ЖОББ мектебінің 2018 жылғы 14 тамыздағы №115 «2018-2019 оқу жылының басталуы туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Мектептің оқу жоспарында оқытылатын пәндер мен сағат сандары көрсетілген.

Мектепалды даярлықтың міндеттері:



  • Баланың жеке және танымдық қабілеттерін дамыту;

  • Баланың толық жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен ынтымақтастық құру;

Бастауыш білім берудің оқу жоспарының құрылымы мына міндеттерді анықтайды:

  • Функционалды сауаттылық негіздерін қалыптастыру;

  • Оқу еңбегі мен қарым-қатынаста негізгі білік-дағдыларын қалыптастыру;

Бастауыш сатыдағы білім беру мазмұны тұлғалық сапаның мынадай бастапқы негіздерін қалыптастыруға бағытталды:

  • танымдық;

  • адамгершілік;

  • коммуникативті;

  • эстетикалық;

  • еңбекқорлық;

  • дене күші.

Негізгі орта білім берудің оқу жоспары төмендегідей міндеттерді анықтады:

  • жалпы оқу білік-дағдыларын қалыптастыру;

  • функционалды сауаттылықтарын дамыту;

  • оқушылардың әрі қарай білім алуы үшін кәсіби бағдар беру, өз бетімен білім алуға жағдай туғызу;

Негізгі орта білім беру оқу жоспарының құрылымына апталық сағат саны көрсетілген оқу пәндері енгізілген. Білім беру мазмұны мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін әрі қарай дамытуға бағытталды.

ҚР БжҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы негізінде жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныптарында дін туралы қоғамдық –мәдени білімдерін қалыптастыру мақсатында базистік оқу жоспарының вариативтік бөлімнің мектеп компонентінен 9-сыныпқа «Зайырлық және дінтану негіздері» пәні енгізілді.



Жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің оқу жоспары құрылымы бейіндік және бейіндік емес пәндердің апталық сағат саны мен мектеп және оқушы компоненттерінен тұрады.Мектеп компонентін қалыптастыру мына критерийлербойынша жүргізілді:

    1. Оқушылардың қабілеттері, қызығушылықтары мен қажеттіліктері;

    2. Оқушылардың кәсіби бағдарын диагностикалау нәтижелері;

    3. Мектептің жоғары сатысында сабақ беретін пән мұғалімдерінің кәсіби деңгейі;

Мектеп компоненті оқушылардың қызығушылықтары мен бейімділіктеріне сәйкес бағдарланды. «Физика және Қазақстан энергетикасы» курсы оқушының физика мен география пәндерін байланыстыра отырып, алған білімдерін тереңірек игеруге бағытталса, «Графикалық және сапалық есептер шығару», «Решение задач повышенной сложности», «Методы решения физических задач» курстарында оқушылар физика пәні бойынша ҰБТ-де кездесетін есептерді шешуге дағдыланады. Ең қиын пәні математиканы оқып-үйренуде «Тригонометриялық теңдеулер және теңсіздіктер», «Математикадан қиындығы жоғары есептерді шешу», «Математикадан стандартты емес есептерді шығару», «Школьная алгебра: многообразие идей и методов решений примеров», «Решение задач на составление уравнений» курстары жүргізілді.

10-11-сыныптарда математика, биология, география, физика, химия пәндерін оқып-үйренуде оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсаты бойынша міндеттердің орындалуы барысында:



  • 10-11-сыныптарда білім берудің мемлекеттік стандартының базалық компоненті толық сақталды;

  • Мектеп компоненті оқушылардың математика, физика, биология, география, химия пәндерін оқып –үйренуге деген қызығушылықтары мен бейіміне сәйкес кәсіби пәндер бойынша білімін кеңейтуге, тереңдетуге бағытталды;

10, 11 сыныптарға бөлінген мектеп компоненті

Қолданбалы курстар



Курс атауы

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып

1

Қосымша топша металлдардың химиясы

Жұбаниязов Е.М.

10а

2

Қазақ тілінің стилистикасы

Калмаганбетова К.М.

10а

3

Адам эволюцияның құпиялары

Избасарова Г.М.

10а

4

Дифференциалдық және интегралдық есептеулер

Баймуратова Ж.С.

10а

5

Әлемді тану

Иржанова Г.К.

10а

6

АӘД

Сайынов Н.С.

10а

7

Органикалық химиядан күрделі есептер шығару

Губашева Г.К.

11а

8

Эволюция ілімі

Избасарова Г.М.

11а

9

Стереометрия есептерін шешу

Маштаев А.Т.

11а

10

Физикадан есептер шығару

Жуматаева С.М.

11а

11

Оқу сауаттылығына дайындық жоспары

Бегалиева С.А.

11а

12

Елтану қолданбалы курсы

Сайнова Ж.Б.

11а

13

Стереометрия есептерін шешу

Маштаев А.Т.

11в

14

Органикалық химиядан күрделі есептер шығару

Бохаева К.М.

11в

16

Эволюция ілімі

Избасарова Г.М.

11в

17

Халық тағылымы

Кубаева Б.У

11в

18

Елтану қолданбалы курсы

Сайнова Ж.Б.

11в

19

Қоғамдық саяси өмір

Муратов Р.С.

11в

Қолданбалы курстар сабақ уақытында, ал таңдау курстар сабақ уақытынан тыс уақытында арнайы жасалған кесте бойынша жүйелі түрде жүргізіліп отырды. Оқу-әдістемелік кешендері бағдарламасы, сабақ жоспарлары тиісті деңгейде жасалынған.

Қолданбалы курстарды жүргізу барысындағы туған қиыншылықтар:

  • Баспадан арнайы басылып шыққан оқу-әдістемелік кешендердің болмауы;

  • Қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құралдардың аздығы;

ҚОРЫТЫНДЫ: 2018-201 оқу жылында 10-11-сыныптарда бағдарлы оқытудың жаратылыстану-математикалық бағытында жоғары сынып оқушыларына физика-математикалық бағдар бойынша білім беруді қамтамасыз ету жұмысын жалғастыру жоспарланды. Жалпы қолданбалы курстардың берілуі қанағаттанарлық.

ҰСЫНЫМДАР:

  • Бағдарлы оқытудың жаратылыстану-математикалық бағытында жоғары сынып оқушыларына биология- физика- математикалық бағдар бойынша білім беруді қамтамасыз ету жұмысын жалғастыру.

  • Қолданбалы және таңдау курстарын жүргізетін мұғалімдер өз курстары бойынша оқу-әдістемелік кешендерін, сабақ жоспарларын, бағдарламаларын аудан көлемінде тарату


VII. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫ

Мектептің негізгі мәселесінің бірі- білім сапасының төмендігі. ҚР «Білім туралы Заңын» орындалуы бойынша білім сапасын көтеруге, оқу үрдісін ұйымдастыру мен жалпы оқу міндеттерін шешуге бағытталған мектептің педагогикалық ұжымының қызметі төмендегідей көрсеткіштерге жетті.



Оқушылардың білім сапасының үш жылдық диагностикасы

Оқу жылдары

Барлық оқушылар

Білім сапасы %

Үлгерім деңгейі %

2016-2017

267

58

100

2017-2018

260

60

100

2018-2019

280

68

100




2017-2018, 2018-2019 оқу жылдары бойынша жалпы мектеп бойынша және саты бойынша оқу озаттары мен оқу екпінділерінің саны:

2017-2018 2018-2019

Диаграммадан көріп тұрғандай, оқу озаттарының көбі (47) бастауыш сыныптарда, орта буында – 24, жоғары сатыда – 3.

Былтырғы оқу жылмен салыстырғанда оқу озаттары мен оқу екпінділерінің саны артты.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет