Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет10/42
Дата23.02.2020
өлшемі2,34 Mb.
#58900
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
1044, Әдеб. мәтіндер, бак, бак

II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
дейді Ахмет Байтұрсынұлы. Намысың мен жігеріңді қайрамасаң 
құлшылықта болудың өзі сенің еркіңде болады. Ол сенің таңдау 
еркіндігің.  Кез  келген  Империяның  құрамында  ұлттық  еркіндік 
пен тәуелсіздік жайлы ойды жүзеге асыру жолы өте ауыр жол еді. 
Бірақ  еркіндік  идеясы  ешқашан  халқымыздың  рухани  өмірінен 
өшкен  емес.  Ұлттық  философиялық  ой-санада  ол  желі  үзілген 
жоқ. Осы жағдайда Әлихан Бөкейхан «Екі жол» деген мақала жаз-
ды. Онда: «Әр заманның өз рәсім, өз салты бар. Адам баласының 
құл кезіндегі салтында хұқы үшін талас-тартысы болмайды. Хұқы 
үшін таласу-тартысу орнында жылау болады. Бұл бір жол. Біздің 
замандағы  салт:  әркім  хұқына  таласу,  хұқына  тартысу  болады. 
Жылау  салты  артта  қалды.  Ендігі  рәсім  хұқы  үшін  жылау  емес, 
хұқын  талас-тартыспен  қорғау.  Міне  бұл  екінші  жол»  [1,  384  б.] 
Олар  жасаған  Алаш  партиясының  бағдарламасының  түбегейлі 
мақсаттары алаш азаматтарының құқықтарын қамтамасыз етуге 
бағытталады. Бұл оның қазіргі заман деңгейінде жасалған құжат 
екендігінің дәлелі. 
1910  жылдардың  өзінде  Әлихан  Бөкейхан  «Қырғыздар»  деп 
аталатын мақаласында, таяу болашақта далада қырғыз арасында, 
екі саяси бағытқа байланысты екі саяси партия құрылуы мүмкін, 
оның  бірі  –  ұлттық-діни,  қазақтардың  басқа  мұсылмандармен 
біріктіруді  мақсат  етсе,  екіншісі  батыстық  деп  жазған  болатын. 
Сол  кездің  өзінде  ұлттық  көлемдегі  саяси  сананың  қалыптасып, 
соған сол кезеңдегі қалыптасып отырған тарихи шындыққа нақты 
сараптамалар жасалғанын көреміз. 
Ойшыл:  «...ойында  көзі  бар  адамдар  халықтың  кемшілігін 
шамасынша көрсетіп, сездіріп, аурудың атын айтып, емін жазып, 
қағаз бетінде халық алдына салып жүр. Бірақ сөз қандай терең, 
үлгілі  орынды  болсын  іс  көмегі  болмаса,  жұмыс  болып,  дүние 
жүзіне  шықпаса,  келісімді  болғанмен  жансыз  сурет  қатарында 
қалмақшы... Күннен күнге халық нашарлап, кедейленуге айнал-
ды...  тілегіміз  мынау:  Халық  ішінде  бірігіп  іс  жүргізетін  ұйым, 
игілік қауымдары таралса екен» [2, 127 б.] деген ойдың ар жағында, 
халыққа  саяси  партия  құру  қажеттігін  айтты.  Сол  ойын  әуелде 
буржуазиялық  конституциялық  демократиялық  партиясының 
құрамында  болып  қазақ  ұлты  автономия  алады  деп  сенеді.  Ол 
үшін  дербес  ұлттық  автономия  құру  қажет  болатын.  Әлихан 
Бөкейхан «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген еңбегінде 
кадеттермен  өзінің  үш  мәселе  бойынша  келіспейтіндігі  жайлы 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
88
айтады. «Кадет партиясы жер адамға меншікті боп берілсе жөн 
дейді.  Ал  біздің  қазақ  жерді  меншікті  қылып  алса,  башқұртша 
көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға 
келеді» [2, 127 б.] дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше 
қарайды. Осыдан кейінгі жердегі Әлихан Бөкейханың «Алаш» пар-
тиясын құруға ұмтылысы қазақ елінің егеменділігіне, мемлекеттік 
билікке қол жеткізу үшін саяси жүйені жасау болатын. Ол үшін 
дербес ұлттық автономия құру қажет болатын.
 Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молла 
хукіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады... 
оны орысша «отделение церкви от государства» дейді. Автономия 
боламыз  десек,  алдымызда  шешуі  қиын  бір  жұмбақ  бар.  Орал, 
Торғай, Ақмола, Семейде көп мұжық бізбен қоныстас... қазақты 
бұл  жерден  көшіріп  аламыз  десек,  бұл  қазақ  ата  қонысынан 
көшпес,  көшсе  ақылсыздық  болады;  қазақ  жерінің  ең  жақсысы 
сол мұжық отырған жер. Біздің қазақ ұлтының автономиясы енді 
тұрмыс  халде  туысқан  автономиясы  болар  емес;  жерге  байлау-
лы автономия болмақ. К. Нұрпейісов: «1917 жылдың күзінде Ә. 
Бөкейханов Сібірмен бірлесу келешек қазақ мемлекетінің аяғынан 
қаз  тұрып  кетуіне  қызмет  ететіндігіне  сенді,  ал  Түркістанмен 
бірігуге  онша  ықыласты  бола  қойған  жоқ»  –  дейді  [6].  Әлихан 
осылай  дегенде,  болашақта  халық  басына  төнетін  қасіреттерді 
сезіп, соны белгілі дәрежеде түсінді. Сол автономды, егемен ел бо-
луда  Түркістанмен  қосылу  керек  деген  пікірге,  автономия  болу, 
өз  алдына  мемлекет  болу,  дей  келе,  біздің  қазақ  іс  атқаратын 
азаматқа жұтап отырған болса, жалпы қазақ қараңғы, соқыр бол-
са, Түркістан халқының қараңғылығы, һәм шебер адамы жоқтығы 
бізден он есе артық. Қазақ Түркістанмен бір автономия болса, ав-
тономия арбасына түйе мен есекті қатар жеккен болады. Бұл арба 
мініп біз қайда барамыз [2, 264 б.]. 
Орынбор  қаласында  болып  өткен  1917  жылдың  5–13 
желтоқсан  күндеріндегі  жалпықазақ  съезінде  Ә.  Бөкейхан,  М. 
Шоқай,  Х.  Ғаббасов,  Ж.  Досмұхамедовтер  ұлттық  автономия, 
милиция  құру,  Ұлттық  кеңес  туралы  баяндама  жасады.  Съезд 
қарар  қабылдап  «ұлт  кеңесін»  құрды,  оның  атын  «Алашорда» 
деп  атап,  15  адамнан  тұратын  бұл  өкіметтің  төрағасы  болып 
Әлихан Бөкейхан сайланады. Қазақ ұлтының автономиясы ендігі 
жерде  тұрмыс  халдегі  туысқан  автономиясы  емес,  жерге  байла-
улы  автономия  болмақ.  Әлихан  Бөкейханның  саяси-әлеуметтік 

89 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
және философиялық ойлары теориялық негіз болған Алашорда 
мемлекеті құрылды. Бірақ осы қазақ халқы осы еркіндікпен кең 
тыныстай  алмай  тәуелсіздіктің  дәмін  тұшына  да  алмады.  Сол 
кезеңнің  аласапыранында  тәуелсіздік  тұншықты.  Ол  жөнінде 
ағылшын ғалымы Р. Конквест былай деп жазады: «Демократиялық 
және  автономиялық  республика  құруға  тырысқан  қазақтардың 
ықпалды  ұлтшыл  ұйымы  1917  жылдың  5-13  желтоқсанында 
Орынборда өткен съезде «Алашорда» атты үкіметін құрды. 1918 
жылғы  17  қаңтарда  большевиктер  әскерлері  қалаға  басып  кірді, 
сонымен тәуелсіз қазақ мемлекеті қысқа ғана өмір сүрді» [7, 45 б.]
Алашорда  автономиясы  құрылып  жатқан  кезеңде  1917  ж. 
26 қарашада Қоқан қаласында өлкелік төтенше IV мұсылмандар 
съезін шақырды. Съездің 3 күндік жұмысында қарар қабылданып 
«...Түркістанды  мекендеген  ұлттардың  өзін-өзі  билеуге  де-
ген  ұмтылысын  қанағаттандыра  отырып...  Түркістанды  Ресей 
Федеративті демократиялық республикасы құрамындағы террито-
риялық автономия1 деп жариялайды. Ал Түркістанды мекендеген 
халықтардың жартысынан астамы қазақтар болатын. Алғашында 
түрікшілдік идеяны берік ұстанған Мұстафа Шоқай жеке қазақ ав-
тономиясына қарсы болды. Алаш автономиясын жариялағаннан 
кейін Мұстафа Шоқайдың барлық қазақ облыстары Алашордаға 
бірігуі қажет дегені, оның жалпы қазақ ұлтының бірлігін қалауы 
мен азаттығына қол жеткізу еді. Қазақтар да Одақтағы жүз шақты 
ұлттар  мен  ұлыстар  қатарында  ағартушылыққа  қол  жеткізіп, 
еуропалық ғылым мен білімге сусындады.
Алаш көшбасшылары Ә. Бөкейхан, М. Шоқай, А. Байтұрсын 
ұлтымыздың  қазан  төңкерісінен  кейінгі  жердегі  тағдыры, 
тәуелсіздігі  туралы  мәселені  теориялық  тұрғыдан  қайта 
қарастырды. Өйткені, большевиктердің түпкі мақсаты мен қазақ 
зиялыларының  ұлт-азаттық  мүдделері  бір-бірімен  ымыраға 
келмейтін  еді.  Қазақ  зиялылары  қазақ  қоғамында  капитализм 
мен  таптық  жікке  бөлушілік  жоқ  деп  есептеді.  «...  Әлихан  Ста-
линге қазақ халқында «пролетарлық қозғалыс жоқ қазақ далала-
рында орыс пролетариат диктатурасының орнауы қазақ халқын 
апатқа душар етеді» деген. Біз мұны жақсы білеміз».Әлиханның 
Сталинге  бұлай  дейтін  жөні  де  бар  еді.  «Москва  правдасының» 
мәліметі бойынша (№ 133, 20, 06, 1920 жыл) «1919 жылы 1 милли-
ондай  қырғыз  (қазақ)  қырылып  кетті»  Әлихан  осылардың  бәрін 
өз көзімен көрді. Ол өз халқына жат пролетариат қозғалысы мен 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
90
пролетариат  диктатурасының  кесір-кесапатын  жұрттың  бәрінен 
бұрын  сезді,  түсінді.  Ол  Сталинге  өзінің  осы  көрген-білгендерін 
батыл да ашық айтқан болатын [7]. 
Кеңестік билік тұсында алашордашыл қазақ зиялыларына се-
німсіздікпен қарап, оларды кеңестік қызметке қолданғанмен үнемі 
бақылауда  ұстады.  Бірақта,  Ә.  Бөкейхан  өзінің  шығармашылық 
қызметін  тоқтатпады.  1927–1932  жылдар  аралығында  Мәскеуде 
КСРО  халықтарының  орталық  баспасында  әдеби  қызметкер  бо-
лып  жүріп  көптеген  кітаптар,  аудармалар,  мақалалар  жазып 
ұлтының рухани қазынасын толықтырды. Ол ұлтымыздың дәстүрі 
мен тарихының білгірі, өлкетану жағынан нағыз энциклопедист-
ғалым  болатын.  Патша  әкімшілігінің  қызметкерлерін  ол  өзінің 
білімділігімен  мойындатқан  болатын.  Оны  ешқандай  кітап  ал-
мастыра алмайды дейтін олар. Әлихан Бөкейхан патшалы Ресей 
өкіметі  кезінде  мемлекетке  қарсы  митингілер  мен  петициялар 
ұйымдастырушы  қырғыз-қазақтардың  діни-саяси  қозғалысының 
басты жетекшісі ретінде қудаланып, түрмелерге жабылды. Кеңес 
өкіметі  тұсында  да  Алашорда  үкіметінің  контрреволюциялық 
күресінің  жетекшісі  ретінде  «буржуазияшыл  ұлтшыл»  деген 
айыптар  тағылып,  өмірінің  соңғы  күніне  дейін  бақылауда  бол-
ды.  Үкіметтің  бұл  қудалаулары  ойшыл-ғалымның  еркін  ойлауы 
мен  жігерін  мұқалта  алмады.  Ол  өз  халқының  игілігі  жолын-
да  қажымай-талмай  қайраткерлік  көрсете  білді.  Кеңес  өкіметі 
тұсында да Алашорда үкіметінің контрреволюциялық күресінің 
жетекшісі  ретінде  «буржуазияшыл  ұлтшыл»  деген  айыптар 
тағылып, өмірінің соңғы күніне дейін бақылауда болды. Үкіметтің 
бұл  қудалаулары  ойшыл-ғалымның  еркін  ойлауы  мен  жігерін 
мұқалта алмады.
«Қазақ эпостары туралы» еңбегі сол жылдары Оксфорд пен 
Сорбоннада  жарияланды.  «Қара  қыпшақ  Қобыланды»,  «Қазақ 
жыры  «Қобыландыдағы»  әйел  бейнесі»  атты  ғылыми-әдеби 
мақалалары  мен  сын,  рецензиялар  жазды.  Бізге  мәлім  болған 
аудармаларының  өзі  философиялық  мән-мағынаға  толыларын 
сұрыптап ала білгендігінің айғағы.
Қазақ  зиялыларының  ұлты  үшін  атқарған  қызметі  нағыз 
ұлтжандылықтың,  адамгершіліктің,  кіршіксіз  тазалықтың  үлгісі 
болып табылады. Олар қазақ мемлекеттілігін орнатудың жолын-
да  барлық  ақыл-ойы  мен  күш-жігерлерін  жұмсады,  сол  жолда 
жандарын пида етті. Білімдерін биік адамгершілік, ар-ұжданмен 

91 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
ұштастырды.  Өз  ұлтының  патриоты  болудың  үлгісін  көрсете 
білді. Кант – «адамгершілік – оған сай іс-әрекеттен міндетті түрде 
сыртқы нәтижелерді күтпейді, ол іс-әрекеттің өзі ғана сай болуы 
қажет»  деген  ойды  пайымдады.  Ал  қазақстандық  философ  Қ. 
Әбішев бұл ойды адамгершілік өлшемі жайлы тұжырымдарымен 
сабақтастырады. Отанды, от басыңды, өз абыройыңды қорғауың 
міндет,  бірақ  қорғай  алдың  ба,  жоқ  па  ол  адамгершіліктік 
бағалаудың өлшемі емес, өйткені өлшем сол үшін барлық мүмкін 
нәрсені істеу. Алаш қайраткерлері Отаны мен халқының алдында 
өздерінің тарихи миссиясын абыроймен орындады да. 
Халқымыздың  рухани  өміріндегі  өзгерістердің  қай  бағытқа 
қарай бет алысын, оның түп тамырдан ажырап бар жатқандығын 
қазақ  ойшылы  көре  білді.  Дәл  осы  құбылыс  ХХІ  ғасырыдың  де 
өзекті  мәселесі  болып  отыр.  Қазіргі  кезеңнің  сын-қатерлері  мен 
жаһандық нарық, әлемдік саясаттағы болжаусыз жағдайлар, жаңа 
дағдарыстар  ұлттық  ерекшеліктерімізді  сақтай  отырып  бүгінгі 
көштен  қалмауға  итермелейді.  Елбасы  «дамыған  ел»  ұғымы 
уақытқа сәйкес өзгеріп тұратын категория деген болатын. 
Қазақ  зиялыларының  идеялары,  олардың  арман-тілектері 
бүгінгі  таңда  жүзеге  асырылып  жатыр.  Ол  идеялар  қазіргі 
біздің  демократиялық  қоғам  құрудың  негізгі  қағидаттарымен 
сабақтастығын  көрсетеді.  Алаш  қайраткерлерінің  армандаған 
Ұлттық Автономиясы Қазақ елінде орнады. Енді азат, тәуелсіз қазақ 
ұлты өз еркіндігін алған тұста оның алдағы тағдыры өз қолында. 
«Қазақстан жолы–2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 
Жолдауында  Елбасымыз  анық  көрсетіп  бергендей,  ендігі  міндет 
– осы идеялардың өзектілігін жоғалтпау. Біз үшін ортақ тағдыр 
–  бұл  біздің  Мәңгілік  Ел,  лайықты  әрі  ұлы  Қазақстан!  Мәңгілік 
Ел  –  жалпы  қазақстандық  ортақ  шаңырағымыздың  ұлттық  иде-
ясы. Бабаларымыздың арманы Стратегияда «біз мемлекеттігіміз 
дамуының  руханилық  мәселесі  экономикалық,  материалдық 
тұрғыдағы мәселелерден кем болмайтындай кезеңіне аяқ бастық» 
деп атап көрсетеді [8]. 
Заманауи  қоғамдық  сұраныс  көрсетіп  отырғандай 
мемлекеттілігімізді  нығайтуда  ұлттық  сана  архетиптерін 
жаңғыртудың  тигізер  үлесін  де  ескерген  жөн.  Қоғам  өміріндегі 
келеңсіз  іс-әрекеттер  қазіргі  кезде  де  белең  алып  отырған 
жағдайлар.  Бұл  әсіресе  жаһанданудың  қарқын  алуымен  ушыға 
түсетін  құбылыстар.  Осыған  орай  адамның  рухани  жетілуінің 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
92
тетіктерін  іске  қосу  қажеттілігі  туындап  отыр.  Қазақ  болмысы 
әрқашан  әлімсақтан  бері  кісілікті,  әділеттілікті,  ізгілікті  ба-
сты  бағдар  еткен.  Қазіргі  экономикалық  прагматизм  шексіз 
байлыққа  ұмтылысты  арттырып  отырғаны  бәрімізге  аян.  Соған 
орай құндылықтық бағдарлардың да өзгеруі байқалуда. Өзіміздің 
төл мұраларымызды жаңғыртып, саралап, бүгінгі күннің кәдесіне 
жаратсақ одан ұтпасақ, ұтылмаймыз. 
Замана  қайшылығына  қоса  қазақ  халқының  тарихи  даму 
кезеңінің ерекшелігімен қалыптасқан Әлиханның философиялық 
пайымдаулары қазіргі кезеңдегі еліміздің даму тұжырымдамасын 
жасауда өз қайнар  бұлақтарына оралу қажеттілігімен  де сипат-
талады.  Заманауи  қазақстандық  қоғамның  өзекті  мәселелерін 
жаңаша  түсінуді  даярлауда,  Елбасымыз  жалпыұлттық 
құндылықтардың орнығуына күш салушы ұлттық зиялылардың 
ерекше  рөлін  атап  көрсеткен  болатын.  Болашақтағы  қарқынды 
қазақстандық  қоғам  көпшіліктің  санасында  қазақтардың  руха-
ни  құндылықтарын  орнықтыру  негізінде  ғана  құрылуы  мүмкін. 
Алаш  идеясы  халқымыздың  рухын  көтеруде,  жастарымыздың 
бойында  патриотизмді  оятуда  өміршеңдігінің  айғағы.  Олардың 
рухани-адамгершіліктік  және  дүниетанымдық  ұстанымдарын 
зерделей келе ғылыми тұрғыдан дәл анықталған ұғым-түсініктерді 
кездестіреміз. 
Көшпелі өмір салты ығыстырылып, отырықшылық мәдениет 
орнай  бастаған  кезден  бастап  ескіше  өмір  сүруге  болмайты-
нын  алдын  ала  сезген  алаш  ұлдары  еуропалық  ғылым  мен 
білімді  игеру  керектігін  бірінші  кезектегі  мәселе  етіп  қояды. 
Реформатикалық  Алаш  зиялылары  ұлттық  мүддені  Батыс 
Еуропалық  демократиялық  күрес  аясында  жүргізуді  бірден-бір 
дұрыс  бағыт  деп  тапты.  Ұлтты  сапалық  деңгейге  көтеру  үшін 
заманына  қарай  амалы  деген  қағиданы  ұстанған  Алаш  көсемі 
Әлихан – адамға білімді болу жеткіліксіз деп түсінеді. Ендігі жер-
де  білімнен  мақсат  шықпайды.  Ғазазіл  жұмақтан  білімсіздіктен 
шыққан жоқ. Балқан соғысында екі жүзден астам адам өлді, бұл 
соғыс білімсіздіктен емес. Ұлтына жұртына қызмет қылу білімнен 
емес,  мінезден  деп  білді.  Мұсылманша,  орысша  оқыған  білімді 
қазақтардың  ішінен  неше  түрлі  залалды  мінез  көріп  жүрміз. 
Білімнен жақсы мінез шықса бұл қалай? [1,]. 
Білімді деген еуропа жұртының мәдениеттілігін сынға алаған 
Әлихан: «Еуропа патшалықтары түзуміз деген құр аты болмаса, 

93 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
ғұмыр  жүзінде  бір-біріне  қасқыр.  Тарих  жүзінде  Еуропа  Азия 
жұртының бетіне Шыңғыс хан һәм Ақсақ Темір ісін басады. Осы 
екі патша қанша жәбір іс қылды деп. Бұлар өз уақытында зама-
нына  қарай  іс  қылғаны  рас.  Міне,  осы  жиырмасыншы  ғасырда 
Еуропа  патшалығының  қылған  ісі  кімнің  алдында  ақталмақ? 
Бұлардың  қайсысы  қолынан  келсе,  Шыңғыс  хан  һәм  Темірлер 
болмайын  дейді?»  [2,  105  б.].  Халықаралық  жағдайларды  жан-
жақты  талдай  келе  озбырлықты,  күштеуді  қолданып  отырған 
мемлекеттердің  іс-әрекеттерін  сынға  алды.  Оның  гуманистік 
тұрғыдағы  дүниетүсінігін  мына  пікірі  дәлелдей  түседі:  «Бас  са-
лып  әлі  келгенді  талап  алатын  болса,  ұят-абыройдан  тысқары 
болса,  жығылған  жаққа  қылғаны  иттік  болса,  мұның  жетілген 
Еуропалығы,  христиандығы  қайда?»  Ендеше  білімді  болу,  про-
гресске қол жеткізу, техникамен қаруланудың оңды жағы да, за-
лалды жағы да бар. Адамға білімді болумен қатар ізгілікті болу 
қажет  деп  білген  Әлихан  нағыз  гуманист  ойшылдар  қатарында 
тұрды. 
Әлиханның  философиялық  көзқарастары  Лев  Толстой 
философиясымен  ұштасты.  Орыс  ойшылының  адамгершілік 
жайлы  еңбектерін  қазақ  тіліне  аударды.  Бостандық,  теңдік  туы 
туысқандық  XVIII  ғасырдан  бері  жарыққа  шыққан  таза  пікір. 
Адамды  рухани-адамгершіліктік  жағынан  жетілдірудегі  осы 
идеяларды  көзі  қарақты  оқырман  шариғаттан,  інжілден,  будда 
оқуынан, Л.Н.Толстой философиясынан таба алады дейді. Және 
осы  үш  ұраннан  басқа  адам  баласына  бақыт,  махаббатына  жол 
жоқ. Қалғаны хайуандыққа бастайтын жол – деп жазады [2, 396 б.]. 
Адамдар  арасындағы  қан  төгістер  мен  мемлекеттер  арасындағы 
соғысты жауыздық деп білді. 
Жоғары  адамгершілікті  адамдықтың  белгісі  жайлы  Ә. 
Бөкейханның  талдауларынан  тек  қана  орыстың  озық  ойлы 
ойшылдарының  ғана  емес,  Вольтердің,  Руссоның,  Дидроның 
көзқарастарымен пікірлес екендігін байқаймыз. Үкіметтің бірнеше 
адамды дарға асу жөніндегі қаулысына қарсы, бұл христиан жолы-
нан тысқары деп наразылық білдіріп, жұрт алдында сөз сөйлегені 
үшін  орыстың  діни  философы  Владимир  Соловьевтің  Петер-
бургтан қуылғаны сияқты, қазақ ұлтының зиялылары Ахмет пен 
Міржақыптардың түрмеге түсудегі міндері солардың қатарында 
дегенде, түрмеге қамалған үзеңгілес-достарын Ресейдің гуманист-
ойшылдары тағдырын үлгі ете жұбатады. Қоғамдағы реакцияшыл 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
94
күштердің  басымдық  танытып  отырған  жағдайында  әрқашанда 
прогрестік ойлауға жол жабық болатынына меңзейді. Өзі де сол 
құрсаулы  саясаттың  шарпуында  жүріп  мемелекетті  басқару, 
адамды рухани-адамгершіліктік жағынан жетілдіру, қоғам өмірін 
ұйымдастыру  түрлеріндегі  «надандықтың»  теріс  салдарларын 
жою туралы алдыңғы қатарлы прогресшіл ойларды қуаттап соны 
енгізуге атсалысты.
Ұлтымыздың  әлеуеттілігін  арттыруда  алаш  зиялыларының 
адамгершілікті,  биік  тұлғалылығы  ерекше  рөл  атқарады.  Алаш 
зиялыларының  көздеген  түпкі  мақсат  мүддеге  беріктіктігі, 
табандылықтары  мен  төзімділіктері  олардың  күрескерлік  іс-
әрекеттерінде  көрініс  тапты.  Алаш  идеясының  қайта  жаңғыруы 
халқымыздың  рухын  көтеруде,  жастарымыздың  бойында 
патриотизмді  оятудың  тетіктерінің  бірі  болып  табылады.  Бұл 
оның  өміршеңдігінің  айғағы.  Заманауи  қазақстандық  қоғамның 
өзекті  мәселелерін  жаңаша  түсінуді  даярлауда,  Елбасымыз 
жалпыұлттық құндылықтардың орнығуына күш салушы ұлттық 
зиялылардың ерекше рөлін атап көрсеткен болатын.  
Жаһандану үдерісі қоғам өмірінің барлық салаларын қамтып, 
дәстүрлі  мәдениеттердің  құндылықтары  ұмытылып  кету  қаупі 
туған шақта елімізде жасалып жатқан шаралар оған қарсы тұру, 
сонымен  қатар,  басқа  дамыған  мемлекеттердің  құрсауында  кет-
пей,  тәуелсіздігімізді  сақтап  қалуға  бағытталуға  тиіс.  Ең  алды-
мен  бұл  жағдайда  экономикалық  тәуелсіздікпен  қатар,  рухани 
тәуелсіздікті  жоғалтпау  мәселесі  тұр.  Қазақ  ұлтының  ғасырлар 
бойы  қордаланған  руханиятының  жетістіктерін  бүгінгі  күннің 
кәдесіне  жарата  отырып,  еркіндік  жағдайында  дамуды  дұрыс 
жолға қоя білу керек. Мәңгілік ел болу жолында әрбір адам өзінің 
еркіндігін сақтай отырып, ішкі еркіндікті жоғалтпағаны абзал. 
Әдебиеттер
1 «Қазақ» газеті. 1998. Бас редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ 
энциклопедиясы» Бас редакциясы, 560 б.; Нысанбаев Ә. ЖаҺандану және 
қазақстанның орнықты дамуы. – Алматы, 2002. – 42–73 бб.
Бөкейханов Ә. Шығармалар. – Алматы: Қазақстан, 2009. 384 б.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866-1937). Шығармаларының 7 
томдық толық жинағы. – 3 Т. – Астана – Сарыарқа БҮ, 2009, 530 б.
Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: Қайнар, 1999. – Т. 2. – 231 б. 

95 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
Аққұлұлы С. Хан баласындағы қазақтың хақысы // Қазақ әдебиеті, 
– № 11, 4.03.2016.
Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. – 339 б.
Шоқай М. Таңдамалы. – Алматы: Қайнар, 1998. – Т.1. – 512 б.
8  Назарбаев  Н.  2014.  Қазақстан  жолы  –  2050:  бір  мақсат,  бір 
мүдде,  бір  болашақ.  Астана,  2014  жылғы  17  қаңтар.  http://www.
akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/page_215751_kazakstan-
respublikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan-khalkyna-
zholdauy
2.2  Ахмет  Байтұрсынұлының  ғылыми-теориялық 
еңбектерінің философиялық қырлары
Ғалым-лингвист,  әдебиет  зерттеушісі,  ақын-аудармашы, 
көсемсөз  шебері,  қоғам  қайраткері,  Алаш  зиялыларының 
көшбасшы  көсемі  деп  танылған  Ахмет  Байтұрсынов  (1872-
1937)  қазақ  тіліндегі  алғашқы  ғылыми-теориялық  зерттеулердің  
негізін  салушы  болды.  Отызыншы  жылдардағы  сталиндік 
тоталитарлық озбырлықтың құрбаны болған ғалымның ардақты 
есімі  тәуелсіздік  жылдардағы  жариялылықтың  себебімен  саяси 
тұрғыдан  ақталып,  халқына  қайтып  оралуымен  оның  ғылыми, 
әдеби, публицистикалық  мұралары  кеңінен насихатталып, жа-
рияланып, зерттеле бастады. Ғалымның аты аталмаса да ғылыми 
теориялық  еңбектері  мен  қалыптастырған  ұғым-түсініктері 
оның есімі мен еңбектері толығымен ақталған тәуелсіздік дәуірге 
дейін де қазақ тілді ғылым дүниесінде өзіндік орынға ие болды. 
Қазақ  гуманитарлық  ғылымының  кеңестік  кезеңдегі  дамуында 
А. Байтұрсынұлының ғылыми мұралары: «Әдебиет танытқыш», 
«Тіл – құрал», «Оқу құралы», «Әліпби», «Жаңа әліпби» және басқа 
да  ғылыми-танымдық  мақалаларынан  жөнсіз  шеттетілуі  қазақ 
ғылымының  және  ғылыми  әдебиеті  мен  тілінің  қалыптасуына 
зор  зардабын  тигізген  қиянат  екені  де  айтылып  жүр.    Әйтсе 
де,  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  гуманитарлық  ғылымының 
негізгі  әрі  басты  саласы  болған  сөз  өнерінің  және  тіл  білімінің 
ғылыми-теориялық  түпбастауында  тұрған  ғалымның  жалпы 
қоғамдық ғылымдар саласының тарихи-мәдени заңдылықтарын, 
әлеуметтік-қоғамдық  маңызын,  көркемдік-эстетикалық  мәнін, 
этикалық-ғибраттық  мазмұнын  алғаш  рет  айқындап  бергендігі 
және  А.  Байтұрсынұлының  аты  аталуына  тыйым  салғанымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет