Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет216/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы
Кәсіби-қазақ-орыс-тілі-тип-баг-тео-2016, практикалық сабақ №15, көктөбе, тіл құрал А1 , қажым жұмалиев
Кенжебаев Бейсембай
 
(1904-1987)
әдебиеттанушы ғалым
филология ғылымдарының докторы, профессор, аудармашы, педагог. 
Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Жалғыз ағаш ауылында 
дүниеге келген. 1921-1925 жж. Мәскеуде Шығыс еңбектері коммунистік 
университетінде (КУТВ), 1938-1942 жж. М.Горький атындағы Әдебиет 
институтында, 1939-1942 жж. Қазақ мемлекеттік университетінің 
журналистика факультетінде оқыған. 1944 жылдан өмірінің соңына 
дейін ҚазМУ-ге педагогтік қызмет етті. Ғалым «С.Торайғыровтың 
творчествосы» (1949), «Қазақтың демократ жазушылары» (1958), 
«ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (Ө.Есназазаровпен бірге, 1966), 
«Шындық және шеберлік (1966)», «Көне әдебиет туралы» (1969), 
«Жылдар жемісі» (1984), «Әдебиет белестері» (1986), т.б. зерттеу 
еңбектердің авторы.
«Қазақ» газеті
1913 жылдың 2-ақпанынан 1918 желтоқсанына дейін 
Орынбор қаласында шығып тұрған. Алғашқы уақыттарда аптасына бір 
рет, ал кейінірек аптасына үш рет шығатын болған. Газетті шығарушылар 
өздерінің мақсатын «Бұл газетаның мақсуды: жұрт пайдасына көз болу; 
қазақ арасына ғылым, өнер жайылуына басшылық ету; басқа жұрттардың 
халінен хабар беріп, таныстыру. 
Сол мақсаттарды орнына келтур үшін закондарды, хакимдердің 
бұйрық-жарлықтарын білдіріп тұру; Государственная дума һәм 
государственный совет жұмыстары турасында жете хабар беру...» деп 
түсіндірген.
Қысқаша айтқанда, «Қазақ» қазақтың оқыған зиялыларының
ұлтжанды азаматтарының қоғамдық үні ретінде қызмет етті. 
Қайырбеков Ғафу (1928-1994) 
– ақын, көсемсөзші, аудармашы. 
Қостанай облысы Торғай қаласында туған. Қазіргі Абай атындағы 
ҚазҰПУ-ді 1952 жылы бітірген. Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия 


403
редакциясын басқарған. «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының 
меңгерішісі, 1968-1973 жж. ҚЖда поэзия секциясында жетекшілік етті. 
1973-1989 жж. «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары 
қызметін атқарды. Өмірінің соңына дейін ҚЖО-ның ақындар 
қауымдастығының президенті болды. Ақынға 1980 жылы Қазақ КСР 
Мемлекеттік сыйлығы берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   227




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет